Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет51/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,2007 ж.27 шілде,№ 319-ІІІ 

2.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  31  наурызағы  №  316  Қаулысы 

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы»өзгерістер мен толықтырулар/ 

3.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  19  наурыздағы  №958  Жарлығы 

«Мемлекеттің  2010-2014  жылдарға  арналған  үдемелі  индустриалды-инновациялық  даму 

бағдарламасы» 



 

 

ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІНЕН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ 

БАРЫСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 

ТИІМДІЛІГІ 

 

Медешова  Гульбану  Турдыхановна 

Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжі, 

химия және биология пәнінің оқытушысы 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтын қолында



ал жас ұрпақтың тағдыры  –  ұзтаздардың қолында» . 

Бүгінгі  күні  педагогикалық  қоғамдастың  алдында  білім  берудің  жаңа  моделін  құру 

міндеттерін  жүзеге  асыру  тұр.  Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен 

дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлуметтік және кәсіби 

біліктілікке  –  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп 

жатқан бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. 

Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқылатын материалдың мазмұны 

өмірмен  байланысты  болуы,  ғылыми  шындықты  көрсетуі  және  сол  ғылымның  қазіргі 

заманғы  даму  дәрежесіне,  ал  оқыту  әдістері  –  дидактиканың  ең  жаңа  жетістіктері 

дәрежесіне сәйкес болуы. 

Сол себептен, мектеп қабырғасында жүрген оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске, 

шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу  – мұғалімнің міндеті. Осыған орай биология 

және  химия  пәндеріне  оқушылардың  білімге  ынтасын  арттыру  мақсатымен  әр-түрлі 

ақпараттық технологияларды пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізуге көңіл бөлемін. 

Жақсы  жетістіктерге  жетудің  бірден-бір  көзі-жас  ұрпақты  тәрбиелеп,  оқытуда 

инновацияны  пайдалану.  Бүгінгі  таңда  инновацияның  түрі-компьютерді,  электронды 

оқулықтарды, мултемедиялық құралдарды, интерактивті құралдарды пайдалану. 

Негізгі мақсатым: дәстүрлі емес сабақ өткізу кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану 

арқылы  пәнге  деген  оқушылардың  қызығушылықтарын  арттыру  және  білім  сапасын 

көтеру.  Жұмыс  жоспарым:  І  кезең  –  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  және  жаңа  технологияларды 

пайдалану; ІІ кезең – мониторинг; ІІІ кезең – жұмыстың нәтижелері. 

Қазіргі  заманғы  ғылым  мен  техниканың  даму  кезеңі  оқу-ағарту  саласында 

технологиялық  жаңа  әдістерді  кең  көлемінде  қолдануды  қажет  етеді.  Күнделікті  сабақта 

компьютерді  пайдалану  –  заман  талабы.  Осыған  орай  мен  де  әр  түрлі  технологияларды 



349


 ~ 

 

пайдаланамын:  ақпараттық  коммуникативті  технология;  денгейлік  тапсырмалар; 



сызбанұсқалармен; проекті технологиялар. 

Оқыту  әдіс  кезінде  ақпаратты  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдаланудың  дұрыс 

бағытының бірі – компьютерлік модельдеу, имитация, виртуалды стенд және интерактивті 

тақтамен  жұмыс.  Бұл  бағыт  оқушыларға  нақты  құбылыстар  мен  объектілерді  зерттеудің 

құралын айқындауға себебін тигізеді. 

Оқыту  мотивациясы  мен  оқушылардың  жұмыс  істеу  қабілетін  арттыру  үшін  де 

электрондық  оқу  ойындарының  алар  орны  ерекше.  Оқушыны  өзіндік  жұмысқа  бағыттай 

отырып, олардың танымдылық белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылау мен өздік жұмысты 

орындату  арқылы  оқытудың  сапасын  жақсартып,  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыруға 

да себебін тигізеді. 

Қойылған  мақсаттарыма  сүйене  отырып  сабақтарда  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді 

қолданам.  Бұл  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушылар  өздіктеріне  салыстыруға,  талдауға, 

анализдеуге, өз пікірін еркін айтуға, болжауға, ойлау қабілеттерін нышандауға, жинақтауға 

үйренеді. 

Жоғарыда  қойылған  мақсаттарыма  қол  жеткізу  барысында  оқушылардың  білім 

деңгейін  кеңейту  және  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін  «Адам  және  оның 

денсаулығы» тақырыбында қолданбалы курстың бағдарламасын құруды жөн көрдім. 

Курстың  мақсаты:  оқушылардың  биологиялық  түр  ретінде  биосферадағы  орнын; 

адам организмнің құрылысы мен мүшелердің қызметін; адам денсаулығын сақтайтын және 

нығайтатын  факторларды;  қолайсыз  экологиялық  жағдайларының  әсерін;  адам  жеке 

гигиенасының негізгі ережелерін білу тиіс. Жеке тұлға ретіндегі шығармашылық қабілетін 

ояту, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуға үйрету, білімдерін жетілдіру және 

ойлау  қабілетін  дамыту.  Оқушыларды  өз  бетінше  жұмыс  істеуге,  жетекшілік  қасиетін 

дарытуға, сөйлеу мәдениетіне, денсаулығын күтуге тәрбиелеу және мамандықты таңдауына 

игі әсер ету. 

Қолданбалы  курс  сабақтарында   оқушылар  топқа  бөлініп,  компьютер  мен 

интерактивті  тақтаны  пайдаланып  проекттер  жасайды.  Мысалы,  «Тыныс  алу  жүйесі  және 

аурулары»  тақырыбы  бойынша,  бір  топ  Қазақстанның  экологиясына  байланысты  пайда 

болған  тыныс  алу  ауруларына  интернеттен  ақпарат  жинап,  презентация  түрінде  аурулар 

туралы және оларды емдеу жолы мен сақтану шараларымен таныстырып және интеративті 

тақтада флипчарттар жасаса, екінші топ экологиямен байланысты жиі кездесетін жергілікті 

ауру – тыныс демікпеге жоба жасап көрсетті. Осындай практикалық жолмен алған білімдері 

оқушының  есіне  жақсы  сақтауын,  өз  бетінше  жұмыс  істеуін  қалыптастырады  және 

оқушылардың білім сапасына, оқудың нәтижесіне ықпалын тигізді деп ойлаймын. Осындай 

қызықты  тиімді  сабақтардың  қорытындысы  олипиадаларға   дайындалу  кезінде  де  көмек  

болады.  Тәжірибе жүзінде келетін болсақ, оқушылар оқулықтан өз беттерімен оқып және 

қосымша  әдебиеттерден  немесе  оқытушының  түсіндірмесін  тыңдап  қана  қоятын  болса, 

терең  білімге  қол  жеткізе  алмайды.  Сондықтан  оқушыларды  өз  беттерімен  жұмыс  істей 

білуге  итермелеу,  үйрету  біздің  міндет.  Мұғалім  көзімен  қарайтын  болсам,  менің 

тарапымнан  не  қажет  деген  сұрақ  туындайды.  Осы  сұраққа  жауабым  келесі  болды. 

Оқушыларға жұмыс дәптері қажет. Айтып өткендей осы тақырып бойынша жұмыс дәптерін 

құруды  қолға  алдым.  Нәтижесінде  оқу  процесін  шығармашылық  деңгейге  көтере  алатын 

бүтіндей  жүйе  болып  табылатын  жұмыс  дәптерін  құрдым.  Жұмыс  дәптерін  жаңа 

материалды меңгергенде, үй тапсырмасын әзірлегенде, білімдерін тексеру және бекіту үшін 

қолдануға  болады.  Бұл  дәптердің  көмегімен  өздік  жұмыс  орындауға  немесе  топ  болып 

берілген тапсырманы орындауға болады. 

Жұмыс  дәптері  «Адам  және  оның  денсаулығы»  курсының  тақырыптары  бойынша 

лабораториялық  тәжірибелер,  практикалық  жұмыстар,  тексеру  жұмыстар,  сызба  нұсқалар, 

кестелер,  тест  материалдарынан  тұрады.  Осы  дәптердегі  тапсырмалар  бойынша 

интерактивті  тақтаны  пайдалана  отырып,  флипчарттар  қорын  құрдым  және  биология 

сабақтарында қолданамын, сабақтар өте тиімді өтеді. 


350


 ~ 

 

Келесі  бір  жұмыс  түрім  химия  пәніне  қызығушылық  арттыру  барысында 



оқушыларға  сабақта  пайдаланатын  жалпы  өмірлік  құзыреттілік  тапсырмалар  – 

«Медицинадағы бейорганикалық  заттар» деген жиынтығы болып табылады. Бұл құралдың 

ішінен  мысал  келтіре  кететін  болсам,  дәрі-дәрмектің  құрамы  бойынша  және  ерітінділер 

дайындауға  байланысты  қызықты  есептер,  тәжірибелер  жинақталған.  Осы  жиынтық 

бойынша тағы да  флипчарттар қорын жинақталды. 

Электронды  оқулықтың  тиімділігіне  келетін  болсақ,  оқушы  екі  жақты  білім  алады. 

Біріншіден, пәндік білім алса, екіншіден, компьютерлік білімін толықтырады. Электронды 

шығармашылық  жұмыс  жасауына,  теориялық  білімін  практикалық  мазмұнды 

мәліметтермен  толықтыруына  мүмкідіктер  береді.  Ал  компьютермен  жұмыс  баланың 

танымдық  қабілетін  дамытып,  өркениетті  елдермен  қарым-қатынаста  болып,  олар  жайлы 

мәліметтерді  тануға,  жаңа  ақпараттық,  статистикалық  мәлімет-хабарлармен  танысуға 

жағдай тудырады. Сондықтан, алдағы оқытудағы инновацияны өзім биология және химия 

сабақтарында  жиі  пайдаланамын.  Көп  жылғы  тәжірибеме  сүйенетін  болсам,  электрондық 

оқулықтармен  де  сабақ  өткізу  тиімді  және  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығы 

артатына және білім сапасына әсер ететіне көз жеткіздім. Мысалы: кейбір тапсырмаларды 

жарыс, ойын түрде өткізуге болады, ол үшін флипчартқа презентациялар енгізуге болады. 

Интерактивті тақтаны пайдаланып әр-түрлі тренажерларды пайдалануға болады. Тестілеуді 

арнайы  аспаптар,  яғни  тестерлармен  өткізуге  өте  тиімді  және  қолайлы  және  бағалау 

кезіңінде де ыңғайлы. Сабақтың әр кезеңінде әртүрлі тапсырмаларды құруға болады. 

Бөлім  соңында  оқушылардың  бағаларын  «рейтинг  баспалдағына»  белгілеймін.  Бұл 

оқушылардың  өзінің  білімін  бағалауға   және  болашақта  білімін  жақсартуға  мүмкіншілігін 

көрсетеді.  Өткен  оқу  жылдарымен  оқушылардың  білім  сапасын  салыстырсақ,  қазір 

ақпараттық технологиялар пайдалану кезіндегі сапасы жоғары екені дәлел болды. 

Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен 

кәсіби  шеберлігі,  шығармашылық  талпынысы,  өз  жұмысында  заманға  сай  сабақ  кезінде 

жаңа  технологияларды  қолдануы  және  қолданбалы  курстар,  факультативтік  сабақтар  да 

оқушылардың  білім  деңгейлерін  көтеруге,  дарынды  балалармен  жұмыс  істеуге, 

шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олимпиадаларға дайындауға шама береді.  

Өз  тәжірибе  жұмыстарымды  қорытындылай  келе,  функционалдық  сауаттылықты 

қалыптастыру  дағды  мен  іс  әрекет  негізінде  өздігінен  ізденетін,  өздігінен  шешім 

қабылдайтын,  нарық  заманында  өмір  сүріп,  адал  еңбектенетін,  бәсекелестікке  қабілетті 

жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

4.

 



Р.А.Искакова. Ойын арқылы бала тілін дамыту. – 2004. 

5.

 



Сауат  ашу  әдістемесі.  1-бөлiм.Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-сынып  мұғалімдеріне 

арналған/Ә.Е. Жұмабаева, М.Н.Оспанбекова. – Алматы: Атамұра, 2016. – 146 бет.  

6.

 

Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  материалдар  жинағы,  І  бөлім. 



Қызылорда қаласы, 2016 жыл. 

 

 

БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Досанова  Дариха  Аманкуловна, Утебаева Жаннур Орынбайқызы 

М.Х.Дулати  атындағы үш  тілде оқытатын  мамандандырылған 

№8 гимназияның  бастауыш  сынып  мұғалімдері 

Шымкент  қаласы, ОҚО 



 

Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, 

оған жаңалық ашуға көмектескен жөн. 

                                                                                                                       Г. Галилей 

351


 ~ 

 

 



Резюме 

В  статье  рассматриваются  пути  всестороннего  развития  учащихся  начальной 

школы. 

 

Summary 

In the article the ways of all-round development are examined students initial school. 

 

ХХІ  ғасыр  –  ғылым  мен  техниканың  дамыған  кезеңі.  Сондықтан  да  адамдардан   

жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  мамандығына,  жасына  қарамастан  үнемі 

білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ал ұстаздардан жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн 

өзi  шеше  алатын  адам  тәрбиелеуге  жәрдемдесуі  күтілуде.  Сондықтан  да  ұстаздардың 

дәстүрлi  сабақ  беруден  өзгеруiне,  сабағын  белсендi,  оқушымен  тең  құқылы  дәрежеде 

жүргiзуі,  шәкiрттерiн  өз  пiкiрiн  ашық  айтып,  өзара  шынайы  сұхбат  жүргiзетiн,  рухани 

жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы тиіс екені айтылады. 

Осы  орайда  бастауыш  мектебінде  де  көптеген  жұмыстар    жүргізілуде.  Заман  

талабына    сай    әр    мұғалім    барынша    өз    сабақтарын    түрлендіріп    өтуге    талпынуда.  

Балаларды топтық  жұмыстарға  баулу, орындаған  жұмыстарын дәлелдеп, қорғап  шығуға , 

бірлесе  жұмыс  жасауға үйретуде.  

Қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы 

керек.  Сондықтан  да  сабақтарды  жоспарлағанда  оқушыларда  сыни  ойлауын  тудыратын 

сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмаларды сабақта  қолданамын. 

Төмендегі суреттерде түрлі әдістерді пайдаланып топтасып жұмыс жасау кезінен көріністер  

көріп  отырсыздар. 

Сабақтарымда  жаңа  заман  талаптарына  сай  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолда-нып,  оның 

жемісін  көрудемін.Атап  айтсам,    «Блум  түймедағы»,  «Білім  биржасы»,  «Аквариум», 

«Постер», «Фишбоун», «ТВ шоу», «Ыстық орындық», «Ақылдының алты қалпағы», «Блум 

текшесі», «Даналық ағашы», «Сен маған, мен саған», «Өрмекшінің өрмегі» әдістері.  

«ТВ шоуға» оқушылар қатысқанда қысылмай, ашық сөйлеп, белсенділік танытқанын 

байқадым.  Жалпы  ТВ  шоу  бағдарламасына  оқушылар  қызығушылық  танытып,  белсенді 

қатысып,  диалогтік  қарым-қатынасқа  түскенде  емін-еркін  сөйледі.  Бұл  бағдарламада 

оқушылардың  ойлау,  сөйлеу,  сыни  ойлау  қабілеттері  артып,  тіл  байлығы,  сөздік  қоры 

диалогтік оқыту әдіс-тәсіл аспектісі арқылы жүзеге асты.  

 

 

 



Өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып 

келе  жатыр.  Оқушылардың  бірлесіп  жұмыс  істеу  нәтижесінде  идеялармен  пікір  алмасып, 

болжамдар  ұсынып,  талқылап,  диалогтің  зерттеушілік  әңгімесі  іске  асты.  Оқушылар 

зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым 

«Ақылдының  алты  қалпағы»  -  Эдвард  де  Боно  әзірлеген  әдістеме,  ол  әр-түрлі 

шешімдердің  ішінен  ойды  бір  мәселе  төңірегіндегі  шоғырландыруға  мүмкіндік  беретін 

қатарласып  ойлау  үдерісі  болып  табылады.Бұл  әдісті  қолдануда  оқушылар  фактілер, 

цифрлар  және  мәліметтерді  таза  күйінде  бере  білуге;  ішкі  сезім,  эмоция,  сезінулер  және 



352


 ~ 

 

интуицияны  білдіруге;  оптимизмді,  ашықтықты,  позитивті  және  конструктивті  ойлар,  



ұсыныстарды  бере  алуға;  жаңа  идеялар  ағымын  тудыратын  шығармашылық  ойлар  және 

жоғары  деңгейдегі   жалпы  көзқарастарды,  білдіріп  қорытындылай  білу  дағдылары 

қалыптасты. 

Осы  мақсатта  түрлі  стандарттан  тыс    тапсырмалар  да  беріп  отыра-мын. 

Әдебиеттік  оқу  сабақтарынан төмендегідей  тапсырмалар  беремін.  



1.

 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  қиялы  әдеттегіден  тыс,  ерекше.  Олар  естіген  

әңгімелер,  ертегі  желісімен  өзі  де  оларды  құрастыра  алады.  Сондықтан  мұғалімертегіні 

немесе  әңгімені  бастап  беріп,  оны  аяқтауға  оқушыға  тапсыратын  болса,балалар  оны 

аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады. 

2.«Қ» ойыны.  

Ойын  шарты:  Оңнан  солға  қарай  оқылса  да,  солдан  оңға  қарай  оқылса  да 

өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз 

ойлап жазу. 

 

Қ   а 



з 

а 

Қ 



Қ    

 

 



Қ  

Қ    


 

 

Қ  



Қ    

 

 



Қ  

Қ    


 

 

Қ  



Қ    

 

 



Қ  

Қ    


 

 

Қ  



 

Математика   сабақтарынан балалардың ерекше ойлау  қабілеттіліктерін  арттыру  

мақсатында  стандарттан    тыс    қызықты    тапсырмалар    ізденіп    беріп    отырамын.  Бұл  

тапсырмаларды  балалар  қызыға  отырып  орындайды. 

І. Суретті  салып  аяқта деп аталатын тапсырма беремін.  

 

 



Нәтижесінде балалар мына сияқты етіп түрлі суреттерді салып аяқтайды. 

 

 

             ІІ.Графикалық  диктант. 

353


 ~ 

 

 

 

ІІІ. Нені бейнелеймін?   Тапсырмасын орындай отырып, сандар ретін тура және 

кері дұрыс санау дағдысы жылдам қалыптасады.   

 

 

ІҮ. Екінші  жартысын салып, боя. Баланы нақтылыққа үйретеді. 

 

 



Ү. Боямақтардың  түр-түрімен жұмыс жасайды. 

 

 

ҮІ.Теңдік дұрыс болатындай етіп бір шырпының ғана орнын ауыстыр. 



ҮІІ = Ү – І 

ХІІІ = ҮІІ – ҮІ 



354


 ~ 

 

ХІ + Ү = Ү 



ҮІ – ІҮ = ІХ 

«Өз біліміңмен шәкірттеріңді шектеме, олардың туған уақыты бөлек емес пе...» 

деген еврей халқының даналық сөзін негізге ала отырып, ХХІ ғасыр жеткіншектеріне 

білім  беру  үшін  кез  келген  ұстаз  шығармашы-лықпен  айналысуы  қажет  деген 

көзқарасты қолдаймын. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Р.А.Искакова. Ойын арқылы бала тілін дамыту. – 2004. 

2.

 



Сауат  ашу  әдістемесі.  1-бөлiм.Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-сынып  мұғалімдеріне 

арналған/Ә.Е. Жұмабаева, М.Н.Оспанбекова. – Алматы: Атамұра, 2016. – 146 бет.  

3.

 

Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  материалдар  жинағы,  І  бөлім. 



Қызылорда қаласы, 2016 жыл. 

 

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ 



 

Кумишева Дария Рустамовнафизика пәнінің мұғалімі 

Ибраимов Сардор, физика пәнінің мұғалімі 

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын 

мектеп-интернаты 

Шымкент  қаласы, ОҚО 



 

 

Қай  кезеңде  болмасын  мектептегі  басты  тұлға  мұғалім  десек,  дүниежүзілік  даму 



деңгейінен  кем  түспейтін,  иық  тірестіре  алатын,  алған  білімі  мен  тәрбиелік  қазынасын 

туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты  қалыптастырып, жетілдіру-

мұғалімге  жауапты  міндет.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  үлгісі 

қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. ХХ ғасырдың басында 

Жүсіпбек  Аймауытов:  «Сабақ  беру  –  үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол-жаңадан 

жаңаны табатын өнер»,-деген екен. Сондықтан, қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, 

пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. 

 

Қазір  «ХХІ  ғасырдың  мектебі  мен  мұғалімі  қандай  болу  керек?»  деген  негізгі 



сұраққа  жауап  ізделуде.  Білім  берудің  ұлттық  моделіне  көшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл, 

зерттеуші,  өз  ісіне  қатып  қалған  жаттандылықтан  аулақ,  тәжірибелік  қызметте, 

педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  психологиялық-педагогикалық  диогностика 

қоя  білетін  іскер  мұғалім  қажет.  Бүгінгі  балалардың  мақсаттары  да,  құндылықтары  да 

табылатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша.  Жаңа 

қоғамдық 

формациядағы 

мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер:  «баланың оқытуға қалай үйрету 

керек?»,  «ойлауға  қалай  үйрету  керек?»,  «қалай  өз  өмірінің  менеджері  болуға  үйрету 

керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.  

 

Қазіргі  мектептерге  зерттеушілік,  шығармашылық  талаптарын  толық  меңгерген, 



қызығушылықпен  баланың  жеке  тұлға  болып  дамуына  өз  үлесін  қоса  алатын,  баланың 

өздігінен  өмірге  жетелейтін  ақыл  кеңес  беретін  мамандарды  талап  етеді.  Білікті  ұстаз, 

білімді  маман  болу  үшін  әрбір  мұғалім  өз  білімін  үздіксіз  көтеріп  отыруы  тиіс.  Білімін 

тұрақты көтеріп отыру, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани 

бай,  салауатты,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  даярлау,  мұғалімдердің  құқықтары  әрі 

міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттік дамуының құралы 

болып табылады. 

 

Қазақтың  кемеңгер  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлы  «Елді  түзетуді  бала  оқыту  ісін 



түзетуден  бастау  керек»  деген  болатын.  Сондықтан  да  қазіргі  кезде  білім  берудің  жаңа 

жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру  деңгейіне  жетуге  ат  салысуда.  Ертеңгі 



355


 ~ 

 

болашағымыздың  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  алуы  –  қазіргі  қоғамдағы  ұстаздарға 



байланысты.  

 

Жаңашыл  ұстаз  –  оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқудағы  іс-



әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын  жетілдіру,  өз  бетінше  білім  алу  процесінде  бірлесе 

әрекет  ету,  баланы  қалайда  өзінше  қызықтыратын,  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғызу. 

Уақыт  талабына  сай  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  тиімді  оқыту  әдістерін  таңдау  және 

жетілдіру  арқылы  ғана  білім  беру  сапасын  арттыруға  болатыны  белгілі.  Сондықтан  білім 

беру сапасын арттыруға әсер ететін мына төмендегі факторларға назар аудару керек: 

- Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету; 

- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы; 

- Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту; 

- Оқушылардың қызығушылығын арттыру; 

- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 

-  Оқушылардың  сыни  тұрғыдан  өздерін-өздері  бағалай  алуы  және  өздерінің  оқуын 

қалай жақсартуға болатындығы түсіндірудің қажеттілігі; 

 

Сонымен қатар, мұғалім өзінің әрбір ісінде әйтеуір жаңалықты пайдалану осы екен 



деп, бейберекет пайдаланбай, оқыту мен тәрбиелеуде оның орнын білуі керек. Яғни, ұлттық 

тәрбиені  білім  негіздерімен  ұштастыра,  сабақтастыра  отырып  баланың  жеке  қабілеті  мен 

дарынын ояту, шығармашылыққа баулып, танымдық қабілеттерін арттырып, құзіреттілігін 

қалыптастыру көзделуі тиіс. 

Ұлы  Абай  «Тегінде  адам  баласы  бір-бірінен  ілім,  білімі  жағынан  ерекшеленіп 

тұрады»,-  дегендей  мұғалімнің  құзыреттілігі,  ең  біріншіден,  өзін-өзі  дамытып,  жан-жақты 

көрсетуіне байланысты деп ойлаймын. Мұғалімнің өзін-өзі дамытуының алғы шарттары: 

1. Кәсіби біліктілігін өзіндік дамыту. 

2. Дамытудың сапалық белгілері. 

3. Өзін-өзі дамыту құндылықтары. 

4. Өзін-өзі дамытуына қажеттіліктің туындауынан тұрады. 

 

Мұғалім  кәсіби  біліктілігін  өзіндік  дамытуы  үшін  өзінің  іс-тәжірибесіне 



педагогикалық-психологиялық  талдау  жасауы,  озық  тәжірибелерді  оқып  үйренуі,  ғылыми 

әдебиеттермен  қарулануы,  әріптестермен  тәжірибе  алмасуы,  ата-аналарымен  бірлесіп, 

мәселелерді  шеше  білу  құзыреттілігін  игеруі  қажет.  Қазіргі  кезде  білім  берудің  әлемдік 

озық  тәжірибелерін  саралай  отырып,  бүгінгі  оқытуда  жасөспірімдерден  күтілетін  нәтиже, 

негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. 

 

«Педагогикалық  сөздікте»  құзыреттілік  үш  түрлі  ұғымда-әлеуметтік  құзырет, 



жалпы-мәдени құзыреттілік, мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі түрінде берілген. Мұғалімнің 

кәсіби  құзыреттілігі-оның  педагогикалық  әрекетінің,  педагогикалық  қарым-қатынасының 

қалыптасуы  және  педагогикалық  сана-сезім,  мұрат,  құндылықтар  идеясын  қолданушы 

мұғалім тұлғасын анықтайтын мұғалімнің білім, білік және дағдының қажетті жиынтығын 

игеруі ретінде түсіндіріледі 

 

Жалпы құзыреттілік дегеніміз – дара тұлғаның білім,білік дағдыларды және өзіндік 



қабілеттерді  жан-жақты  игеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі.  Осы  нәтижеге  жету  үшін 

әрекет ететін, кәсіби құзырлы педагог болу үшін не қажет: 

1. Білім беру үрдісіндегі білім, білік дағдылардың түпкі нәтижесін көрсету. 

2. Нәтижеге бағдарлана берілген білімнің негізгі көрінісі. 

3. Оқушылармен қарым-қатынасын жаңашылдыққа құру. 

4. Өзінің кәсіби дамуына жауапкершілікпен қарау. 

5. Өзін-өзі кемелдендіру. 

6. Теориялық жағынан дәлелді жүйені жүзеге асыру. 

 

Егер біз шәкірттеріміз пәндерден алған білімді терең меңгеріп қана қоймай, алған 



білімдерінің  негізінде  жүйелі  ойлау  дағдысын  игерсін  десек,  кәсіби  тұрғыдан  талаптарға 

сай  болуымыз  керек.  Бұнда  оқушының  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрлерін  яғни 

тыңдалым,  оқылым,  сөйлесім,  жазылым,  тілдесім  бірлікте  меңгерту  басшылыққа  алынса, 


356


 ~ 

 

сөйлеу  ортасына,  сөйлеу  мақсатымен  тақырыбына  сәйкес  диалог,  монолог  құрай  алу, 



пікірлесу  өз  ойын  түсінікті  жеткізу,  оқушының  өмірлік  дағдысына  берік  негіз  қалайтыны 

сөзсіз. 


 

Қорыта  айтқанда,  білім  беру  мазмұнындағы  өзгерістер,  тұлғаға  бағытталған 

оқытуды жүзеге  асыру  – мұғалімнің шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына  сай 

болу  үшін  мұғалім  әрқашан  ізденіс  үстінде  болу  керек.  Ендеше  қазіргі  таңдағы 

педагогиканың  міндеті  де  осы  қасиеттерді  кез-келген  оқушының  бойында  қалыптастыру. 

Ертеңгі  күні  қазақ  мектебін  бітірген,  соның  ішінде  ауыл  мектебін  бітірген,  жас  шәкірт 

қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін, шаруашылықтың кез-келген саласына қажетті 

ортақ білік, дағдыны қалыптастырып мектептен алып шығуы тиіс. 

 

«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-



нағыз  ұстаз»,-  деп  айтқандай  мұғалімнің  ізденісі  жан-жақтылығы,  құзыреттілігі  арқылы 

айқындалады.Сондықтан,  өз  ұлтымызды,  мемлекетімізді  өркендететін  білімді,  болашақ 

данышпан  шәкірттер  тәрбиелеу  үшін,  бірінші  кезекте  балалардың  сезімталдығын,  ойын, 

тілін дамытуды қолға алған жөн деп ойлаймыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет