Ассимиляция
- бұл
қалыптасып үлгерген білік пен дағдылардың негізінде жаңа
заттармен әрекет ету.
Аккомодация
- өзгерген жағдайлардың
нәтижесінде және соларға сәйкес өз біліктері мен дағдыларын
өзгертуге ұмтылу. Аккомодация психика мен мінез-құлықтағы
бұзылған
тепе-теңдікті
қалпына келтіре отырып, меңгерілген
дағдылар,
біліктер
мен
әрекеттерді
орындау
шарттары
арасындағы сәйкессіздікті жояды.
Ж. Пиаже ассимиляция мен аккомодацияны үнемі тепе-
теңдікте
ұстауға
тырысу
керек,
өйткені,
ассимиляция
аккомодациядан үстем болса, ойлау ригидті, мінез-құлық
икемсіз болады деді. Ал егер аккомодация ассимиляциядан
басым
болса,
балалардың
мінез-құлқы
жүйесіз
және
ұйымдаспаған болады, тұрақты және үнемді бейімделгіш ақыл-
ой әрекеттері мен операцияларының қалыптасуында тежеліс
байқалады, яғни, оқуда мәселелер туындайды. Ассимиляция мен
аккомодация арасындағы тепе-теңдік саналы мінез-құлықты
қамтамасыз етеді. Тепе-теңдікке қол жеткізу - қиын міндет.
Оны
шешу
табыстылығы
субъектінің
интеллектуалдық
деңгейіне, оған кездесетін жаңа мәселелерге тәуелді болады.
Тепе-теңдікке ұмтылу қажет және оның интеллектуалды
дамудың барлық деңгейлерінде болғаны жөн.
Ассимиляция, аккомодация және тепе-теңдіктің арқасында
когнитивті даму жүреді, ол адамның бүкіл өмір бойына
жалғасады.
Даму теориясының негізінде Пиаже
интеллектуалды даму
сатылары
туралы болжам ұсынды. Бұл Пиаженің балалар
психологиясындағы екінші ірі жетістігі. Пиаже бойынша, төрт
саты бар: сенсомоторлы, операцияға дейінгі, нақты операциялар
сатысы, формалды операциялар сатысы.
Сенсомоторлы
саты туғаннан 18-24 айға дейін жүреді. Бұл
кезеңде бала қарапайым символдық әрекеттерге қабілетті
болады. Өзін сыртқы әлемнен психологиялық түрде бөліп қарау,
өзін әрекет субъектісі ретінде тану жүреді, өз мінез-құлқын
ерікті түрде басқару жүзеге аса бастайды, сыртқы объектілердің
тұрақтылығын түсіну байқалады.
Операцияга дейінгі
саты 18-24 айдан 7 жасқа дейінгі кезеңді
қамтиды. Бұл жастағы балалар символдарды және сөйлеуді
пайдалана бастайды, заттар мен бейнелерді сөздер арқылы
түсіндіріп, сипаттай алады. Негізінен бала осы заттар мен
бейнелерді ойын кезінде, еліктеу процесінде қолданады. Оның
бақылағаны мен көргенін басқалардың қалай қабылдайтынын
түсіну бала үшін қиындық туғызады. Осы жерде ойлау
эгоцентризмі көрінеді, яғни балаға басқа адамның позициясында
тұру, құбылыстар мен заттарды басқаның көзімен көру қиын.
Бұл жаста балалар объектілерді жекелеген белгілер бойынша
топтастыра
алады,
адамдардың
нақты
қатынастарымен
байланысты
нақты
мәселелерді
шеше
алады,
қиындық
туғызатыны - осының бәрін сөзбен білдіру.
Нақты операциялар сатысы 7 жастан 12 жасқа дейін жүреді.
Бұл жас кезеңінің осылайша аталу себебі, бала ұғымдарды
пайдалана
отырып,
оларды
нақты
объектілермен
байланыстырады.
Аталмыш сатыда балалар логикалық ережелерге сәйкес
жасалатын
қайтымды
операцияларды
орындай
алады,
орындалған әрекеттерді логикалық тұрғыда түсіндіре алады,
әртүрлі көзқарастарды анықтай алады, олардың бағалаулары
объективті бола бастайды, мынандай логикалық принциптерді
интуитивті түрде түсінеді: егер А=В және В=С болса, онда А=С;
А+В=В+А. 6 жаста - заттардың санын, 7 жаста - массасын, 9
жасқа қарай салмағын есте сақтау туралы түсінікті меңгереді.
Балалар объектілерді жекелеген маңызды белгілері бойынша
топтастыра бастайды.
Формалды операциялар сатысы 12 жастан кейін басталады
және өмір бойына жалғасады. Аталмыш сатыда ойлау
анағұрлым икемді бола бастайды, ақыл-ой операциялары мен
пікірлердің қайтымдылығы ұғынылады, абстрактілі ұғымдарды
пайдалана отырып, пайымдауға қабілеттілік көрінеді, көптеген
шешім нұсқаларын көре отырып және олардың ішіндегі
тиімдісін бағалай отырып, міндеттерді шешудің тәсілдерін
жүйелі түрде іздеуге қабілеттілік дамиды.
Ж. Пиаже баланың интеллектісінің дамуына- жетілу,
тәжірибе және әлеуметтік орта (оқу, тәрбие) ықпал етеді деп
санады.
Оның
ойынша,
ағзаның
биологиялық
жетілуі
интеллектуалдық дамуда белгілі бір рөл атқарады, ал жетілу
эффектісі даму үшін ағзаның жаңа мүмкіндіктерін ашудан
тұрады.
М әдени-тарихи тұж ы ры мдама
Бұл тұжырымдаманы жасаумен А. Н. Леонтьев, А.Р.Лурия,
Л.И. Божович,
А.В.Запорожец
және т.б. сияқты ғалымдар
тобымен бірлесіп Л. С. Выготский айналысты. Олардың
тәжірибелік зерттеулері мәдени-тарихи теорияға негіз болды.
Бұл теория бойынша, психикалық функциялардың (зейін, ес,
ойлау, т.б.) дамуының әлеуметтік, мәдени, өмірлік шығу тегі бар
және ерекше құралдармен - адамзат тарихы барысында пайда
болған белгілермен жанамаланған. Л.С.Выготскийдің пікірінше,
белгі адам үшін әлеуметтік құрал, «психологиялық құрал»
болып табылады.
Осы теорияны жасаудың бастапқы кезеңінде Л.С.Выготский
баланың
«қарапайым
функциялары»
табиғи-тұқым
қуалаушылық сипатқа ие, яғни, мәдени құралдармен -
белгілермен жанамаланбаған де санады, бірақ кейінірек
мынандай қорытынды жасады: «Баланың әдетте қарапайым деп
саналатын функциялары филогенетикалық дамудың анағұрлым
ерте сатыларындағыға қарағанда мүлде басқа заңға бағынады
және сол бір жанамаланған психологиялық құрылыммен
сипатталады...Жекелеген психикалық процестердің құрылымын
егжей-тегжейлі талдау осыған сенуге мүмкіндік береді және
тіпті
балалар
мінез-құлқының
жекелеген
қарапайым
процестерінің құрылымы туралы ілімді қайта қарастыру
қажеттілігін көрсетеді».
Л.С.Выготский
адамның
кез-келген
психикалық
функциясының, оның мінез-құлқының немесе іс-әрекетінің кез-
келген
психологиялық
механизмінің
генетикалық
заңын
тұжырымдады: «...Баланың мәдени дамуында барлық функция
сахнаға екі рет, екі жоспарда шығады: бірінші - әлеуметтік,
кейін - психологиялық, бірінші - адамдар арасында, кейін -
баланың ішінде...
Функциялар
бірінші
ұжымда балалар
қатынастары
түрінде
қалыптасады,
ал
кейін
тұлғаның
психикалық функцияларына айналады».
Л.С.Выготский психикалық дамудың екі түрі бар деді:
биологиялық және тарихи (мәдени). Ол дамудың бұл екі түрі
бірлескен түрде кездеседі және онтогенезде біртұтас процесті
құрайды деді. Ғалым баланың психикалық дамуының ірі және
негізгі өзгешелігін осыдан көрді.
Л.С.Выготский бойынша, жетілу идеясы жоғары әсерленудің
ерекше кезеңдерінің - сензитивті кезеңдердің негізінде жатыр.
Дамудың сензитивті кезеңі деп баланы оқыту мен тәрбиелеуді
бастау дұрысырақ деп саналатын кезең аталады, өйткені, дәл
осы уақытта психологиялық және мінез-құлық қасиеттері -
естің, ойлаудың, зейіннің, ерік сапаларының дамуы өте жақсы
жүре бастайды. Мысалы, сөйлеудің қарқынды дамуы бір жастан
сегіз
жасқа
дейінгі
аралықта
жүреді,
әрі
сөйлеудің
интонациялық және грамматикалық құрылымы 1,5 жастан 3
жасқа дейін, ал фонетикалық есту - 5 жаста жақсы дамиды.
Л.С.Выготскийдің адамдардың сөздік қарым-қатынасының
арқасында жоғары психикалық функциялардың құрылуы туралы
ойы психикалық іс-әрекеттің ішкі табиғаты туралы классикалық
психологияның түсінігін бекерге шығарды. Бұл тұжырым
жоғары психикалық функцияларды зерттеудің жаңа жолын
айқындап, жаңа әдіс -
Достарыңызбен бөлісу: |