Бірінші серия.
Сурет салу. 4-5 баладан құралған топқа:
«Қазір біз сурет саламыз. Менде үш түрлі тапсырма бар: жеңіл,
күрделілігі орташа және қиын тапсырмалар. Егер сендер қиын
тапсырманы таңдап, орындап берсеңдер 5 балл аласыңдар,
орташа тапсырмаға - 4 балл, жеңілге - 2 балл. Егер тапсырманы
орындай алмасаңдар 1 балл ғана аласыңдар. Көп балл жинауға
тырысыңдар. Ал енді қандай тапсырманы алатындарыңды
өздерің таңдаңдар» деген нұсқау беріледі. Экспериментатор
үлгілерді
көрсетіп:
«Тапсырмаларға
қараңдар,
мыналар
күрделілері, мыналар орташалары, ал мыналар жеңілдері.
Шамаларың келетіндерін таңдап, суретін салыңдар». Тапсырма
орындалғаннан кейін экспериментатор әр балаға тапсырманы
орындай алғанын не орындамағанын айтады. Содан кейін
балалар тағы таңдау жасайды.
Барлығы
6-8
тапсырма
орындалады.
Екінші серия.
Конструктор құрастыру. Бірінші серияға
ұқсас, балаларға күрделілігі әр түрлі конструкция құрау
ұсынылады. Зерттеу индивидуалды түрде жүргізіледі, бала 3-4
тапсырма орындайды.
Үшінші
серия.
Қозғалыс
жаттығулары.
Балаға
мүмкіндігінше «алысқа секіру» ұсынылады. Секірмес бұрын
баладан қай жерге дейін секіретінін көрсету сұралады. Бала
секіргеннен кейін секіре алған алмағандығы айтылады, және
жаңа меже белгілеу сұралады. Осылайша 3-4 рет қайталанады.
Серияларды жүргізу барысында экспериментатор әдейілеп
сәттілік және сәтсіздік жағдайларын тудырып отырады:
• баланың іс-әрекетін сәтсіз деп бағалап, уақытты шектеу
немесе жұмысындағы қателіктерін көрсету;
• баланың іс әрекетін табысты деп бағалау, тапсырманы
орындауға көбірек уақыт беру, қиналса байқатпай
көмектесіп жіберу.
Кестеге
тапсырманың
күрделілік
дәрежесі,
жинаған
балдары, мінез-құлқы, айтқан сөздері, баланың сәттілік және
сәтсіздіктегі эмоциялық реакциялары тіркеледі.
Әр сериядағы күрделілігі бойынша орындалған және
орындалмаған тапсырмалар саны анықталады. Соның негізінде
талаптану дәрежесінің тапсырманы орындау мүмкіндіктеріне
сай келуі, баланың сәттіліктер мен сәтсіздіктерге реакциясының
адекваттылығы туралы қорытынды шығарылады.
Бірінші
жағдайда тапсырманы табысты орындау кезінде талаптану
дәрежесі жоғарылауы керек, екінші жағдайда тапсырманы
орындау сәтсіз болғанда төмендеуі немесе тұрақты болып қалуы
керек. Балалар төрт топқа бөлінеді:
1. сәттіліктен кейін күрделі тапсырманы, сәтсіздіктен
кейін жеңілірек тапсырманы таңдайтындар;
2. сәттілікте де сәтсіздікте де жеңілдеу тапсырмаларды
таңдайтындар;
3. сәтсіздікке
ұшыраса
да
күрделі
тапсырманы
таңдайтындар;
4. тапсырманы
таңдауға
сәттілік,
сәтсіздік
әсер
етпейтін балалар тобы.
Балалар жасына және іс әрекет түріне байланысты осы топтарға
қалай таралатыны анықталады.
1.Әдіс
Б алаларды ң темперамент типін аны қтау. (1 жастан 3
жасқа дейін Г.П.Лаврентьева және Г.М.Гитаренко ұсынған).
Нұсқау: Құрметті ата-аналар балаларыңыз келесі
жағдайларда өзін қалай ұстайтынын бақылаңыздар! Бір апта
ішінде балаңыздың реакциясын бақылай отырып, графикке белгі
қойып отырыңыз.
1 .Егер тез және тоқтаусыз әрекетті орындау қажеттілігі
туындаған жағдайда, балаңыз өзін қалай ұстайды?
А) Оңай, ашық
эмоцияларсыз
қосылады
Б)Өте
белсенді және
эмоциялық
тұрғыда
қосылады
В) Асықпай
қосылады
Г) Жасқанып,
абайлап
қосылады
2.Үлкендердің ескертуін бала қалай қабылдайды.
А)Енді
қайталамаймын
деп, кешірек
қайта істейді.
Б)Тындамайды
өз дегенін
істейді.
В)
Қабылдап
сөйлемейді,
ойланады.
Г)Ренжиді,
ұзақ уақыт
уайымдайды,
жылайды,
сөйлемейді.
3.Өзіне маңызды жағдайларда бала басқа балалармен
қалай сөйлеседі?
А)Басқалардың
Б)Ешкімді
В)Тыныш
Г)Сенімсіздікпен
айытқанын тез
тыңдамайды,
және
басқаларға
тыңдайды.
ынталылық,
сенімді
қарайды.
шапшандылық
байқалады.
4.Бала өзі үйренбеген ортада өзін қалай ұстайды
(дәрігердің қабылдауында, аэропортта және т.б.)?
А)Тез
бейімділік,
белсенділікпе
н
қызығушылы
қ танытады.
Б)
Тынышсызданы
п, кейде шектен
тыс
мазасызданады
В)Айналасын
а мұқият
қарайды.
Г)Үлкендер
ді
тыңдайды,
ұялады
Бақылау қартасының кілті. Әрбір тип реакциясының
санын санаңыздар: «А», «Б», «В», «Г» және оларды
иерархиялық қатар бойынша орналастырыңыз. Алғашқы
екі типі сәйкес темперамент ерекшеліктерін білдіреді:
«А»- сангвиник
«Б» -холерик
«В»- флегматик
«Г» - меланхолик
6 тақы ры п . М ектепке дейінгі кезеңдегі психикалы қ
даму
Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өседі, әрі салмағы
артады. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес, 3 жаста тек 81 см
болса , 4 жаста бұл кқрсеткіш 4-5 см-ге кемуі, 6 жаста - 7-8 см-
ге артуы, ал 7 жаста - 10 см артуы. Мүмкін мектепке дейінгі
баланың бұлшық еті салмағы артады. Қаңқаның сүйектенуі
интенсивті жүреді. Ми салмағы ересек адамның көрсеткішіне
жақындайды.
Мектепке дейінгі бала дербес әрі тәуелсіз бола бастайды.
Мектепке дейінгі кезең - тілдің грамматикалық қатарын
меңгерудегі және лексикасының баюының жауапты кезеңі
болады.
Тілдің
интенсивті
дамуына
фонетикалық
ес
көмектеседі. Осы кезеңде бала адамның денелік құрылымына
қызыға бастайды. Жыныстық айырмашылыққа қарайды. Осы
кезеңде балалар қайталай беруге құмар болады: 10 шақты рет
ескі ертегіні тыңдай береді, жаңасын тыңдаудан бас тартады.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар сюжеттік-рольдік
ойынмен қатар өнімді әрекет түрін меңгере бастайды, ол да
даму факторы болады. Ең маңызды әрекет - сурет салу болып
саналады.
Сурет салуды меңгеру бірқатар кезеңдерден тұрады:
1. Мәні жоқ шимақтарды салу (3 жас);
2. Формасы жоқ бейнелерді бейнелеу;
3. Схемалық кезең (4-5 жаста);
4. Шынға сай суреттер, егер адам болса, оның бөліктері
майысқан болады, киімін бейнелейді;
5. Дұрыс бейнелерді бейнелеу кезеңі.
Бала сурет салғанда көргенін емес, білетінін салады. Сурет
әрекеті реалистік немесе эстетикалық бағытта емес, тек
мәнерлілік функцияларында орындалады.
Өнімді іс-әрекет түріне суреттен басқа құрастыру,
жапсыру
жатады.
Құрастыру
балалардың
творчествалық
қабілетін арттырады да, талдау, абстракция сияқты ақыл-ой
амалдарын жетілдіреді.
Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлы дамуының
қарқындылығымен
ерекшеленеді.
Бұл
кезеңде
баланың
сенсорлық дамуы 2 өзара байланысты жақта дамиды. Заттар мен
құбылыстардың түрлі қасиеттерімен байланыстары жайлы
ұғымның болуы және қабылдаудың жаңа әрекеттерін меңгеруі
болып табылады.
5
жастан бала негізгі түстерді біледі және ажырата
алады, ал осы жастың аяғында түс реңктерін ажыратады.
Музыканы қабылдауда, мелодияны қабылдауы, дыбыстарды
жоғарылығына қарай ажырата алуы қалыптасады.
Баланың қабылдауы өткен тәжірибеге байланысты.
Мектепке дейінгі кезеңде ойлау мен сөйлеуі қарқынды дамиды.
Осы кезеңде ойлау әрекетін игеру сыртқы заттық әрекеттерді
интериоризациялаудың жалпы заңы арқылы жүзеге асады.
Осы кезеңде тар отбасылық қарым-қатынастарды тар
деңгейінен
кең шеңберге ауысады, яғни өз құрбыларымен
араласуы жүреді.
Балалар
күрделі
сөйлемдерді,
шылауларды,
жұрнақтарды кең қолданады. Осы кезеңде эгоцентрикалық
сөйлеу түрі дамиды.
4-5 жаста баланың ерікті зейіні дамиды және зейіні
тұрақты, әрі жоғарылану сипатында болады.
Олар объектіде назарын 10-15 минут уақыттан артық
ұстай
алмайды.
Интеллектуалды
маңызды
қызығулары
туындайды
(яғни,
жұмбақтар
шешуге,
ребус
т.б.
шытырмандарды шешуге құмар болып саналады).
Интеллектуалды әрекетте зейіннің тұрақтылығы 4 жасқа
қарай артады. Зейіннің бөлінуі нашар, сондықтан екі әрекетті
бір мезгілде орындай алмайды.
«Баланың есі - оның қызығуы», -деді А.Р.Лурия.
Мектепке дейінгі жаста еріксіз есте сақтау және еріксіз қайта
жаңғырту ерекше дамиды.
Бала бірте-бірте қайталауға үйренеді. Балалар ойыны
олардың есте сақтауын өте белсенді ететін әрекет болып
саналады. Олар маңызды күндерді (туған күн, бала-бақшадағы
мереке, дүкен аралау) дәл және толық қайта жаңғырта алады.
Балалар
қарым-қатынаста жеке
тұлғалық
дамуды
молайтып, кеңейтеді. Балалық шақ - құрбыға деген қызығу
туындайтын шақ және ол бірнеше қарым-қатынас типтерін
бастан өткереді:
1. Пассивті - құрбыға деген жағымды қарым-қатынас;
2. Эгоистік қарым-қатынас;
3. Бәсекелестік қарым-қатынас;
4. Жеке дербестік қарым-қатынас:
5. Тұрақсыз қарым-қатынас.
Осы мектепке дейінгі кезең аяғына қарай ұл мен қыз қарым-
қатынасы
орнай
бастайды.
Әйел,
ер
мінез-құлқының
стереотиптері
бала
психологиясына
ене
бастайды,
яғни
ересектерді бақылаудан әрбір ата-ана өз жынысының құндылық
бағдарларын балаға береді: әйелге тән сезімталдық, эмоциялық,
еркекке тән ерлік, шешімге келгіштік, өзін-өзі меңгеру, т.б.
Ересек барда өзін дұрыс ұстау - баланың моральдық
дамуының 1-кезеңі.
Ж.Пиаже пікірінше, баланың моральдық сезімі ойлау
құрылымдарымен
қатар
дамып
отыратыны
әлеуметтік
тәжірибеге байланысты пайда болады. Моральдық сезімдері 2
кезеңде жүзеге асады:
1. Адамгершілік шындық;
2. Адамгершілік релятивизмі.
Мектепке дейінгі баланың эмоциялы қалпына сергектік,
өмірге қуану, оптимизм тән болып келеді. Ал бастан кешуінің
кең
тарағаны
қорқыныш,
яғни
нақты
стимулдар
мен
ситуацияларға реакция болады. Ол қорқыныштарға, қараңғыдан
қорқу,
жабайы жануарлардан,
бұзықтардан,
таныс
емес
адамдардан,
анасынан
бөлектенуден
және
жалғыздықтан
қорқулар жатады. Қала балалары ауылға қарағанда, ал жеке
үйлерде тұратын балалар қабатты үйдегіге қарағанда және
жалғыз өскен бала отбасында, яғни үйде аға-інілері бар балаға
қарағанда жиі қорқады екен.
Қорқыныш негізінде мазасыздық пайда болады. Бірақ
қорқыныш бірте-бірте тұрақталып фобияға айналуы мүмкін , ал
оны жою қажет болады. Өйткені фобия дұрыс дамуды бұзады.
Баланың жиі қорқу жағдайларына ересектердің мән
бермеуі, оның эмоционалды аумағының өзгеруіне әкеледі.
Мазасыздану - әдетте, басында ситуативті сияқты
байқалады, ал кейін жекелікке айналады.
Жоғары мазасыздану өзіне-өзі баға беруді төмендетеді.
А.Л.Венгер
баладағы
негативистік
эмоционалдықтың
3
нұсқасын көрсетті. Оның 1 түрі агрессивтіліктің пайда болуы.
Агрессивтілікті
өте
ерте
шақта
байқауға
болады.
Агрессивтіліктің қалыптасуының психологиялық механизмі -
өтелмеген қажеттілікке бір жақты реакция сияқты болады.
Балалардың агрессивтілік әрекеттерін болдырмаудың
тиімді тәсілдері мыналар:
1. бала энергиясын әлеуметтік бағытталған істерге
аудару;
2. агрессивтілігі үшін баланы ешқашан мақтамау;
3. кей жағдайда баланы жеке алып, себебін түсіндіруді
талап ету;
4. егер бала өзінің інісіне, т.б. қатысты агрессивтілік
көрсетсе, оларға жазаны таңдау ұсынылады;
5. егер бала ұруға дайын тұрса, оны тоқта деп тез
тоқтату керек.
Сөйлеу. Мектепке дейінгі кезде сөзді меңгеру және игеру
процесі аяқталады. 7 жасқа қарай тіл баланың қарым-
қатынасының және ойлауының
құралы болып табылады.
Сөйлеудің
Достарыңызбен бөлісу: |