Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

таңдалған кәсіпті меңгеру.
Жастық


кезде адам өзін таңдаған ісінің адамы деп белгілейді және осы 
кезеңде кәсіби дайындалу аяқталады.Өмірлік жолды сәтті 
таңдауда адам өзінің кәсібінде іскерліктің және оның объективті 
танымының жоғарғы деңгейіне жетеді, яғни кім ғылыми іс- 
әрекетті таңдаса сол ғылым кандидаты болуы мүмкін. Көбінесе 
осы шақта адамдар неғұрлым қызықты жаңа идеяларды табады.
Достық.
Достық қатынастарды орнату өмірдің жағымды 
жағына жатады. Достықтың пайда болуы туралы мәселе 
талданады, жолдастық қарым-қатынас олар үшін маңызды 
болып табылады.
Шамамен 30 жаста, кейде кешірек, адамдардың көбісі 
дағдарыстық күйзелісті басынан кешіреді. Ол өзінің өмірі 
туралы көзқарастарының өзгеруінде, кейде өмірге деген 
қызығушылықтың жоғалуында көрініс береді. 30 жастағы 
дағдарыс өмірлік ойлардың жүзеге аспай қалуының себебінен 
болады. 30 жастағы дағдарысты өмір мағынасының дағдарысы 
деп те атайды. Дәл осы кез өмірінің мағынасын іздеумен 
байланысты. 1. Ерте жастық—бұл өмірлік жол таңдау уақытты. 
Бұл жастағылар ересектік шақта орындалуға тиіс жоспарлар 
құрады. Алдына қойған мақсаттары іске асып, басталады- 
таңдалған мамандығы бойынша жұмыс істеу, жоғары оқу 
орнында білім алу, отбасын құру.
Ерте жастық шақ - ересектік өмірдің басталуы. Өмірдің 
алда екендігін сезіну бір нәрсені көріп, қателесіп және іздеуге 
мүмкіндік береді. Бірақ осы уақытта біздің таңдаған жолымыз 
әдетте өмірдегі көп нәрсені анықтайды.
Ерте 
жастық 
шақта 
ойлаудың 
философиялық 
бағыттылығы көрініс береді және ол формальді логикалық 
операциялар 
мен 
эмоциялық 
ерекшеліктердің 
дамуына 
негізделген.
Бұл жастағы ербалаларға абстрактілі ойлау тән болса, 
қыз балаларға нақты ойлау тән. Сондықтан да әдетте қыз 
балалар 
абстрактілі 
тапсырмаларға 
қарағанда 
нақты 
тапсырмаларды 
жақсы 
орындайды. 
Табиғи- 
ғылыми 
қызығушылықтарға қарағанда көркемдік - гуманитарлық 
қызығушылықтары басым болады.
Осы жастағылардың көпшілігі өздерінің қабілеттерін, 
білімдерін, ақыл-ой мүмкіндіктерін, асырып айтуға бейім келеді.


Ерте жастық жақта зейіннің көлімі ұлғаяды. Сонымен қатар 
оның қарқындылығы мен бір заттан келесі заттқа ауыса білу 
қабілеттері е артады. Бірақ зейін бұл жаста таңдамалы және 
қызығушылықтарының бағыттарына байланысты болады.
Шығармашылық қабілеттері дамиды. Сондықтан да осы 
жастағы ер балалар мен қыз балалар мәліметтерді тек қана ұғып 
қана 
қоймай, 
жаңадан 
нәрселер 
жасауға 
талпынады. 
Шығармашыл дарынды адамның тұлғалық қасиеттері әртүрлі, 
ол дарындылық пайда болған іс-әрекет сферасына байланысты. 
Зерттеушілердің айтуынша, шығармашыл дарынды адам оқу іс- 
әрекетінде кейде қарапайым нәтижелер көрсетуі мүмкін. 
Жоғарғы 
сынып 
оқушыларының 
білімді 
жинақтау 
мен 
интеллектінің кейбір қасиеттерін өзгерту нәтижесінде ақыл- 
ойлары дамиды. Сонымен қатар ақыл-ой іс-әрекетінің жеке 
стилі қалыптасады. Н.Коганның айтуынша, танымдық үрдісте 
ақыл-ой іс әрекетінің жеке стилі ойлау стилі яғни қабылдау, есте 
сақтау және ойлау тәсілдеріндегі жеке вариациялардың тұрақты 
жиынтығы ретінде көрініс береді. Бұл жастағы интеллекуалдық 
даму мүмкіндігі мәтінмен, әдебиетпен жұмыс істеу, формальды- 
логикалық операцияларды орындау кезіндегі оқу біліктіктерін 
дамыту арқылы жүзеге асады.
2. 
Зерттеушілердің айтуы бойынша ерте жастық шақ 
тұлға дамуындағы екінші аумалы кезең болып есептеледі. 
Жастар жеткіншектер сияқты әлі де болса ересек адамдар 
қатарына жатпайды. Ерте жастық шақпен білімді жалғастыру 
мен мамандықты игеру байланысты. Психологиялық тұрғыдан 
алғанда жастық жақ өзін анықтау және ересек адамдар 
ортасындағы интеграция міндетін шешеді.
Ерте жастық шақтағы әлеуметтік жағдай- өмірлік жол 
таңдау. Бала кезде жас ерекшелік кезеңдер көрініп тұрады. 
Балалық шақ артта қалған кезде барлық психикалық қызметтер 
және тұлғаның тұрақталуы басталады. Сонымен 17 жастағы 
дағдарыс пайда болады. Кейінгі жылдары жеткіншіктер мектеп 
қабырғасын 9 сыныптан кейін тастап кетеді. Оқуға деген 
қызығушылықтың 
жоқтығынан 
және 
үлгерімдерінің 
төмендігінен 
олар 
техникалық 
колледждерге 
баруға 
тырыспайды; кейбіреулері конкурсқа ілінбей қалады. Олардың 
көпшілігі кешкі мектептерге барып, жұмыс істейді. Егерде


жеткіншек өзі үшін осы жолды таңдаса, онда дағдарыс көрініс 
береді. Мұндай жеткіншектер бүгінгі күнмен өмір сүріп 
болашағын жоспарламайды.
19-20 жастағы жастар өз өмірлеріндегі қиындықтарды 
бұдан бұрын болмаған жауапкершілікпен байланыстырады. 
Олар бұл жаста пайда болатын жаңа мәселелермен қоса үлкен 
мүмкіндіктер де пайда болатын осы жасты бағалайды. Жастар 
үшін өмірлік жолдың үш варианты тән: Жоғары оқу орнында 
білім алу, жұмыс іздеу және ер балалар үшін әскерге бару.
Ж оғары оқу орнында білім алу. Көптеген мектеп 
бітірушілер білім алуды жалғастыруды қалайды. Кейбіреулері 
өзін қызықтыратын білімді алуға тырысса, келесілері ата- 
аналарының тілегі бойынша немесе жолдастарына еліктеп 
барады. Кейбір жастарға қызметте жоғарылау үшін ғана және 
күйеуге шығу үшін, әскер қатарына алынбау үшін диплом қажет 
болады. Қазіргі студенттер жоғары оқу орнына білім алудың 
келесідей артықшылықтарын атайды: жоғары оқу орны қажетті 
білім-біліктерді береді, яғни белгілі мамандық беріп «ересектік 
өмірге» дайындайды, таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бірақ 
жастар білім алуды жалғастыра отырып практикалық тәжірбиеге 
ие болмай ата-аналарына тәуелді болып қалады. Сонғы 
жылдары студенттер оқуды жұмыспен араластырады, яғни азды 
көпті ақша табады. Жастардың нақты жоғары оқу орнын 
таңдауы олардың тұлғалық бағыттылықтарына, мотивтеріне, 
құндылықтарына байланысты.
Жоғары оқу орнына түсу мотиві студенттік өмірдің 
стилін анықтайды. Батыс психологиясы студенттік өмір стилін 
ерекше субмәдениетпен байланыстырады. Ф.Райс жоғары оқу 
орнының субмәдениетін төрт типке бөледі.
1. 
Студенттік субмәдениет деп аталатын бірінші тип 
жоғары оқу орнын клубқа айналдырыды. Мұндағы өмірдің 
мазмұны кештер мен кездесулер, ішімдік, автомобильдер, спорт 
болады да, оқу пәндері екінші жоспарға кетеді.

тип- 
кәсіби 
субмәдениет. 
Оқудағы 
мақсатқа 
бағыттылықты, өзінің кәсіби дайындығын қамтамасыз етуді 
көрсетеді. Білім алу дүкендегі қажетті азық-түліктер ретінде 
қабылданады.


3 тип- академиялық субмәдениет. Оның құндылығы 
диплом емес, білім мен идеялар, пәндерді тереңдетіп оқу, оқу 
бағдарламасының шегінен де артық болады.
4 тип- нонконформистік субмәдениет. Ол интелектуалды 
студенттерден, жарқын тұлғалардан тұрады.
Ж ұмыс іздеу. Жоғарғы оқу орнына түскен жастар 
көптеген қиындықтармен кездеседі. Қандай да бір іс-әрекет 
таңдауда 
қиналады. 
Олардың 
көпшілігі 
өзінің 
болашақ 
жұмысына деген талаптарды көрсете алмайды, өз ізденісінің 
негізгі мақсатын білмейді. Жұмысқа ие болған ер балалар мен 
қыз балалар адамдармен қарым-қатынасқа түсу біліктілігін 
меңгеруі керек. Яғни іскер қарым- қатынас техникасын белгілі 
бір деңгейде біліп, жағымды әсер қалдыра білулері керек. Бұл 
екі мәселелер тәжірибенің жоқтығына, өзіне деген сенімсіздікке 
байланысты ушығады. Олар үшін ақша табу, ата-аналарынан 
материалдық тәуелсіз болу- ең үлкен қиындық. Осы уақытта 
некеге тұру ерте болып есептеледі. Ерте отбасын құру жұмыс 
іздеуге итермелейді, кейде өмірлік жоспарды өзгертіп жоғары 
оқу орнындағы оқуын тастауына себепші болады.
Зерттеушілердің 
көрсетуінше, 
отбасын 
құруда 
қаншалықты жас болса ажырасу ықтималдығы соншалықты 
жоғары болады. Жас ерлі-зайыптылар көптеген қиындықтармен 
кездеседі: олар бір-бірін толық түсіне алмайды және жеңіл 
шешім қабылдайды, жауапкершіліктері жеткіліксіз болады. 
Қаржылық мәселелер және тұрмыстағы жетіспеушіліктер, 
отбасын қамтамасыз ету, әсіресе бола қарау оларды шаршатады. 
Жоғары төлемді жұмыс іздеу кезіндегі сәтсіздіктер, ата- 
аналарына 
материалды 
тұрғыда 
тәуелді 
болу 
олардың 
қатынастарын түбегейлі бұзуы мүмкін.
Әскер. Жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде білім 
алмайтын дені сау ер балалар әскер қатарына шақырылады. 
Әскер қатарында болу-жастардың өмір салтында тағы да бір 
үлкен өзгеріс. Қатаң тәртіп, үлкен физикалық күш жұмсау және 
дәрежесі бойынша жоғарыларға бағыну көптеген жастар үшін 
қиын сынақ болып табылады. Егерде ер балалар осы сынақтан 
өтсе, 
тұлғалық 
жағынан 
өзгереді 
ересек 
бола 
түсіп, 
психологиялық тұрғыдан күшейеді.


Қоғамнан оқш аулану -бұл жастық шақта өз өмірін 
ұйымдастырудың бір варианты болып табылады. Бұл вариантты 
саналы өмір салтына жатқызуға болмайды. Осы жолды таңдаған 
балалар нашақорлыққа мойын сұнып, діни секталарға кіруі 
мүмкін. Қоғамнан оқшауланудың тағы бір ауыр формасы - 
суицид, яғни өмірден кету.
М ам анды қты таңдауы.
Жасөспірімдердің ой-өрісі, дүниеге көзқарасы, оқу және 
тәрбие процесінде жан-жақты жетіле бастайды. Олардың дамуы 
мен қалыптасуына қоғамтану, тарих, әдебиет пәндері болымды 
әсер етеді. Жасөспірімдер әдебиеттерді көп оқиды әлеуметтік 
ортамен қарым-қатынас жасайды. Отан үшін өмір сүріп, жұмыс 
істеудің қажет екендігін түсінеді. Кім боламң - деген сұраққа 
жауап беру үшін әр бала өзінің келешегіне көз жібереді, алдына 
мақсат қойып, мамандықты саналықпен таңдап ала білуді және 
іске асырудың жоспарын ойластырады. Қандай да мамандық, 
өған құмарту 
немесе қызығушылық жасөспірімдердің жас 
ерекшеліктеріне байланысты.
Мамандықтардың сан алуан түрлері бар болғандықтан 
солардың ересектің өзіне қабілетіне не тілегіне қарай таңдауы 
оңой мәселе емес.
Жасөспірімдер қандай мамандықтың жақсы екеніне, 
құрбыларының не үлкендердің айтуына қарай шамалайды. Олар 
кейде мамандықты жақсы дегенде. Оның несі жақсы және оған 
өзінің шамасы келе ме? Осыны жөнді білмейді. Бір зерттеуші 
100 мамандықтың атын тізіп беріп, ересектерге осылардың 
өзіңізге ұнағанына қарай бірінен соң бірін жазып беріңдер 
дегенде олар бірінші орындарға: космонавт, ұшқыш, радио 
техник, конструктор, физик мамандықтарын қойыпты.
Біреулері жұмысшы болуды 47-ші орынға, өзгелері 31 
орынға 
қойыпты. 
Ал 
есепші 
бухалтер, 
дүкенші 
және 
шаштаразшыны тізімнің аяғына қойған. Осы зерттеуге сүйене 
отырып, осыны тексерген ересектердің талғамы қәзіргі қоғам 
талабына қарама-қарсы деп қорытындыға келеді. Себебі 
ересектердің 
көбі 
жұмысшы 
болуды, 
не 
қарапайым 
мамандықтарға ие болуы қаламаған.
Ал мектеп бітірерде ересектердің бәрі, кім болғысы 
келгенін тексеріп қарағанда, осылардың ішінен жартысынан


шамасының көбі өзінің мамандықтың қандай түріне, кім 
болғысы келетінін келудегі ниетін айтып, қалғандары тіпті осы 
туралы ойлаған жоқпыз депті.
Бұл жастағылардың бір қатары жоғарғы оқу орындарына 
түскенде, осылардан болашақ мамандықтарыныз өздерінізге 
ұнай ма, әлде өзгерткіңіз келе ме?-деп сұрағанда, олардың 1,4 
бөлігі ұнамайды -өзгерткіміз келеді-деп жауап берген. Мұның 
себебі, ересектердің бір қатары түскен факулътеті туралы 
мағлұматты туысқандарынан, не танысынан естіп, бірақ осында 
даярлайтын мамандықтың ерекшелігін білмегендіктен деп 
қорытындыға келеді.
Әрбір ата-ана балаларына мамандықты саналық пен 
таңдап алуда дұрыс ақыл айтып, баласына Сен оқисын ба? Әлде 
жұмыс істейсін бе? Не өзің біл деиді. Кейбіреулері өз баласына 
мына мамандықты игеру керек деп пікірін ұсынады да зорлап 
міндеттейді. Ал балалардың болашақ мамандығы жайлы көп 
қайғырмайтын ата-ана бір институтты бітіріп шықсаң болар деп 
өсиет айтумен ғана шектеледі. Ата-аналар тарапынан болатын 
мұндай қамсыздық, немқұрайдылық балалардың келешегіне 
зиянды әсерін тигізеді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің 
бірі мамандықты таңдауы болып саналады.
Ол болашақта отау құру, ел қатарына еру дейтін ерекше 
мәнді 
мәселе. 
Соңғы 
кезде 
жүргізілетін 
зеттеулерден 
(анкета,сұхбат) Жастардың мамандық таңдай білуге байланысты 
ой-пікірлері 
мен 
тербеніс 
толғаныстарын 
осынау 
өмір 
талабының қоғамдық әлеуметтік жағынан гөрі жеке бастың- 
мүддесі көбірек сөз болатындығы байқалып жүр.
Әрине бұл айтылғандар қазіргі нарық экономикасына 
көшу кезіндегі өтпелі дәуір тудырған жағдай.
Өйткені бұның казіргі кезде жұрттың психикасына елеулі 
әсер етіп тұрған фактор екендігі белгілі. Қоғамдық дамудың 
жаңа талабына түскен егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетіне 
ғалымдар мен инженерлер, ғылым мен техника саласындағы 
мамандар да келешекте қажет болатындығы хақ. Жастардан тек 
мал шаруашылығы,өңдіріс құрылыс маманы ғана болмай, сауда 
алыс-беріс бизнес ісінде де мамандықтар алуды қажет етілді.
Ж асты қ ш ақ (20-23 ж астан 30 ж асқа дейін).


Жастық шаққа жалпы сипаттама мен танымдық ерекшеліктер. 
Жастық шақ ерте жастық шақтың аяқталуымен шамамен 30 
жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Кейбір авторлар мұны 35 
жасқа дейін созады. Жастық шақ біріншіден - бұл отбасын құру, 
таңдалған мамандықты меңгеру, қоғамдық өмірге деген өзінің 
қатынасы мен ондағы ролін анықтау кезеңі болып табылады.
Жастық шаққа оптимизм тән. Мұндай жаста адамның күші 
мен энергиясы көп, өзінің мақсаты мен идеалын іске асыруға 
кіріседі.
Осы жас кезеңде танымдық психикалық үрдістер біркелкі 
дамымайды. 
Адамның интеллектуалдық дамуы тұлғаның 
қалыптасуымен өзара әрекетте іске асады. Психофизикалық 
функциялардың 
дамуы 
20 
жаста 
тоқтағанмен 
де, 
интеллектуалдық даму көптеген жылдарға жалғаса береді.
Адам 
өзінің 
интеллектуалдық 
дамуының 
барысын 
өзбетімен басқара біліп, еңбек және шығармашылықпен 
байланысты үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Адамның 
жетістігі оның дарындылығының, білімінің деңгейіне, іс- 
әрекетті 
дұрыс 
таңдауына 
байланысты. 
Яғни 
адамның 
когнитивті сферасының дамуы ерекше дербес сипатқа ие.
Эмоциялық сферадағы ең басты мәселе өз шешімін табуды 
талап ететін идентивтілік пен жақындыққа қол жеткізу.
Адамдар арасындағы эмоциялық жақындық махаббат 
негізі ретінде көрініс береді. Негізінен бұл жастағы адамдардың 
эмоциялық 
сферасы 
қалыптасқан 
және 
тұрақты 
болып 
табылады.
Мотивациялық сфераның ролі ерекше, себебі осы кезеңде 
адам ересектік өмірге араласып, отбасын құру, дүниеге сәби 
әкелу, мамандық таңдау сияқты мәселелерді шешуіне тура 
келеді.
Өзіндік 
санаға, 
өзін-өзі 
бағалауға, 
Мен- 
тұжырымдамысының келесідей факторлар әсер етеді: тұлғаның 
сексуалды серіктес, жар, ата-ана, маман және азамат ретінде 
өзін анықтауы.
Осы 
кезеңде 
30-33 
жастағы 
нормативті 
дағдарыс 
басталады. Ол адамның өмірлік жоспарлары мен шынайы 
мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктен пайда болады. Бұл


жаста өмірлік құндылықтар қайта қаралып, мәнсіздері артта 
қалады.
Жастық 
шақ 
кәсіби 
іс-әрекетті 
меңгерумен, 
өзін 
дамытумен, отбасын құрумен, бала тәрбиелеумен, бос уақытын 
ұйымдастыру ерекшелігімен ерекшеленеді.
Сонымен, адам белсенділігінің әрбір сферасы іс-әрекет 
пен қарым-қатынастың ерекше сипаттарымен ерекшеленеді: 
еңбек - қоғамдық-пайдалы іс-әрекет, отбасы - тұлғааралық 
қатынастардың 
концентрациясы, 
бос 
уақыт -
тұлғалық 
потенциалды іске асыру.
Бұл жас кезеңіндегі жетекші фактор еңбек іс-әрекеті болса, 
ал басты міндет өзін өзі анықтау мен отбасын құру болып 
табылады.
2. Жастық шақтағы өмірдің маңызды жақтары.
Махаббат және отбасы. 
Жастық шақты көбінесе 
махаббат жасы деп атайды. Бұл кезең жыныстық белсенділік, 
сонымен қатар қыз балалардың организмі дүниеге сәби әкелуге 
дайын болғандықтан, көптеген адамдар некеге тұрады. Жастық 
шақта адамдар жылдам танысып, бір-бірін оңай тани алады, 
бірлескен өмір салтына жылдам бейімделеді.
Әрине, ер адам мен әйел адам арасындағы маххабат тек 
қана жастық шаққа ғана тән емес.
Махаббаттың өзге де түрлері бар. Олар: ата-ана мен бала, 
аға мен қарындас арасындағы махаббат, достық байланыс, өз 
ісіне деген, өнердің бір түріне деген махаббат. Ер мен әйел 
арасындағы махаббат оларды толыққанды етеді. Әрбір адамның 
махаббаты қайталанбас және оның тұлғасына байланысты 
болады.
Отбасын құру тұлғалық даму үшін өте маңызды. Адам 
дүниеге 
сәби 
әкелу 
мен 
болашақ 
ұрпақты 
тәрбиелеу 
жауапкешілігімен байланысты жаңа қоғамдық статусқа ие 
болады. Отбасылық өмірдің жақсы болуы адамның жалпы 
дамуына - оның рухани өсуіне, қабілеттерінің дамуына 
байланысты. Дүниеге сәби әкелудің үлкен маңызы бар. Баланы 
дүниеге әкелгеннен кейін ата-ана тек қана әйел мен еркек болып 
қана қоймай, ана мен әке болады. Отбасылық өмірдің 
құрылымы өзгеріп, ерлі-зайыптыларда жаңа міндеттер, өздері


дүниеге әкелген адам өмірі үшін ортақ жауапкершілік пайда 
болады.
Кәсіби іс-әрекет. Жастық шақтың ерекшелігі жар таңдау 
және отбасын құрумен аяқталмайды. Осы кезеңдегі дамудың 
екінші бір әлеуметтік жағы - таңдаған мамандығын меңгеру. 
Бұл кезеңде адам кәсіби шеберлікке ие болып, кәсіби дайындық 
аяқталады. Таңдалған мамандыққа қажетті білім, білік, дағдылар 
жеңіл меңгеріліп, арнайы тұлғалық және функционалдық 
сапалар дамиды (ұйымдастыру қабілеттері, инициативтілік, 
нақтылық пен тиянақтылық, реакцияларының жылдамдықтары).
Егер жастық шақта өмірлік жол дұрыс таңдалса, адам өз 
мамандығында үлкен жетістіктерге жетеді. Ал ғылым жолын 
таңдағандар ғылым кандидаты болады. Кәсіби шеберлікпен 
бірге кәсіби компетенттілік дамиды.
Достық. Жастық шақта достық байланыстарды орнату мен 
дамыту 
маңызды 
болып 
табылады. 
Психологтардың 
пікірлерінше, достық осы кезеңде, махаббат сияқты жаңа сапалы 
деңгейге көтеріледі екен. Достықтың жай жолдастық қарым- 
қатынастардан айырмашылығы, онда рухани жақындық болады. 
Достық-өзара сенім мен ортақ қызығушылықтарға негізделген 
жақын қатынас.
Достық үшін жалпы ұқсастықтар 
қажет. 
Көбінесе 
достардың жастары, әлеуметтік деңгейлері, мәдениеттілік 
деңгейлері, құндылықтары мен әлеуметтік бағдарлары жақын 
болып келеді. Сонымен қатар достық көбінесе бір жыныстылар 
арасында болады. Достық махаббат секілді тілекпен пайда 
болады.
3. Онтогенездің негізгі жолдары. Онтогенез (герк. Өпіоз -
тіршілік және депезіз -шығу тегі, пайда болуы)- жеке 
орнанизімнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі 
даму процесі.Бұл терминді Э.Геккель ұсынды.
Жастық шақта өмірдің маңызды жолдары әр түрлі дамиды және 
онтогенздің әр жолдарында әртүрлі мазмұнда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет