Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

эксперименттік-генетикалық
әдісті 
жасауға әкелді. Оны Выготский ырықты зейіннің пайда болуы 
мен дамуын, ұғымдардың дамуын зерттеуде қолданды.
Д. Б. Элькониннің баланы ң психикалы қ даму 
тұж ы ры мдамасы
Баланың психикалық дамуын кезеңдерге бөлуге байланысты 
көптеген тұрғылар бар, бірақ балалар және педагогикалық 
психология саласындағы көрнекті маман Д.Б.Элькониннің 
ұсынған нұсқасы тиімді.
Дамудың бүкіл процесін үш кезеңге бөлуге болады: 
мектепке дейінгі балалық - туғаннан 6-7 жасқа дейін; кіші


мектеп жасы - 6-7 жастан 10-11 жасқа дейін; орта және ересек 
мектеп жасы - 10-11 жастан 16-17 жасқа дейін.
Дамудың әрбір кезеңінің өз ерекшеліктері мен шекаралары 
бар, оны баланы бақылай отырып байқауға болады. Әрбір 
психологиялық жаста оқыту мен тәрбиелеудің ерекше тәсілдері 
мен әдістерін қолдану, баламен оның жас ерекшелігін ескере 
отырып қарым-қатынас жасау қажет. Жас кезеңдері негізінен 
тұлғалық және интеллектуалдық дамуға бағытталған, білім, 
білік, дағдылардың қалыптасуымен, баланың операциялық- 
техникалық мүмкіндіктерін жүзеге асырумен сипатталатын 
тұлғааралық қарым-қатынастың дамуына ұласады.
Дамудың бір кезеңінен екіншісіне өту кезінде, яғни, қол 
жеткен тұлғалық даму деңгейі мен баланың операциялық- 
техникалық мүмкіндіктерінің арасындағы сәйкессіздік кезінде 
жас дагдарысы
орын алады.
Балалардың 
тұлғалық 
дамуы 
ересек 
адамдардың 
тұлғааралық қатынастарын қайта жаңғырту мен модельдеу 
арқылы, сондай-ақ, сюжеттік-рөлдік ойын кезінде баланың 
басқа балалармен қарым-қатынас 
жасау процесінде жүзеге 
асады. Осы жерде ол жаңа заттық әрекеттерді меңгеру 
қажеттілігіне тап болады.
Даму процесі нәрестелік жаста, яғни, бала ата-аналарын тани 
бастаған сәттен басталады. Сөйтіп, баланың ересекпен қарым- 
қатынасы жүреді.
Ерте балалық шақтың басында заттармен манипуляция 
жасау жүреді және практикалық, сенсомоторлық интеллект 
қалыптаса бастайды. Сонымен қатар вербальды (сөздік) қарым- 
қатынастың қарқынды дамуы жүреді. Бала сөйлеуді ойлаудың 
құралы ретінде емес, айналасындағылармен байланыс орнату 
және 
ынтымақтасу 
үшін 
қолданады. 
Заттық 
әрекеттер 
тұлғааралық қатынастарды жөнге салу тәсілі болады.
Мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет рөлдік ойын 
болып табылады, бұл жерде бала адамдар арасындағы 
қатынастарды модельдей отырып, ересектердің мінез-құлқын 
қайталай отырып, олардың әлеуметтік рөлдерін орындайды. 
Рөлдік ойын процесінде баланың тұлғалық дамуы жүреді, ол 
заттық 
іс-әрекетті 
және 
қарым-қатынастың 
бастапқы 
дағдыларын меңгереді.


Кіші мектеп жасында негізгі іс-әрекет оқу болып табылады, 
нәтижесінде интеллектуалдық және танымдық қабілеттер 
қалыптасады. 
Оқу 
арқылы 
баланың 
ересек 
адамдармен 
қатынастарының барлық жүйесі орнығады.
Жеткіншектік жаста еңбек іс-әрекеті мен қарым-қатынастың 
интимдік-тұлғалық түрі пайда болады және дамиды. Еңбек іс- 
әрекеті қандай
тұлғалық өзара қатынастардан тұрады.
Ересек мектеп жасында жеткіншектік жастағы процестер 
дамуы жалғаса береді, бірақ жетекші іс-әрекет - интимдік- 
тұлғалық 
қарым-қатынас 
болып 
табылады. 
Ересек 
сыныптағылар өмірдің мәні, қоғамдағы өз орны, кәсіби және 
тұлғалық өзін-өзі анықтау туралы ойланып, толғана бастайды.
Д. Б. Элькониннің даму тұжырымдамасындағы негізгі ойлар 
осындай. Ол Д. И. Фельдштейннің еңбегінде ары қарай өз 
жалғасын тапты.
Б ала дамуындағы конвергенция теориясы ны ң екі 
факторы:
Конвергенция теориясын немесе екі фактор теориясын 
неміс 
психологы 
В.Штерн 
(1975-1938) 
ұсынды. 
Ол 
диференциалды 
психологияның 
биологиялық, 
әлеуметтік 
факторларының қарым-қатынасын зерттеуші маманы болған. 
Бұл теория баланың даму психикасын процесс ретінде 
қарастырады, яғни даму тұқымқуалаушылықтың және ортаның 
әсерінен қалыптастырылады. Конвергенция теориясының негізгі 
мәселесі ол, - қалыптасқан мінез формасы және оған әсер ететін 
тұқымқуалаушылық пен орта.
Осы кезеңде психологияда екі түрлі теориялық тұжырым 
қалыптасқан. Олар:
1) эмпиризм (адам-таза тақта)
2) нативизм (туа біткен ойлар)
В. Штерннің айтуынша, егер екі қарама-қарсы ойға күмәнданса, 
онда шындық - екеуінің бірігуінде дейді. Ол психикалық 
дамудың ішкі белгілерімен сыртқы шарттарының бірігуі туа 
біткен фактор ретінде қала береді дейді. Қоршаған орта балаға 
ойын материалдарын ұсынады, яғни ол қай кезде ойнаса, ол 
ойын инстинктің компоненттерімен байланысты дейді.


Бала дамуының кезеңдерін ол былайша белгілейді:

бала алғашқы айда, сәби кезеңінде рефлекторлық және 
импульсивті мінез-құлық көрсетеді. Бұл мағынасыз 
көрсетулерді сүтқоректілер стадиясына жатқызады;

екінші жарты жылдықта заттарға жармасудың пайда 
болуымен дамуды жоғарғы сүтқоректілер стадиясына 
жатқызады;

әрі қарай сөйлеу мен жүруді менгеру арқылы адам 
жағдайының алғашқы сатысына жетуді, алғашқы 5 жыл 
ертегілер мен ойындарды игеру кезеңін алғашқы 
қауымдық жабайы халықтар стадиясына жатқызды.

Келесі, мектепке бару, жоғарғы әлеуметтік міндеттерді 
үйренумен байланысты, сол мемлекеттің экономикалық 
ұйымдары мен мәдениетін түсінуге байланысты адам 
сатысына жету стадиясы деп белгілейді.
Психологтар биологиялық және әлеуметтік аспектердің
даму процесіне әсерін, егіздерді бақылау негізінде және одан 
алынған нәтижелерді салыстыра отырып дәлелдеді, мұндай 
әдісті егіздер әдісі деп атайды.
Д.Б. 
Элькониннің 
егіздерді 
зерттеуінде 
тұқымқуалаушылық проблемасы қарастырылады. Сонымен 
қатар 
ол 
ортаның 
әсерін 
де 
қарастырады. 
Егіздер 
тәрибеленетін әлеуметтік орта ғана маңызды болмайды, 
онда 
баланың 
қандай 
орта 
элементімен 
белсенді 
қалаптасатының ескеру керек. Сондықтан шынайы нәтиже 
алу үшін тепе-теңдік бір ғана емес, екі белгісіз құрайтын 
мәселені 
таңдау 
керек. 
Берілген 
әдіс 
көмегімен 
индивидуалдық ерекшеліктер зерттелуі даму проблемасы 
емес.
Жастық шақ пен жеткіншек жас арасындағы интервалды 
Э.Эриксон психоәлеуметтік мораторий деп атады. Бұл уақыт 
жас адамның байқау және қателесу әдісі арқылы өмірде өз 
орнын табуға ұмтылуы. Э.Эриксон психологияға ритуализация 
ұғымын енгізді. Әрекеттегі ритуализация - 2 және одан да көп 
адамдардың арасындағы түсініктің қалыптасуы. Эриксонның 
тұжырымдамасы 
жеке 
тұлғаның 
өмірлік 
жолының 
эпигенетикалық концепциясы деп аталады. Мұнда барлық 
дамулардың жалпы жоспары болады. Жалпы жоспардың


шегінен шығу арқылы адамның жеке мүшелері дамудың өзіне 
ыңғайлы кезеңінде дами бастайды. Эриксон стадиясының 
кезекпен жүруі бұл - биологиялық жетілудің нәтижесі, ал 
дамудың мазмұны қоғамның адамға талап етуімен анықталады. 
Оның бұл теориясын жеке тұлға теориясы деп қарастырмай, осы 
теорияны құрастыруға кілт ретінде қарастыру керек деп 
тұжырымдайды. Бала дамуындағы конвергенция теориясының 
екі факторы.
Конвергенция теориясын немесе екі фактор теориясын неміс 
психологы 
В.Штерн 
(1975-1938) 
жасап 
шығарды. 
Ол 
диференциалды психологияның биологиялық 
социалдық 
факторларының қарым-қатынасын қараушы маманы болған. Бұл 
теория баланың даму психикасын процесс ретінде қарастырады, 
яғни 
тұқымқуалаушылықтың 
және 
ортаның 
әсерінен 
қалыптастырады. Конвергенция теориясының негізгі сұрағы ол - 
қалыптасқан 
мінез 
формасы 
және 
оған 
әсер 
ететін 
тұқымқуалаушылық пен орта.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Бала дамуының психоаналитикалық теориялары.
2. Бала 
дамуындағы 
конвергенция 
теориясының 
екі 
факторы.
3. 
Когнитивті даму теориясы.
4. 
Әлеуметтік үйрету теориясы.
Әдебиеттер тізімі
1.Берне Р.В.Развитие Я-концепции и воспитания.М.,1986.
2.Валлон А.Психическое развитие ребенка.М.,1967.
3.Выготский Л.С.Вопросы детской психологии.СПб.,1991.
4.Выготский Л.С.Проблемы возраста //Собр.соч.в2т.М.,1984.
5.Выготский Л.С.История развития 
высших психических 
функций /Проблемы дефектологии.М.,1995.
6.Ждан А.Н.История психологии.М.,1990.
7.Кулагина И.Ю.Возрастная психология.Развитие ребенка от 
рождения до 17 лет.М.,1997.
8.Леонтьев 
А.Н.Избранные 
психологические 
произведения.В.2т.М.,1983.Т.1.
9.Эльконин Д.Б.Детская психология.М.,1960.


10.Эриксон Э.Детство и общество.СПб.,1996.
4 тақы ры п . П сихикалы қ дамудың қозғауш ы күші мен 
заңды лы қтары , баланы ң жеке басының қалы птасуы
Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Даму деген ұғымды 
көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу 
деп түсінеді. Психиканың жас ерекшелік дамуы, бұл - баланың 
туылғаннан бастап оның әлеуметтік кемелденген шаққа 
жеткенге дейінгі аралық. А.В.Запорожецтің айтуынша, ол 
жекеше білімді меңгерумен сипатталмайды, ал бала тұлғасының 
жалпы 
өзгерістерімен, 
жаңа 
психофизикалық 
деңгейдің 
қалыптасуымен, шындықтың көрінісінің жаңа жоспарының 
қалыптасуымен сипатталады Л.С.Выготский бала дамуының 
талдауының жаңа бірлігін енгізді-жасересектік кезең.
Даму 
сапалы 
өзгерістермен 
сипатталады, 
жаңашылдықтың 
пайда 
болуы, 
жаңа 
механизмдердің, 
процестердің, құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. 
Психиканың қалыптасуы - кездейсоқтықтың жай ғана тіркесі 
емес, ол заңды процесс. Философияда осы заңдылықтарды 
зерттеудің 

әдістері 
бар: 
диалектика 
-
метафизика. 
Диалектикада даму 
азаю және 
көбею 
процесі 
ретінде 
қаралмайды (қозғалыс көзі тысқары қалады), ол қарсы 
жақтардың бірлігі мен күресі ретінде қарастырылады («өзін-өзі 
көрсетуге» итеретін ішкі қозғалыс көзі). Метафизикада даму 
бастапқы қасиеттің көбеюі (азаюы) ретінде қарастырылады, ал 
бала үлкендерге кішкентай болып көрінеді. Диалектикада даму- 
сатысының өзгерісі емес, жаңа формалар мен сапаларының 
туындауы.
Баланың дамуы-дамудың қалыптаспаған түрі, бірақ бұл 
ерекше 
процесс, 
ол 
төменнен 
емес, 
жоғарыдан 
деформацияланады, практиканың әрқайсының қоғам дамуының 
қазіргі 
деңгейінде 
болатын 
формасымен, 
оның 
соңғы 
формалары 
берілмеген. 
Дамуының 
бірде-бір 
үрдісі 
(онтогенетикалықтан 
басқа) 
қоғамда 
қалыптасқан 
дайын 
үлгімен жүзеге асырылмайды. Осылайша, бала дамуының 
ерекшелігі ол жануарлардағыдай биологиялық заңдардың 
әрекетіне емес, қоғамдық-тарихи заңдарға бағынады. Адамда


ортадағы туа пайда болған мінез-құлық формасы жоқ. Оның 
дамуы әрекеттің тарихи жасалған формалары мен әдістерін 
иемдену жолымен жүзеге асады .
Туа сала бала өте белсенді дамиды және ол жасы өскен 
сайын, оның психикалық және физикалық даму қарқыны 
жоғары болады. Денесінің ұзындығы 5 жасында 2 есе өседі, ал 
15 жасында 3 есеге ұзарады, 1 жаста миының салмағы 501 
граммға артады, ал 15 жаста 82 граммға өседі, ересек адамда 
мұндай өзгерістер байқалмайды. 1 жастан 6 жасқа дейін сөздік 
қоры 450 есеге көбейеді, және бала сөздің грамматикалық 
қатарын меңгереді . 
Даму 
психологиясы 
жетекші
күштерді, 
психологиялық 
дамудың 
міндеттері 
мен 
заңдылықтарын қарастырады.
Психологиялық дамудың жетекші күштері-баланың 
дамуын анықтайтын факторлар. Олар себепші болады және 
дамуының өзіндік энергетикалық оятушы көзі бар, сол керекті 
салаға бағыттайды.
Міндеттер - бұл үнемі әрекет етуші ішкі және сыртқы 
факторлар, олар бала дамуының жетекші күшіне әсер етеді, оны 
дамуы барысына бағыттайды, қарқынды қалыптастырып және 
соңғы қорытындыларды анықтайды.
Психологиялық дамудың заңдары-жалпы және бөлек 
заңдылықтар, олардың көмегімен адам психологиялық дамуды 
сипаттауға және осы дамуды басқаруға сүйенуге болады.
Баланың психикалық дамудың сензитивті кезеңдері 
ерекшеленді - қоршаған шындықтың белгілі бір түріне өте 
сезімталдық кезеңі, сензитивтілік кезеңдер - бұл балалардың 
оқытуға жоғары сезімталдығын және бағытталған белсенділік 
кезеңі. Қазіргі дамудың маңыздылығы оқытудың енді дамып 
келе жатқан функцияларына көбірек ықпал етуінде. Алайда 
балалардың индивидуалдық ерекшеліктерімен санасу қажет, 
өйткені әрбір нақты баланың жеке функциялары қалыпты 
кезеңнен сәл кеш немесе сәл ерте дамуы мүмкін Сөйлеудің 
дамуына сензитивті кезең 1 , 5 - 3 жас болып есептеледі; 
қабылдаудың, есте сақтаудың, ойлаудың, қиялдың дамуы үшін - 
5-6 жас; оқу үшін- 6-7жас және т.б. болып есептелінеді. Кез 
келген функция оның жұмылдыруы және белсендірілуіне қарай 
дамиды. 
Функциялар 
әрбір 
баланың 
индивидуалдық


айырмшылықтарымен 
әртүрлі 
күнтізбелік 
уақытта 
даму 
фазасына кіреді. Сензитивті кезеңде ол дамудың шарықтау 
шегіне жетуі мүмкін немесе балалық шақта «аяқталған» болуы 
мүмкін. Осылайша мысалы: балалар жүзуді, сүңгуді тез 
үйренеді, өйткені олар суға кіргенде 
демдері рефлекторлы 
түрде тоқтатылады және құлағының ауа жолдары жабылады, 
бірақ оны дер кезінде пайдаланбаса бұл қасиеттер бірнеше айда 
жоғалып кетеді. Егер бала 3 жасқа дейін көп ауырса және 
сөйлемесе, онда ол сензитивті сөйлеудің даму кезеңін өткізіп 
алады және баланың қайта сөйлеуі үшін көп күш жұмсау керек 
болады және т.с.с.
Жастық шақтың әрбір физикалық және психикалық 
есею фазасы бір- бірінен сензитивті, позитивті және негативті 
кезеңдер қатарынан тұратын мәнді айырмашылықтар да кіреді. 
Сензитивті кезеңдер тұлғаның жеке қылықтарының дамуына 
қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді. Позитивті кезеңдерде 
бұл үрдістердің дамуына қолайсыз, бірақ жағымды жағдайлар, 
негативті кезеңдер, бөлек үрдістермен байланысты, олар 
баланың ағзасы мен 
санасында жүреді, соның салдарынан 
танымдық 
қабілеттері 
бірден 
төмендейді, 
ал 
жағымды 
эмоциялары алаңдаумен шектен тыс қозғыштықпен, жұмыс 
істеудің жоғалуымен және аномалиямен (ұжымнан ажырап 
қалу) алмасады. Негативті кезеңдерден кейін әдетте, позитивті 
және сензитивті кезеңдер басталады.
Адам - биоәлеуметтік тіршілік иесі, оның дамуына 
биологиялық (табиғи, генотипті) және әлеуметтік факторлар 
ықпал 
етеді 
(өмір 
жағдайы, 
социум, 
қоғаммен 
ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу). Бұл факторлардың 
арақатынасы 
биологизаторлы 
және 
социологизаторлы 
теориялармен әртүрлі қарастырылады.
Биологизаторлар бала тұлғасының дамуында табиғи 
рөлді асырып айтады, оқытуға аса мән бермейді, олар үшін даму 
үрдісі негізгі ретінде есептеледі, өзінің ішкі ерекше заңдарымен 
жүретін және сыртқы жағдайлар бұл ағымды түбегейлі түрде 
өзгерте алмайды. Социологизаторлар баланы таза ақ тақтамен 
салыстырады, онда әр тәрбиеші не қалағанының бәрін жаза 
алады. Олар әлеуметтік даму факторы есебінде оқытуды 
қолдайды, Л.С. Выготский психикалық дамуда оқытудың


жетекші рөлін алға қояды. Баланың мәдени-тарихи дамуының 
өнімі ретінде ол жоғарғы психикалық функцияларының 
қалыптасуын есептейді. Таңбалық жүйелерді, еңбек құралдарын 
меңгеру, яғни бұрынғы ата-бабалардың тәжірибесімен, бала 
үлкендермен бірлеспесе, 
оқытудан тыс жасай алмайды. 
Сондықтан дамудың жетекші күші оқыту болып табылады.
Даму мен оқыту «өзіндік анықталудың әртүрлі ішкі 
заңдарынан» тұрады (Л.С.Выготский). Дамуды ол «адамның 
немесе тұлғаның қалыптасу процесі, әр деңгейде жаңа 
сапалардың, 
адамдарға 
ерекше, 
дамуының 
бұрынғы 
дайындалған барысымен, бірақ өте ерте деңгейлерінде дайын 
мәнінде емес, түрінде түсінген.
Жалпы 
балалардың 
ағзасының 
дамуы 
бірдей 
дамымайды және төмендегілерге тәуелді болып келеді: 
*тұқымқуалаушылыққа 
*ортаға
*оқыту мен тәрбиелеуге 
*баланың өзінің белсенділігіне.
Тұқымқуалаушылық тірі ағза үнемі қоршаған ортаға 
бейімделеді, сондықтан тұқымқуалаушылықпен бірге әрқашан 
өзгергіштік орын алады. Тұқымқуалаушылық - бұл тірі 
ағзалардың өзіндік ұйымдарын шығару қабілеті; 
белгілі 
жағдайлардағы 
өмір 
сүру 
мен 
даму 
қабілеті. 
Тұқымқуалаушылық өзінше бір биологиялық, молекулярлық 
шифр болып есептеледі, онда кейбір бағдарламалар енгізілген. 
Генотиптегі барлық нәрсе өте тұрақты болып келеді. Бет-әлпет 
және жекелеген белгілер беріледі: нәсілдік белгілер, көзінің түсі, 
мұрнының, құлақтарының, табанынын формалары, тыныс алу, 
асқорту ерекшеліктерінің жүйесі, жасушамен сыртқы орта 
арасындағы 
алмасу 
программасы, 
талдау 
жүйелерінің 
қасиеттері, жүйке жүйесі мен мидың құрылым ерекшеліктері 
(тип 
ВНД 
күші, 
қозғалысы, 
жүйке 
процестерінің 
бірқалыптылығы), 
сондай-ақ 
кейбір 
тұқымқуалаушылық 
ауруларға бейімділігі.
Тұқымқуалауға қарағанда - туа біткен ерекшеліктер 
жатыр ішінде даму барысында қалыптасады.
Қоршаған орта. Тұқымқуалаушылық белгілері, өзіндік тұлғаның 
қалыптасуы, жеке адамның өзіндік кейінгі даму жетістіктері


пешенеге жазылмайды. Балаға қоршаған орта қатты ықпал етеді. 
Көбінесе баланың психикалық дамуы өмір жағдайларына 
байланысты: әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, мәдени 
және т.б. Өсе келе әлеуметтік рөлдер меңгеріледі, оны отбасы, 
балабақша, мектеп және қоғам береді. Баланың эмоциялық 
амандығы, оның белсенділігі және өмірлік ұстанымдары 
тәрбиесіне байланысты болады, оны ата-анасы, тәрбиешілері, 
мұғалімдері, баланың әр даму деңгейіндегі маңызды ересек 
адамдар қалыптастырады.
Баланың 
әлеуметтік 
даму 
жағдайын 
көрсететін 
микроортасы кішкентай қарым-қатынас тобы болып саналады. 
Өсу 
процесінде 
бала 
ең 
алдымен 
анасымен, 
отбасы 
мүшелерімен, 
балабақша 
тәрбиешілерімен, 
мектеп 
ұстаздарымен, құрбы-құрдастарымен және жекеленген кәсіби 
және әлеуметтік топтардың өкілдерімен қарым-қатынаста 
болады. А.С. Макаренко күн тәртібін ұйымдастыру, салт-дәстүр, 
ритуалдар және т.с.с арқылы әлеуметтік ортаның тәрбиеге 
әсеріне үлкен көңіл бөлген.
Сонымен, 
психологияда 
көптеген 
теориялар 
жасерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. 
Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады: биологизаторлық 
және социологизаторлық. Биологизаторлық бағытта адамды 
табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, мінез қырларын, мінез- 
құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп 
қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын - оның 
темпін, тез немесе ақырын, оның шегін - дарындылығын 
анықтайды.
Биологизаторлық 
бағытта 
рекапитуляция 
теориясы 
пайда болды. Оның негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. 
Эмбрион ( адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі 
организмнің дамуын қайталайды. Айлық ұрықта омыртқалылар 
типінің өкілін көруге болады-оның басы және құйрығы болады; 
екі айда адам түріне келе бастайды, оның құйрығы қысқарып, 
саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында эмбрионда адамның 
беті пайда болады.
ХІХ ғ. Э.Геккель онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген
- заң қалыптастырды


Даму 
психологиясына 
енген 
биогенетикалық 
заң 
психикалық 
дамуды 
биологиялық 
эволюцияның 
негізгі 
сатыларын және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау 
ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт 
социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі - ХҮІІ ғ. 
философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, 
бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Биологиялық факторға тұқымқаулаушылық жатады. 
Психологтардың ойынша темперамент және қабілет нышандары 
тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше 
қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі 
басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын 
және тежелу процесіне ие - флегматик. Меланхоликтің жүйке 
жүйесі әлсіз, сезімтал. Екінші фактор - орта. Табиғи орта 
психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар 
үшін, 
оқыту 
маңызды 
мезет 
болып 
табылады. 
Социологизаторлар 
даму 
және 
оқытуды 
теңдестіреді. 
Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі 
туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық 
функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы 
түрлі 
құралдарды 
меңгеру 
арқылы 
болады. 
Жоғарғы 
психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа 
адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі 
жоспарға 
өтеді. 
Жоғарғы 
психикалық 
функция 
оқыту 
процесінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. 
Бұл түсінікті Л.С.Выготский енгізген.
Оқытудың «жақын даму аймағы» бағдарлануы қажет. 
Л.С.Выготский 
бойынша 
оқыту 
дамуды 
алып 
жүреді. 
С.Л.Рубинштейн Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен 
оқудың бірлігі туралы ойды ұсынады. Оқу баланың дамуының 
белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу 
барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы 
деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп 
шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық 
дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды.


Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі- берілген қатынастардың 
жетілуі, екіншісі - жақын ортаның әсерімен даму), яғни 
конвергенция болады.
Л.С.Выготский 
тұқымқаулаушы 
және 
әлеуметтік 
мезеттердің 
даму 
процесінде 
бірлігін 
көрсетті. 
Тұқымқуалаушылық 
баланың 
барлық 
психикалық 
функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда 
(түйсіктен 
қабылдауға 
дейін), 
жоғарғы 
психикалық 
функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. 
Жоғарғы функциялар - адамның мәдени-тарихи дамуының 
өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылмайды.
Сонымен, тұқымқаулаушы және әлеуметтік әсерлердің 
бірлігі - бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, 
даму процесінде өзгерістерге ұшырайды.
Даму үрдісі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? 
Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп 
көрсетті.
1. Циклділік
2. Дамудың бірқалыпты еместігі
3. Бала дамуындағы метаморфозалар (өзгерістер)
4. Бала 
дамуындағы 
эволюция 
және 
инволюция 
үрдістерінің байланысы.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі 
сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, 
сондықтан сол қасиеттерге сүйене оырып жас кезеңдеріне 
топтастырады.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәрестелік жас. 
Нәрестелік жас екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
I-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады. Бұл кезде 
баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде 
қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік 
ойын түрі пайда болады.
8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.
II-15 жас - жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала 
психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен


өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды. 
16-17 жас жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
Кәрілік кезең және қартаю 60-70 жас аралықтарын қамтиды. 
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл 
атақарады. Іс-әрекеттің әр түрлері дамуға әртүрлі әсер етеді. Әр 
кезеңде болатын, тұлғаның және психикалық функциялардың 
дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен шартталған.
А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. 
Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері 
пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып 
үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың 
элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте 
арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында 
шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта 
бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды. Әрбір іс- 
әрекет психикалық дамуға өз үлесін қосады (мысалы, сүрет салу 
қабылдауды және бейнелік ойлауды дамытады). Адам өмірінің 
жағдайында әрбір жас кезеңінде ол белгілі бір іс-әрекетті 
меңгеру арқылы қарқынды дамуға мүмкіндік алады: нәрестелік 
кезеңде - анасымен тікелей-эмоционалды қатынас, сәбилік 
кезеңде - заттармен манипуляция жасау, мектепке дейінгі жаста- 
құрдастырмен ойнау, бастауыш мектеп жасында оқу іс- 
әрекетінде, жеткіншектік кезеңде - құрдастарымен интимді- 
тұлғалық қатынас, жасөспірім кезде - болашақ кәсіпке 
бағдарлану, жастық кезеңде - таңдаған кәсібін меңгеру және 
отбасын құру. Егер қандай-да бір іс-әрекет бала үшін тартымды 
болса, бұл оның тұлғасының қалыптасуында көрініс береді.
Әр даму кезеңдерін өткен сайын, бір жастан екінші 
жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. 
Дағдарыс - қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс 
емес тәрбиенің нәтижесі.
Дағдарыстардың, стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа 
созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ 
буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез 
өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін.


Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан 
да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: 
жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас 
дағдарысы - ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- 
мектепке дейінгі жас (3-7 жас) - 7 жас дағдарысы- мектеп жасы 
(7-13 жас) - 13 жас дағдарысы - пубертатты жас (13-17 жас)- 17 
жас дағдарысы.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Дамудың әлеуметтік жағдайы.
2. 1-3 жас дағдарыстары.
3. Мектеп жасына дейінгілер тұлғасының қалыптасуы.
4. 7 жас дағдарысы.
5. Бастауыш мектеп жасындағылардың қызығушылықтары 
мен іс-әрекеттерінің дамуы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Асмолов 
А.Г.Историко-эволюционный 
подход 
в 
психологии развития. М.,1996.
2. Валлон А.Психическое развитие ребенка.М.,1967.
3. Годфруа Дж.Что такое психология:В 2т.Т.1.М.,1992.
4. Гальперин 
П.Я., 
Запорежец 
А.В., 
Карпова
С.Н.Актуальные 
проблемы возрастной психологии. 
М.,1978.
5. Логинова Н.А.Развитие личности и ее жизненный путь 
//Принцип развития в психологии.М.,1978.
6. Маслоу 
А.Мотиватция 
и 
личность 
// 
Д.Я.Райгородская.Психология 
личности:В 
2т.Самара,1999.
7. Обухова Л.Ф.Две парадигмы в исследовании детского 
развития //Вопросы психологии.1996.
8. Обухова 
Л.Ф.Детская 
психология:теории,факты,проблемы.М.,1995.


ІІ Тарау.
Әртүрлі жас ерекш еліктік деңгейлеріндегі психикалы қ 
дамудың ерекш еліктері
5 Т ақы ры п. Нәрестелік кезең
Жалпы туылу баланың ары қарай дамуы үшін өте маңызды 2 
негізгі дағдарыстан тұрады: ми клеткаларының қысылуы және 
өкпе клеткаларының қысылу дағдарысы.
Бала туа салысымен ағзаның негізгі жүйелерінің қызметін 
ұйымдастыратын рефлекстер 
(тыныс 
алу, 
қан айналым) 
қосылады. Бағдарланушы және тамақтану рефлекстерінен басқа 
туа бітетін тағы да рефлекстер пайда болады. Олар: ему (сору), 
итеру. Бұл рефлекстер бала өмірі үшін қажетті, осылардың 
көмегімен балада өмір сүрудің жаңа жағдайларына бейімделуі 
жүзеге асады. 1-ші күннен көру, есту мүшелері болғанымен, әлі 
жетілмеген көру реакциялары жақын жердегі жарықты, ал есту 
реакциясы қатты дыбыстарды ажыратады.
Нәрестенің 
негізгі 
қалпы 
жартылай ұйқы, 
белсенді, 
сергектік, айқай болады. Олар 1 күннің жартысынан көбін 
ұйықтайды. Алғашқы 2 айда олардың ұйқысы 17 сағат, ал 3 айда 
14 сағат болып азаяды. Ал 4 айдан 6 айға дейін тек түнде 
ұйықтауға үйренеді.
2-3 айда ерекше эмоционалды - қозғалыс реакциясы, яғни 
ересектің пайда болуымен орай пайда болады. Оны жандану 
кешені деп атайды.Бұл оның алғашқы әлеуметтік қажеттілігі.
5-6 айда бала отырады, сосын жылжып, еңбектейді. 9-10 
айда көмексіз жүруге үйрене бастайды. 1 жылдың аяғында 
балалар затты белгілі-бір бағытта лақтыруды үйренеді. Туғаннан 
1 жасқа дейін балалар тез өседі.
Осы нәрестелік кезеңде олар жұмсақ сары түстерге дұрыс 
қарайды, тіпті жылауларын қоя салуы мүмкін. Бұл олардың 
алғашқы түс ажыратулары. 1 айдан соң-ақ дыбыстарды ажырата 
алады, 4 айында нәресте анасының даусын әкесінен ажыратып 
таниды, ал олардың дауысын - бөтен адамның дауысынан 
айырады.



жастың соңында бала мақсатты түрде ойлайды, және 
алғашқы сөздерді қолданады.
2-3 айда бала тек дауысты дыбыстарды а-а-а, э-э-э деп 
айтады. Осы кезеңдегі сөйлеу түрін автономды сөйлеу дейміз, 
яғни 1 сөзбен бүкіл оқиғаны білдіреді. Мысалы, ням-ням, бай- 
бай.
Жылау және 
күлкі 
баланың эмоционалды 
күйін 
білдірудің негізгі 2 тәсілі. Жылаулары аштықтан, ашудан, 
қанағаттанбаудан болады.
Күлкі 
қоршаған 
әлемге 
деген 
бірден-бір 
жағымды 
реакцияларының бірі. 7 айда бала ересектің қандай күйде екенін 
(қуаныш, қорқыныш) анықтай алады.
Нәрестелік шақта жетекші әрекет түрі заттық болады. 
Дамудағы басты факторлар тік жүру және заттық әрекет.
Ерте балалық шақ -толық даму үшін сензитивті кезең 
болып табылады. Қабылдау айқын білінетін эмоционалды 
сипатта болады. Баланы ерекше сипаттар қызықтырады: қатты 
дауыс, ашық түс, т.б.
3 жасқа қарай оперативті есі жүзеге аса бастайды, ал 
әрекеттерді есте сақтау және қайта жаңғыртуға ұзақ мерзімдік ес 
көмектеседі. Сондықтан да, әрбір адам өзін 3 жастан бастап 
біледі.
Әлемді белсенді тану практикалық әрекеттер арқылы 
затпен көрнекі-іс-әрекеттік ойлау негізінде жүзеге асады.
3 жастағы балада ең жиі талап етілетін және айтылатын 
«мен өзім», бұл осы жастағы жаңа қайта құрылуды Л.И.Божович 
«өзіндік» деп атады.
3 жаста дағдарыс пайда болады. Оның бірінші белгісі 
негативизмнің пайда болуы. Балалар негативизмін кәдімгі 
тыңдамаудан ажырата білу керек.
Негативизм дегеніміз - баланың айтқанды тек ересек 
сұрағандықтан орындағысы келмеуі. Яғни, әрекет мазмұнына 
реакция білдіру емес, ересектің өзінің ұсынысына қарсы болу.
3 жастағы дағдарыстың 2- белгісі - қыңырлық, яғни олар 
бір нәрсені талап етуді қатты қажет еткендігіне емес, оны талап 
етіп отырғандарға қарсы болу.
Дағдарыстың 3-белгісі - қырсықтық таныту. Негативизм 
үнемі ересекке қарсы бағытталса, ал қырсықтық тәрбие


нормаларына, өмір сүру бейнесіне қарсы, 
яғни ерекше бір 
өзінше көңілі толмау болып табылады.
Қырсықтық сыртқы ортаға қарсылық пен байланысты 
және өз дегенінде тұру, қайтпауды білдіреді.
4-белгісі - еркінсу. Бала бәрін өзі істегісі келеді.
Бұлардан басқа дағдарыстың 3 белгісі бар. Олар қосалқы 
мән береді. Олар: бунт-қарсылық; құндылық және деспоттық 
билік.
Осы дағдарыстардың шешілуі және іс-әрекет барысында -
ойында жүзеге асады. Ойын - баланың дербестікке деген талап- 
тілектерін қанағаттандыратын жетекші іс-әрекет түрі болып 
саналады. Егер де баланың 1,5 жаста қозғалу мүмкіндіктері 
шектеулі болса, 3 жаста енді олар жеңіл жүгіреді, бұрылады, 
тоқтай алады. Осы жаста нәзік (майда) моторика қалпы 
жақсарады: олар түймені түймелей алады, өзгелер көмегінсіз 
киінеді, өзіне үстел басында қызмет ете алады. Шанышқымен 
әрекет ете отырып, әрі сөйлесе алады. Осы кездегі ең тиімді 
әрекет - балалардың еліктеуі, яғни олар ересектер әрекетін 
қайталайды. Осы жаста баланың ойлауы белгілі-бір шектеулікте 
болады. Олар: нақты жағдайды байланыстыру, эгоцентризм, 
ақыл-ой 
операцияларының 
қайталанбастылығы. 
Бала 
психологиясы 
алғашқы 
үш 
жылында 
болатын 
сапалық 
өзгерістерге толы. Сондықтан адамның туған сәтінен өлгенге 
дейінгі психикалық дамуының орта жолы үш жасар кезең деп 
саналады. Үш жасар бала өзін - өзі күтуге қабілетті. 
Айналасындағы адамдармен өз ара қарым-қатынас 
жасай 
алады. 
Сөздік формаларымен ғана емес мінез-құлықтың 
қарапайым формаларын да (жылау, күлу, ашулану) игереді. Үш 
жасар бала үлкендерге тәуелсіз қоршаған ортамен белсенді 
заттық дүниемен қарым-қатынас жасай біледі. Мысалы: жиһаз, 
киім- кешек, ыдыс-аяқ, т.б. заттың өмірлік маңызын түсінеді. Әр 
жаңа заттың неге керек екенін түсінуге тырысады. Мысалы: 
қасық тамақ ішуге керек. Сурет салу, мүсіндерді құрастыру 
заттық әрекеттер арқылы баланың тілі жақсы дами бастайды. 
Бұл кезде үлкендер түсінікті де анық сөйлеп, сөздерді дұрыс 
құрастыра білуге үйретуі керек. Сәби үлкендердің өзіне 
бағытталмаған сөздерін қызыға тыңдайды. Үш жасар бала 
белсенді сөйлеуге тырысады.


1 жасар бала 30-100 сөз біледі.
2 жасар бала 300 сөз біледі
3 жасар бала 500 сөз біледі.
Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдерді 
ажыратады. Үш жасқа қарай бала септік жалғауларды игереді. 
Мысалы: менің, саған, оның. Белсенді сөйлеудің қалыптасуы үш 
жастағы баланың психикалық дамуының жақсы екендігін 
көрсетеді. Әртүрлі жас сатыларындағы психикалық және 
физикалық даму ерекшеліктері, дүниеге келу, бала организімі 
үшін үлкен өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадан, 
яғни ана құрсағынан ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын алуан 
түрлі тітіркендіргіштерге толы ауалы ортаға мүлдем жаңа 
жағдайға келеді. Яғни бұрынғы тірі жан дәрежесімен ақыл ойлы 
адам болып өсетін дүниеге келеді. Терінің қатты тітіркенуі 
мысалы: ине шаншу дененің қорғаныш тартылысына, бетінің 
алдындағы бір нәрсенің қаралтуы, қабағының түйілуіне, 
жарықты кенеттен көбейту көздің жұмылуына себепші болады. 
Бұл құбылысты қорғаныш рефлексі деп атайды. Нәресте 
дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын 
бұрады. Бұл бағдарлау рефлексі деп аталады. Емізу, бетіне 
емшекті жақындату қарны ашып жатқан баланың іздену 
реакциясын тудырады. Бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып 
ауызын ашады. Бұл бағдарлау тамақтану рефлексі деп аталады. 
Жаңа туған балада көптеген реакциялар пайда болады. Бірінші 
ему реакциясы, бала ауызына салған нәрсені сора бастайды. 
Екінші жармасу реакциясы, алақаны бір нәрсеге тисе ұстап 
алады. Үшінші итеру реакциясы, табанына жанаса итереді. 
Жаңа туған нәресте әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын 
жөн-жозықсыз қимылдатып қоздырып жауап береді. Өмірінің 
алғашқы аптасында көру мен естуі жақсы жетіледі. Екі үш айға 
қарай бала үлкендерге көңіл аудара бастайды. Ересек адам 
балаға қарағанда, бала жымиып күледі. Бұны жадырау, немесе 
жандану кешені деп атайды.
Психологтардың 
пікірі 
бойынша 
бала 
алғашқы 
айларында өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші жан иесі деп 
бағаланады. Сондықтан жаңа туған баланың бөтен дүниемен 
кездескендегі сасқалақтап абыржуы дейді. Психолог Фрейд 
жарық дүниеге келген баланың шыр етіп жылауы, оны ана


организімінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы дейді. 
Нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді үлкен адам болса 
организімнің қажетін қанағаттандырады, яғни шомылдырады, 
тамақтандырады. Үлкен адам баланы қолға алғанда нәресте мәз 
болып қуанады. Нәрестелік жаста (0-1) үлкен адам баланың 
заттық дүниемен қарым-қатнас жасауына көмектеседі. Қарым- 
қатынас шеңберінде сөздің алғышарттары пайда болып, екі 
айлығында бала былдырап, гуілдейді. Бір жасының аяғына 
қарай сөздерді түсіне бастайды.
Бір жас ішінде бала қимылдап қозғалысы дамиды және 
психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуы мол болады. 
Бала мойынын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, тік тұруды 
бірнеше қадам жасауды үйренеді. 3-4 айлық кезінде жармасу 
қимылдары пайда болады. Бала өзін қызықтырған жылтыраған 
затына ұмтылады, қолын созады, ұстауға тырысады. Жармасу 
әрекетімен қатар затты сілкілеу, тақылдату, лақтыру сияқты 
қарапайым қимылдары дамиды. Нәрестелік шақта баланың 
психикалық белсенділігі артады. Қоршаған ортаның өзгерісін 
бала қайталайды. Мысалы: қол шапалақтау, үлкен кісінің 
күлгенін қайталау. Нәрестелік шақтың соңына қарай бала 
үлкендердің 
іс-әрекетін 
қайталап 
еліктеушілік 
қасиетін 
көбейтеді. Әрине жасаған әрекеттерімен еліктеу бала ақылының 
күшті дамып келе жатқанын көрсетеді. Бала жарық өмірге келіп 
анасынан физикалық тұрғыда ажырайды. Ол мүлдем басқа 
жағдайға енеді: суық, жарық, ауа. Мұндай жағдайларға 
бейімделуде - шартсыз рефлекстер көмектеседі. Балада шартсыз 
рефлекстердің бір қатары болады.
«Ал» рефлекстерінің жүйесінде ерніне тиген нәрсені 
сору пайда болады. Шартсыз рефлекстерден қорғаныс және 
бағдарланған рефлекстерді бөліп көрсетуге болады.
Тітіркендіргіштер
Рефлекстер
Жарықтың түсуі
Баланың бас жағына қолын бұлғау 
Баланың басын оңға бұру 
Шынтақтарын жан-жаққа тарту 
Баланың алақанына саусағын қысу
Көз жұмылады 
Көзі жұмылады
Иегі көтеріледі, оң қолын көтереді, сол 
қолы майысады.
Қолдары тез майысады
Бала қолдары тез жұмылып ашылады.


Бала миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір 
шарт - ол анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның 
ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға қарағанда тәттіні жақсы 
көреді), иіс сезу (әртүрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы 
мен жүрек қағысы өзгереді), дыбыс естуі (1 апталық бала 
анасының дауысын естиді), көру анализаторының қалыптасуы 
(2 айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі). Егер 
бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы 
баяулайды. Бұл кезеңде даму ерекшелігі, баланың денесінің 
дамуына қарағанда анализаторлардың іс-әрекеттері тезірек 
қалыптасады, осыған байланысты түрлі шартты рефлекстік 
байланыстар жасалады
Өмірінің бірінші айының соңында алғашқы шартты 
рефлекстер көрінеді. Көбінесе бала, тамақтану ыңғайына 
реакция көрсете бастайды: анасы қолға алғанда емшек іздеуі, 
көтергенде тынышталуы пайда болады. Тамақтану қалпына 
байланысты шартты рефлекстер, тәулік мезгілін ажырату, жаңа 
туған 
балада 
ұйықтау 
және 
ояну 
сергектік 
кезеңдері 
ажыратылмаса, 2-3 айлық кезде олар мазмұнды, белсенді сипат 
алады
Нәрестенің түйсігі ажыратылмаған және эмоциямен 
байланысты. Баланың психикалық өміріндегі маңызды оқиға 
есту және көру түйсігінің шоғырлануы. Естудің шоғырлануы 2-3 
аптада пайда болады. Тосын дыбыс, бала әрекетін тежейді, ол 
тоқтап тыңдайды. Соңынан 3-4 аптада осындай реакция 
адамның дауысына пайда болады.
Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол 
анасынан физикалық тұрғыда ажыратылғанымен биологиялық 
тұрғыда 
байланысты. 
Ол 
өзінің 
қажеттілігін 
дербес 
қанағаттандыра алмайды.
Нәресте оған қамқор болатын анасының дауысына еліктейді, 
оның бетін көріп көзін анасының жүзіне тоқатып қарайды, 
қолын созады, аяғын қозғалтады, қатты дыбыстар шығарады 
және күле бастайды. Бұл эмоциялы реакция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет