Практикалық жұмыстар


Ұзақ уақыттық есті зерттеу



бет5/18
Дата16.12.2023
өлшемі160,21 Kb.
#140243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ұзақ уақыттық есті зерттеу
Ұзақ мерзімді жады ұзақ уақыт есте сақтауға, өмір бойына арналған. Ұзақ мерзімді жадыны тексерген кезде есте сақтау жылдамдығын, есте сақталғанның сақталу дәлдігін және есте сақталғанның көбею жылдамдығын бағалауға болады. Барлық жағдайларда бірдей ынталандырушы материал қысқа мерзімді жадыны зерттеудегідей қолданылады.
Ұзақ уақыттық ec — білімдерді ұзақ уақыт есте ұстауды, сондай-ақ біліктер мен дағдыларды және орасан зор ақпарат көлемін есте сақтауды қамтамасыз ететін ес жүйешесі. Мәлімет-деректерді ұзақ уақыттық еске енгізу мен бекітудің негізгі механизмі. Әдетте, қысқа уақыттық ес деңгейінде жүзеге асырылатын қайталау деп есептеледі. Алайда таза механикалық қайталау орнықты ұзақ мерзімдік есте сақтауға жеткізбейді. Бұған қоса вербалдық не оңай вербалданатын ақпарат жағдайында ғана қайталау мәліметтерді ұзақ уақыттық есте орнықтырудың қажетті шарты болады. Жаңа материалды ұғынып түсінудің, жаңа материал мен субъектіге бұған дейінгі мәлімнің арасындағы байланыстарды анықтаудың шешуші мәні бар. Мұндай есте сақталатын хабардың сыртқы беткі нысаны елеусіз болып, бірақ оның есесіне хабардың мәні ұзақ уақыт есте қалады. Ұзақ уақыттық ecте орасан зор деректер сақталатынын ескергенде, бұл деректер барынша дұрыс ұйымдастырылса ғана қажет ақпарат оңай табылатыны анық. Эксперименттік деректерге қарағанда, ұзақ уақыттық есте білімдерді ұйымдастырудың бірнеше нысаны бір мезгілде жұмыс атқарады. Олардың бірі — семантикалық ақпаратты неғұрлым абстрактілі, тектік және неғұрлым тән сипатты, түрлік ұғымдарға бөлу принципі бойынша иерархиялық құрылымдарға ұйымдастыру нысаны жекелеген ұғымдарды санаттың бір не бірнеше типтік өкілдерінің айналасына топтастыру. Мысалы, "үстел", "жиһаз" санатындағыларды топтастыруға "хатшы " не "софа" дегендерге қарағанда анағұрлым қолайлы. Ұзақ уақыттық ecтегі семантикалық ақпарат ұғымдық жайттарды ғана емес, субъектінің қайсыбір деректерге көзқарасын білдіретін эмоциялық — бағамдаушылық жайттарды да қамтиды. Ұзақ уақыттық ecтегі ақпараттың ұйымдастырылуын зерттеудің танымдық сала мен тұлғаның диагностикасының маңызды құралы болатыны да сондықтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет