Практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата29.01.2017
өлшемі13,56 Mb.
#2961
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Жақсыбай САМРАТ
«Егемен Қазақстан» газеті,
25 маусым 2013 ж. 

191
Қожаберген жырау – 350
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ 
АҚПАРАТ МИНИСТРІ МҰХТАР 
ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қауым!
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Атақты жырау, әйгілі қолбасшы, абыз шежіреші Қожаберген бабамыздың 
туғанына биыл 350 жыл толып отыр. Жырау мұрасының бүгінгі ұрпаққа берері 
мол.
Қожаберген жырау – ең әуелі, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
оқиғасының жыршысы яғни қазақ мемлекеттілігінің жаршысы. Батыр 
 
бабамыздың «Елім – ай» эпопеялық жыры – қазақ халқының нәубетті бастан 
кешірген қиын – қыстау кезеңінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, 
жарты ғасырлық әрі әділетті, әрі азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызды 
кесек, тарихи шығарма.
Жырау шығармалары – ғасырлар бойы бодандықтан арылмаған қазақ  
халқының ел болып еңсесін көтеруге, ұлт намысын оятуға, рухани тәуелсіздіккке 
бастайтын өшпес асыл мұра болып қалғандығымен құнды.
Оның елшілік қызмет атқарған қайраткерлік келбетін де орынды бағалауға 
тиіспіз. Үргеніш медресесінде оқып жүргенінде парсы, араб, шағатай тілдерін 
жетік меңгергенін білген Тәуке хан оны елшілік қызметке пайдаланған. Батыр 
бабалардың ерен еңбегі ұрпақ жадында ешқашан өшпек емес.
Артымда өзім өлсем атым қалсын,
Жырыма барша жұртым құлақ салсын.
«Бабамның Қожаберген өлеңі», – деп 
Ұмытпай кейінгі ұрпақ есіне алсын, – 
деп, батыр бабамыздың өзі жырлағандай, Қожабергентану мұрасын артында 
қалған ұрпақтары әлі де зерделеп, ел игілігі жолында іске асыратынына  шүбә 
жоқ.
Бүгінгі конференция жұмысына табыс тілей отырып, бабалар атын ардақтап, 
еңбегін ұлықтаған ұрпақтардың игі істері оң болсын деп тілеймін!
М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі

192
        Қожаберген жырау – 350
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН  ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ 
ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Қазақтың даңқты батыры, жырау Қожаберген Толыбайұлының туғанына 
350 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Ел тұтастығы үшін күрескен қа-
һарман тұлға – Қожаберген жырау» республикалық ғылыми-практикалық  
конференцияның ашылуымен құттықтаймын!
Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біздің еліміздің бүкіл 
әлем алдындағы беделі зор. Осындай еліміздің  жеткен жетістігі мен мызғымас 
тәуелсіздігі – бізге тарих қойнауында әлі түндігі ашылмаған ақтаңдақтарды 
ашуға мүмкіндік беріп отыр.
Еліміздің тарихында өшпес із қалдырып, XVII-XVIII ғасырда өмір сүрген 
жырау Толыбайұлы Қожабергеннің «Елім-ай» эпопеялық жыры қазақ хал-
қының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрі әділетті, әрі 
азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызды тарихи шығарманың авторы 
екендігі баршамызға белгілі.
Үргеніш медресесін бітіріп, араб, парсы шағатай тілдерін жетік меңгерген өз 
заманының білімді адамы Қожаберген жырау Әз Тәукенің  сенімді елшілерінің 
бірі болды.
Тәуке ханның  заңдарын жинақтап, бір жүйеге келтіруге атсалысқан Ол, өзі 
өмір сүрген заманның қоғамдық және әлеуметтік жағдайын баяндайтын «Жеті 
Жарғы» поэмасын жазды.
Сонымен қатар, Қожаберген жырау  1688-1710 жылдары жиырма жылдан 
астам уақыт қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қол-
басшылық жасаған, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер екендігін де 
ғалымдарымыз тарихи деректермен дәлелдеп отыр.
Қожаберген жыраудың өмірі мен тарихта алатын орнын зерделеу өркениетке 
бет алған еліміз үшін маңызы өте зор.
Бүгінгі Қожаберген жырауға арналған конференция жас ұрпаққа өткенімізді 
өшірмей, тарих жадында ұстауға бағытталған игі іс – шара боларына сенімдімін.
Конференция жұмысына сәттілік және шығармашылық табыстар тілеймін.
Б. ЖҰМАҒҰЛОВ,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

193
Қожаберген жырау – 350
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ 
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
НҰРЛАН ОРАЗАЛИННІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қадірлі қауым, Сіздерді даңқты қолбасшы, дауылпаз жырау Қожабергеннің 
350 жылдығына арналған конференцияның ашылу салтанатымен құтықтаймын!
Елбасымыз атап өткендей, «қазақтың өткен тарихында қазақ ұялатындай 
ешнәрсе жоқ». Біз ұлы оқиғалардың куәгерлеріміз, ұлы құндылықтардың 
мұрагерлеріміз. Бабадан қалған сөз – асыл, атадан қалған жол – даңғыл. 
Бүгінде әлемнің саяси – жағрафиялық  картасында көлемі жағынан тоғызыншы 
орында тұрған, Алтайдан Атырауға, Алатаудан Шыңғыстауға дейін кең көсіліп 
жатқан ұлан-ғайыр байтақ өлкені аттың жалында, түйенің қомында жүріп, күндіз 
отырмай, түнде ұйықтамай, алты малтаны ас қылған баһадүр бабалар өз өмірінің 
құнымен сақтап қалды. Көздің қарашығындай мөлдір осы дүниені бізге аманат етті.
«Тар жолды, тайғақ кешулі» күрделі кезеңдерді бастан кешіре отырып, «ма-
лым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қазақы бол-
мыспен, қайыспас қара нардай жанкештілікпен, жанпидалықпен осы күнге – 
Тәуелсіздігімізге де жеттік.
Біздің Ұлы Даланың әрбір тасы – тұнған тарих, әр тұлғасы – сол тарихтың 
асыл шежіресі. Аумалы-төкпелі, алағай-бұлағайлы кешегі 17-18 ғасырлар, ұлт 
тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалған қанды 
жылдар жадымыздан әлі өше қойған жоқ. «Қаратаудың басынан көш келеді, 
көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп зар басталғанда әлі күнге дейін сай-
үйегіміз сырқырап, қабырғамыз қайысып, қан жұтардай күй кешеміз. Жаны-
мызда қалған, жадымызда қалған, қанымызда қалған қасірет әлі қанша ұрпақты 
тебірентіп, қанша ғасырды күңіретер екен.
Ұлт арманы мен мемлекет мүддесі жолында жанын найзасының ұшына 
түйген сол дала данышпандары мен алаш әулиелері, қазақ хандары мен баһадүр 
батырлар бейнесінің ішінде Қожаберген жыраудың да есімі биік тұр. Ол 1680-
1710 жылдар аралығындағы оқиғалар кезінде алты алаштың  аруағын көтерген 
батыр, қаһарман қолбасшы, даланың даңқты абызы, әулиедей көрген ұстазы. 
Сол тарихтың тірі куәгері, оны «Елім-айлап» ұрпаққа жеткізуші дала жырауы. 
«Жеті Жарғыны» жазуға қатысқан, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси 
мәселелерінде қолтаңбасы қалған дипломат, мемлекет қайраткері.
Қожаберген жыраудың 350 жылдығы – елдің, ел мұратының тойы. Оның 
даңқын көтеру ұлт тарихына деген құрмет деп білеміз.
Н. ОРАЗАЛИН,
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы
13-254

194
        Қожаберген жырау – 350
СОЛТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ                                                                                     
САМАТ  ЕСКЕНДІРОВТІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қадірменді қауым!
Қожаберген жырау бабамыздың торқалы тойы құтты болсын!
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәдени мұра» 
бағдарламасы аясында елімізде ауқымды істер атқарылып, рухани қазынамыз 
жылдан-жылға молаю үстінде.
Мемлекетіміздің басшысы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған 
Тәуелсіздіктің іргетасы – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, арманда 
өткен асылдарымызды ардақтауға айрықша мән беріп отырғаны белгілі.
Соған орай Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдығы Қазақстан Респу-
бликасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ел көлемінде аталып өтілуде.  Кең-байтақ 
жерімізді жат жұрттың шеңгелінен қызғыштай қорғап, жалынды жырларымен 
халық жігерін жанып, рухын көтерген дауылпаз ақын-жырау, атақты ордабасы, 
ержүрек батыр, мемлекет қайраткері Қожаберген Толыбайұлының есімі халық 
жадынан ешқашан өшкен емес, өшпейді де.
Өйткені, Қожаберген Толыбайұлы – қазақ елінің алғашқы заңдық 
құжаттарының бірі «Жеті Жарғыны» жүйелеген Әз Тәукенің үзеңгілес жол-
дасы, көк сүңгіні көлденең ұстап елге пана болған Бөгенбай батырдың ұстазы, 
Алаштың ақылманы, қазақтың қара қылды қақ жарған әділ билеушісі Абылай 
ханның кеңесшісі болған тарихи тұлға.
Бір бойына батырлық, қолбасшылық, ақындық, сазгерлік, күйшілік, көрегендік 
сияқты асыл қасиеттер молынан тарыған ұлы бабамыздың  Қызылжар өңірінің 
киелі топырағында дүниеге келуі біз, жерлестері үшін айрықша мақтаныш.
Ел шежіресіндегі зар заман саналатын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл 
сұлама» нәубетінің айнасына, халқымыздың әнұранына айналған «Елім-ай» – 
баға жетпес асыл мұра. Оның «Баба тіл», «Қорқыт баба», «Асан ата», «Еңсегей 
бойлы ер Есім», дастандары, «Ақсауыт» «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Қазақ 
пен Ноғайдың қоштасуы», «Сылаң сыр» өлеңдері мен «Аңырақай», «Сұлама», 
«Боз айғыр» күйлері мен өлең-дастандары – замана сырын шерткен тарихи 
туындылар. Сондықтан да Қожаберген Толыбайұлы – барша қазаққа ортақ 
қаһарман тұлға. Халқымыздың бостандығын, еліміздің тәуелсіздігін қорғау жо-
лында жанын шүберекке түйіп, ширек ғасыр қазақ қолын басқарған қолбасшыға 
қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Азаттық үшін арыстанша арпалысып 
өткен батыр бабамыздың атын ардақтап, рухына тағзым ету – әрбір саналы 

195
Қожаберген жырау – 350
азаматтың қасиетті борышы. Қожаберген жырау есімін мәңгі есте қалдыру, ар-
тында қалдырған бай мұрасын терең зерттеп, кеңінен насихаттау – өткен тарих 
алдындағы парызымыз, бүгінгі және болашақ ұрпақтар алдындағы қарызымыз. 
Өйткені, Қожаберген жырау бабамыздың рухын асқақтату Тәуелсіз Қазақ 
елінің Қожаберген жырау сынды патриоттарын тәрбиелеу үшін қажет.
Сондықтан да ұлы бабамыздың өнегелі өмірі мен өшпес ерлігін, жұрт жа-
дында сақталған шығармашылық асыл мұрасын зерттеп, ел игілігіне айнал-
дыру жолында тер төгіп жүрген ғалымдар мен ізденімпаз азаматтарға барша 
солтүстікқазақстандықтардың атынан зор ризашылық білдіремін.
Бүгінгі конференция жұмысына сәттілік тілеймін!
С. ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі 
МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ                                                                
АЛИК АЙДАРБАЕВТЫҢ Қ
ҰТТЫҚТАУЫ
Қымбатты отандастар, ардақты ағайын!
Өткеннің ащы сабағынан өрелі ой түйіп, ғасырлар қойнауында жіберген 
өлшеусіз есеміздің орнын еселеп толтыру, тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігін 
қалыптастыруда қапы жібермей, ұпайымызыды түгендеп, әркез ұтысқа шығу, 
ақыл мен парасат, білім мен білік, өршіл ұлттық рухпен баянды болашаққа бағыт 
ұстану – басты мұратымыз екендігін Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан- 
2050» стратегиясында атап көрсетті. Халқымыздың басынан қаншама ауыр 
күндер өтсе де, ел басына күн туған аласапыран кезеңдерден аман өттік. Әрине, 
ер етігімен, ат ауыздығымен су ішіп, ел үшін, жер үшін болған қанды қырқыс, 
жаугершіліктерде талайлаған қаһарман ерлеріміз халқына қалқан болып, қанды 
майдандарда шейіт кетті. Қара басының қамымен күйгелектемей, елдіктің 
туын тіктеген, мойнына ел қамытын жүктеген, ата намыс жолында атан нар-
дай іс қылып, атам қазақтың азаттығы мен бостандығы үшін қаһармандықпен 
құрбан болған арыстарын халқымыз ұдайы жадында жаңғыртып, есімдерін зор 
құрметпен еске алады.
Осындай тар жол, тайғақ кешу, ел басына қара бұлт үйірілген «ақтабан 
шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған дүрбелеңді дүниеде үш жүздің біріккен 

196
        Қожаберген жырау – 350
қолының бас қолбасшысы әрі дәуір жырын толғаған дауылпаз жырауы атанған 
Қожаберген Толыбайұлының ғұмыр дастаны ұрпақтан-ұрпаққа кеңінен жария 
етерліктей даңқ пен үлгі-өнегеге толы. Бүгінгідей өз алдымызға дербес ел бо-
лып, ұйқымыздан дүр сілкініп жатқан тұғырлы шақта, ғасырлар бойы зарыға 
аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз қандай қымбат, ұлы Отанымыз қандай қасиетті 
болса, Ұлы Даланың қарыс сүйем киелі пұшпағы үшін қасарыса қан төккен 
қайсар тұлғаларымыз қандай аяулы десеңізші! Тайбуырылдай асау тұлпардың 
айнымас ізіндей тарих сорабында мәңгі өшпес те өлмес ересен ерлік, қайталанбас 
даңқ  дәстүрін  қалдырған баһадүр бабалардың біртуар болмысын ұлықтау – 
парызымыз да, қарызымыз да. Бүгінгі заманда егемен еліміздің кең-байтақ, 
шалқар жазирасы көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды иеленсе, көңіл 
марқайтардай бұл өлшеусіз игілік, шадыман қуанышта қарыс сүйем жер үшін 
арғымағын ойнатып, қос дұшпанға көк сүңгісін бойлатқан жаужүрек ерлеріміздің, 
елді біріктірген, ынтымаққа ұйытқан хан-сұлтандарымыздың, батырлар мен 
билеріміздің, ақындар мен ғұламаларымыздың алар орны айрықша.
Міне, осындай қилы да қатерлі, тарихи сәтте елін, халқын қатыгез жаумен 
ымырасыз күреске үндеп, «Елім-ай»  жырын толғаған қазақ даласын кеудесінен 
шыбын жаны шыққанша өліспей-беріспей қорғаған Қожаберген жырау – ұлы 
данамыз да, ұлы бабамыз да.
Ұлағатты той құтты болсын, ауызбіршілігіміз мықты, елдігіміздің қабырғасы 
бекем, тәуелсіз Қазақстанымыз ырыс пен ынтымаққа, береке мен мерекеге тола 
берсін!
Өсер, өнер ұлыс пен ұрпақтың бойына аруақты бабалар рухы қонсын, елдік 
жасампаздық істерімізді қолдасын!
А. АЙДАРБАЕВ,
Маңғыстау облысының әкімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ 
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАТ 
ЖҰРЫНОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті конференция қатынасушылары!
Өткен тарихты тану, бабалар рухын ояту, болашаққа бағдар беру бағытындағы 
мәні мен маңызы зор алқалы жиын, ғылыми бас қосуларыңызбен құттықтаймын!

197
Қожаберген жырау – 350
Бүгінгі таңда даңқты бабамыз Қожаберген жырау Толыбайұлының әдебиет 
пен тарихымызда, әскери тану ғылымымызда, жалпы руханиятымызда алар 
орны ерекше. Парасаты биік, отаншыл да ұлтшыл азаматтардың, әдебиетші 
және тарихшы ғалымдардың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде біз Қожаберген 
бабамызды атақты «Елім-ай» эпопеялық дастанына қоса, «Күлдірмамай», 
«Қойлыбай көрген», «Қарасары болат керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл», 
«Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», 
«Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр», т.б. ондаған құнды 
шығармалар қалдырған жалынды жырау ғана емес, ел басына күн туғанда 
қолына найза ұстап жауға шапқан ержүрек батыр, қол бастаған әскери қаһарман 
қолбасшы, сондай-ақ «тоқсан ауыз сөздің тобықтай» түйінін айта білген ділмәр 
шешен ретінде де танып білдік. Оның мұраларын түгендеп, қайта шығару, есімін 
есте қалдырып, мектеп пен оқу орындарына атын беру, еңселі ескерткішін орна-
ту бағытында да бірқатар іс-шаралар атқарылды. 
Басымызда – еркіндік, қолымызда – билік болмаған кешегі тоталитарлық 
қоғамда мұның бірі де болмады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылы Қожаберген Толы-
байұлының туғанына 350 жыл толу мерейтойын атап өту жөнінде арнайы қаулы 
қабылдадаы. Осының аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым 
комитетінің, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, 
М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, сондай-ақ «Жеті Жарғы» 
және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының 
ұйытқы болып, ҚҰ Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен 2013 жыл-
дың 1 наурызында Алматыда «Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» де-
ген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып 
өтті. Онда ғалымдар мен мамандар тарапынан мазмұнды да мәнді баяндамалар 
жасалын ды. Қожаберген ісін биікке көтеріп, алға жылжытты.
Өздеріңіз бас қосып отырған бүгінгі жиын да соның заңды жалғасы болып 
отыр. Баршаңызды елдік мұрат пен мақсат үшін қожабергентану ісіне лайықты 
үлес қосуға шақырамын.
Конференция жұмысына табыстар тілеймін!
М. ЖҰРЫНОВ,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының президенті

198
        Қожаберген жырау – 350
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОРЕКТОРЫ, 
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР 
ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫНЫҢ  «ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ ҮШІН 
КҮРЕСКЕН ҚАҺАРМАН ТҰЛҒА – ҚОЖАБЕРГЕН 
ЖЫРАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 
КОНФЕРЕНЦИЯСЫН АШАРДА СӨЙЛЕГЕН КІРІСПЕ СӨЗІ
 
Құрметті зиялы қауым!
Қадірлі қонақтар!
Барлықтарыңызды қазақтың даңқты батыры, қолбасшысы, аты мен заты 
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» белгілі Қожаберген То-
лыбайұлының 350 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конферен цияның 
ашылуымен ұжымымыздың және ректорымыз Е.Б. Сыдықовтың атынан 
құттықтаймын. 
Бұл  жиын – біле-білсек, Тәуелсіздік жолында күрескен батыр бабалар ту-
ралы және ел бірлігі жолында  өлшеусіз тер төккен тұлға туралы ғылыми жиын.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Дәстүр мен 
мәдениет – ұлттың генетикалық коды» деп атап көрсетті. Бұл – аса маңызды 
ой!
Біз Тәуелсіздіктен бері тарихымызды қайта зерделеп, тұлғаларымыздың жа-
сампаз еңбегін елдік мұраттар тұрғысынан жаңаша пайымдап жатырмыз. Осы 
ретте бізге Қожаберген Толыбайұлының аманат-мұрасының берер тағылымы аз 
емес.
Қожаберген мұрасы бізге нені аманаттайды?
Біріншіден, Қожаберген тұлғасы ел қорғаған батыр, сөз бастаған шешен, топ 
бастаған көсем қандай болу керек деген сұраққа толық жауап береді.
Екіншіден, Қожаберген тұлғасы сардар, ел ағасы, көш басшысы үшін 
дәстүр мен тарихты, ел басқару мен руханият заңдылықтарын білу қаншалықты 
маңызды екенін айғақтайды.
Үшіншіден, Қожаберген тұлғасы қаһарман қайраткердің сөзге ұста болуы өзі 
үшін ғана емес, халқы үшін айрықша олжа екенін дәлелдейді.
Қожаберген Толыбайұлы өз заманында аса беделді, абыройлы болғанын 
ұрпағы жадынан өшірген жоқ. Оны аты әркез ел бірлігінің, ел тұтастығының, 
сондай-ақ ұлттық намыстың ұранына айналғанын осы төрде отырған ғалам 
ағаларымыз жазып, айтып, дәлелдеп жүр. Қожабергендей батырлар бір атаның 
немесе бір аймақтың тұлғасы болмай, бүкіл халыққа қызмет еткені мәлім. 

199
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген заманындағы ел бірлігінің алтын арқауындай Түркістан ұғымының 
жаңғыруы, «Елім-айдай» халық туындысының жандануы, сансыз батырлар 
жырының өмірге келуі – осының куәсі. Тіпті кәрі ауызша тарихтың бір са-
ласы – шежіре де тұтас ұлтқа қызмет етті.
Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Қазақ шежіресінің түпкі 
мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа 
келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі... 
Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса ала-
мыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен 
табысы мол болмақ», – деп атап көрсетті.
Әрине, біз – тарихтан сабақ алған елміз. Елбасымыз айтқандай, «Қазақ та-
рихында қазақтың ұялатын жері жоқ».
Қожаберген сынды жырауларымыз жалаң қылыштай өткір мінезімен, та-
бан астында суырып салатын өнерімен жорықтастары алдында үлкен беделге 
ие болған. Аспаннан төнген қарадауылдай, жерден шыққан қара дөйіттей жау 
төнгенде, жасақ сасып, тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі 
осындай тұлғалар еді. Сол себепті де олар тосылып тұрған сарбаздарға ұран та-
стап, еліміз бен жерімізді қасық қаны қалғанша қорғады. 
Кескілескен ұрыстажыраудың ұлағатты сөзінен кейін қара түнек бұлттың 
ішінен күн жарқ ететүскендей жасақтар арындап тасып жатқан судан да аман 
өтті. Қаһарлы жаудан да тайсалмады. 
Бабаларымыздың ер құнын екі ауыз сөзбен шешкен есті сөзіне тоқтама-
ған жан кемде-кем. Аласапыранды молынан өткізген қазақ халқы елін жау-
дың ызғарынан, жерін жат атының тұяғынан қорғап бағуы – Қожабергендей 
батырлардың тұлғасын аша түсетін қасиеттер. Ақауы жоқ ауызбірліктің, жа-
сындай жігердің арқасында жаугершілік заманның ақ туы – күн мен айға 
шағылысқан намысы болды.
Тәуелсіздікке дейінгі қиын жылдарда біз Қазақ хандығы тұсындағы жы-
раулар поэзиясына шөлдегеніміз, кейін олардың мұрасы жарияланғанда алдаса-
пан толғаулармен рухтанғанымыз – өзінше бір құбылыс дерлік оқиғалар.
Осы ретте Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қабиболла Сыдиықовтың 
«Ақын-жыраулары», Ермек Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жа-
саушылардың байырғы өкілдері», Әнуар Дербісәлиннің «Дәстүр және 
жалғастық» атты зерттеулері мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты ұжымдық 
еңбек біздің әдебиет тарихымызға қайта қарауда, байыптауда көп көмегін 
тигізбек.

200
        Қожаберген жырау – 350
Әдебиет те, тарих та өзіміз секілді. Ол толығады, қайта сарапталады. Жаңа 
материалдардың табылғаны секілді жаңаша зерттеулердің де арнасы ашыла-
ды. Бұл – өте табиғи үдеріс. 
Кезінде әдебиеттануда ұлы ғалымдар Қажым Жұмалиев пен Бейсенбай 
Кенжебаевтың айтысы, дискуссиясы немен аяқталғанын жақсы білесіздер. 
Нәтижесінде, ежелгі түркі әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы әдебиет санамыз-
да орнықты. Жадымызда жаңғырды.
Бүгін де біз осыны айтамыз. Тарихта болған, аты мен заты шаң басқан мұ-
рағатта қалмай, санада қайта жаңғырған Қожаберген жырау мұрасы тың, 
кешенді мәтіндік зерттеуді талап етеді. 
Жасырып не керек, соңғы жылдары БАҚ-та, халық арасында басқа-
басқа жыршы мен жырау ұғымдары да шатастырыла бастады. Бұл жөнінде де 
ғалымдар мен қайраткерлердің нақты, негізді ғылыми пікірі қажет деп білеміз. 
Сондай-ақ Асан Қайғының толғауы деп жүрген «Таза мінсіз асыл 
сөз» А. Байтұрсынұлының Жадовскаядан аударған еңбегі болып шықты. Қазір 
әдебиет тарихында осы мұра Асан қайғыда да, Ахметте де жүр. Бұған байланы-
сты да ғалымдардың айқын пікірі болуы тиіс.
Біз айтар едік, қазір Қожабергеннің текстологиясына байланысты сын айтып 
жүрген сауатты әдебиетшілерді, тілшілерді тыңдаудан қашпау керек. Себебі, әр 
дәуірдің, заманның, уақыттың, кезеңнің стилі, ырғағы, тіпті лексикасы да бар.
«Адамзат білім толыққан сайын таным көкжиегі кеңейеді», – депті әйгілі 
Лев Гумилев.
Мемлекетімізде Елбасы жүргізіп отырған бейбітшілік пен тұрақтылыққа 
құрылған елдік саясатты мәдени мұра арқылы қоғамның бар жігіне түсіндіру, 
еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін «мемлекет дамуына бәріміз жауапты-
мыз» дегенді ұғындыру көбіне-көп білім саласы мамандарының қолынан келеді. 
Сондай-ақ осы жауапты іс білім мен ғылымның өзін тоқтаусыз алға жыл-
жытады.
Құрметті азаматтар!
Біз ешқашан Қожаберген жырауды тарих қойнауына немесе қоймасына кет-
кен тұлға деп есептемейміз. Ол кеше де керек болған, енді бүгін де, ертең де керек 
болады. Өйткені, ол – тұлға! Қисапсыз отарланған, санасы өшірілген, мұрасы са-
яси теперіш кесірінен жоғалтылған аймақтың рухтанатын тұлғасы! Қазақстанның 
солтүстігі көрген ұлтсыздандыру құқайын қасиетті Отанымыздың барлық бөлігі 
сезініп жатса, оның зардаптарын жоюға болсып жатса, бұл – елдіктің жеңісі!
Ұлт тұлғасына құрмет әр түрлі формада жасалады. Мысалы, 12 мыңнан астам 
студенті, 2 мыңға жуық оқытушы-ғалымы бар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті үшін Қожаберген мұрасы – үлкен зерттеу мен зерделеу 

201
Қожаберген жырау – 350
нысанасы. Мұны ғалымдарымыз жақсы біледі. Біз ғылыми пікірталастан, дис-
куссиядан қорықпауымыз керек. Шындық, ақиқат содан шығады.
Осының бәрі Елбасымыз айтқан дәстүр мен мәдениеттің жалғасын көрсетеді.
Конференция жұмысы сәтті өтсін! Бұл көпке ой салған ғылыми жиын болсын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет