негативизм.
Бала ересектер қойған
талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы
болуы да мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана
алмайды
немесе
бір
ғана
тәрбиешіні
тыңдамайды,
ал
басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты
мотиві - барлығын керісінше жасау.
3 жас дағдарысының екінші сипаттамасы -
қыңырлық
(упрямство).
Бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға
ұмтылуы.
Өтпелі кезеңде
қырсықтық (строптивость)
көрініс беруі
мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта
қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған.
Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап
өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен
дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
Кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі
кездесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
Мұны
наразылық-бүлікші
деп атайды.
Отбасында бір ғана бала болса
деспотизм (шексіз билеушілік)
көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін
көрсетеді.
3 жас дағдарысының ең қызық сиапттамасы
бағасыздану
(обесценивание).
3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті
ойыншығын лақтыруы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы
баланың басқа адамдарға, өзіне деген қатынасының өзгеруі
жайында хабар береді.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуының әлеуметтік сипаты.
2. Сәбилік жастағы психикалық дамудың ерекшеліктері.
3. Сәбилік жастағы эмоциялық даму.
4. Сәбилік
жастағы
балалардың
қарым-қатынасының
ерекшеліктері.
5. Үш жас дағдарысы.
Әдебиеттер тізімі:
1.Божович
Л.И.Этапы
формирования
личности.М.;Воронеж,1995.
2.Валлон А.Психическое развитие ребенка.М.,1967.
3.Выготский Л.С.Кризис трех лет //Сбор.соч.:В 6 т.М.,1984.Т.4.
4.Выготский Л.С.Раннее детство //Сбор.соч.:В 6 т.М., 1984.Т.4.
5.Люблинская А.А.Детская психология.М.,1971.
6.Менчинская
Н.А.Развитие
психики
ребенка.
Дневник
матери.М.,1957.
7.Менчинская Н.А.Психическое развитие ребенка от рождения
до 10 лет.М.,1996.
8.Мухина В.С.Детская психология.М.,1971.
Д иагностикалы қ әдістемелері
Ітапсы рам а. Сәбидің өз бейнесінің дамуын таны п
білуі
Зерттеуге дайындық:
Айна, кішкене үстел, моншақ, түрлі
түсті орамал, ашық түсті ойыншық, бір уыс мақта дайындау
қажет.
Зерттеудің
жүргізілуі:
Эксперимент
мынадай
жас
ерекшелігіне қарай 4 топқа бөлінген балалармен жеке жас
кезеңіне байланысты (2,5-4 ай, 4-6 ай, 6-9 ай, 9-14 ай)
жүргізіледі. Эксперимент 2 бөлімнен, олардың әрқайсысы 5
түрлі эксперименталды ситуациялардан тұрады.
І Бөлім. Бала айна алдында үстелде отырады.
1 ситуация - баланың еркін қозғалуын тіркеп отырады.
2 ситуация - баланың маңдайына білдірмей диаметрі 1,5см
болатындай етіп, далаппен белгі қояды.
3 ситуация - баланың сол жақ құлағына диаметрі 5 см мақта
қыстырылып, басына түрлі-түсті орамал кигізіледі.
4 ситуация - бала айна алдында отырады, арт жағынан
анасы жақындайды.
5 ситуация - баланың артына айнадан көрінетіндей етіп иық
тұсына ашық түсті, балаға таныс емес ойыншық ілінеді.
ІІ Бөлім. Айна алдында -бала анасының қолында.
1-4 ситуациялар - бірінші бөлімдегідей.
5
ситуация - анасы баласына білдірмей көзге түсетіндей
немесе жылтырақ моншақ тағып алады. Моншақ балаға таныс
емес болуы тиіс.
Анасы айнадан өз бейнесіне қарайды. Айнадан баланың
басы мен денесі, ал анасының жоғарғы жақ денесі көрініп тұруы
керек. Бала мен айна арасындағы қашықтық 20-30 см.
Эксперимент баланың ұйқыдан және тамақтанудан кейінгі
белсенді қозғалыс кезінде жүргізіледі. Әрбір ситуация ұзақтығы
- 2,5 мин.
Баланың әректтерін мынадай көрсеткіштері бойынша
тіркейді.
1.
Көзқарасының
мінездемесі:
бағыты.
Ұзақтығы
(қарау ұзақтығы 5с дейін - жылдам, 5 тен-15с дейін
- жалғасқан, 15с жоғары - ұзақ)
2.
Эмоциялылығы: ұзақтығы және интенсивтілігі.
3.
Вокализация: мінезі, ұзақтығы, интенсивтілігі
4.
Өзіне
бағытталған
мінез-құлқы:
өз
бейнесіне
қарайды, соған қарап айна алдында түрлі әрекеттер
жасайды, (ритмикалық, мимикалық).
5.
Айнаға
бағытталған
мінез-құлқы:
қолымен
көрсетеді, түртіп көреді және т.б.
6.
Анасына бағытталған мінез-құлқы: вокализация,
әрекеттер, (обращение) назар аудару, қарау және т.б.
Берілгендерді талдау.
1 және 2-ші бөлімдегі 5 ситуация бойынша орташа балы.
1 Кесте.
Б аланы ң
Бөлім
Мінездемелер
жасы
Қуаны ш ты
күлкісі
ж асқанш ақты қ
Алаңдау,
таң қалу
2-6 ай
І
ІІ
6-12 ай
І
ІІ
орташа
І
ІІ
Өзіне, өз бейнесіне, айнаға және айнадағы бейнесіне
бағытталған мінез-құлық көрсеткіштері.
2 Кесте.
Б аланы ң
жасы
Бөлім
Өз
бейнесіне
қарауы
Әрекеттер бағы тталған
Өзіне
Айнадағы
бейнесіне
Айнаға
2-6 ай
І
ІІ
6-12 ай
І
ІІ
орташа
І
ІІ
Б аланы ң 1 ж асқа дейінгі жүйке жүйесінің, психикалы қ
дам уы ны ң диагностикасы
10 күн.
1.Көрінетін нақты реакция: баланың 10 секунд аралығында
ойыншықпен ойнағанын бақылаймыз және қалай әсер
ететіндігін байқаймыз.
2. Еститін нақты реакция.Селк еткен дыбысқа бала қорқады
немесе шошиды.Бұл жағдайда екі реакцияның нәтижесін
біліп алу керек.
18 - 20 күн.
1.Көрінетін нақты реакция.Баланың үлкен адамға деген
реакциясын
бет-
жүзінен
байқайды.Ол
10-5
секунд
аралығында болады.
2. Естілетін нақты реакция. 5-10 секунд кейін тынышталады
әрекет тоқтатылады.
Естілген дыбыс бірқалыпқа 10 -15 секунд аралығында
тоқтайды.
1- ай
1. Көрінетін нақты реакция: қалыпты қимылдайтын зат
ойыншыққа
деген
көзқарасын
тексеріп,
бақылаудан
шеттемей зерттейді. Ойыншыққа бір жағынан екі мәрте
тексеру рұқсат етіледі.
2. Естілетін нақты реакция: ойыншықтың дыбысы өшкен
уақытта 10-15 секунд тыңдалады. Әрекет тоқтады.
3. Эмоциялық және әлеуметтік жүріс- тұрысы, баланың
бірінші күлкісі үлкендерге әңгіме болып саналады.Жарқын
күліп жауап бермесе 3-4 рет көңілін аударып сөйлеу керек.
4.Бүкіл іс-әрекет: ішімен жерге жатса, тұрғысы келіп
талпынады.Бұл
5
секунд
аралығында
болады.Лезде
көтерілсе, немесе жатып қалса, ол 5 секунд ұстап тұрады,
содан кейін жантаяды.
2 ай.
1. Көрінетін нақты реакция:
а) көзге түскен затқа зейін аударып, көзін алмай қарайды
немесе ересектерге; ойыншыққа 20-25секунтд қозғалмастан
қарайды.
б) ойыншыққа үлкен адамдарға немқұрайлы қараса, 10-15
секунтдтан кейін үлкен ойыншыққа көзі түсіп кетсе, соған
назар аударып, басын оңға да, солға да бұрады.
2. Естілетін нақты реакция,
а) іздеп жүріп, болып жатқан дыбысқа беттейді;
б) басын бұрып, үлкендер сөйлесіп жатқан кезде 5 -10
секунд аралығында бала іздеп, көргісі келеді.
3. Эмоция және жүріс - тұрысы:
а) тез жауап береді, күлкісімен 3 мәрте сөйлескеннен кейін
бала ұзақ уақыт күліп сөйлеседі.
б) ұзақ уақыт тыңдап алғаннан кейін бала қасында жатқан
өзі сияқты нәрестенің даусын естіп назарын 10-15 секунд
енді сол балаға аударады.
4. Барлық іс-әрекет, ішімен жатып, басын бірер минут
көтеріп 5 секунд тұрады.
5. Дайындық этапын белсенді ұйымдастыру қайтадан сол
талпыныс басталады.
3 ай.
1. Көрінетін нақты реакция: бала2 -3 рет
сөйлескеннен
сөйлеп жатқан адамның бетіне қарап, немесе ойыншыққа 10
секунт қарай алады.
2. Эмоциялық және қоғамдық мінез- құлқы.
а) нәресте өзімен сөйлескісі келіп жатқан адамның бетіне
қарап
біліп алады.Екі-үш сөйлескеннен кейін ұзағырақ
күліп, қысқаша немесе ұзағырақ дыбыстар шығарып белгі
бере бастайды. Нәресте жанданғаннан кейін балада 5-10
секунт қарым- қатынасы сақталып қалады.
б) бала көзімен іздейді, яғни дыбысты естіп қасындағы
нәрестеніде іздейді. Сонымен қасындағы нәрестені көріп
жанданады.
3.Қолмен қимылдауы.
Байқаусызда қолмен ойыншықты алып алады, содан кейін
ойнап ары- бері қимылдатады.
4. Барлық іс- әрекет.
а) ішімен жантайып, басын жоғары көтеріп тұрып, тез арада
басын көтереді де етпетімен жатады.Ал, аяғы тыныш.Осы
қалыппен 1 минут жатады.
б) басын тік көтеріп, анасының қолында 1 минут отырады.
в) мықтап көтеріп алған анасына тек аяғымен қимылдай
алады.
4 ай
1. Көрінетін нақты реакция: нәресте өз анасын, туысын
сезінеді де қуанады. Таныс адамға күліп қоймайды. Кейде
сол адамға қарап тұрып, соның көтеріп, ойнатқанын
қалайды.Адамдардың назары басқа жақта болып, көңіл
бөлмесе ренжиді.
2. Естілетін нақты реакция:
а) болған дыбысты, нәресте көзімен немесе құлағымен
тыңдап іздейді.
5-ай.
1.Көрінетін әсерлі реакция. Жақын адамдарын бөгде
адамдардан ажыратып тануы жақын туысын көргенде
қуанады, жыбырлайды, ал басқа адамдарға көңіл- күйі лезде
түсіп, жылап жібереді.
2.Естілетін әсерлі реакция:
а) нәресте анасының, туысының дауысын таниды, анасы
екенін біледі.Сөйлеп жатқан басқа адамға көңіл бөлмейді,
яғни назар аудармайды.Анасының дауысын естігенде
тыңдап, көздерімен іздеп, қуанады, бұрылып қарайды,
алаңдап іздейді.
б)Адамның қандай интонациямен сөйлегенін нәресте сезеді,
қаттырақ сөйлесе жылайды немесе үндемей қалады. Ал жай
қуанып, біоге ойнайды.
3) Эмоциялық және қоғамдық мінез-құлқы: бала қуанады,
қолына
ойыншық
алып
ойнайды,
сол
ойыншықтың
даусымен гуілдеп сөйлейді. Ойыншықты көзімен іздеп,
қолымен ұстағысы келеді.
4) Қолымен заттарды қимылдату.
а) Ойыншықты үлкен адамнан алып, қарайды, көтереді;
б) Ойыншығын сындырмай, лақтырмай қолына бос ұстап
тұра алады.
6- ай.
1. Көру бғытының реакциясы: нәресте басқа біреудің аты
аталып жатса, мән бермейді, тыңдамайды.Әрдайым үлкен
адамдарға көне бермейді.Егер баланың өз аты аталса,
алаңдап кім менің атымды атап жатыр дегендей көзімен
іздеп тауып алуға тырысады.
2. Қолымен қимылдау: сенімді түрде ойыншықты қолына
алып, бір қолынан екінші қолына беріп ойнайды.
3. Барлық іс-әрекет.
Бала ішімен немесе арқасымен қимылдап, немесе үлкен
адамның көмегімен басын бұрып, орнына қимылдай алады.
7- ай.
1.Қолымен әрекет жасау1 минут ішінде ойыншықты алып,
ұрып, лақтырып тарсылдатып лақтырады.
2.Барлық
іс-әрекет:
жақсы
қимылдап
ойыншықты
ұстағанына қуанып, ары бері жылжып жүргісі келіп
талпынады.
3.Түсіну кезеңі.Үлкен адамның сөйлегенін бала қызық көріп,
қайталап айытқысы келеді. Мысалы: «а-на» деген сөздерді
айта бастайды.
5.Талпыныс: үлкен адамның шайына жабысып тез ішкісі
келеді.
8- ай.
1. Көңіл- күй туралы мінез-құлқы. Баланың қасындағы адам
қатты күлсе, қимылдап затты ұстап тұрған болса, соның
бәрін бақылаған нәресте
қайталайды, яғни қолымен
тырсылдатып, айғайлап сөйлейді.
2. Заттарды пайдалану әрекеті. Ойыншықпен көп ойнаған
бала, допты да лақтырып, болмаса үлкен адам көмегімен
ойнайды.
3.Бала үлкен адамның көмегімен өз бетінше жүріп көруге
талпынады.
Айтқан сөзіңді түсінуге тырысатын бала «берші қолыңды»
десең ол қолын көтеруі мүмкін.
9-ай.
1.Естіліп бақыланатын реакция: жай ойналатын әнге бала да
жай қалыппен қимылдар жасай бастайды.
2. Эмоциялық және қоғамдық мінез- құлқы, екі бала бір -
бірімен ойнап, күліп, қуанып, бірін- бірі ұстағысы келіп
ойнайды.Қасында үлкен балалар ойнап жүрсе, ол да
қызығып, қолындағы заттарды тарсылдатып лақтырады.
Заттармен іс- әрекеті: допты тебеді, резина ойыншықты
аузына
салады,
қақпақты
ашады,
тез
қимылдар
жасайды.Түсіну жолдары «қайда» деген сұрақ қойғысы
келеді.
10- ай.
1.Эмоциялық және қоғамдық жүріс-
тұрысы. Екі бала
ойыншықтарымен
ойнап
отырып,
қуанады
және
қимылдайды.
2.Заттармен әрекет етуі: өз бетінше және ересектердің
сұрауымен түрлі
ойыншықтармен әрекеттер жасайды
(алады, салады,ашады,жабады).
3.Жалпы қозғалысы: Ересектердің сүйеуімен алға қарай
жүре алады.
4.Түсінуі: өтініш бойынша: «Бер...... » - ойыншықтарының
ішінде танитынын тауып бере алады.
11- ай.
1. Заттармен әрекеті. Ересектердің айтуы бойынша жаңа
әрекеттерді игере алады (кубиктің үстіне екінші кубикті
қою).
2. Жалпы қозғалысы:
а) Ешкімнің сүйеуінсіз өзі құламай 5 секунд тұра алады.
б) Өз бетінше алғашқы қадамдарын жасайды, 2-3 қадам алға
басып, кейін отырып қалады немесе сүйенетін зат іздейді.
3.Белсенді сөйлеуі: алғашқы сөздерді айта алады. Мысалы,
«мама, ав-ав,би-би, бер» және т.б. Ойын кезінде немесе
көрсетілген ойыншықты жеңіл-желпі сөздермен айтады
немесе ересектердің айтқанын қайталайды. 1-2 сөз айтады.
12- ай.
1.Суреттегі таныс адамның немесе анасын таниды, суретті
танып, күледі, түртіп көрсетіп, ересектерге қарайды. Егер
бала сөйлей алса, суреттегі адамның атын атайды.
2.Эмоциялық және қоғамдық мінез- құлқы.
а) бір бала ойыншығын 2-ші балаға беруге тырысады.
б) басқа баланың тығып қойған ойыншығын екінші бала
іздейді,біреуі екіншісінің қолынан ойыншықты алып оны
арқа жағына тығып қояды. Екіншісі оны іздейді «Бер»,
күледі.
3. Заттармен әрекет ету.
а) өз бетінше ойыншықтармен үйренген әрекеттерін
жасайды.Үйренген әрекеттерін өз бетінше қайталайды
(қуыршақты
тамақтандырады,
машинаны
жүргізеді).
Әртүрлі 3 әрекетті 3 ойыншықпен немесе бір әрекетті 3
ойыншықпен орындайды.
б)
әрекеттерді
ауыстырады.
Әрекеттерді
ересектердің
сұрауымен
немесе
өзі
орындайды.Қуыршақты
тамақтандырады, ұйықтатады.
4.Жалпы
көзқарасы:
өз
бетінше
жүреді
(ешкімнің
көмегінсіз); бұрыла алады, бағытын өзгерте алады. 3
минутқа дейін отырмастан жүре алады.
5.Түсінуі:
а)
заттардың
атын,
әрекеттерді,
ересектердің
және
балалардың
есімдерін (көрсетпей- ақ) түсінеді.Жеке
тапсырмаларды да орындай алады.(«тауып ал, алып кел,
әпкеңе бер, орнына қой»); бала ересектің кез келген өтінішін
орындайды.
б) «Болмайды» деген сөзді түсінеді; «болмайды» дегеннен
кейін бірден немесе 2-3 рет қайталап айтқанна кейін қояды
(стақанды столға қоймауы мүмкін, бірақ тарсылдатуын
қояды).
в).Ересектер айтқаннан кейін немесе 2-3 рет қайталап
айтқаннан кейін әрекетті нақты орындайды.
г) Ересектің айтуымен бала бұрын үйренген әрекеттерін
ойышшықпен жасап көрсете алады. Қуыршақты алады және
оны тербетеді, итке тамақ береді, кірпіштің үстіне кірпіш
қою және т.б.
6.Белсенді сөйлеу
а) жаңа сөздерді айтуға тырысады.
б)5-10 жеңіл сөздерді айтады.
Ойыншықты көрсеткенде жеңіл сөздермен өзі немесе
ересектердің артынша қайталап айтады.
7.Кезеңдерге дағдылану: өз бетінше ыдыстан тамақ ішеді;
Ыдысты аузына апарып шайды ішеді де, жібермей ұстап,
столға өзі қояды.
2 Тапсырма. 3 ж астағы балаларды ң өз жетістіктеріне
м ақтану сезімінің көріністерін зерттеу
Зерттеуге даярлы қ. Пирамида және оның суретін (үлгі)
дайындау, конструктор.
Зерттеу барысы. Зерттеу 2жас 6 айлық - 3 жас 6 айлық
балалармен индивидуалды түрде жүргізіледі. Эксперимент 5
сериядан тұрады, олардың әрқайсысында 3 тапсырма беріледі.
Мысалы, бірінші серия тапсырмалары:
1. сурет-үлгі көмегімен пирамиданы жинақтау;
2. конструктор бөлшектерінен үй құрастыру (үлгінің
көмегінсіз);
3. конструктор бөлшектерінен машина құрау (үлгінің
көмегінсіз).
Қалған төрт серия да осыған ұқсас тапсырмалардан тұрады,
бұл тапсырмалар баланың заттар әлеміне және ересектерге
қатысты мінез құлқының тұрақты сипаттамаларын анықтауға
бағытталған.
1-ші тапсырманың орындалу сапасына қарамастан
баланы мақтау қажет, 2-ші тапсырма нәтижеге байланысты
«жасай алдың», «жасай алмадың» деп бағаланады,
3-ші
тапсырма бағаланбайды. Бала тапсырманы орындауда қиналса
экспериментатордың көмектесуіне болады.
Нәтижелердің өңделуі. Балалардың тапсырманы орындау
барысындағы белсенділігі екі параметр бойынша бағаланады:
1.
баланың заттар әлемімен байланысы орындап
жатқан іс әрекетіндегі жетістіктерінің құндылығын
бейнелейді (тапсырманы қабылдау іс әрекетке
қызығушылық пен мотивацияның көрсеткіші,
тапсырманы орындаудағы мақсатқа бағыттылық),
тапсырманы
орындауға
берілуі
(іс
әрекет
процесіне берілу тереңдігі), баланық өзінің өнімді
іс әрекетін бағалауы;
2.
баланың ересектермен байланысы тапсырманы
орындаудағы өз бетіншелігін бейнелейді (баланың
ересек адам көмегіне қатынасы, оның эмоциялық
көріністері), ересек адамның бағалауын күтуі және
оған қатынасы.
Белсенділік
көрсеткіштері
төмендегі
шкала
бойынша
бағаланады:
белгінің максималды көрінісі 3 балл,
орташа көрінісі 2 балл,
төмен көрсеткіштер 1 балл.
Сонымен, белсенділіктің І деңгейі - 0-7 балл;
II деңгейі- 7-14балл;
III деңгейі - 14-21 балл.
Топ бойынша нәтижелер төмендегі кестеге енгізіледі:
3
Кесте.
Балалардың мінез құлық ерекшеліктері
Белсенділік көрсеткіштері
әр түрлі ж астағы балаларды ң белсенділ
2ж. 6 ай -2ж.10ай
2ж. 10ай -3ж.2ай
Тапсырманы қабылдауы
Табандылық
Тапсырмаға берілуі
Өз бетіншелік
Өз нәтижесін бағалауы
Ересектің бағалауын күту
Ересектің бағалауына
қатынасы
Сандық
көрсеткіштердің
бір
жастық топты
келесісімен
салыстырғандағы өзгерісін ескеру керек. Балалардың ересектің
бағалауларын көрудегі белсенділігі талданады. әр жастық
топтағы бағалау алған кездегі және бағалау болмаған кездегі
эмоциялық реакциялары байқалады. Жаман бағалау кезінде
немесе бағалаудың болмауы кезінде мінез құлықтың аффективті
формаларының
(өз жетістіктерін асыра көрсету, сәтсіздік
құндылығын төмендету) көрінісі анықталады.
Нәтижелерді жалпылай келе, жастық периодта 3 үш жас
дағдарысының орын алуы, «өз жетістіктеріне мақтану» сияқты
жаңа құрылым (ол қоршаған ортаға заттық қатынасты, ересекке
үлгі ретінде қарауды, жетістіктері арқылы өзіне қатынасты
біріктіреді) көрінісі туралы қорытынды жасалады.
3 Тапсырма. 3 жас дағдары сы кезіндегі баланы ң өзіне
қаты насы н зерттеу
Зерттеуге даярлы қ: Жануарлар, өсімдіктер, заттар бейнеленген
суреттер дайындау және сол суреттер мазмұны бойынша
баламен әңгімелесу сұрақтарын қалыптастыру.
Зерттеу барысы: Зерттеу 2-3 жастағы балалармен жеке түрде
жүргізіледі. Бала жануарлар, өсімдіктер, заттар бейнеленген
суреттерді қарастырып, солардың мазмұнына байланысты
ересек адамның сұрақтарына жауап береді. Ересек адамның
балаға және оның жауаптарына қатынасы төменде берілетін екі
жағдайда үш фазадан өтуі тиіс:
I фаза - суреттерді қарамас бұрын балаға деген мейірімді,
қызығушылықты қатынас.
II
фаза
-
суреттер
бойынша
әңгімелесу
барысында
экспериментатор дұрыс жауаптарды «Жақсы, сен мұны біледі
екенсің», қате жауап болса: «Жаман, сен мұны білмейді екенсің»
деп бағалайды.
ІІІфаза - суреттерді қарастырып болғаннан кейін балаға деген
мейірімді, қызығушылықты қатынас.
I жағдай - сәтті жауаптар ғана ескеріліп, бағаланады;
II жағдай - сәтсіз жауаптар ғана ескеріліп, бағаланады
және теріс бағаланады.
Эксперимент барысында І және ІІ жағдайлардағы мінез -
құлық реакциялары тіркеледі (1 кесте).
ІКесте
Б аланы ң
аты-жөні
жасы
бағалау түрлері
ж ағы мды
мінез қ ұ л ы қ компоненттер
Б
Қ
Э
Е
Б
2 жас
2ж 5ай
2ж 3ай
3 жас
ЕСКЕРТУ: Б - бағдарлану, Қ - қозғалыс, Э - эмоциялық, Е -
еңбек.
Нәтижелердің өңделуі: Балалардың І және ІІ жағдайлардағы
мінез құлықтары салыстырылады. Баланың өзіне деген жалпы
қатынасы және тапсырманы шешудегі жетістіктеріне нақты
қатынасының қаншалықты ажырағандығы туралы қорытынды
жасалады. Бұл дифференциацияның бағалау түріне және
ересекпен қатынас контекстісіне қаншалықты тәуелді екені
анықталады.
4 Тапсырма. Балаларды ң түрлі іс әрекеттердегі талаптану
дәрежесін зерттеу
Зерттеуге даярлы қ. Бірінші серия үшін үш түрлі
күрделіліктегі (жеңіл, орташа, күрделі) ою өрнек нұсқаларын
даярлау, әрқайсысында 8 оюдан болуы керек; қағаз, түрлі түсті
қарындаштар.
Екінші
серия
үшін
түрлі
күрделіліктегі
конструкция жасауға үлгі дайындау, әр жинақта төрт үлгіден
болуы қажет; түрлі конструкторлар. Үшінші серия үшін -
сантиметр.
Зерттеу барысы. Зерттеу бірнеше сериядан тұрады.
Оларды таңдау бойынша немесе арасына 2-3 күн салып
барлығын ретімен жүргізеді. Зерттелушілердің жас шамасы 5-7
жас.
Достарыңызбен бөлісу: |