Бақылау тапсырмалары:
Тіл мәдеиеті дегеніміз не?
2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалай дамытуға болады?
3. Олармен жүргізілетін жұмыстар.
4. Сауаты жазу үшін атқарылатын жұмыстар. Мысалмен дәлелдеу
№8 Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу үлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
5. №1,2,3 жазу үлгілері
Жазу – адамдардың қарым-қатынасының бір түрі. Сондықтан, біз жазбаша қарым-қатынастың ерекшелігіне тоқталайық.
Жазбаша сөйлеу «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Сондықтан, жазбаша сөйлеу – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын қамтитын, адамдарың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқлы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үішін жазуды үйренеді.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:
-Себеп-салдарлық;
-Аналитико-синтетикалық;
-Орындалымдық;
Яғни, жазу әрекеті, бірншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезінде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін(текст) пайда болып, жазу орындалады.
Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көп салалы болады:
1.Қажеттіліктен пайда болатын себеп.
2.Себептің ойда, санада бейнеленуі.
3.Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
4.Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
5.Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі.
Себептік кезкеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі себеп-салдарлар пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам өмірде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың алғы шарттары байқала бастайды.
Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады.
Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді қалап, сөздердің мағынасын ойластырады.
Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де ерекшеленеді.
Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді.
Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі қабылдайды, соған қарап, жауап қайтарады.
Жазудың лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
Графика
Орфография
Жазып алу
Жазбаша сөйлеу
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және қол жазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір әріп бір таңбаны білдіреді де, бір әріп бір дыбысты көрсетеді.
Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесі мәселе – орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.
Тілді үйретуде орфографияға қатысты кездесетін қиындықтар да баршылық олар:
Фонетикалық, морфологиялық, тарихи принциптердің өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты тексеру;
Екпінге байланысты дұрыс жазылуды қадағалау;
Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше мән беру.
Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте сақтау;
Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс меңгеру т.б.
Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
Жеке лексикалық единицаларды, сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;
Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жаза білу.
Жазып алу немесе қысқаша жазу – жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-бірімен мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер, жоспарлар, қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алу да осыған жатады.
Жазбаша сөйлеу – лингвистикалық ерекшеліктердітолық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлеу дегеніміз – оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білу, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу. Мәселен, диктант жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма т.б жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркесі, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен мазмұндылығымен басқа адамдарға түсінікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |