Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

Эмоция, мот ив және өзіндік сана-сезімнің дамуы
А.Н.Леонтьевтің айтуынша мектепке дейінгі кезең 
«тұлғаның алғашқы қырларының қалыптасу кезеңі », дәл осы 
кезде 
негізгі 
тұлғалық 
механизмдер 
мен 
құрылымдар 
қалыптасады. Бір-бірімен тығыз байланысты эмоционалды және 
мотивациялық 
сфералар 
дамиды, 
өзіндік 
сана-сезім 
қалыптасады.
Эмоция. Мектепке дейінгі жастағы балаға сабырлы 
эмоционалдылық тән, күшті 
аффективтілік және 
мәнсіз 
конфликтілер 
болмайды. 
Эмоционалды 
процестер 
теңдестірілген. Мектеп жасына дейінгі бала қалай әрекет ете 
бастайды, оның болашақ нәтижесін бейнелейтін эмоционалды 
бейне қалыптасады. Егер ол үлкендер қолдау көрсетпейтін


немесе 
көңілінен 
шықпайтын 
нәтижені 
көрсе, 
балада 
мазасыздану 
пайда 
болады. 
Осы 
кезенде 
эмоционалды 
үрдістердің құрылымы өзгереді. Аффектінің мазмұны өзгереді- 
эмоциялардың шеңбері ұлғаяды. Мектепке дейінгі жастағы 
балаларда көптеп кездесеін эмоциялар - басқаға жаны ашу, бірге 
күйзелу - онсыз балалармен біріккен іс-әрекет және қарым- 
қатынастың күрделі формасы болуы мүмкін емес. Баланың 
ойлеу елестері эмоционалды сипатқа ие, оның барлық іс- 
әрекеттері эмоционалды қанық.
М отив. Осы кезде қалыптасатын ең маңызды тұлғалық 
механизм 
мотивтердің багыныштылыгы
ол мектепке дейінгі 
жастың басында пайда болады және ары қарай дамиды. Баланың 
тұлғасының 
қалыптасуын 
мотивациялық 
сферасының 
өзгерісімен байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың мотиві 
түрлі күшке және мәнге ие. Осы жаста бала көп заттың ішінен 
таңдау жағдайында дұрыс шешім қабылдай алады. Ол өзінің 
талабын басу мүмкіндігіне ие болады. Бұл күшті мотивтің 
арқасында жүзеге асады, мысалы тартымды ойыншыққа назар 
аудармау. Осы кезеңде жаңа мотивтер пайда болады. Бала 
қарым-қатынастың жаңа жүйесіне , іс-әрекеттің жаңа түріне 
енеді. Бұл 
мотивтер 
өзіндік бағалаудың қалыптасуымен 
байланысты, өзін сүю-жетістіке жету мотиві, жарысу, бақталасу; 
моральды норманы меңгерумен байланысты мотивтер.
Осы кезеңде баланың индивидуалды 
мотивациялық
сферасы
қалыптасады. Баладағы түрлі мотивтер тұрақтылыққа 
ие болады. Тұрақты мотивтердің ортасында 
басым мотивтер
болады.
Мектеп жасына дейінгі бала қоғамда қалыптасқан 
этикалық 
нормаларды игере
бастайды, ол қылықтарды мораль 
нормасы бойынша 
бағалауды, өзінің мінез-құлқын осы 
нормаларға бағындыруды үйрене бастайды. Алғашқыда бала 
басқа балалар немесе әдебиет кейіпкерлерін бағалауды үйренеді, 
кейін өзінің әрекеттерін бағалауды үйренеді.
Өзіндік сана-сезім. Өзіндік сана-сезім мектепке дейінгі 
жастың соңына қарай қалыптасады. Өзіндік сана-сезімнің дамуы 
өзіндік бағалаумен тығыз байланысты.
Өзіндік сана-сезім дамуының тағы бір бағыты - өзінің 
күйзелістерін ұғыну.


Осы кезеңге жыныстық теңдестірілу тән: бала өзінің ұл 
немес қыз екенін түсінеді. Олар өздеріне қатысты мінез-құлық 
стилін меңгереді. Ұлдардың көбісі күшті, батыл, болуға 
ұмтылады, көптеген қыздар - ұқыпты, икемді болып келеді. 
Мектепке дейінгі жастың соңында қыздар мен ұлдар барлық 
ойында бірге ойнамайды, оларда ерекше ойындар пайда болады- 
тек ұлдар үшін, тек қыздар үшін.
Өзін уақыт бойынша түсіну басталады. 6-7 жастағы 
балада өзінің өткен шағы есінде болады, осы шақты және 
болашақты түсіне бастайды.
Ойын ж етекші іс-әрекетретінде
Рөлдік немесе шығармашылық ойын мектепке дейінгі 
жаста пайда болады. Бұл балалар өздеріне ересектердің іс- 
әрекетін 
және 
олардың 
қарым-қатынасын 
жалпыланған 
формада, ойын жағдайында қайталайды. Осы кезеңде сюжетпен 
ойнау пайда болады. Кейінірек бейнелік-рөлдік ойын пайда 
болады. Режиссерлік және бейнелі-рөлдік ойындар сюжетті- 
рөлдік ойынның қайнар көзі болып табылады, кейінірек 
олардың ішінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет