Проф.М.Мұқанов
өзінің жоғарыда аталған кітабында баланың
жасын кезеңдерге бөлуді екі тұрғыда қарастырады: 1. Бұрынғы
қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу; 2.Қазіргі кезде
ғылыми тұрғыдан балалар психологиясының дамуын кезеңдерге
топтастыру:
Бірінші жағдайда:
1) Туғаннан 1 жасқа дейін-нәресте жас кезеңі. Оның ішінде: а)
бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін); б) еңбектеу жасы (7-12 ай).
2) 1-ден 3 жасқа дейін-бөбектер жасы
3) 3-тен 7-ге дейін-сәби жасы
4) 8-ден 11 жасқа дейін-періште жасы
5) 12-ден 15 жасқа дейін-бозбала (қызбала).
6) 15 жастан бастап-үлкендер жасы.
Екінші жағдайда:
1) Туғаннан 1жасқа дейін-нәресте жасы.
2) 1-ден 3 жасқа дейін-алғашқы балалық шақ немесе бөбек
жасы.
3) 3-тен 7-гн дейін-мектепке дейін жас.
4) 7-ден 11-ге дейін бастауыш мектеп жасы.
5) 11-16 жас аралығы - ортаншы сыныптағылар немесе
жеткіншектер.
6) 16-18 жас аралығы-аға сыныптар немесе ересектер жасы.
Проф.А.В.Петровскийдің
кітабында:
1. Туғаннан 1-2 айға дейін-жаңа туған бала.
2. 1-2 айдан 1 жасқа дейін нәресте.
3. 1-ден 3-ке дейін-ерте сәбилік шақ.
4. 3-тен 7 жасқа дейін-мектептке дейінгі балалық шақ.
5. 7-ден 11-12 жасқа дейін-бастауыш мектеп шағы.
6. 11-12-ден 14-15 жас аралығы-жеткіншектік кезең.
7. 14,5-17 жас аралығы-балаң жасөспірімдік.
Ж. Қоянбаев
кітабында адамның жас кезеңдері туғаннан
қарттық жасқа дейін берілген.
1. 1-10 күн-жаңа туған бала.
2. 10 күннен 1 жасқа дейін-нәрестелік шақ.
3. 1-ден 3-ке дейін-сәбилік шақ.
4. 4-тен 7 жасқа дейін-бірінші балалық шақ.
5. 8-ден 12 жасқа дейін-(ер балалар) екінші балалық шақ.
8-ден 11 жасқа дейін-(қыз балалар) екінші балалық шақ.
6.13-тен 16 жасқа дейін-(ер балалар) жеткіншек шақ.
12-ден 15 жасқа дейін-(қыз балалар) жеткіншек шақ.
7. 17-ден 21 жасқа дейін-(ер балалар) жасөспірімдік шақ.
16-дан 20 жасқа дейін-(қыз балалар) жасөспірмдік шақ.
8.22-ден 35 жасқа дейін-(ерлер) кәмелетттік жастың бірінші
кезеңі.
21-ден 35 жасқа дейін-(әйелдер) кәмелеттік жастың бірінші
кезеңі.
9.36-дан 60 жасқа дейін-(ерлер) кәмелеттік жастың екінші
кезеңі.
36-дан 50 жасқа дейін-(әйелдер) кәмелеттік жастың екінші
кезеңі.
10.61 мен 74 жас аралығы-(ерлер) кексе жас.
56 мен 73 жас аралығы-(әйелдер) кексе жас.
11.75-90 аралығы-қарттық жас.
12.90-нан жоғары жас- ұзақ жас.
Қазіргі кезде
студенттерге дәріс беруде біздің қолданып
жүрген жас шақтарының атаулары төмендегідей:
1.Туғаннан 60 күнге дейін-нәрестелер.
2.2-айдан 12 айға дейін-бөбектер.
3.1-ден 3 жасқа дейін-сәбилер.
4.3-тен 6-7 жасқа дейін-кішкентай балалар немесе ілік
мектепшілер.
5.6-7-ден
10-11
жасқа дейін
кіші
мектепшілер
немесе
жеткіншектер; ұландар; ересек балалар.
6.10-11-ден 15-16 жасқа дейінгілер ортаншы мектепшілер
немесе жасөсіпірімдер.
7.15-16-дан 17-18 жасқа дейінгілер-а)жоғары мектепшілер
немесе ер жеткен ұлдар, боз балалар, ә) бой жетіп қалған
қыздар. Бұл кезең-жастық шақтың алғашқы кезеңі немесе балаң
жастық шақ деп аталады.
8.18 бен 22-23 арасындағы шақ-жастық шақтың 2-ші кезеңі-
есейген жастар, студенттік шақ.
9.23-тен 30-35-ке дейін-толысқан (кемелденген) жастық
П ы сы қтау сұрақтары :
1. Даму психологиясы негіздеріне жалпы сипаттама
2. Даму психологиясы негіздерінің негізгі түсініктері:
дамудың әлеуметтік жағдайы, іс -әрекеттің негізгі
типтері, дағдарыс және т.б.
3. Қазақстандық ғалымдардың жас кезеңдерін бөлуі.
4. Л.С. Выготский бойынша жас кезеңдерін талдау.
5. Э. Эриксон бойынша жас кезеңдерін талдау.
Әдебиеттер тізімі:
1. Жалпы психологияға кіріспе. Жауапты редакторы пс.ғ.,
докторы, профессор С.М.Жақыпов, авторлар ұжымы. Алматы:
Қазақ университеті, 2007.-230б.
2.
Возрастная
и
педагогическая
психология//
Под.
ред.А.В.Петровского М.,1979
3.
Возрастная и педагогическая психология// Под.
ред
М.В.Гамезо и др М.,1997.
4.Л.С.Выготский Педагогическая психология М., 1991.
5.И.Ю.Кулагина Возрасная психология ( Развитие ребенка от
рождения до 17лет). М., 1997.
6. А.Т. Акажанова Психологиялық сөздік.
1 Т ақы ры п. Даму психологиясы негіздері пәнінің мақсат
міндеттері
Даму психологиясы негіздері пәні
- адам жасына
байланысты
психикалық
өзгеруін,
жеке
адамның
даму
барысындағы
психикалық
қасиеттері
мен
онтогенездегі
психикалық процестерін зерттеу болып табылады (организмнің
ұрықтанудан өмірінің соңына дейінгі даму жолы).
П сихикалы қ дамудың мақсаттары :
адам дамуы
психикалық дамудың мақсаттарына қойылатын бағыттылықпен
анықталады. Психикалық даму факторлары - оның бүкіл өту
барысын шарттайтын себептер. Оларға тұқымқуалаушылық,
орта, тұлға белсенділігі, субъектілік жатады.
I Т еориялы қ міндеттер:
1. Онтогенезде
психологиялық
дамудың
жалпы
тұжырымдамасын құру, даму көзін, жағдай-шарттарын,
қозғаушы күштерін анықтау;
2. Онтогенетикалық дамудың кезеңдерін құру, жекелеген
жас кезеңдерін бөлу.
3. Даму кезеңдерін нақты психологиялық сипаттау.
4. Жастың феноменологиясын сипаттау (мәдени-тарихи
жағдайға,
теориялық
модельге
байланысты);
Психикалық даму үрдісін бейнелейтін онтологиялық
категориялық жүйесін анықтау.:
5. Психикалық даму кезеңдерінің құрылуын және жас
категориясын негіздеу;
6. Психикалық даму факторларын анықтау (әлеуметтік,
биологиялық, өзін-өзі дамыту, оқыту рөлі) олардың
нақты мазмұнын ашу;
7. Дамудың механизмдерін және заңдылықтарын айқындау
(қозғаушы
күш,
қарама-қайшылық,
даму
шарты)
дамудың бір кезеңнен келесі кезеңге өтуін анықтайтын
детерминанттарды зерттеу.
II Қолданбалы міндеттер:
1. Психикалық
процесстердің
дамуы
және
дамушы
адамның қасиеттерін зерттеудің қазіргі әдістерін құру;
2. Шынайы жағдайдағы балалардың тәрбиесі мен даму
үрдісіндегі теориялық қорытындылар мен нәтижелерді
қолдану.
Даму психологиясы негіздерінің мәселелері мен міндеттерін
жалпылай отырып, бұл ғылым өсіп келе жатқан адамның жас
ерекшелік
заңдылықтарын
және
психикалық
даму
механизмдерін,
әрбір
жас
кезеңінің
психологиялық
ерекшеліктерін, психикалық даму кезеңдерін оқып, зерттейді, -
деп тұжырымдауға болады.
Даму психологиясы негіздерінің тармақтары:
балалар
психологиясы, бастауыш мектеп оқушысының психологиясы,
жасөспірімдер психологиясы, ерсектер психологиясы және
геронтопсихология.
Даму
психологиясы
-
психикалық
үрдістердің адам жасына байланысты мүмкіндіктерін және жеке
адам дамуының негізгі факторларын, т.б. қарастырады. Даму
психологиясы негіздері педагогикалық психологиямен тығыз
байланысты.
Даму
психологиясы
мен
педагогикалық
психологияның бірлігі олардың зерттеу объектісінің бірлігінде -
ол: жас бала, жеткіншек, жасөспірім.
Даму барысында адам мінез-құлқы мен психикасының
сандық, сапалық құрылымдық қайта құрылуын туғызатын заңды
өзгерістері
мен
бағыттары
қайталанбас
үрдіс
ретінде
түсіндіріледі.
Б ағы т т ы л ы қ - дамудың ішкі өзара байланысты жолына
алып келетін жүйенің қабілеттілігі. Дамудың бағыттылығыда
жүйелік принципімен түсіндіріледі.
Заң ды лы қ - әр адамдағы бір типті өзгерістерді қайта
жаңғыртуға келетін жүйе қабілеттілігі. Бұл жүйеге үлгі ретінде,
«индивид - орта» қарым-қатынасы генетикалдық психология
«бала - ересек жүйесі» жатады.
Пісіп-жетілу - адамның индивидуалды қасиеттеріне
тәуелді
үрдіс;
ағзаның
сыртқы
түрінің
генетикалық
бағдарланған жүйесінің өзгерісі ғана емес, оның күрделігінен,
интеграциясынан, ұйымдастырылуынан және функциялардан
тұратын үрдіс.
Өсу
-
пісіп-жетілу
кезіндегі
сол
және
басқа
функциялардың сандық өзгертер үрдісі (Д.Б.Эльконин).
Даму аймағы: Даму аймағы қалай дамып жатқанын
көрсетеді.
Даму аймақтарына:
- психофизикалық (адам денесінің сыртқы және ішкі
өзгерістері);
-
психосоциалды
(эмоционалды
және
тұлғалық
өзгерістер,
«Мен»
концепциясы
мен
өзіндік
сананың
қалыптасуы);
-
танымдық
(ақыл-ой
қабілетінің,
интеллектінің,
танымдық үрдістердің дамуы);
Э волю циялы қ даму - баланың психикасындағы ұзақ және
тиянақты өзгерістері, ол оның дағдарыстарының арасындағы
жасерекшелік даму кезеңінде болады.
Револю циялы қ даму - адамның
бірінші даму сатысынан
екіншісіне көшкендегі психикасының және мінез-құлқының тез
әрі терең көріністері.
С итуациялы қ даму - баланың
ситуациялық
әлеуметімен,
мінез-
құлқындағы бекітуді талап ететін аса тұрақты емес
өзгерістер.
1.Филогенез (грек. рһуЦп - түр, туыс және §епе8І8 - ш ығу
тегі) - ағза топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; ағзаның
тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әр түрлі тип, класс,
отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке дара даму -
онтогенез бен тарихи даму - филогенез тірі табиғаттың біртұтас
дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір- біріне
өзара әсер етеді. Филогения - ағзаның тарихи дамуы. Филогенез
терминін 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель (1834-1919)
ұсынды.
Филогенез үрдісін және
оның
заңдылықтарын
филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің мақсаты -
жануарлардың,
өсімдіктердің,
микроорганизмдердің
эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және ағзалар
арасындағы
туыстық байланыстарды
анықтау.
Ағылшын
эволюционисті В.Гарстанг филогенезді ұрпақтан -ұрпаққа
өтетін онтогенез деген пікірді айтты. Бұл пікірді орыс биологы
И.И.Шмальгаузен
(1884-
1963)
дамытып,
филогенезді
онтогенездің белгілі (іріктелген) қатары деп атады.
2.Онтогенез ( грек.оп!І8 - тірш ілік және §епе8І8 - ш ығу
тегі, пайда болу) - жеке ағзаның туылғаннан бастап тіршілігін
жойғанға дейінгі даму үрдісі. Бұл терминді 1866 жылы неміс
биологы Э. Геккель ұсынды. Ол онтогенезді филогенезге -
кейбір систематикалық топтың, мысалы: биологиялық түрдің
қалыптасу үрдісіне қарсы қойды. Ол жеке даму биогенетикалық
заңға сәйкес өтеді, яғни отногенез филогенездің қысқа мерізімде
жаңғыртылуы болып табылады деп есептеді. Қазіргі заманғы
биологияда организмнің онтогенез барысында өзгеруі ортаның
ықпалынан болады, алайда ол тектік тұрғыда бағдарламаланған
ақпарат негізінде жүзеге асады деп түсіндіріледі. Биологиялық
теориялар
мен
терминологияның
психологиялық
-
педагогикалық ғылымдардың қалыптасуы үшін маңызы зор
болады. Онтогенез термині психология мен педагогикаға
енгізіліп, XIX ғасырдың соңынан бастап психиканың жеке даму
үрдісін
білдірді.
XX
ғасырда
психология
ғылымында
онтогенездің негізгі мазмұны баланың заттық қарекеті мен
қортындылауы (ең алдымен, үлкендермен бірлескен қаракеті
және олардың
қарым-қатынасы) деген түсінік орнықты.
Онтогенезді зерттеу балалар психологиясының негізгі міндеті
болды. Интериоризация барысында бала осы қаракет пен қарым-
қатынастың әлеуметтік, белгілік-символдық құрылымы мен
құралдарын меңгереді, осылардың негізінде оның санасы мен
жеке тұлғасы қалыптасады. Сөйтіп, адам онтогенезінің негізгі
мәні организмнің кемелденуі емес, әлеуметтенудің әр алуан
институттары тарапынан әсер - ықпал жағдайында психиканың,
сананың және тұлғаның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуы болып
табылады.
Ж ас — адам дамуының кезеңі, организм мен тұлға
қалыптасуына тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен
сипатталады. Жас - дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға
құрылымының өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын бірқатар
өзгерістерге тән, сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып
табылады.
Жас
- индивидтің,
онтогенездің дамуындағы
хронологиялық және символикалық интервалдарының тарихи
өзгерістерін білдіретін даму психологиясының категориясы
(дәуір, саты, кезең, стадия, фаза).
Ж ас
ерекш еліктері
-
баланың
жасына
сәйкес
даму
заңдылықтары.
Баланың
өсіп-жетілуі
анатомиялық,
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай
мынадай кезеңдерге бөлінеді: бөбектік жас-туғаннан 1 жасқа
дейін; сәбилік-1 жастан 3 жасқа дейін; мектеп жасына дейінгі
кезең -3 жастан 6(7) жасқа дейін; төменгі сынып жасындағы
балалар-7 жас пен 11 -12 жас аралығы; жасөспірім (ортаңғы
сынып жасы)-14-15 жас пен 17-18 жасқа дейін. Балалардың жас
кезеңдері оқыту мен тәрбие тәжірибесінің және педагогика,
психология, адам анатомиясы мен физиологиясы саласында
жүргізілген арнайы зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген.
Әрбір
жас
кезеңінің
баланың
физиологиялық
және
психологиялық дамуына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар. Оқу-
тәрбие мекемелері балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
құрылады.
Берілген тақырыпты зерттеудің мақсаты жас
ерекшелік психологиясының қазіргі заманғы жас дамуының
мәселелерімен, оның міндеттерімен танысу болып табылады.
Даму психологиясы салаларын зерттеуде айыра алуды үйрену
қажет және оның психология ғылымдарының құрылымындағы
орнын анықтау. Даму психологиясының бөлімдері: балалар,
кіші мектеп оқушысы, жеткіншек, жасөспірім, ересектік кезең,
герантопсихология екенін білген маңызды. Студенттік шақта
психикалық әрекетті зерттеу әдісін жеке тұлғаның теориялық
және
қолданбалы
аспектілерінің
әртүрлі
жасерекшелік
кезеңдеріндегі қалыптасуын қарастырады. Хронологиялық және
психологиялық
жас
түсінігін
дифференциалдау
керек.
Тақырыпты зерттеуде психологиялық сөздікке жас ерекшелік
психологиясы, балалардың психикасы мен мінез-құлқының
эволюциялық және жағдайлық өзгерістері, жасерекшелігі,
балалық шақ, дамудың қалыптасқан және қалыптаспаған
түрлері, сияқты нұсқаулы түсініктер кіреді. Психологиялық
зерттеулердің әдістерінің сұрыптамасын зерттеу қажет, олардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету керек, сонымен
қатар баланың психикалық дамуының әртүрлі стратегиясына
мінездеме беру. Ең бастысы, жасерекшелік психологиясының
басқа психология салаларынан айырмашылығы - бала дамуы,
қарқынына мән беру И.М.Сеченов, психологияны психикалық
процестердің дамуы мен өтілуі жөніндегі ғылым деп жазған.
Басқаша оны генетикалық психология деп те атайды (грек
тілінен «генезис» - тегі, қалыптасу). Психиканың дамуын 2
негізгі аспект бойынша қарастыруға болады.
Жас
ерекшелік
типологиясы
хронологиялық
және
психологиялық жасты бөліп көрсетеді. Хронологиялық жас
(паспорттық, жеке куәлік) - үйлесімділік санағы.
Психологиялық жас - бұл күнтізбелік уақыт емес, ол
психология үрдістерінің жеке дара қосындысына тең емес, оның
жалғасы
ішкі
болмысымен
анықталады.
Көбінесе
психологиялық жасты тест нәтижесінде алынған ақыл - ой
жасын
қарастырып,
тапсырма
шешімінің
саны
балдар
қосындысына тең келеді және балалардың ақыл-ой жасын
көрсетеді, ол хронологиялық жастан жоғары немесе төмен
болуы
мүмкін.
Хронологиялық және
ақыл-ой жасының
байланысы интеллектуалды дамудың коэффициентін анықтауға
мүмкіндік береді.
А қыл- ой жасы
1 0 = ........................................... х100%
Х ронологиялы қ жас
Психологиялық жас ерекшеліктері нақты - тарихи
жағдайлармен
шартталған,
сол
арқылы
адам
тұқымқуалаушылығымен,
тәрбие
мінездемесімен
индивидуалдық
ерекшеліктерімен
және
іс-әрекет
ерекшеліктерімен дамиды. Бұл факторлар уақытша мезгілдерге
әсер етеді. Психологиялық және хронологилық жастар сәйкес
келмеуі мүмкін.
Жас
дағдары стары
(Кризисы
возрастные)
-
онтогенездің
қауырт
психологиялық
өзгерістермен
сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес, кейде бір
жылға дейін, ерекше кезеңдері. Невроздық не жарақаттық
сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты
үрдістерге жатады және тұлғаның қалыпты, үдемелі дамуы үшін
қажет. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан
екіншісіне өтумен байланысты пайда болуы мүмкін және оның
әлеуметтік қатынастар, қарекет, сана саласындағы жүйелі
сапалық түрленуімен байланысты. Әдетте, балалық жаста, “бір
жас дағдарысы», “үш жас дағдарысы», “6-7жас дағдарысы»
және жеткіншек дағдарыс 10-11 жас деп сараланады. Жас
дағдарыстарының бұл шектемесі біршама шартты, өйткені
даралық, әлеуметтік-мәдени және басқа өлшемдер едәуір
шамада әрқилы болады. Дағдарыстардың нысаны, ұзақтығы мен
өту
қарқындылығы
баланың
даралық-типологиялық
ерекшеліктеріне,
әлеуметтік
және
микроәлеуметтік
жағдайларына, отбасындағы тәрбиенің, тұтастай педагогикалық
жүйенің ерекшеліктеріне байланысты түрліше болуы мүмкін.
Балалық шақтағы жас дағдарыстары кезеңдеріне балалардың
үлкендермен қарым-қатынасының жаңа типіне көшу үрдістері
тән, мұнда баланың жаңа, өскелең мүмкіндіктері, әлеуметтік
даму жағдаятының» өзгерістері, қаракеттің алмасуы, бала
санасының бүкіл құрылымын қайта құру ескеріледі. Балалардың
жаңа жас сатысына өту үрдістері, бір жағынан, оның
айналасындағы
адамдармен
қарым-қатынастарының
бұрынырақта қалыптасқан нысандары, екінші жағынан, өскелең
физикалық және психологиялық мүмкіндіктері мен талап-
тілектері арасындағы кейде өте кереғар қайшылықтарды
шешуімен
байланысты
болады.
Негативизм,
қиқарлық,
кірпияздылық, шамшылдық және жас дағдарысына тән басқа да
жағымсыз мінез-құлық көріністері, егер үлкендер баланың
қарым-қатынас және қарекет саласындағы жаңа қажетсінулерін
елемейтін болса, асқынып кетуі, керісінше дұрыс тәрбиеленсе
бәсеңсуі мүмкін. Ересек кездегі және жас ұлғайған кездегі жас
дағдарыстары анағұрлым аз зерттелген. Мұндай бетбұрыс
кезеңдердің балалық шақтағыдай емес, елеулі өзгерістерсіз
болатыны белгілі. Мұндай кезеңдердегі сананың мағыналық
құрылымдарының қайта құрылуы, жаңа өмірлік міндеттерге
бағдарлану, қарекет пен қарым-қатынастар сипатының алмасу
үрдістері тұлға дамуының бұдан арғы барысына зор ықпалын
тигізеді.
Даму психологиясы жаратылыстану ғылымдарымен,
жалпы психологиямен, педагогикамен, жеке пәндерді оқыту
методикасымен, медицинамен, педагогикалық психологиялық
диагностика
ғылымдарымен
байланысты.
Даму
психологиясының зерттеу аймағы бойынша әртүрлі мәселелерді
зерттеген әлемге әйгілі ғалымдар: В.М. Бехтерев, К. Бюлер, А.
Валлон,
Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, К. Коффка, К. Левин, А.Н.
Леонтьев, А.Р. Лурия, Ж. Пиаже, С.Л.Рубенштейн, Дж. Уотсон,
A.Фрейд, З. Фрейд,
B. Штерн, Д.Б. Эльконин.
ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы
психологиядан бөлінбей, сол пәннің аясында болып келді. Кейін
ол жалпы психологиядан бөлініп, соның бір саласына айналды.
Бұған түрткі болған себептер мыналар: Ч.Дарвин (1809-1882)
негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңы; осыған
орай
сол
ғасырдың
екінші
жартысында
рецепторлар
физиологиясының өріс алуы (Г.Гельмгольц), жүйке жүйесінің
жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И.М.Сеченов).
Мұнымен қатар, даму психологиясы туралы мағлұматтардың
жиналуына:
біріншіден
әсер
еткен,
балаға туғандардың
күнделіктер жазып, соған талдау беруі; екіншіден, балалар
психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен қолдануы
әсер етті. Осыларға тоқталып кетсек: Ч.Дарвин өз заманында
жануарлардың мінез-құлығын зерттеумен айналысып қоймай,
өзіне қажет деген мағлұматтар бөбектерде кездесе ме және
жануарлар балапаны мен баланың арасындағы ұқсастық бар ма
деген мәселе көтерген.
Осыған орай Дарвин өз баласына
күнделік жазды. ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар
арасында бөбектерге күнделік жазу өріс ала бастады. Ғалымдар
өз балаларын зерттеу нәтижесінде күнделікті мінез-құлықтарын,
реакцияларын тіркеп отырды. Күнделік арқылы табылған
фактілердің өзі бала психологиясы туралы мәліметтердің
жинақталып, соның нәтижесінде бала психологиясының өзінше
отау тігіп қалыптасуына ықпалын тигізді. Мұнымен қатар ХІХ
ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала
психикасын зерттеуде эксперимент кеңінен қолданылып, осы
саланың жалпы психологиядан бөлінуіне әсер етті.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Даму психологиясы негіздері пәні мен объектісі.
2. Даму
психологиясы
негіздерінің
негізгі
зерттеу
мәселелері мен міндеттері.
3. «Психологиялық жас» ұғымдары.
4. Даму, өсу, жетілу.
5. Баланың қоғамдағы әлеуметтенуі жайлы көзқарастары.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Возрастная и педагогическая психология //Под ред.
А.В.Петровского М.,1979.
2. Возрастная и педагогическая психология // Под ред.
М.В.Гамезо и др. М.,1984.
3. Л.С. Выготский Педагогическая психология М., 1991.
4. И.Ю.Кулагина Возрастная психология (Развитие ребенка от
рождения до 17 лет). М.,1997.
5. Р.С.Немов Психология. В 2т.Т.1. Психология оброзования.
М.,1994.
6. Л.Ф.Обухова Детская психология: теории, факты, проблемы.
М.,1995.
7.
Авт.құр.
Б.А.
Молдағалиева,
Л.М.
Маденова,
Ж.Ж.
Жорролаева, Қ.Р. Кажымова Педагогикалық - психологиялық
сөздік А., Арыс 2011.
2 Т ақы ры п. Даму психологиясы негіздерінің зерттеу әдістері
Әдіснама - (методология: грек шеіһогіоз- зерттеу жолы,
теория, ілім және логия) - 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда
қолданылатын негізгі принциптер.
Әдіс - (метод; грек. Меіһогіоз - теория, ілім, зерттеу жолы) -
көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке
келтірген қызмет жүйесі.
Әдістеме (методика) - 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе
ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке
пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны
оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда
жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің заңдылықтарын
дидактика зерттейді.
Әдіснама - теориялық және практикалық әрекеттер
құрылымының және ұстанымдар мен ұйымдастыру әдістерінің
жүйесі. Әдіснама терминін бүгінде 3 түрлі ғылыми деңгейде
көрсетеді:
Бірінші
деңгейі
-
зерттелушімен
қабылданатын
жалпы
философиялық тұрғыда қарастыру, зерттеудің жалпы ортақ
әдісі.
Екінші
деңгейі
-
жеке
(арнайы)
әдіснама,
әдіснама
ұстанымдарының жиынтығы ретінде түсіндіріледі, ол берілген
білім саласында қолданылады.
Үшінші деңгейі - зерттеушінің нақты әдіс - тәсілдерінің
жиынтығы ретіндегі әдістемесі. Әдіс мәселесі бала дамуының
барлық тарихи бастамасы мен негізі альфа және омегасы деп
жазған Л.С.Выготский. Мұны білген маңызды, бала зерттеудің
ерекше объектісі болып келеді, оның психикасы қалыптасу мен
даму үстінде болады, сондықтан оны зерттеу барысында келесі
ұстанымдарды білу керек. Даму психологиясында зерттеулер
жүргізгенде
Достарыңызбен бөлісу: |