П/п Наименование дисциплины


Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы ҚҰРАМА



бет10/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
бірінші жартысы

194
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ҚҰРАМА
Əнім бұл салған — “Құрама”, 
Дауысым тозған шағында. 
Бұл жалған мəңгі тұра ма, 
Орамай бұлдыр сағымға?
Əн сал десең, əлеумет, 
Шырқайын қуат барында, 
Қалмай да қойды ескі əдет, 
Шашымның мынау ағында.
Тарлан көк енді жорғалар, 
Көп думан келсе ағылып. 
Домбырасын қолға алар, 
Қалған екен сағынып.
Біраз шырқап берейін, 
Дариядай шалқар ағылып. 
Əлеумет, өссін мерейің, 
Қалмаса күшім тарылып.


195
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ҚАРАЛДЫМ
Артық туған Қаралдым, 
Өзіңді ойлап жаралдым. 
Құрмалдық шалың сарп етпей, 
Бар малын сенен аяр кім?
Биікте асыл тұрағың, 
Жайқала шыққан құрағың. 
Ақылың дария мұхиттай, 
Қолымда жанған шырағым.
Ақ сұңқар ұшса қолымнан,
Бөктергі түссе соңыңнан. 
Басқа да жаққа ұмтылып, 
Адаспа, қалқам, жолыңнан.
Жүйрік міндік жиынға, 
Қызығып кеттім ойынға. 
Бір сен үшін, Қаралдым,
Басымды тостым сойылға.
Таяқ жеп он күн ағаңнан, 
Түк қалдырмай жағамнан. 
Келуден саған бас тартпас, 
Сұңқармын артық жаралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет