Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

ассоциация,
ол жалпы


мақсаты және құрылымы бар. 
Кооперация тобына-
мақсат пен 
іс-әрекеттің бірлігі тән.
Неғұрлым дамыған топтар - корпорация және ұжым. Олардың 
айырмашылығы бағыттылығында. 
Корпорация
үшін басқа топқа 
қарсы тұра алатын топтық эгоизм және индивидуалдылық тән. 
¥жым
неғұрлым кеңпейілді, бұл жерде топтық эгоизм 
болмайды. Ұжымда өзара көмектесу және өзара түсінісу 
қалыптасқан. Ұжым мүшелерінің эмоционалды бірлігі жағымды 
психологиялық атмосфераны құруға мүмкіндік береді.
Ересектермен қары м -қаты насы . Жеткіншектердің ата- 
анасымен қарым-қатынасы олар үшін мәнді сфера болып 
табылады. Қарым-қатынасқа түсуде қиындық ата-анасының 
баласының мінез-құлқын, оның оқуын, достар таңдауда 
араласуынан 
пайда 
болады. 
Отбасындағы 
тәрбие 
де 
жеткіншектің дамуына үлкен әсер етеді. Отбасылық тәрбиенің 
кең таралған түрлеріне тоқталып кетейік.
Демократиялық 
ата-ана
жеткіншектің 
мінез- 
құлқындағы дербестілікті және тәртіптілікті бағалайды.
Авторитарлы ата-ана
жеткіншектен сөзсіз бағынуды 
талап етеді, өздерінің бұйрықтарымен, шектеулерінің себебін 
түсіндірмейді.
Гипоопека-бақылаудың 
болмауы, 
ата-аналық
қатынастың парықсыз енжар болуы- отбасылық қатынастың 
жағымсыз нұсқасы.
Гиперопека-
жеткіншекке 
эмоциялы 
байланысқа 
негізделген, шамадан тыс қамқор болу бұл баланы енжар 
болуға, өз бетінше орындай алмаушылыққа алып келеді. 
Қиындықтың бір түрі ата-ананың жоғарғы күтімдерінен болады. 
Қоршаған ортамен қарым-қатынас жеткіншек өмірінің маңызды 
жағы болып табылады. Ересектермен және құрдастарымен 
қарым-қатынаста қажеттілік қанағаттанбаса, онда балада ауыр 
күйзелістер пайда болады.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Жеткіншектік кезеңдегі жетекші іс-әрекет
2. Когнитивтік өзгерістеріне сипаттама
3. Пубербаттық дағдарыстың ерекшелігі
4. Сана-сезімнің дамуы
5. Жеткіншектің мәселелері


Әдебиеттер тізімі:
1. Байярд Р.Т.,Байярд Дж. Ваш беспокойный подросток. М., 
1991.
2.Гуткина Н.И.Психологические проблемы общения учителя с 
подростком // Вопросы психологии. 1984 №2 .
3.Драгунова Т.В.Проблемы конфликта в подростковом возрасте 
// Вопр. Психологии. 1972№2.
4.Маркова А.К.Психология обучения подростка.М., 1975.
5. Мир детства: подросток. М., 1989.
8.Мишель 
Кле.Психология 
подростка. 
Психосексуальное 
развитие. М., 1991.
9.Учителю и родителям о психологии подростка / Под.ред. 
Г.Г.Аркелова. М., 1990.
Д иагностикалы қ әдістемелері
К. Леонгард - Н. Ш миш ек тесті
(Тұлғаның акцентуация типтерін анықтау)
Бұл тест мінез-құлық акцентуациясын анықтауға, яғни 
мінез-құлықтың белгілі бір бағытына арналған. Белгілі бір 
мінез-құлық акцентуациясына сәйкес 88 сұрақтан, 10 шкаладан 
тұрады. Бірінші шкала тұлғаның жоғары өмірлік белсенділігін 
сипаттайды, 
екінші 
шкала 
қоздырғыш 
акцентуациясын 
сипаттайды. Үшінші шкалада эмоционалдық сезімдерінің 
тереңдігі жайлы айтылады. Төртінші шкала сыналушының 
педанттылыққа бейімділігін көрсетеді. Бесінші - жоғары 
мазасыздықты 
анықтайды, 
алтыншы 
-
көңіл-күйдің 
құбылмалығына бейімділік, жетінші шкала сыналушы мінез- 
құлқының 
демонстративтілігі, 
сегізінші 
мінез-құлықтың 
құбылмалығы жайлы айтады. Тоғызыншы шкаладан - шаршау 
деңгейін, оныншы- эмоционалдық бағдардың көрінуі мен күшін 
көрсетеді.
Сауалнаманы жүргізердің алдында нұсқау беріледі. Жауапқа 
берілетін уақыт шектелмейді.
Нұсқау: 
«Сіздің 
мінез-құлқыңызға 
жақын, 
бекітілулер 
ұсынылады. Егер сіз бекітілгенмен келіссеңіз сол сұрақ 
номерінің жанына «+» («иә»), егер жоқ болса, «-» (жоқ) деген


белгілер қоясыз. Сұрақтарға көп ойланбаңыз, бұл жерде дұрыс, 
бұрыс жауап жоқ.
1. Сізде көңіл-күйіңіздің көтеріңкілігі мен алаңсыздығы жиі 
бола ма?
2. Сіз жәбірленгенге сезімталсыз ба?
3. Кино көргенде, театрда, әңгіме уақыттарында сіздің көзіңізге 
жас үйірілетін уақыттар болады ма?
4. Бір нәрсе жасай отырып, ол дұрыс жасалынды ма жоқ па, сол 
дұрыс жасалғанша тағы бір көзіңіз жетпейінше сіз күмәнденесіз 
бе?
5. Балалық шағыңызда тетелес балалар сияқты жанкешті және 
батыл болдыңыз ба?
6. Өмірге деген қызықпаушылықтан жиренішке дейінгі 
жағдайдан көңіл-күйіңіз жиі өзгереді ме?
7. Ұжымда, компанияда көптің назарының ортасында боласыз 
ба?
8. Сіздің көңіл-күйіңіз байбаламшы жағдайда болған уақытта, ең 
дүрысы сізбен сөйлеспеген дұрыс дегендей сәттер болып тұрады 
ма?
9. Сіз байсалды адамсыз ба?
10. Сіз масайрап, таңқала аласыз ба?
11. Сіз іскерсіз бе?
12. Сізді біреу жәбірлесе тез ұмыта аласыз ба?
13. Сіздің жүрегіңіз жұмсақ па?
14. Хатты хат салатын жәшікке сала отырып, жәшіктің тесігін 
қарап, түскен-түспегенін қайта-қайта тексересіз бе?
15. Жақсы қызметкерлер қатарына қосылуға тырысасыз ба?
16. Балалық шағыңызда найзағай жарқырағанда немесе бөтен 
итке жолыққан уақытта қорыққан сәттеріңіз болды ма, сондай 
сезім қазір де сақталды ма?
17. Барлық жерде де ережені ұстануға тырысасыз ба?
18. Сіздің көңіл-күйіңіз сыртқы жағдайларға байланысты ма?
19. Таныстарыңыз сізді жақсы көреді ме?
20. Сізде ішкі қатты мазалаушылық, қайғы, жағымсыз 
жағдайлар болып қалатындай сезімдер жиі болады ма?
21. Сізде көңіл-күйіңіздің жоқтығы жиі болып тұрады ма?
22. Сізде ең болмағанда бір рет долылық немесе жүйке тозуы 
болды ма?


23. Бір орында отыру сізге қиынға соғады ма?
24. Сізге байланысты адамгершіліксіз қатынас жасады, сіз өз 
мүддеңізді қызуқандылықпен қорғай аласыз ба?
25. Тауықты, қойды бауыздай аласыз ба?
26. Үйде дастархан немесе терезе пердесі қисық болып 
түрғандығы сіздің шамыңызға тиеді ме және сіз оны тез барып 
дұрыстайсыз ба?
27. Бала кезіңізде үйде жалғыз қалуға қорқатын ба едіңіз?
28. Сіздің көңіл-күйіңіз жиі себепсізден себепсіз өзгереді ме?
29. Өз ісіңізде мықты маман болуға тырысасыз ба?
30. Сіз тез ашуланып немесе ызақорлыққа түсесіз бе?
31. Сіз аса көңілділік жайда бола аласыз ба?
32. Толық бақыттылық сезімі сізді қатты өкпектейтін кездері 
болды ма?
33. Ойын-сауықтарда жүргізуші, концерттерде конференсье 
бола аламын деп ойлайсыз ба?
34. Әдетте сіз ойыңызды екі ойлы емес ашықтан ашық айтасыз 
ба?
35. Қанның түсін көргенде төзесіз бе? Ол сізде жағымсыз сезім 
тудырмай ма?
36. Жеке жауапкершілікті қажет ететін жұмысты ұнатасыз ба?
37. Сіздің көзқарасыңызша адамгершіліксіз қарағандарды 
қорғауға бейімсіз бе?
38. Қараңғы жертөлеге түсу қиын, корқынышты ма?
39. Тез жасауды қажет ететін, бірақ жоғары сапаны талап 
етпейтін жұмысты артық көресіз бе?
40. Сіз өзіңізді жатырқамайтын адамдардың қатарына қосасыз 
ба?
41. Сіз мектепте өлеңдерді тақпақтап оқыдыңыз ба?
42. Бала кезіңізде үйден қашып көрдіңіз бе?
43. Сізге өмір қиын сияқты көрінеді ме?
44. Дау-дамай немесе реніштен кейін сіз сондай қатты берекеңіз 
кетіп, содан соң іспен айналысу мүмкін болмайтын кездеріңіз 
болды ма?
45. Сәтсіздік кезінде де сізді әзіл-сықақ сезімін жоғалпайды деп 
айтуға болады ма?
46. Егер сізді біреу ренжіткен жағдайда, сіз онымен татуласуға 
бірінші болып қадам жасайсыз ба?


47. Сіз жанурларды өте жақсы көресіз бе?
48. Үйде немесе жұмыс орыныңызда жөнді, қалыпта екендігіне 
толық сенімде болу үшін сіз қайтып барасыз ба?
49. Сізбен, сіздің жақындарыңызбен қауіпті жағдай болар ма 
деген белгісіз бір ой сіздің ойыңыздан шықпай қояды ма?
50. Сіздің көңіл-күйіңіз аса өзгергіш деп ойлайсыз ба?
51. Аудитория алдында сөз сөйлеу, баяндау қиын ба?
52. Егер сізді біреу қорласа, жәбірлеушіні соққыға аласыз ба?
53. Басқа адамдармен қатынас жасауда сізде қатты қажеттілік 
бар ма?
54. Көңіл қайтқанда терең торығушылыққа түсетін адамдардың 
қатарына жатасыз ба?
55. Екпіндетілген үйымдастыруды қажет ететін қызмет ұнай ма?
56. Егер жолында көптеген қиындықтар кездессе де, алға қойған 
мақсатыңызға ерінбей-жалықпай жетесіз бе?
57. Қайғылы фильм сізді қатты толғандырып, көзіңізге жас 
келтіреді ме?
58. Өткен немесе алдағы күндердегі мэселелердің салдарынан 
ұйықтау қиынға соғу жиі болып тұрады ма?
59. Мектепте сіз кейде жолдастарыңызға сыбырлап 
көмектестіңіз бе немесе үй тапсырмасын көшіруге бердіңіз бе?
60. Түнде зираттың ішімен өтуіңіз үлкен қиналыс тудырады ма?
61. Пәтеріңіздегі әрбір зат өз орнында тұруды сіз мұқият 
қадағалайсыз ба?
62. Ұйықтар алдында көңіл-күйіңіз жақсы, ал таңертең 
қабағыңыз қатулы сэттер болады ма?
63. Жаңа жағдайларға жеңіл үйренесіз бе?
64. Басыңыздың ауыратын кездері болады ма?
65. Сіз жиі күлесіз бе?
66. Өзіңіз бағаламайтын, ұнатпайтын, сыйламайтын адамдармен 
жайдары бола аласыз ба?
67. Сіз елгезексіз бе?
68. Адамгершіліксіздік үшін қатты қапаланасыз ба?
69. Сіз табиғатты жақсы көретініңіз соншалықты, өзіңізді оның 
досымын деп есептейсіз бе?
70. Үйден кетерде немесе ұйықтар алдында барлық жерде 
жарық сөндірулі ме және есіктер жабылды ма жоқ па тексересіз 
бе?


71. Сіз қатты жасқаншақсыз ба?
72. Ішімдік ішкен уақытта сіздің көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
73. Бұрын сіз көркемөнер үйірмелеріне жан тәніңізбен 
қатыстыңыз, қазір де қатысасыз ба?
74. Сіз өмірді қуанышты бағалағаннан гөрі, түңілген 
көзқараспен бағалайсыз ба?
75. Жиі саяхатқа шыққыңыз келеді ме?
76. Көңіл-күйіңіз кенеттен өзгеріп, қуанышты жағдайдан тез 
арада түнерген жабырқаушылық басып алады ма?
77. Қол астыңыздағы адамдардың көңіл-күйін сізге көтеру жеңіл 
тиеді ме?
78. Өкпені үзақ уақыт күйзелісте сақтайсыз ба?
79. Басқа адамдардың қайғысына ұзақ уақытта күйзеліп жүресіз 
бе?
80. Оқушы болып жүргенде дәптеріңізді бүлдіріп алсаңыз 
беттерін жиі қайта көшіруші ме едіңіз?
81. Адамдарға сенімділіктен гөрі сенімсіз жэне абайлап 
қарайтын адамдардың қатарына жатасыз ба?
82. Қорқынышты түстерді жиі көресіз бе?
83. Өтіп бара жатқан поездың астына түсіп кетемін бе деп сіз 
жиі ойлап қорғаштанатын ба едіңіз?
84. Көңілді ортада әдеттегідей көңілдісіз бе?
85. Міндетті түрде шешім кабылдауды талап ететін қиын 
мәселелерден өзіңізді алаңдата аласыз ба?
86. Егер ішімдік ішсеңіз, өзіңізді еркін сезініп, өзіңізді өзіңіз 
ұстай алмайтындай боласыз ба?
87. Сіз әңгімеге сараңсыз ба?
88. Егер сізге сахнада ролді ойнау қажет болса, оның ойын 
екендігін ұмытып, мүлде беріле ойнар ма едіщз? 
«Экстраверттілік» және «Н евроздықты» ш кала бойынша 
интерпретациялаудың көрсеткіш тері____________ __________
Сандық көрсеткіш
0-2
3-6
7-10
11-14
15-18
Экстраверттілікті
Жоғары
Интровертті
Потенциал
Амбиверт
Потенциа
анықтауға
интровертті
лік
ды
лды
арналған
лік
интроверт
экстравер
интерпретациялау
т
шкаласы
Невроздықты
Жоғары
Конкордант
Потенциал
Нормосте
Потенции


анықтауға
конкордант
ды
ник
лды
арналған
конкордант
дискорда
интерпретациялау
нт
шкаласы
Кілт
1. Г-1. Гипертимдер*3 (маңыздылықтарды 3-ке көбейту)
+: 1,11,23,33,45,55,67,77, -: жоқ
2. Г-2. қоздырғыш* 2
+: 2,15,24,34,37,56,68,78,81; -: 12,46,59
3. Г-3. мотивтіктер*3
+: 3,13,35,47,57,69,79; -: 25
4. Г-4. Педанттық*2
+: 4,14,17,26,39,48,58,61,70,80,83; -: 36
5. Мазасыздық*3
+: 16,27,38,49,60,71,82; - : 5
6. Г-6. Циклотивтік*3
+: 6,18,28,40,50,62,72,84; -: жоқ
7. Г-7. Демонстративтілік*2
+: 7,19,22,29,41,44,63,66,73,85,88; -: 51
8. Г-8. Құбылмалы *3
+: 8,20,30,42,52,64,74,86; -: жоқ
9. Г-9. Дистимдік*3
+: 9,21,43,75,87; -: 31,53,65
10. Г-10. Экзальтацияланған*6
+: 10,32,54,76; -: жоқ.
Леонгард бойынша акцентуацияны бейнелеу
Демонстративтік тип 
Демонстративтік 
тұлғаның 
орталық 
ерекшелігі 
қажеттілік, әсерленуге үнемі талпыну, өзіне зейін аударту болып 
табылады. Бұл жиі әдейі демонстрацияланған, мұқият мінез- 
құлықтан көрінеді. Осы мінез-құлықтың элементі өзі жайлы 
мақтау болып табылады. Осы айтылғандардың маңызды бөлігі 
қиялдау болуы мүмкін.
Қозғыш тип
Қозғыш тұлғаның ерекшелігі мінез-құлықтың инпульсивтігі 
болып табылады. Қарым-қатынас пен мінез-құлықтың барлық


манерасы 
көп 
жағдайда 
логикаға, 
өзінің 
қылықтарын 
рационалды бағалауға байланысты емес, керсінше импульске, 
құмарлыққа, инстинке байланысты.
Әлеуметтік өзара әрекет аймағындағы қарым-қатынаста, оларға 
шыдамсыздық тән.
Дистимиялық тип 
Дистимиялық 
тұлға 
гипертиімдікке 
қарама-қарсы 
болып 
табылады. Дистимиялық әдетте өмірдің қайғылы, көлеңке 
жағына бейімделген. Бұл барлық жағынан байқалады: яғни 
мінез-құлықтан, 
қарым-қатынастан, 
өмірді 
қабылдау 
ерекшеліктерінен. Әдетте бұл адамдар натурасы бойынша 
байсалды. Белсенділік, гипербелсенділік мүлде тән емес.
Бойын шаттық билейтін тип 
Бойын шаттық билейтін тұлғаның басты ерекшелігі қарқынды, 
экзалтақиялы реакция болып табылады. Олар қуанышты оқиғаға 
тез қуанады. Оларда әсерленгіш оқиғалар мен факторлар 
бойынша әсерленгіштік пен уайымдаулардың сыртқы көрінісі 
ашық түрде сәйкес келеді.
Педанттық тип
Осы типтің жақсы байқалатын сыртқы көрінісі жоғарғы 
ұқыптылық, шешім қабылдай алмаушылық және байқағыштық 
болып табылады. Бірдеңені орындамас бұрын ұзақ және мұқият 
барлығын ойластырады. Мүмкін сыртқы педанттілікте жылдам 
өзгеріске, 
жауапкершілікті 
қабылдауға 
қабілетсіздік, 
қаламаушылық тұрған шығар. Бұл адамдар қажеттіліксіз жұмыс 
орынын өзгертпейді, ал егер ол талап етілсе, онда оған 
қиындықпен барады. Өзінің өндірісін, үйреншікті жұмысын 
жақсы көреді. Болмыста оларға адалдық тән.
Үрейлі тип
Бұл типтің басты ерекшелігі болатын -сәтсіздіктерге алаңдау, 
жоғарғы 
үрей, 
өзінің 
және 
жақындарының 
өміріне 
алаңдаушылық болып табылады. Сонымен қатар мұндай 
өзгерістер сирек те емес, кездейсоқ та емес болып табылады. 
Мінез- 
құлықтың 
гипертимиялық 
фазасында 
қолайлы- 
қуанышты оқиғалар тек қуанышты эмоцияларды ғана туғызып 
қоймайды, сонымен қатар аңсау іс-әрекеті, белсенділік те туады. 
Қайғылы оқиғалар тек өкінішті ғана емес, шаршауды да


тудырады. Бұл жағдайда реакция мен ойлаудың баяулауы, 
эмоциялық белгілердің төмендеуі мен баяулауы тән.
Г ипертимдік тип 
Тұлғаның гипертимдік типінің белгілі 
ерекшелігі 
үнемі 
көтерінкі көңіл-күйде жүруі болып табылады. Гипертимдер 
себептің болуына қарамастан көтерінкі көңіл-күйде болуы 
мүмкін. Көтерінкі көңіл-күй жоғарғы белсенділікпен сәйкес 
келеді. 
Көп 
сөйлегіштік, 
қарым-қатынас 
тән. 
Өмірде 
қиыншылық туғанда оптимизімін жоғалтпай, оптимистік түрде 
қарайды. Қиыншылықтарды аса қиындықсыз жеңеді.
Қорқу типі (застревающий)
Тұлғаның қорқыныш типі аффектінің жоғарғы тұрақтылығымен, 
эмоциялық 
белгісінің 
ұзақтығымен 
сипатталады. 
Жеке 
қызығушылықтар 
мен 
намысты 
қорлау, 
әдетте 
ұзақ 
ұмытылмайды және ешқашанда жай кешірілмейді. Осыған 
байланысты айналадағылар оларды кекшіл адамдар сияқты 
сипаттайды. Бұған негіз бар: аффект уайымы жиі қиялмен, кек 
алумен байланысады. Осы адамдардың науқастық өкпелеуі 
әдетте, жақсы байқалады. Сонымен қатар оларды сезімтал және 
осал деп айтуға да болады.
Эмотивтік тип
Эмотивтік тұлғаның басты ерекшелігі жоғарғы сезімталдық 
және нәзік эмоция аймағындағы терең реакциялар болып 
табылады. 
Жылы 
жүректік, 
мейірімділік, 
сырластық, 
эмоционалды ықыластық, жоғары дамыған эмпатия тән.
Социометрия әдісі
Әдісті өңдеген Дж.Морено. Қазіргі уақытта көптеген 
модификациялардан тұрады.
М ақсаты : Социометриялық тест эмоционалдық байланысты, 
яғни топ мүшелері арасындағы өзара көңіл бөлуді және келесі 
міндеттердің шешімін диагностикалауға арналған:
A) Топтағы бірікпеушілік-бірлік деңгейін өлшеу; 
Б)Симпатия-антипатия белгілері бойынша топ мүшелеріне 
қатысты 
беделділікті 
анықтау 
(лидерлер, 
жұлдыздар, 
шеттетілгендер);
B) жалған лидерлік басшылықпен құрылған топ ішілік бірлікті 
анықтау.


М атериалдар: Социометриялық сауалнаманың бланксі, 
(336 бет) топ мүшелерінің тізімі, социоматрица.
Зерттеу дайы нды ғы : зерттеуге қарым-қатынас пен 
өзара әрекеттен тәжірибесі бар, кез келген топтың мектепке 
дейінгі кезден бастап, кез келген жастағылар қатыса алады. 
Зерттеу шешіміне және зерттелуші топтардың ерекшеліктеріне 
тән 
міндеттерге 
байланысты 
социометриялық таңдаудың 
критерийлері 
қалыптасады. 
Критерий 
-
бұл 
индивидке 
тапсырманы орындау үшін бір немесе бірнеше топ мүшелерін 
таңдауындағы және бас тартуындағы іс-әрекеттің түрі. Ол 
белгілі 
бір 
социометриялық 
тест 
сұрақтары 
түрінде 
құрастырылады. Мазмұны бойынша критерий ресми және 
бейресми болуы мүмкін. Біріншінің көмегі арқылы біріккен іс- 
әрекетті орындауы жөнінде құрылған топтың қатынастары 
өлшенеді. Екіншісі біріккен іс-әрекетпен еш байланысы жоқ 
эмоционалды-тұлғалық өзара байланыстарды өлшеу үшін 
қызмет атқарады (мысалы, бос уақытын өткізу үшін өзіне 
жолдас таңдау).
Критерийдің бағдарлануына байланысты позитивті (Сіз кіммен 
жұмыс істегенді қалар едіңіз?) және негативті (Сіздің кіммен 
жұмыс 
жасағыңыз 
келмейді?) 
болады. 
Критерийлерді 
құрастырып, таңдап болғаннан кейін критерийлер тізбесі мен 
нұсқаудан тұратын сауалнама құрылады.
Зерттелу реті: сұрақ жүргізудің алдында топқа тест жүргізуші 
(социометриялық разминка) жүргізеді.
Оның барысында ол топқа зерттеудің мақсатын, топ үшін оның 
маңыздылығын, тапсырманы қалай орындау керектігін көрсетіп, 
түсіндіру 
қажет, 
сондай-ақ жауаптарының 
құпия 
түрде 
сақталатынына сөз беру қажет.
Мәтіннің ж уы қталған нұсқауы: «Сіздің тобыңызды 
таратуда, сіз оны болжап біле алмадыңыз, өйткені сіздер ол 
кезде әлі бір-біріңізді жақсы тани қоймадыңыздар. Қазір 
топтағы өзара қатынастарыңыз реттеліп қалды, сондықтан да сіз 
және сіздің басшылығыңыз үшін сіздің ұжымыңыздың іс- 
әрекетін ұйымдастыру әлде қайда тиімдірек болып отыр. Жауап 
берерде 
шынайылық танытуға тырысыңыз. 
Зерттеушілер 
жауаптарыңыздың құпия түрде сақталатынына кепілдік береді». 
Міндетті түрде топпен сенімді қатынас атмосферасын құруға


тырысу керек. Зерттеушіге сенімділіктің тумауы, күдіктене 
қарауы сыналушының сұрақтарының нәтижесіне зиянын тигізуі 
немесе тапсырманы орындауынан бас тартуға әкелуі, негативті 
таңдауды жүзеге асыруы мүмкін.Содан кейін ғана тікелей 
сауалнамаға 
кірісеміз. 
Оған 
топтың 
барлық 
мүшелері 
қатыстырылады. Респонденттер топ мүшелерінің фамилиясын, 
олардың сол немесе басқа таңдаған критерийлерін сауалнама 
парағына жазып, өз фамилиясын көрсетуі қажет. Сұрақ 
барысында 
зерттеуші 
сұралып 
жатқандардың 
өзара 
сөйлеспегенін, үнемі сызып, жауаптардың барлық сұрақтарға 
міндеті жайлы ескертпеуін қадағалауы қажет. Жауаппен 
сыналушыларды асықтырудың қажеті жоқ. Сонымен қатар 
сыналушыда топ тізімі болмаса, визуалдық байланысқа шектеу 
қоюдың қажеті жоқ. Келмегендердің фамилиясын тақтаға 
жазған дұрыс.
Үш негізгі таңдау тәсілі мүмкін:
A) таңдаулар саны 3-5 шектеледі,
Б) таңдауға толық еркіндік беріледі (әрқайсысы қанша қаласа, 
сонша шешім жаза алады),
B) сыналушы ұсынылған критерийге байланысты барлық топ 
мүшелерін ранжирлейді.
Нәтижелерді өңдеудің қолайлығы мен ыңғайы жағынан бірінші 
тәсіл қалаулы. Алынған нәтижелердің сенімділігі жағынан - үш. 
Сонымен қатар ранжирлеу әдісі арқылы жағымсыз таңдауға 
күдігін алуға болады. Осы құралда топты бірінші тәсіл 
көмегімен 
зерттеу 
мысалдары 
келтірілген, 
яғни 
әрбір 
респондент тек үш таңдау ғана жасай алады. Сұрақтар тура 
форма бойынша ғана таңдауға құқылы. Тура формадағы 
сұрақтар позитивтік критерий бойынша құрылған.
Социометриялы қ сауалнама бланкі
А ты /ж өні________________________________________
курсы, тобы ____________________________
Топта жоқтарды да қоса отырып, әр сұрақтың жанына үш 
фамилия жазу арқылы сұраққа жауап беріңіз.
1. Егер сіздің тобыңызды таратып жатса, сіз жаңа ұжымда 
бірге оқуға кімді қалар едіңіз?
А)


Б)
В)
2. Топтың ішінен кімді өз туған күніңізге шақыратын едіңіз?
A)
Б)
B)
3. Топтың ішінен кіммен туристік саяхатқа баратын едіңіз?
A)=
Б)
B)
Нәтижелерді өңдеу мен интерпретациялау
1. Социоматрицаны құру. Социоматрица бұл сұрақ нәтижелері 
енгізілетін кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет