Балаларды мект епке окуга психологиялық дайындау,
6 жасар
балалардың тұлғасының ерекшеліктері оқу процесінде едәуір
қиындықтар тудырады. Мектепке психологиялық дайындық-
мотивациялық, интеллектуалды сфералардың және ырықтылық
сферасының дамуының жоғарғы деңгейін шамалаушы күрделі
құрылым. Әдетте, психологиялық дайындықтың екі аспектісін
көрсетеді - тұлғалық (мотивациялық) және интеллектуалдылық
дайындық.
М ект епт е окуга тұлғалық дайындық,
баланың жаңа
әлеуметтік жағдайға ұмтылуы
- бұл бастауыш
мектеп
оқушысының
көптеген
психологиялық
ерекшелігінің
қалыптасуына негіз және алғышарт болып табылады. Бұл жерде
мектеп міндеттеріне деген жауапкершілікті қатынас орнайды,
бала ол үшін қызықты нәрсені ғана орындап қоймайды, сондай-
ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады.
Оқуға деген қатынасынан басқа, бала үшін мұғалімге
деген, құрбыларына, өзіне деген қатынасы маңызды орынға ие.
Психикалық
дамуы
жоғары
балаларға
құрбылармен
кооперативті-жарыстық қатынас
тән.
Мектепке тұлғалық
дайындыққа
өзіне деген
белгілі бір қатынастың болуы да кіреді.
Өнімді оқу-іс-әрекеті баланың өзінің қабілетіне, жұмысының
нәтижесіне,
мінез-құлқына
деген
адекватты
қатынасын
білдіреді. Оқушының өзіндік бағалауы жоғары болмауы керек.
Баланың мектепке тұлғалық дайындығын анықтай отырып оның
ырықтылық (еріктілік) сферасының даму ерекшелігін де көрсету
қажет.
Баланың мінез-құлқының ырықтылығы
мұғалім
тапсырған талаптарды, белгілі бір нақты ережені сақтауда
көрініс береді.
М ект епт е окуга интеллектуалды дайындық.
Ойлау
процестері-жалпылау, объектілерді салыстыру, жіктеу, айқын
белгілерін бөліп шығарумен, қорытынды жасау тәсілдерімен
байланысты. Бала танымдық белсенділікке ие болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының
дамуындағы негізгі ұғымдар: балдырғандарды жас кезеңдерге
бөлу, мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі кезеңдеріндегі іс-
әрекеттерінің жетекші түрі, сензитивті кезең, дағдарыс кезеңі,
баланың тікелей сезімдік және нақты бейнелеу арқылы
дүниетанымның дамуы, баланың шындықты жанама және
жалпылау тәсілдері арқылы танымының өсуі, алты және жеті
жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан
даярлау.
Оқудың
сәтті
басталуымен
байланысты
баланың
мектепке психологиялық дайындығы баланың сәтті дамуын
анықтайды.
Оқуға интеллектуалды дайын болмауы тікелей сәтсіз оқу
іс-әрекетіне алып келеді.
Мектепке
деген
психологиялық
дайындық
бала
тұлғасының құрылуы.
М ектеп жасы балалары ны ң психикалы қ 3-7 ж асқа
дейін дамуы.
Баланың ойыны үлкендердің ісіне үйрену үшін арналған
деп әлем психологтары қорытынды жасайды. Психикалық
зерттеу бойынша ерте кезде балалар ойын дегенді білмеген,
яғни бірнеше ғасырлар бұрынғы өлген кісілердің моласынан,
жер астында көміліп қалған адамдарда ешқандай ойыншық
табылмаған. Балаға арнап ойыншық жасау соңғы ғасырларда
пайда болған. Осындай зерттеулер ерте кездегі баланың көбі 5-6
жасында ғана ойнап, кейін үлкендермен бірге жұмысқа кірісіп,
кішкентайынан үлес қосқанын көрсетеді. Психолог Элькониннің
айтуы бойынша бұрынғы тайпалардағы балалар әке-шешесімен
бірігіп балық аулаған, егін салуға көмектескен. Сол сияқты
қазақтың балаларын 4-5 жасынан бастап еңбекке үйреткен.
Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалардың негізгі ойыны
рольдік ойын. Рольдік ойында кішкентай балаларда «мен
дәрігер немесе мұғалім болам» деген белгілі бір адамға еліктеуі
туады. Қазіргі заман талабына сай ойындар, ережелерінің
түрлері өзгерді.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Мектеп
жасына
дейінгі
балалардың
танымдық
ерекшеліктері.
2. 7жас дағдарысы.
3. Балаларды
мектепке
даярлаудың
психологиялық
ерекшеліктері.
4. Мектепке
дейінгі
балалардың
қарым-қатынас
ерекшеліктері.
5. Мектепке дейінгі балалардың ерік-сфераларының дамуы
Әдебиеттер тізімі:
1. Выготский Л.С.Раннее детство //Сбор.соч.:В 6 т.М.,
1984.Т.4.
2. Люблинская А.А.Детская психология.М.,1971.
3. Менчинская Н.А.Развитие психики ребенка.Дневник
матери.М.,1957.
4. Менчинская Н.А.Психическое развитие ребенка от
рождения до 10 лет.М.,1996.
5. Мухина В.С.Детская психология.М.,1971.
6. Развитие личности ребенка /Пер.с англ.М.,1987.
7. Смирнова Е.О.Психология ребенка.М.,1997.
8. Эльконин Д.Б.Детская психология.М.,1960.
7 тақы ры п . Б астауы ш мектеп ж асы ндағы ларды ң
психикалы қ дамуы
Бастауыш сынып жасына байланысты мәселелермен
көптеген психологтар айналысқан: Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов,
Л.И.Айдарова, Ю.А.Полуянов және т.б. Бұл жас ерекшелік
кезеңі әлі де толық зерттелмегендіктен ғалымдардың зейінін
көбірек аударуда.
Бастауыш сынып жасындағы баланың дамуындағы
әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Ең бірінші де маңызды сәт - мектептегі оқудың басталуы.
Баланың болмыспен қатынасындағы барлық жүйелерінде қайта
құрулар жүреді. Мектеп жасына дейінгі балада: бала-ересек
және бала және балалар деген әлеуметтік қатынастың екі
сферасы болса, енді бала-ересек деп аталатын қатынас жүйесіне
өзгерістер енеді. Ол екі бөлікке бөлінеді: бала -ата-анаң және
бала-мұғалім.
«Бала-мұғалім» жүйесі баланың ата-анасына және өзге
балаларға
деген
қатынасын
анықтай
түседі.
Мұны
экспериментальді
түрде
Б.Т.Ананьев,
Л.И.Божович,
И.С.Славина дәлелдеген. Осы қатынас бала үшін маңызды
болып табылады, себебі бағалау жүйесі пайда болады: жақсы
баға мен жақсы әрекеттер, мұндай бағалар мұғалім тарапынан
болады. Баланың алатын бағасы оның құрдастары мен ата-анасы
арасындағы қатында себебін тигізеді. Құрдастары кім жақсы
оқыса, сол баламен дос болуға тырысады.
«Бала-мұғалім»
қатынасы
«бала-қоғам»
қатынасына
айнала бастайды. Бала оқуға келген кезде оның қоршағандарға
деген қатынасы да, өмірі де түбегейлі өзгереді. Ата-аналары
оларды бақылай бастайды: бағаларын сұрап, оған қатысты
өздерінің ойларын білдіреді, үй тапсырмасын тексереді, күн
тәртібін анықтайды. Осыған байланысты балалар өздерін ата-
аналары бұрынғыдай жақсы көрмейтіндей сезінеді. Соның
нәтижесінде балада жалғыздық сезімі пайда болады.
Жаңа әлеуметтік өмір бала өмірін өзгертіп, ол үшін (стресс
тудырушы) ретінде әсер етеді. Әр баланың эмоциялық күйлері
өзгереді, психикалық күйзелістері артады және ол, баланың
денсаулығы
мен
әрекетіне
әсер
етеді.
Баланың
жаңа
жағдайларға бейімделу сипаты мен ата-анасының өзіне деген
қатынасы тұлғалық сезімін қалыптастырады. Осылайша, кіші
мектеп жасы
балада жаңа
статустың
пайда
болуымен
ерекшеленеді: енді бала - оқушы әрі жауапты адам.
2.
Оқу іс-әрекеті үрдісі бірқатар заңдылықтарға бағынады.
Алдымен оқытушы балаларды оқу жағдайларына тартып,
балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, тексеру мен бағалау
әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек. Оқушылар да өз
кезегінде оқу жағдайларының мәнін түсініп отыруы керек. өзге
сөзбен
айтқанда,
заңдылықтың
бірі
мынада:
бастауыш
сыныптағы барлық оқыту үрдісі алғашында балаларды оқу іс-
әрекетінің басты бөліктерімен кең түрде таныстыру негізінде
құрылады және балалар оларды белсенді түрде іске асыруға
тартылады.
Оқу жағдайының алғышартын және оның ролін толық ашу
балалардың танымдық белсенділігінің, ынтасының дамуының
шарттарының бірі болып табылады.
Оқу іс-әрекеті - адамның жаңа білім, білік, дағдыларды
меңгеріп, ескіні өзгертуі болып табылады. Ғылым мен мәдениет
- әрекет етуге үйренуді қажет ететін ерекше пәндер.
Оқу іс-әрекеті адамға туа салып берілмейді, оны
қалыптастыру керек. Сондықтан да бастауыш мектептің басты
міндеті - баланы оқуға үйрету.
Оқу іс-әрекеті жемісті, нәтижелі болу үшін жағымды
мотивация болуы керек. Егер мотив пен оқу іс-әрекетінің
мазмұны бір-біріне сәйкес келмесе, осыған байланысты мотив
біртіндеп өз күшін жоюы мүмкін. Сондықтан да оқытудың
мазмұны және әдістерімен байланысты танымдық мотивацияны
қалыптастыру керек.
Оқу іс-әрекетіндегі өзгеретін ол-оқушы болып табылады.
Оқу іс-әрекеті баланы өзіне бұратын, баладан «мен кім болдым»
және «кім боламын» деген бағалауды білдіретін рефлексияны
талап етеді. Оқу іс-әрекетіндегі ең бастысы - ол баланың өзіне
қарап, өзіндегі өзгерістерге баға беруі болып табылады. өзін
бағалау оқу іс-әрекетінің пәні.
Оқу іс-әрекетінің құрылымын Д.Б.Эльконин келесідей етіп
келтіреді:
1) оқу мотивациясы - баланы оқуға итермелейтін, оқу іс-
әрекетіне мағына беретін тілектер жүйесі;
2) оқу міндеті, яғни баланың әрекет тәсілдерін меңгеруіне
мүмкіндік беретін тапсырмалар жүйесі;
3) оқу әрекеттері - оқу міндеттері орындалатын әрекеттер,
яғни баланың сабақта орындайтын барлық әрекеттері;
4) бақылау әрекеті - оқу міндетін орындау барысын
басқаруға көмектесетін әрекеттер;
5)
бағалау
әрекеті
-
оқу
міндетін
орындаудың
нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беретін әрекет.
Оқу іс-әрекетінің қандай формаларда іске асатындығын
қарастырайық. Бірінші кезеңінде - бұл оқытушы мен оқушының
бірлескен іс әрекеті. Бірақ оқу іс-әрекетінде бала тек қана
оқытушымен ғана емес, бір-бірімен де бірлескен әрекетке
түседі.
Құрдастарымен
бірлескен
қарым-қатынас
баланы
бақылау-бағалау және өз ойын білдіру тәжірибесімен байытады.
Егер субъект өз алдына өзін өзгерту міндетін қойса, онда
бұл оқу іс-әрекетінің дамыған, жоғары форма болғаны. Дәл осы
жерде оқытудың мақсаты шығады - оқушыны өзгерту. Оқыту
іс-әрекеті ойынмен, еңбекпен байланысты.
Мектептің міндеті тек қана балаға белгілі бір деңгейде
білім ғана беріп қоймай, оны адамгершілікке тәрбиелеу.
3.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін
дамыту өте маңызды мәселелердің қатарына жатқызылады және
барлық мектептерде жүзеге асырылады. Балалардың мектепке
келгенде қабылдау үрдісі едәуір дамыған түрде болғанымен де,
олардың оқу үрдісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану
және атауға келіп тіреледі. Бірінші сынып оқушылары өздері
қабылдайтын заттардың қасиеттері мен сапаларына жүйелі
талдау жасай алмайды. Баланың қабылдаған заттарын талдау
және саралау мүмкіндіктері онда заттардың жекелеген тікелей
қасиеттерін аңғару мен айырудан горі күрделілеу қызмет түрінің
қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет
түрі мектептегі оқу үрдісі кезінде жедел қалыптасады. Бақылау
танымдық іс-әрекеттердің өзге түрлерімен біріге отырып,
мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие
болады. Жеткілікті дамыған бақылауда жеке адамның ерекше
қасиеті ретіндегі баланың байқағыштығы туралы сөз қозғауға
болады.
Бастапқы
оқытуда
барлық
бастауыш
сынып
оқушыларының осы маңызды қасиетін бірқатар дамытуға
болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр.
Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған
зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне
тікелей
қызықтығымен,
ашықтығымен,
өзгешелігімен
ерекшеленетін нәрселерге аударады. Бала біртіндеп, тартымды
ғана заттарға емес, қажеттілерге зейіндерін бағыттап, оны
шоғырландыра білуге үйренеді. ІІ-ІІІ сыныптарда көптеген
оқушылар ырықты зейінді игереді. Ырықты зейін бастауыш
мектеп жасындағы маңызды жетістік.
Баланың өзін-өзі ұйымдастыруы алдымен үлкендердің,
мұғалімнің
жасаған
және
бағыттаған
ұйымдастыруының
нәтижесі. Бірінші сынып оқушыларының ырықты зейіні, олар
әлі
өздерін
өздері
алып
жүрудың
ішкі
құралдарын
игермегендіктен тұрақты болмайды. Сондықтан тәжірибелі
мұғалім оқу ісінің сабақта бірін-бірі ауыстырып отыратын және
баларды шаршатпайтын әр алуан түрлерін қолданып отырады.
Бұл ерекшелікті ақыл-ой сабақтарын графикалық сызбалар,
суреттер, макеттер жасаумен алмастыра отырып, пайдаланған
абзал.
Зейінді дамы ту оның көлемін кеңейтумен және зейінді іс-
әрекеттің әр алуан түріне бөле білумен байланысты. сондықтан
оқу
тапсырмаларын
былайша
қойған
дұрыс:
бала
өз
тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының жұмысын
қадағалауы керек және қадағалай алатындай етіп, құрылуы тиіс,
мысалы берілген тексті оқи отырып, оқушы басқа оқушылардың
мінез-құлқын тексеріп отыруға міндетті. Мұғалім оқу ісінің әр
түрін балалар бір мезгілде бірнеше іс-әрекетті бақылауды
үйренетіндей, жалпы, жанама жұмысқа даярланатындай етіп
ұйымдастыруы керек.
Есте сақтауды дамыту да маңызды орын алады.
Мектепке келген бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы
оқиғаларды, суреттерді, әңгімелерді дәл естерінде сақтайды.
Бірақ мектеп өмірі балалардан материалдарды еркін есте
сақтауды талап етеді. Алғашында балалар ең қарапайым
тәсілдерді қолданады - материалды мағыналық бірліктері
бойынша сәйкес келмейтін бөлшектерге бөлу кезінде оны
бірнеше рет қайталау. Енді балалардан тек қана мағыналық
бірліктерді бөліп көрсету емес, материалдарды қисынды етіп
топтастыру, пайымдаулар мен қорытындыларды жікке бөлу,
кесте құрастыру талап етіледі. Топтастыру нәтижелерін
жазбаша жоспар
түрінде
белгілеп
отырған
дұрыс,
ол
материалды ұғынудың келесі кезеңдеріне материалдық негіз
болады.
Арнайы жұмыстар жүргізу кіші мектеп оқушыларының
еске түсіру әдістерін үйрену үшін қажет. Мұғалім материалдың
жекелеген мағыналық бөліктерін ойша қайталап еске түсірудің
мүмкіндіктерін көрсетеді. Психологияда мынандай заңдылық
бар: ойлау жұмысының заты мен мақсаты болып табылатын
заттар есте жақсы сақталады. Бастауыш оқытуда логикалық
әдістерге сүйенетін еріксіз есте сақтаудың мүмкіндіктері жан
жақты пайдалануы тиіс. Есте сақтау формаларын орындау үшін
ерекше оқып үйрену керек, онсыз оқушылар арнайы талдауды,
топтастыруды және салыстыруды талап ететін нәрселерді
тікелей есте сақтауға тырысқанда олардың есі шашыраңқы,
нашар ес болып шығады. Сонымен қатар оқыту үрдістері үшін
көрнекі үлгілерді пайдаланған орынды. Сондықтан да ерікті
және еріксіз есте сақтау әдістерін оқу материалдарының екі
түріне - сөз жүзіндегі және көрнекілікке лайық қалыптастыру
керек.
Жүйелі оқу іс-әрекеті балалардың қи ял ы сияқты маңызды
психологиялық үрдісті дамытуға көмектеседі. Бастауыш мектеп
оқушыларының мұғалімнен еститін және кітаптан оқитын
мәліметтерінің көпшілігі суреттер мен сызбаларды сөзбен
бейнелеу түрінде болады. Оқушылар болмыс бейнелерін
әрдайым есте жаңғыртып отыруы тиіс. Бастауыш мектеп
жасында қайта жасау қиялы мектептегі барлық сабақтарда
объектілерді
жобалау
жағдайында
сипаттауда
тура
көрсетілмеген, бірақ соларды заңды түрде туындайтындай
анықтай және бейнелей білуді, екіншіден, кейбір объектілердің,
олардың қасиеттері мен күйлерінің шарттылығын түсіне білуді
қалыптастыру жолымен дамиды.
Енді қай та жасау қи ял ы болмыс бейнелерін қайта жасап
шығарады. Балалар әңгіменің сюжеттік жүйесін өзгертеді,
оқиғаларды уақытына қарай елестетеді, бірқатар объектілерді
жалпылып көрсетеді. Бастауыш мектап оқушыларының қандай
да бір заттардың шығу және құрылу шарттарын көрсетуге
тырысуы - олардың шығармашылық қиялы дамуының аса
маңызды психологиялық алғы -шарты.
Бұл алғы -шарттың қалыптасуына еңбек сабақтары
көмектеседі, онда балалар қандай да бір заттарды дайындап, өз
ойларын іске асырады. Бұдан көбіне сурет салу сабақтары да
көмектеседі. Олар балалардан бейнелеу ойларын туғызуды, ал
содан
соң
оны
айқындап
көрсетудің
неғұрлым
мәнді
құралдарын іздеуді талап етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын дамытуда екі
негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда олардың ойлау
әрекеттері көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын
еске түсіреді. Оқу материалын талдау бұл жерде көрнекі әсер
ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақтылы
заттарға немесе оның дәл балаламаларына, бейнелеулерге
сүйенеді.
Балалардың
ой
қорытулары
көрнекі
алғы
шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді.
Жүйелі оқу әрекеті негізінде ІІІ сыныпта бастауыш мектеп
оқушысының ойлау сипаты өзгереді. О йлаудың дамуыны ң
екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты. Оқушылар
ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы қатынастарды, яғни
топтастыруды игереді. Белгілі бір заттар мен құбылыстарды
жіктеу
оқушылардың
ақыл-ой
әрекетінің
жаңа
күрделі
формаларын дамытады, ол қабылдаудан біртіндеп бөлінеді де
оқу материалымен жұмыс істеудің өз алдына бөлек, өзінің
ерекше әдістері мен тәсілдерін жинақтай бастаған үрдісі болады.
Бастауыш мектептің қолданып жүрген бағдарламасы
кіші
мектеп
оқушыларының
шын
мәніндегі
танымдық
мүмкіндіктерін тәжірибеде пайдалану ісіндегі алғашқы қадам.
Кіші бастауыш кезеңі - білімдерді игеру, жинақтау, сіңіру
кезеңі.
Олардың сыртқы әлемге деген бағыттылықтары үлкен,
кең: олар фактілерді, құбылыстарды есте сақтайды. Омыртқа
сүйегінің қисаюлары қалыптасады, сүйектену әлі аяқтала
қоймайды.
Олардың жүрек бұлшық еті қарқынды өседі, маңдай
бөлігі үлкейеді, 7 жасқа қарай оқуға баланың физиологиялық
дайындығы байқалады.
Балалар қиялының ерекшелігі синкретизм болады, және
жоғары эмоционалдылық. Синкретизм дегеніміз - құбылыстар
мен жағдайларды тұтастай қабылдау. Кіші оқушылар әріптер
мен сандарды шатастырады. Мысалы, 6 мен 9.
Қабылдаудың жоғары эмоционалдылығы баланың ең
алдымен оның ашық түстерге көңіл бөлуінен байқалады.
Оқытудың басында балалар зейіні еріксіз болады.
Көлемі мен зейіннің бөлінуі төмен болады, сондықтан 1 уақытта
2 әрекет жасау қиын болады.
Кіші бастауыш кезеңде балалар кездейсоқ мәліметті есте
сақтауға бейім. 3 сыныптың өзінде ерікті мимикалық әрекетті
тек 10% оқушылар ғана меңгереді. Жас өсе келе мимикалық
әрекет ерікті, әрі мазмұнды бола түседі.
8-10 жаста жаттауға қабілет артады. Оқыту басталарда,
мектепте оқуда баланың ойлауы, эгоцентризммен ерекшеленеді.
Кіші оқушының ойлауы, түріне қарай - көрнекі-бейнелік, логика
бойынша - индивидті. Мектепте оқыту процесінде ойлау
теориялық, дискурсивті болады, олардың негізінде ұғымдарға
сүйену жатыр.
Мектеп
оқушысының
тілінің
дамуында
түбірлі
өзгерістер жатыр, бастапқыда ол сөйлеу-қабылдау, сөйлеу-атау,
реактивті, қысқа еріксіз сөйлеу дамиды.
Фонематикалық
есінің
дамуына
жазбаша
сөйлеу
көмектеседі. Грамматикалық сөйлеу қатары дамиды - бала
затпен қатыстырмай сөз ұғымымен жұмыс істеуге үйренеді.
жазбаша сөздерінде зат есім, сын есім көп болады, есімдік,
қаратпа сөз, шылаулар аз болады.
Бастауыш мектепте тілдің дамуы 5 бағытта жүреді:
дыбыс-ритмикалық, интонациялық, грамматикалық қатарды
меңгеру, лексиканы меңгеру, өз тілдік әрекетін сезіну. Әрі тілдің
коммуникативті функциясы дамиды.
Бастауыш
оқушыларының
қиялы
оқу
әрекетіне
қосылған, әрі гностикалық функция атқарады. Негізгі құрылыс
материалы болып бейнелер (естегі бейнелер) табылады. 1-
сынып суреттері - сурет-суреттемелер, хабарлы сипатта болады,
3-сынып суреті - композиция сипатында болады. Олардың
қиялы түріне қарай қайта жаңғыртушы.
Ересектерге балалар қиялының қауіпті тұстарын білу
керек. Олар: теріс бастан кешулерді тіркеу (бастан кешкен
қорқынышты сәттерді ұзақ еске алу) және аутизм (фантазия
әлеміне еніп кету).
Оқу әрекеті - кіш і бастауыш кезеңде жетекші іс-
әрекет ретінде
Мектепте оқып бастаудың өзі - дағдарысты болуы
мүмкін. Оқу әрекеті жетекші болады. Әрі міндетті және
қоғамдық пайдалы болып табылады.
Д.Б.Эльконин пікірінше, оқу әрекеті оқу міндетінен, оқу
әрекетінен, бақылау әрекетінен және бағалаудан тұрады. Бұның
әрқайсысының бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады. Әрбір
оқу әрекеті баланы бағалаудан басталады. Оқу әрекетінің
дамытушы әсерінің қажетті шарты табысқа жету мотивациясы
болады, бұл танымдық белсенділікті дамытады, дербестікті,
құлшынбалықты
арттырады,
мазасыздануды
жояды.
Оқу
әрекетінде баланың логикалық ойлауы дамиды, қабылдау мен
естің жоғарғы түрлері дамып жетіледі.
Ресейлік және отандық психологиялық теорияларға
сәйкес жеке бастың дамуының өзі - оның қажеттіліктері
болады. Кіші оқушылар үшін ең маңызды мотивтер - ересектер
әлеміне және жаңа әрекетке қатысты.
Әрекеттер мотивтері олар: дидактикалық ойындар, оқу,
құрастыру, т.б.
Баланың жеке басының даму деңгейі ересектіктің пайда
болуы сияқты психикалық қайта құрылуларымен байланысты:
-
психикалық процесстер мен әрекеттің еріктілігі (бүкіл
процесстің еріктік басқарылуының күшеюі);
-
кіші әрекет жоспары (ішінен әрекетті ойлап жоспарлау);
-
әрекет мотивін бағындыру;
-
рефлексия;
-
өзіндік сана (ішкі бағдардың қалыптасуы) және оның
жемісі;
-
өзіне-өзі баға беру.
Ересектермен қарым-қатынасы ерікті бола бастайды, ол
қарым-қатынас белгілі саналы қабылданған міндет-нормаларға,
ережелерге бағынған болады. Ал өз құрдастарымен қарым-
қатынастары тығыз бола түседі. Құрбылары көзінше айтылған
ескертпелерге нашар, жек көріп қабылдайды.
Жалпы қарым-қатынас типі кооперативті - жарыс түрінде,
яғни ойында қарсыласқа деген тұрақты қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас белгілері шеберліктің орындалуын қажет етеді.
Жоғары
сезімдері
ерекше
қарқынмен
дамиды,
әсіресе
адамгершілік:
жолдастық,
жауапкершілік.
Адамгершілік
сезімдері түрлі даму деңгейінде болады:
-
жоғары деңгей (бүкіл қоршағанға қатысты);
-
орташа деңгей (жақындар, туыстарға қатысты);
-
төменгі деңгей (адамгершілік сезім сирек байқалады).
Кіші оқушыларға
адамгершілік сезімдердің төменгі
деңгейінің дамуы тән. Оқу процесінде балаларда еріктік
әрекеттермен қатар еріктік сапалар қалыптасады. Ең негізгілері:
шыдамдылық (талаптарға бағыну, сабақта белгілі қалып сақтау),
дербестік, табандылық (бастаған істі аяғына жеткізу, қойылған
мақсатқа жету).
Осы
бастауыш
кезеңде
негізгі
психикалық
функциялар
жеткілікті түрдегі жоғары даму деңгейіне жетеді, ол келесі
психикалық қайта құрылу өзгерістеріне база, яғни негіз болады.
Б астауы ш мектеп оқуш ы сы ны ң мотивациясы және өзіндік
бағалауы. М отивациялы қ ядро - А.Н.Леонтьев бойынша
тұлғаның ядросы болып табылады. Балада көптеген мотивтер
болады, соның бірі - өзінің жаңа статусын бекітетін оқудың
әлеуметтік мотиві. Оқудың әлеуметтік мотивіне жақсы оқушы
статусымен қатар, міндет, жауапкершілігі, білім алу қажеттілігі
жатады. Оларды оқушы түсінеді және оларға оқу жұмысында
мағына береді.
Танымдық қызығушылық аймағынан да
ерекшелік байқалады. Танымдық мотивацияның маңызды
аспектісі- оқу-танымдық мотиві, өз-өзін жетілдіру мотиві
жатады. Үлгерімі жоғары оқушыларда
Достарыңызбен бөлісу: |