Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата25.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#127533
түріПоэма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ат қайтқанда 
 
Жасымнан жылқы десе менің жаным
Атырдым жылқы ішінде ӛмір таңын. 


43 
Sauap.org 
Жапанда жел жылқының үстінде ӛскем, 
Мекендеп ӛміріме аттың жалын. 
Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім, 
Жырым - жылқы, жүйрік ат - салған әнім. 
Аспан асты, жер жүзі - кең сақара 
Күн кӛріп атам қазақ келген мәлім. 
Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын, 
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым. 
Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы, 
Білген жан бекер демес аттың жайын. 
Бірге ӛскен бала күннен құлын, тайым, 
Top кұнан кӛшке мінген күн-күн сайын. 
Аптада ағарса да сақал, шашым, 
Атымды не бетіммен ұмытайын! 
Бұл күнде автом да бар, атым да бар, 
Бәйге алу самалетпен салтымда бар. 
Бізде жоқ Сағынайдың сасық асы, 
Тойына Октябрьдің атым шабар. 
Сауықты, салты қызық халқым да бар, 
Жылқымда асылданды қолтумалар; 
Түрлеңді қазағымның қалың малы, 
Аттарым асыл тұқым жарқыл қағар! 
Қызығы қырдың үлкен бәйге шапқан, 
Күңірентіп кӛк жайлауды, атты тартқан. 
«Бала, - деп, - әрі пысық, әрі жеңіл» 
Иесі талай аттың мені тапқан. 
Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қақтым, 
Мінгемін не саңлақка сумаң қаққан. 
Кӛп атты талай-талай тастап кейін, 
Қыр құсын тақымымда қылмаңдатқам. 
Сәйгүлік мыңнан озған, ӛңкей саңлақ, 
Қырғындап қайтар жерге жетті шаңдап. 
Айдаушы тырна қатар тегіс тізіп, 
Қайтуға ыңғайланды айдалған ат. 
Қаз қатар, мың үш жүз ат жайды қанат
Балалар бір-біріне «Алақ! Алақ!» 
«Ал қайт!» деп қашан қолын сілтейді деп, 
Бар бала айдаушыға тұрды қарап. 
Шығар деп қашан даусы «Қайт! Қайттаған», 
Ӛзім де талай-талай жалтақтағам. 


44 
Sauap.org 
Болар ма ат үстінен қырда қызық, 
Жалғанда арман бар ма ат қайтқаннан! 
Ат қайтты әлде неше он шақырымнан, 
Кӛп атты қайырмады жақын бұдан. 
Жӛнелді түтіндетіп мың үш жүз ат, 
Шаң кетті кӛкке шапшып сапырылған. 
Арыста ағалаған нелер саңлақ
Қашаннан қатып-семген бәйгеге арнап. 
Ұрандар бәйге шапқан бала халқы, 
Күңірентіп жердің жүзін кетті шаңдап. 
Шаңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ 
Балалар ұран салып, безді зарлап. 
Шапқан ат, салған ұран - күңіренді Арқа, 
Уда-шу, ұлан-азар болды жан-жақ. 
Күңірентті ойды, қырды ӛңшең күлік. 
Арқаны дүбірлетті дүбір қылып. 
Кӛшіріп жерді, кӛкті келеді аттар, 
Керілген кең даланы бүліндіріп. 
Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп, 
Адақгап барған сайын шықты жүйрік. 
Тӛртеудің мың үш жүзден мойны озып, 
Құлагер келе жатты тістеп құйрық. 
Артында тӛртеуінің мың ат қалды, 
Балалар барған сайын шулап қалды. 
Жер шіркін барған сайын бауырын жазып, 
Шаң шіркін барған сайын будақталды. 
Шаң кӛкке ӛртенгендей шумақталды, 
Ат терге шомылғандай суды ақтарды. 
Күн шілгер, адам, айуан судан кеуіп, 
Түтігіп талай аттар құлап қалды. 
Құдықтан, жерошақтан қазақ қазған 
Жұлдыздай жалт етеді жүйрік жазған. 
Шынайы жел жүйріктер қырға біткен, 
Деген сӛз былшыл біздің жылқыны «азған». 
Тӛрт тұлпар соқты желдей мыңнан озған, 
«Жетсең ал!» деген есеп мұнша созған. 
«Армансыз болсын аттар» деп әңгірлеп, 
Қазақтар қоюшы ма ед құрты қозған?! 
Жарысты ӛңшең тұяқ жолды сойып
Тӛрт кетпен келе жатыр дабылды ойып. 


45 
Sauap.org 
Тӛрт тұлпар шаңын бӛліп, ұзай салды, 
Жолшыбай аттың бәрін қырып-жойып. 
Ӛссем де атқа шауып, бала болып, 
Айтуға жетпейді әлім мұны толық. 
Бір сӛзбен бүктеп айтып, байлағанда, 
Осы айдау бопты қатты қырғын жорық. 
Үстінде Құлагердің қандай бала? 
Тастап ек баяндамай оны шала. 
Ақанның елден келген бір жолдасы, 
Кетелік оны да айта осы арада: 
Бұл ӛзі елдегі бір жетім бала, 
Ақанға бауыр басқан ӛкіл бала. 
Кӛзіндей Құлагердің күтеді Ақан, 
Бейбаққа Ақан сері секілді ана. 
Ол кезде жетімдер кӛп қақтығатын. 
Мынаны Ақан сүйіп, жақтыратын. 
Асырап аш, жалаңаш қалдырмастан. 
Біреуге еліндегі бақтыратын. 
Бәйгеге қосар болса Ақан атын, 
Мінгізіп бұл баланы апаратын. 
Тақымы жетімектің құтты болып, 
Құлагер қосқан сайын бәйге алатын. 
Құланың біліп алған бала сырын, 
Серінің келтірмейтін және ашуын. 
Қалың ел, аспан, жердің арасында, 
Ақан деп білетін ол жанашырын. 
Ақан да әкесіндей баласының
Жоқтығын жоқтатпаған анасының. 
Қорғайтын ол ӛмірде үш-ақ затты: 
Құласын, баласын, кӛз қарашығын. 
Сонымен Ерейменге тӛрт ат кетті, 
Тӛрт бала барған сайын құзап кетті. 
Қара үзіп қала берді ӛзге бала, 
Қалғанды қорлық теуіп, ыза ап кетті. 
Жүйріктер жүндей сабап жолды түтсін, 
Ат солай бара берсін, бұл сӛз бітсін. 
Келейік кӛмбедегі кӛпке тағы, 
Сарылып кеткен атты қанша күтсін. 
Айғай, шаң аттан шыққан кӛкке кетсін, 
Екпіні жел соққандай дүрілдетсін. 


46 
Sauap.org 
Жел жүйрік Сарыарқаны домбыра қып, 
Тӛрт тұлпар тұяғымен жерді шертсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет