Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының



бет3/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
stud.kz-52335

Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең.
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы –осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа / кітаптан білуге / қызығушылығын ояту, ауызша диалогтік және монологтік сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.
Сауат ашу жұмысы дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:
1.Әліппеге дейінгі кезең
2.Әліппе кезеңі
3.Әліппеден кейінгі кезең.
Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті–сөйлеудің маңызын білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз байлығын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда байланыстырып сөйлеу дағдылары, қалыптаса бастайды.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төсеелдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып оқуға үйретіледі.
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.

4 практикалық сабақ. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы..




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет