Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

ережелік ойын
бөлініп шығады. Сюжетті-рөлдік 
ойында балалар адамдардың рөлін және олардың қарым- 
қатынасын қайталайды. Ережемен ойнауда рөл екінші жоспарға 
ауысады және басты мәселе ойынның ережесін нақты орындау 
болып табылады.
Әрбір ойында өзінің 
ойын шарты
бар - оған қатысатын 
балалар, қуыршақтар, басқа ойыншықтар және заттар.
Сю жет-ойында көрініс беретін ақиқат сферасы.
Ойын әрекеттерінің, рөлдер мен ойын ережелерінің 
дамуы бүкіл мектепке дейінгі жасты қамтиды.
Сонымен ойын өзгереді және мектепке дейінгі жастың 
соңында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді. 
Ойынның 
дамуында екі негізгі фаза немесе сатыны бөліп көрсетеді. 
Бірінші сатыға (3-5 жас) адамдардың шынайы әрекеттерінің 
логикасы қайталануы тән, ойынның мазмұны заттық әрекет. 
Екінші сатыда (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынас 
модельденеді және ойынның мазмұны ересек адамның іс- 
әрекетінің қоғамдық мәні, әлеуметтік қатынастар.


Ойын - мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет, ол 
баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ойында балалар бір-бірімен 
қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.
Ойын тек құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге ғана 
қабілеттендіріп қоймайды, сондай-ақ баланың 
ырыщты мінез-
щұлщын
қалыптастырады. 
Өзінің 
мінез-құлқын 
басқару 
механизмі- ережеге бағыну ойында қалыптасады, сосын ол іс- 
әрекеттің басқа түрінде де көрініс береді.
Ойында сондай-ақ баланың 
мотивациялыщ-щажеттілік
сферасы
дамиды. Іс-әрекеттің мақсатқа байланысты жаңа 
мотивтері пайда болады.
Ойынның сюжетін және күрделі рөлдерін ойлап табуда, 
дамыған рөлдік ойында шығармашылық қиял қалыптасады. 
Ойын ырықты естің қалыптасуына мүмкіндік береді.
7 жас дағдарысы
Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол 
өзінің дамуының қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. 
Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 8 жаста болуы 
мүмкін.
3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. 
«Мен өзім» деген сөзді қолданып бала әлемді өзгертуге 
ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің орнын 
ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны - 
оқушы позициясын ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас 
дағдарысы - бұл баланың 
әлеуметтік «Менінің»
туылуы. 
Өзіндік сана сезімнің өзгеруі 
щұндылыщтарды щайта багалауга
алып келеді. Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, 
ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін жоғалтады, олардың 
орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді. Дағдарыс кезеңінде 
күйзелістердің жоспарында өзгерістер болады, 7 жас дағдарысы 
кезеңінде Л.С.Выготскийдің атауы бойынша 
күйзелістердің
жалпылануы
болады. Үнемі қайталанатын сәтсіздіктердің 
тізбегі тұрақты аффективті кешендердің - кемшілік сезімі,


өзінің мәнділік сезімінің қорлануы, кемсітуі сияқты сезімдердің 
қалыптасуына 
алып 
келеді. 
Эмоционалды-мотивациялық 
сфераның күрделенуі баланың 
ішкі өмірінің
қалыптасуына алып 
келеді. Баланың ішкі және сыртқы өмірінің ажыратылуы оның 
мінез-құлқы құрылымының өзгеруімен байланысты. Қылықтың 
мағыналық бағытталған негізі қалыптасады. Бұл болашақ 
қылықтарды 
адекватты 
бағалауға 
мүмкіндік 
беретін, 
интеллектуалды сәт. Өзінің әрекеттерінде мағыналық бағытталу 
ішкі әлемінің маңызды жағы болып табылады, осы уақытта 
импульсивтілік және баланың мінез-құлығының өзінділігі 
жоғалады. Енді бала әрекет етпей тұрып алдымен ойланады, 
өзінің күйзелістерін жасырады, оған ауыр болса да өзгелерге 
білдірмеуге тырысады.
Таза дағдарыстық көріністер - қисаңдау, боямалылық, 
мінез-құлықтың жасанды болуы. Мектепке дейінгі кезеңнің 
маңызды 
қорытындысының 
бірі 
-
мектепке 
оқуға 
психологиялық дайындығы. Бұл дегеніміз бұқаралық оқыту 
жағдайында мектеп бағдарламасын меңгеру үшін қажетті және 
жеткілікті психикалық даму деңгейі.
Психологиялық 
дайындықтың 
бірнеше 
аспектілері 
бөлінеді. 
Жеке 
адамдық 
(мотивациялық), 
әлеуметтік, 
когнитивті.
Көптеген 
балалар 
рефлексияны 
меңгереді, 
соның 
негізінде - әрекет мотивтерін бағындыру пайда болады, істеуім 
керек мотиві, маған керек мотивінен басып озуы тиіс.
Жеке бастың дайындығының маңызды құрылымы 
еріктік дайындық осы мектепке дейінгі кезеңде баланың еріктік 
аумағының сипаты күрделенеді. Л.С.Выготский ерікті жеке 
өзіндік мінез-құлықты меңгеру кезеңі деп қарастырды. Ол 
еріктік мінез-құлықты әлеуметтік деп, ал балалар еркінің көзі 
деп баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы деп білді.
Екінші 
бір 
тұлғалық 
дайындықты 
құрайтын 
адамгершілік дайындығы Л.С.Выготский балада пайда болатын 
адамгершілік 
ұғымдары 
мен 
сезімдерін 
ішкі 
этикалық 
инстанциялар деп атады.
Әлеуметтік дайындық сипаты болып, қарым-қатынастың 
пайда болуын айтты. Оны М.И.Лисина ситуация, тыс тұлғалық


деп атады. Әлеуметтік дайындыққа мұғалім талабын бірден 
қабылдау шеберлігі жатады.
Когнитивті 
дайындық 
объектілерді 
жалпылау, 
салыстыру, топтау, мәндік сипатын бөліп алудан, қорытынды 
жасау, мәліметті есте сақтаудан - яғни ойлау процесстерінің 
дамуымен байланысты.
Мектепке оқуға психологиялық дайындықты өлшеуді 
мектеп психологы жүргізеді. эмоциональдық қарым-қатынасты 
зерттеу үшін М.Р.Гинзбургтың ерекше әдістемесі қолданылады. 
Балаға 2 қатар суреттер беріледі.
Ал 
баланың 
психофизиологиялық 
пісіп-жетілуін 
бағдарланушы Керн-Йарасектің тестісінен алуға болады.
Әлеуметтік пісіп-жетілуді А.Л.Венгердің әдістемесі, 
Д.Б.Элькониннің графикалық диктант және үлгі мен ереже 
әдістемелері арқылы анықтайды.
Ақыл-ойдың дамуының жалпы деңгейін өлшеу үшін 
және жалпылаушы түсініктерді игеру деңгейін анықтауда 
А.Р.Лурияның 
пиктограмма 
және 
Керн-Йнеросектің 
сауалнамасы қолданылады. ал кеңістіктік ойлауының дамуын 
зерттеу үшін А.Л.Венгердің лабиринт әдістемесі қолданылады. 
Сөз-логикалық ойлау деңгейін анықтау үшін күрделі суреттерді 
түсіндіруң әдістемесі қолданылады.
Интеллектуалды дайындықсыздық бірнеше нұсқауларда 
көрінеді. Оның бірі - вербализм (қабылдау мен ойлаудың 
жеткіліксіз дамуындағы тілдік дамудың жоғары деңгейі). Бұған 
қарама-қарсы интеллектуалды дайындықсыздық - әлсіз тілдік 
даму деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет