7.5
Жауапкершілікті бөлу және ұйымдастыру
Осы сәтте учаскеде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджер (Жобаның экологы) жұмыс
істейді, ол өндіріс жөніндегі директорға, ал ол болса, өз кезегінде кәсіпорынның бас
директорына бағынады. Кәсіпорынның бас директоры Бақыршық кен орнында барлық кеніштің
жұмысын басқаруға жауап береді. Жобаның экологы Полиметаллдың басқа қызметкерлерімен,
сондай-ақ сынамаларды алуды және экологиялық мониторингті жүргізетін қосалқы
мердігерлермен бірлесіп жұмыс істейді.
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
7-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман әлеуметтік мәселелермен айналысады және Жобаға
жақын тұратын жергілікті тұрғындармен, атап айтқанда, Әуезов және Шалабай кентінің
тұрғындарымен тікелей жұмыс жасайды. Жобаны басқару құрылымы 1-суретте көрсетілген
Сур. 7.1: Қызыл Жобасына арналған Полиметалл кадрлары
Полиметалл Қызыл Жобасының ЭӘӘБ және ЭӘМЖ-де белгіленген талаптардың орындалуына
және сәйкестілігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына
сәйкестілігіне жауап береді, ол үшін тиісті ресурстар бөлінетін болады (ақшалай, адами,
жабдықтар және т.б.).
Қоршаған және әлеуметтік ортаны қорғау жөніндегі менеджердің жұмысы тәжірибелі
персоналдың жеткілікті санымен толықтырылған экология бөлімінен және жұртшылықпен
байланыс жөніндегі бөлімнен қолдау табуы тиіс. Жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимылға,
тұрғындармен жанжал жағдаяттарын реттеуге, тұрғындардың денсаулығына және қауіпсіздігіне
қатысты мәселелерді қоршаған және әлеуметтік ортаны қорғау жөніндегі менеджерге
бағынатын жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман шешетін болады.
Тиісті бөлімдер құжат айналымымен айналысатын болады. Учаскедегі ақпарат реттеуші
органдардың өкілдері не тәуелсіз аудиторлар үшін жеңіл қолжетімді болуы тиіс.
Сыртқы мердігерлер немесе Жобаның өкілдері де ЭӘӘБ және ЭӘМЖ белгіленген талаптарға сай
болуы тиіс. Жұмыстардың ауқымына және құрамына байланысты мердігерлерден, сондай-ақ,
қоршаған және әлеуметтік ортаны қорғау жөніндегі бөлім құрып, өз менеджерін тағайындау
талап етіледі. Мердігерлердің менеджері Жобаның қоршаған және әлеуметтік ортаны қорғау
жөніндегі менеджеріне бағынуы тиіс болады.
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
7-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
Сонымен қатар, ҚТ және ЕҚ және кадрларды басқару жөніндегі бөлімдер құрылып, басшылары
тағайындалуы тиіс.
7.6
ҚТ және ЕҚ саласындағы менеджмент жүйесі
Полиметаллдың Қазақстандағы тау-кен жобаларына арналып әзірленген ҚТ және ЕҚ
саласындағы жақсы саясаты бар. Компания өзінің біршама тәжірибесіне сүйене отырып, OHSAS
18001 (и 18002), «денсаулықты қорғау және қауіпсіздік менеджменті жүйесі» халықаралық
стандартына сәйкес Қызыл Жобасына арналған ҚТ және ЕҚ саласындағы менеджмент жүйесін
әзірлейді.
ҚТ және ЕҚ саласындағы негізгі құжат Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі
іс-шаралар жоспары болады. Оны Полиметалл ХҚК 2 ҚС еңбек саласындағы талаптарына және
жұмыс жағдайларына сәйкес әзірлейтін болады және Бақыршық кеніші қызметкерлерінің
денсаулығын, салауаттылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар жоспары қауіптерді
анықтауға, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға
арналған рәсімдерді қамтитын болады. Сондай-ақ, ол Компанияның ҚТ және ЕҚ жөніндегі
менеджментке, оқытуға және таратуға қатысты нобайлы құрылымымен бірге өндірістегі
жазатайым оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ кәсіптік аурулар туралы тиісті құжаттардың
сызбаларын
және
есептілік
процестерін
қамтитын
болады.
Ол Полиметалл қызметкерлерінің барлық деңгейлеріне, мердігерлерге және қосалқы
мердігерлерге қолданылатын болады, сол себепті, Жобада құрылыс басталғанға дейін
әзірленіп, енгізілуі тиіс.
7.7
Одан арғы жұмыс
Төменде Полиметалл белгіленген мерзімде жүргізуі тиіс, мысалы, учаскеде немесе жұмыстар
басталғанға дейін ірі ауқымды құрылыс басталғанға дейінгі іс-шаралардың тізімі ұсынылған. Кей
жағдайларда бұл ағымдағы талап болып табылады:
1.
Нобайлы іс-шаралар жоспарын Іске асыру жоспарына артықшылық жасай отырып,
Кестеде көрсетілген толық көлемді жоспарларға дейін пысықтау.
2.
Іске асыру жоспарымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық және
әлеуметтік менеджменттің нобайлы жүйесін әзірлеу және ҚТ және ЕҚ басқару жүйесін
әзірле;
3.
Әлеуметтік стратегияны әзірлеу;
4.
ХҚК қызмет стандарттарының талаптарына және Экватор қағидаттарына сәйкестілігін,
сондай-ақ Компанияның өзінің өндірістік және басқару тәжірибесін жетілдіруді
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
7-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
жалғастыратынын растау үшін Полиметаллдың әлеуметтік және экологиялық
әсерлерді басқару және мониторинг жөніндегі іс-шаралар жоспарын тексеру және
жаңарту;
5.
Төтенше жағдайларда іс-әрекетті жоспарлау және бюджетті қалыптастыру үшін
қауіптердің, оқиғалардың және басқа да төтенше жағлайлардың сипатын, салдарын
және ықтималдығын бағалау үшін кенішті салу, пайдалану, жою және жоюдан кейінгі
сатылар үшін қауіптілікті анықтау және тәуекелдерді бағалау.
6.
Қышқылды ағыстардың одан арғы бағалануын жүргізу және кәсіпорынның жобасына
қажетті іс-шараларды енгізу. Қышқылды ағыстардың қалыптасуын бағалау
нәтижелерінің негізінде ЭӘӘБ жаңарту.
7.
Жерасты суының радиация деңгейіне одан арғы талдау жасау және алынған
нәтижелерге байланысты қажетті іс-әрекетті орындау, мысалы, қызметкерлерге
арналған қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Барлық учаске
бойынша топырақ пен жерасты суының радиация деңгейіне жыл сайынғы мониторинг
жүргізу;
8.
Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі іс-әрекет жоспарын әзірлеу;
9.
Тарихи немес археологиялық құндылығы бар объектілер анықталған кездегі іс-әрекет
жоспарын тұрақты жаңарту;
10.
Экологиялық мониторинг дерекқорын құру;
11.
Мердігерлермен жұмыс жасау рәсімін әзірлеу;
12.
ХҚК қағидаттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жеткізу тізбегінің мониторингі,
мысалы, мердігерлердің адамдардың құқықтарын құрметтейтінін және балалар
еңбегін пайдаланбайтындығын растау (ХҚК 2 ҚС);
13.
Салық төлемдерінің көлемін анықтау және роялти
14.
Тұрғындардың мұқтаждықтарының ағымдағы дамуы және оларды түсіну
Тұрғындардың мұқтаждығын бағалау;
15.
Жергілікті кадрларды дамытуға арналған бюджетті бекіту және мүдделі адамдармен
келісу бойынша және тұрғындардың мұқтаждығын бағалау нәтижелерінің негізінде
жергілікті кадрларды дамытудың толық жоспарын әзірлеу.
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
525 бет
8
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМДАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ АШУ
Алтын шығарылатын кен орындарын қазіргі уақытта «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны»
ЖШС (БТӨК), Polymetal International PLC (PI) еншілес компаниясы әзірлейді. Бұл жоба Қазақстан
Республикасының солтүстік-шығыс бөлігінде, Шығыс-Қазақстан облысының Жармин ауданы
Әуезов поселкесінің маңында орналасқан. Кен орыны Өскемен қаласының облыс
орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км және Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 117
км қашықтықта орналасқан. Шалабай кенті Әуезов кентінен батысқа қарай 6 км орналасқан
және Шалабай округі Әуезов кентінің маңында орналасқан.
Бақыршық кен орны 1945 жылы ашылды және ашық өндіру 1956 жылы басталды. Бес негізгі
кен шығарылатын орын өндірістің алғашқы кезеңінде өңделінді, қосымша кен жақын жатқан
аумақтардағы төрт шағын кен шығарылатын орындардан алынды. Жер асты өңдеу жұмыстары
1963 және 1987 жж жүргізілді, кейіннен өндірілу жұмыстары жүргізілген жоқ және кен өндіру
жұмыстарын одан әрі тез бастау мақсатында консервациялануда болды. Қазіргі уақытта кен
шығарылатын орындар қолданыстан шыққан, басқалары жасанды су қоймалары, ал олардың
кейбіреулері, толтырылған болып табылады.
«БТӨК» ЖШС 1955 жылы Бақыршық алтын кен орны атауымен құрылған. Компания артынша
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС (Бақыршық БТӨК) деген атау алып және 1995
жылы БТӨК деп аталды.
8.1
Халықаралық алдыңғы тәжірибе
ЭӘӘБ үдерісінің аясында мүдделі тараптарды жұмысқа тарту жоспары әзірленуі тиіс және
толықтырылуы керек (Мүдделі тараптарды жұмысқа тарту жоспары - Басқару жоспары 10).
Мүдделі тараптарды жұмысқа тарту аясында Полиметалл орыс тілінде болсын, қазақ тілін
болсын, мүдделі тараптарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін бірқатар құжаттарды әзірлеуді
жоспарлауда. Бұл құжаттардың мақсаты - білім беру, Жобаның дамуы және онымен
байланысты экологиялық қауіптер және салдарын жұмсартудың стратегиялары туралы ақпарат
беру, мүдделі тараптарды ынталандыруға қоса Полиметалл жобасына қатысу. Мүдделі
тараптарды жұмысқа тарту жоспары сонымен қатар, өтініштер мен ұсыныстарды берудің
рәсімін де қосады, ол қазіргі уақытта Әуезов және Шалабай кенттерінде жүзеге асырылуда
және үнемі тексеріліп тұруы тиіс.
алдыңғы қатарлы тәжірибе - ЕБРР және МФК талаптары
алдыңғы қатарлы тәжірибе, ЕБРР және СД МФК талаптарына жатқызыла отырып, мүдделі
тараптармен өзара жағымды қатынастарды әзірлеуге жатқызылады, олар өзара бір-бірімен
сенімгерліктің және сыйластықтың арқасында құрылған. Осының көбісі жобаға мүдделі
тұлғаларды тарту мен қатыстыруға, мөлдір негізде мүдделі тұлғалардың арасында ақпаратты
таратуға және мүдделі тұлғаларға жобаның түрлі аспектілерін талқылау үшін мүмкіндіктерді
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
526 бет
ұсынуға, сонымен қатар, Жобаны әзірлейтін компанияға сұрақ қойып, одан жауап алуға
бағытталған. Бұған Полиметаллда қолданылатын нысандандырылған шағымдар рәсімін құру
кіреді, және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты қарастыруды қажет етеді.
Жобаның барлық мерзімінде экологиялық және әлеуметтік қызметті басқаруға МФК (СД1)
қызметінің стандарты жатады. Экологиялық және әлеуметтік басқарудың тиімді жүйесі осыған
қол жеткізудің қарқынды және үздіксіз үдерісі болып табылады, оған компания мен
қызметкерлер, жергілікті халық, және басқа да мүдделі тұлғалар кіреді, қажетіне қарай, яғни,
полиметалл НПО және жергілікті халықпен бірігіп біріккен мониторингтің бағдарламасын құру
үшін біріккен серіктестікті әзірлеуі тиіс. Бұл Полиметаллға кері байланысты орнатуға
көмектеседі, ол жергілікті халық пен белсенді рөл атқаратын НПО арқылы кедергілерді бұзу
мен білім беруді таратуға көмектеседі. 7 бөлімде экологиялық және әлеуметтік жүйелер
ұсынылған, және қалған проблемаларды жою үшін Полиметаллдың не істеу керектігі
жазылған.
МФК мүдделі тұлғалармен кеңес жүргізу/оларды тарту үшін негізгі құндылықтарды анықтады
1
:
1.
Қоғам олардың өміріне әсерін тигізетін шешімдерді қабылдауда дауыс құқығы
болуы тиіс.
2.
Қоғамға қатысу және шешімді қабылдауға әсер ету; Барлық қатысушылардың
мұқтаждықтары мен мүдделерін тану және талқылаудың есебінен тұрақты
шешімдерді қабылдаған уақытта қоғамның қатысуы;
3.
Қоғамның қатысуы адамдардың әсерге әлеуетті ұшырауына тартуға көмектеседі
немесе шешімді қабылдаған уақытта қызығушылық білдіреді.
4.
Олардың қатысуының тәсілін жоспарлау үдерісіне қатысушыларды тарта отырып
қоғамды қатыстыру;
5.
Қоғамның қатысуы олардың қатысуын анықтауға қажетті ақпаратты ұсынады
(мысалы, жобаны дамытудың барысында әзірлемелердің түрлі аспектілері туралы
мөлдір, түсінікті және дер кезіндегі ақпаратты ұсыну).
6.
Қоғамның қатысуы қатысушыларға олардың үлесінің шешімді қабылдауға
қаншалықты әсер еткендігін түсіндіруге мүмкіндік береді.
ЕБРР 10 ТР Мүдделі тұлғаларды тарту жоспарын әзірлеу және оны орындау барысында
жобаның мүдделі барлық тұлғаларын анықтауды қажет етеді. Мүдделі тұлғалардың картасы
мүдделі тұлғаларды тарту бойынша МФК басшылығының жақсы тәжірибесінің растайтын
құжаты болып табылады және Полиметалл оны үнемі жаңғыртып тұруды міндеттенеді, ол ұзақ
мерзімді болашақта мүдделі тұлғаларды тартудың жоспарын әзірлеу жөніндегі үздіксіз
міндеттемелердің құрамына кіреді.
1
Мүдделі тараптарды тарту: Нарығы құрылған елдерде қызметті жүзеге асыратын компаниялар үшін алдыңғы
қатарлы тәжірибе бойынша нұсқаулық (2007ж.) МФК
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
527 бет
Мүдделі тараптарды талдау және мүдделі тараптарды қатыстыруды жоспарлау
Өзінің мүдделі тұлғаларды тарту жоспарының аясында Полиметалл жобаның негізгі мүдделі
тұлғаларын анықтады. Бұл Мүдделі тараптарды жұмысқа тарту жоспарының көрсетуінше,
Полиметалл оның түрлі кезеңдерінде жобаға қызығушылық білдіретін жобаның мүдделі
тараптырымен өзара байланысады, оған Бақыршық кен орындарында өндіруді аяқтау
жөніндегі іс-шаралар, құрылыс, пайдалану кіреді. Мүдделі тараптарды тарту жоспары
“үдемелі” құжат болып табылады, оны полиметалл үнемі қайта қарастыруы және жаңғыртып
тұруы қажет. Оған мәліметтер қосылады және себебі жобада шағымдарды беру мен оны
қарастыру үдерісі жүзеге асырылады. Мүдделі тараптарды жұмысқа тарту жоспары
Полиметаллмен әзірленді және WAI тексерілді.
8.2
ЭӘӘБ үдерісі кезінде жүргізілген кеңестер туралы мәліметтер
Осы тарауда ЭӘӘБ үдерісінің түрлі кезеңдерінде жүргізілген кеңестер туралы мәліметтер
көрсетілген. Мүдделі тараптарды жұмысқа тарту жоспары мүдделі тараптарды тарту бойынша
іс-шаралар туралы мәліметтерді одан әрі ұсынады.
Жұмыстардың көлемін анықтау кезеңі
Жұмыстардың көлемін анықтау - бұл ЭӘӘБ үдерісіндегі маңызды қадам, соның нәтижесінде
әлеуетті әлеуметтік және экологиялық салдар анықталады және жалпы ЭӘӘБ мақсаттары үшін
зерттеу саласын кішірейту мақсатында қолданыстағы мәліметтер тексеріледі. Жұмыстардың
көлемін анықтау кезеңі жобалаудың итерациялық үдерісіне көмектеседі, ол техникалық -
экономикалық негіздемемен қатар жүргізіледі, соның нәтижесінде, ұзақ жұмыстардың
нәтижесінде пайда болған экологиялық жобалаудың шаралары мен әлеуметтік басқарудың
талаптары немесе қандай да бір жаңа жобалау жұмыстары жобалау тобы үшін белгіленеді.
WAI БГП тапсырыс бойынша экологиялық және әлеуметтік алдын-ала бағалау жұмыстарын
жүргізді (2013 жылы жарияланды), онда Бақыршық кен орнын пайдалануға қайта енгізу және
жаңа байыту фабрикасы мен тиісті инфрақұрылымды салу жоспарланған.
Алдын-ала бағалау БГП жобалаудың түрлі кезеңдерінде дайындалған аяқталған және
жартылай аяқталған құжаттардың бірқатарына сүйенді. Олардың ішінде негізгілері келесілер
болды:
Экологиялық техникалық - экономикалық негіздеме (EFS), Sustainability PTY Ltd
(аяқталды, 2011ж.);
әлеуметтік әсер етуді бағалау (SIA), Экологиялық ресурстарды басқару (ERM)
және Sange (аяқталған, 2011ж.);
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
528 бет
Экологиялық және әлеуметтік әсер етуді бағалау (ЭӘӘБ, 2011 ж.), Sustainability
және ERM, (аяқталмаған, 2012 ж.).
2013 жылдың наурызында WAI талдау кезінде ұсынылған барлық бастапқы
құжаттардың толық тізілімі.
алдын-ала бағалау үшін қоғаммен кеңес беру жұмыстарын жүргізгеннен кейін WAI
мамандары Полиметалл компаниясы үшін келесі кезеңге арналған қызметтің келесі басымды
бағыттарын анықтады, оның ішінде:
Мүдделі тараптардыүздіксіз тарту;
мүдделі тараптардың тізілімін жаңғырту;
Шағымдарды беру мен қарастырудың механизмінің жұмысын қолдау;
Мүдделі тараптарды тартудың ағымдағы аялық жоспарын әзірлеу және
жоспарды орындау;
Жергілікті халықты басқару жоспарын әзірлеу және іске асыру (ComMP);
Шағымдарды беру мен қарастырудың рәсімдерін мониторингтеу;
ЭӘӘБ аралық кеңес беру/жаңғырту жұмыстары
Полиметаллдың қызметкерлері елді мекендердің өкілдерімен арнайы бірқатар жұмыстар
жүргізду, олар Әуезов және Шалабай жобасына әсерін тигізуі мүмкін. Мүдделі тараптарды
жұмысқа тарту жоспары кеңес берудің қосымша іс-шараларын қарастырады, олар
Полиметаллды пайдаланады, оның ішінде жоғары деңгейдегі шенеуніктермен бірге жобаның
жалпы дамуының себептерімен кездесулерді өткізеді.
8.3
Компанияның саясаты
Полиметаллдың көпшілікті тыңдалымдар үшін мына процедуралардан тұрады:
Жергілікті БАҚ-да қоғамдық тыңдалымдар қазақ және орыс тілдерінде
өтетіндігі туралы жарнама орналастыру, сонымен қатар жергілікті атқару
органдарынының интернет-сайттарында ақпарат орналастыру. Түсіндірмелер
мен сұрақтар әрбір хабарламамен бірге ұсынылуы мүмкін;
Жергілікті әкімшілік органдарының сайттарында ҚОӘБ мазмұнын дайындау,
жариялау және ұсыну. Түсіндірмелер мен сұрақтар әрбір хабарламамен бірге
ұсынылуы мүмкін;
Қажет болған жағдайда қоғамдық тыңдалымдар нәтижесінің ұсыныстар мен
ескертпелеріне сәйкес түзетулер енгізу;
ҚОӘБ өзінде қоғамдық тыңдалымдардың түпкілікті хаттамасы мен нәтижелерін
ұсыну.
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
529 бет
Ақпараттыққа негізделген мүдделі тараптардың кеңес беруі мен қатысуы (ICP) халықаралық
алдыңғы қатарлы тәжірибеге сәйкес мүдделі тараптардың тартылуы үдерісінің арқасында
өткізіледі. Бақыршықтың орналасқан орны әлеуетті жағымсыз әсері бар Жоба болғандықтан,
БГП ақпараттыққа негізделген кеңес беру мен қатысу үдерісін жүргізеді, олар кеңес беруді
жүргізу бойынша мүдделі тараптарды тарту жоспарында сипатталған қадамдарға сүйенеді
және Жобаға қатысты халықтың қатысуына әкеледі. Жергілікті тұрғындардың саналы қатысуы
терең пікірлер мен ақпараттармен алмасуды қосады және клиенттің шешім қабылдау
үрдісінде енгізуге апаратын ұйымдастырылған және қайталама кеңестер, әсерді бастан кешіп
жатқан, оларды тікелей тиетін, қоғамдардың сұрақтары бойынша пікірлерден тұрады. Бұның
құрамында: зардапты жұмсарту бойынша ұсынылып жатқан шаралар туралы ақпаратты ұсыну,
пайданы бірлесе отыра қолдану және даму мүмкіндіктері және іске асыру проблемалары.
8.4
Қоғамдық тыңдалымдар
БГП ресми қоғамдық тыңдалымдардың жүргізілуі басталғанға дейін үнемі мүдделі тараптарды
ақпаратпен қамтамасыз етуге ынталы. Ақпаратты ашу жөніндегі негізгі іс-шаралар, оның ішінде
қоғамдық тыңдалымдар келесі есептер мен ақпараттарды қосады, олар экологиялық әсердің
бағалануын дайындау кезінде және экологиялық және әлеуметтік әсерді бағалау кезінде
ұсынылады:
Бақыршық кен орнының ОӘБ есебі бойынша қоғамдық тыңдалымдары, 2011
жылы ұсынылған
Экологиялық және әлеуметтік әсерін бағалау мәселелері бойынша қоғамдық
кеңестер, 2011 жылы ERM дайындалған;
WAI және БГП 27-30 мамырда жүргізілген ЭӘӘБ бағасы мен
тұжырымдамаларының нәтижелерін ұсыну (Әуезов кенті – 27 мамыр 2013 жыл,
Шалабай – 27 мамыр 2013 жыл; мүдделі тараптармен жеке кездесу -28 мамыр
2013 жыл; Калбатау – 28 мамыр 2013 жыл, 31 мамыр – ЮНИСЕФ кездесу).
Кездесулер туралы толығырақ ақпарат алу үшін алдын-ала бағалаудың 1
қосымшасын қараңыз.
Жоғарыда аталған іс-шара кезінде пайдаланылатын құжаттар Жобалауды бастаудың
аясындағы жоба туралы алдын-ала ақпараттан және қолданыстағы кенішті кеңейту
мақсатында рұқсат алу кезеңінен құралған. Олар ОЭЖВ және ТЭН-нің жүру мөлшері бойынша
біртіндеп жаңартылатын болады. Жобаның әзірленуі, осы әсердің жұмсартылуы бойынша
әсерлер мен шаралар туралы толық ақпарат ЭӘӘБ есебінде ұсынылатын болады, ақпаратты
ашу 2015 жылы жүргізіледі.
Құжаттардың көшірмелерін келесіден қарауға және алуға болады:
Бақыршық кен орны мен Алматыдағы БГП кеңселерінен;
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
530 бет
Қоғаммен байланыс бойынша маманнан.
4.2 бөлім. Мүдделі тараптарды тарту жоспары қазіргі таңда іс-шараларды қамтиды, оған
Қоғамдық тыңдалымдарды қосуға болады.
ОЭВЖ әлеуметтік аспектісі бойынша мүдделі тараптармен кеңестер және өзара әрекеттестік
2015 жылдың маусым-шілдесінде жергілікті деңгейде Әуезов ауылында және облыстық
деңгейде Өскемен қаласында өтті. Бұл мүдделі тараптар қоғамдық тыңдалымдарға және
мүдделі тараптарды тарту жөніндегі кездесулерге қатысуды жалғастыра береді. Көп ретте
келесі мүдделі тұлғалар сұралды:
Шығыс-Қазақстандық аймақтық (облыстық) – Өскемендегі деңгей:
o
Облыс әкімдігінің өкілдері;
o
Шығыс-Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің өкілдері;
o
Аймақтың мәдени мұрасы бөлімінің өкілдері;
Қалбатаудағы Жарма аудандық деңгейі:
o
Қалбатау ауруханасының басшысы;
o
Ауданның бас экономисті;
o
Аудан әкімдігінің координаторы;
o
Археологиялық экспедиция – қола дәуірінің жартастағы суреттерін
зерттеуге арналған;
Әуезов кентінің мүдделі тараптары:
o
Ауыл әкімі
o
Әуезов кенті мешітінің өкілдері, соның ішінде имам;
o
Дүкендер мен супермаркеттердің иелері;
o
Аспазшылар және жергілікті мейрамханалар мен кафелердің өкілдері;
o
Ауылдың ақсақалдары;
o
Жергілікті өзендер мен көлдерден балық аулаумен айналысатын
балықшылар;
o
Жергілікті малды бағатын бақташылар;
o
Басты кітапханашы;
o
Әйелдер бірлестігінің өкілдері;
o
Жергілікті мектептің директоры;
o
Полицейлік;
o
Жобаны әзірлеу нәтижесінде қоныс аударған тұрғындар;
o
Әуезов және Солнечный кентілерінің тұрғындары, соның ішінде
отбасыларға құрылымдық сауалнама өткізу арқылы;
o
Жеке және өнеркәсіптік су пайдаланушылары;
Шалабай кентісінің мүдделі тараптары:
o
Ауыл әкімі
o
Дүкендер мен супермаркеттердің иелері;
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
531 бет
o
«Шалабай» ЖШС-тің жетекшісі, ірі ферма мен негізгі жергілікті жұмыс
беруші;
o
Жергілікті мектептің директоры;
o
Жобаны қамтамасыз ету үшін салынған Шалабай темір жол бекетінің
жұмысшылары;
o
Жеке және өнеркәсіптік су пайдаланушылары;
o
Әуезов және Солнечный кентілерінің тұрғындары, соның ішінде
отбасыларға құрылымдық сауалнама өткізу арқылы;
Жаңаауыл кентісінің мүдделі тараптары:
o
Аңшылық пен балық аулаумен айналысатын тұрғындар:
o
Жергілікті фермерлер;
o
Жеке және ауылшаруашылық су пайдаланушылары;
«Полиметалл» компаниясы мен БГП қызметшілері:
o
Жобаның жетекшісі;
o
Қауіпсіздік қызметінің жетекшісі;
o
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы облысындағы маман;
o
Заңгерлер;
o
Кадрлар бойынша мамандар;
o
Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің өкілдері;
o
Техникалық бөлім мен өндіріс бөлімінің жетекшісі;
o
Жергілікті халықпен байланыс жасау бойынша маман;
o
Жер пайдалану және жер қойнауы бөлімінің өкілдері.
Полиметалл 2014 жылдың тамызында «Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау»
тақырыбында қоғамдық техникалық-экономикалық негіздемелер нәтижелері негізінде
Бақыршық кен орнының параметрлерін өңдеуге негізде құрастырылған тыңдалымдар өткізді
(ҚОӘБ-алдындағы кезең) ТЭН және ҚОӘБ алды бойынша есептер ашық және жер асты өндіру,
инфрақұрылым және кенді қайта өңдеу бойынша шешімдерден тұрады.
2015 жылы шілдеде ҚР заңнамасына сәйкес орындалған «Қоршаған ортаға әсерді бағалау»
бойынша тыңдалымдар өткізілді. Қазіргі кезде ҚОӘБ бойынша есеп қоғамдық кеңес
сериясынан өтуде.
Барлық қоғамдық тығдалымдар хаттамасы жалпыға қол жетімді және БТӨК сұранысы
бойынша ұсынылады. Компания, барлық келесі деңгейлерде: ақпараттық кездесулер немесе
жоба бойынша кездесулер, қоғаммен ж.т.б. кездесулер, қызығушы тараптармен барлық
кездесулерді бақылап отыратын, қызығушы тараптармен қарым-қатынас журналын жасап
шығарып, падалануда. Бұл, қызығушы тараптармен өзара қатынасты басқару жүйесі,
қызығушы тараптармен өзара қатынас жиілігін көрсете отырып және нақты адамдармен
көтерілген қатысушылар мәселелері немесе сұрақтар жазбасына ие бола тұра, барлық
кездесулердің жасанды есебін жасап отыруға мүмкіндік береді. Бұл құжаттама БТӨК-ке
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
8-тарау
ZT52-0156/MM1021
2015 ж. желтоқсан
V1.0 соңғы нұсқасы
532 бет
компанияның барлық көтерілген сұрақ-жауабына салыстырмалы болып келетін, сұрақ-жауап
бойынша есеп құруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |