Сәбилік кезең
Сәбилік
шақта
бала
қарқынды
дами
бастайды.
Психикалық даму үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас
кезеңіндегі баланың ақыл-ойы недәуір жетілген болады. 3 жасқа
дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар
себеп болады.
Бірінші себеп
- баланың тік жүре бастауы. Бала
бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп түрлі заттардың
қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен
жүрген соң заттардың кеңстіктегі
арақашықтығын да ажырата
бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп
-
әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық
әрекеттің дамуы.
Үшінші себеп
- баланың ойыны және тиісті
өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-
әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді.
Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса,
кейін
оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші
жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
Қабылдау.
Нәрестелік
кезеңде
көру
түйсігінің
шоғырлануы жетіледі. Екінші айдан кейін шоғырлану ұзаққа
созылады, үш айда оның ұзақтығы 7-8 секундқа созылады.
Қозғалған заттарды көзбен ілесе қарай алады: көрген затына
қарай
белсенді әрекет етеді, қозғалады және қуанышты
дыбыстар шығарады.
Сәбилік кезеңде заттың формасын қабылдайды. Балаға ақ
фондағы қара жолақтары бар суреттерді көрсетсе, оның көзі ақ
пен қараның шектесетін жеріне тоқталады.
2-3
айында бала бұрын көргендерінен
басқа объектіге
қызығушылық танытады. Жаңа затқа бала ұзақ уақыт назар
аударады. Заттың түсіне 3-4 айында реакция бере бастайды.
Түске деген белсенді қызығушылық 6 айда пайда болады.
эзғалыс көріну уақыты
Моториканың дамуы
ай
Иегін көтереді
ай
Кеудесін көтереді
ай
Затқа ұмтылады
ай
Қолдаумен отырады
ай
Заттарды қолымен ұстайды
ай
Қолдаусыз отырады
ай
Қолдаусыз отырады
ай
Басқа адамдардың көмегінсіз отырады
Қолдаумен тұрады
ай
Еңбектейді, екі қолынан ұстап жүреді
ай
Қолдаусыз тұрады
ай
Бір қолынан ұстап жүреді
ай
жүреді
Кеңістікті қабылдау дамиды, көбінесе тереңдікті қабылдау
қалыптасады.
Қозғалыс және әрекет. Ұстау, бірінші мақсатқа
бағытталған әрекет.
Бала ұстаған затын лақтырады, ұрады және
оларды жинайды, тістейді, бір қолынан екіншісіне ауыстырады,
қайталанатын әрекеттер тізбегі пайда болады,
оны Жан Пиаже
айнымалы реакция деп атады. 7 айдан кейін «арақатыстық»
әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттың ішіне кіші затты салады,
қораптың аузын жабады, ашады. 10 айдан кейін алғашқы
функционалды
әрекеттер
пайда
болады,
олар
заттарды
үлкендерге еліктей отырып дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Бала машинаны жүргізеді, барабанды соғады.
Ес. Ең бірінші тану пайда болады. 4 айда бала таныс
адамнан
бейтаныс
адамды
ажырата
алады.
Танымдық
процестермен қатар эмоциялы даму пайда болады.
Дамудың бұл
бағыты үлкендермен қарым-қатынаспен байланысты. 3-4 айда
балада түрлі эмоциялы күй байқалады: тосын жағдайларға
жауап ретінде таң қалу, физикалық қолайсыздық кезінде
мазасыздану, қажеттілік қанағаттануда босаңсу.
7-11 айда аралығында «ажырасу қорқынышы» пайда болады,
қайғылану немесе анасы көрінбеген жағдайда қорқу.
Анасымен немесе басқа жақын
адамдармен қарым-қатынасқа
түсе отырып 1 жастың соңында бірігіп әрекетке ұмтылады. Ол
анасының көмегімен оны қызықтыратын қандай да бір затты
алуға, шкафқа жетуге ұмтылады.
Сәбилік кезеңде
Достарыңызбен бөлісу: