Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының



бет6/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалары мен белгіленетіндігін айтады.
Оқуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде оның естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардын құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылытынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а,о,ы.ұ), тілдің таңдайдың алдыңғы жолына жинақтауынан жіңішке дауыстылар (ә,ө,і,ү,е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар-дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айтада алмайды (мысалы «р», «с»). Осыған орай, кейбір дауысызды айтқанда тілдің ұшы тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететін («д», «т»), кейбіреулері астыңғы ерінің үстінгі ерінге немесе тіске тиюінен (п,б,м,ф,в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с,з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (қ,к,ғ,х), жұтқыншақтың тарылуынан («һ») дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.
Дағды дегеніміз - әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл қозғалыстар жасайды.
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім-бүкіл оқығандардың ұмтылып қалғанда, бойында сақталатыны», - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол-әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет – міне, нағыз білім-осылар! «Дағды,-деп көрсетеді психолог С.Л. Рубинштейін,- саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсіл ретінде қызмет атқарады».
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым – қатынас жасау барысында-үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін істеген әрекетерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды.
Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда жаттығудың мынандай түрлерінің тиімді екені анықталды. Оқыту, танымдық, ізденімдік және шығармашылық жаттығулары. Жаттығудың осы түрлерін орындауға оқушылар бірден төселе қоймайды. Жаттығулыр оқушыларға әрбір сабақ барысында ұсынылып, олардың логикалық ойлауы, шығармашылық қабілеттері біртіндеп қалыптастырылады. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуға арналған жаттығуларды орындауға дағдылану сатылары да төртке бөлінеді. Олар:
1. оқыту жаттығуларын оқушылар мұғалімнің бақылауымен орындайды, мұғалімнің дыбыстарды айту сазына, ерекшелігіне қарай қайталайды, қойылған сұрақтарға жауап береді. Бұл сатыда оқушылар жаттығуларды өздігінен орындамай, мұғалім көрсетумен, айтуымен орындап, дыбыстарды ажыратуға, дұрыс айтуға және жазуға дағдыланады. Қалыптастыру сатысындағы сауат ашу сабақтарында оқыту жаттығулары қолданылады. Оқыту жаттығулары оқушылардың дыбыстардың айтылуы мен жазылуының негізгі заңдылықтарын меңгертуде, жаңа сабақты игертуде, өтілген материалды қайталауда, оқушыларға қазақ дыбыстары жөнінде алғашқы ұғымдар мен түсініктерді үйретуде пайдалан. Осы кезеңде пайдаланылатын жаттығуларды оқыту жаттығулары деп топтастырдық. Оқыту жаттығулары жаңа сабақты түсіндіруде, мұғалімнің дыбыстардың айтылуы мен жазылуын көрсеткен әрекеттерінде оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру жұмыстарында айтылған дыбыстың таңбалары тиімді болды. Қазақ тілінің әліпбилік жүйесін танытуда оқыту жаттығуларын орындау арқылы оқушылар дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін меңгеріп, дыбыстардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратты. Сонымен қатар оқыту жаттығулары арқылы шәкірттерде дыбыс, сөз, сөйлеу ұғымдары туралы қарапайым түсініктері қалыптасты. Оқыту жаттығуында берілген тапсырмалар ауызша айтылды. Себебі бұл кезде оқушылар енді ғана әріптермен таныса бастайды.
Сонымен сауат ашудың әліппе сабақтарында оқыту жаттығулары мынадай мақсаттарда:
а) Қазақ дыбыстары мен әріптерін өзара салыстыруда, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауда;
ә) Өтілген материалды бекітуде;
б) Жаңа сабақтардың мақсатына қарай біліктер мен дағдыларды қалыптастыруда;
в) Қазақ тілі білімінің қарапайым ұғымдарын меңгеруде қолданылды.
Танымдық жаттығулар оқыту жаттығуларына қарағанда күрделі беріліп, оқушылардың оқыту жаттығуларында меңгерген біліктері мен дағдыларын дамытуда пайдаланылды. Танымдық жаттығулар шәкірттердің дыбыстарды дұрыс қосып оқу, бас әріптерді меңгеру, дыбыстарды құрастыру арқылы сөздерді орынды құрастыру дағдыларын дамытуда тиімді. Сонымен қатар танымдық жаттығуларды орындау барысында оқушылардың қарапайым болса да теориялық білімдері бекітіліп, дыбыстарды орынды қолдану біліктері мен дағдылары қалыптасады. Оқушылар мұғалімнің мысалға келтірген сөздерден басқа, өтілген дыбыстарды қатыстырып, мағыналы сөз құрауға, өздігінен дыбыстарды тіркестіруге дағдыланады. Бұл сатыда оқушылардың өтілген дыбыстар төңірегінде ғана бір немесе екі буынды сөз құрауға, әріптердің жазба және баспа түрлерін ажыратуға, буындарды тіркестіріп дұрыс оқуға үйрету жұмыстарына басты назар аударылады. Танымдық жаттығулар жаңа сабақта берілген материалдарды бекітуде, оқушылардың дыбыстар және буында жөнінде білімдерін пысықтауда қолданылды. Дағдылану жаттығулары оқушының жаңа материалдарды тез және сапалы түсінуіне септігін тигізіп, өтілген жаңа дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін берік есте сақтауына көмектеседі. Танымдық жаттығулар бірнеше әріп өткеннен кейін, оқушылар дыбыстарды буындап оқу барысында қолданылды. Танымдық жаттығулардың тапсырмаларын оқыту жаттығуларының тапсырмалары секілді мұғалім ауызша оқып, оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен сауат ашудың әліппе сабақтарында танымдық жаттығулар мынадай мақсаттарда қолданылады:
а) Заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауда;
ә) Жаңа сабақта өтілген материалдарды пысықтауда;
б) Сөздерді дұрыс оқу дағдыларынжетілдіруде;
в) Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамытуда.
Ізденімдік жаттығулар оқушылардың өздігінен проблеманы шешу, белгісізді табу, тапсырманы орындаубарысында зерттеушілік әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыруда пайдаланылды. Ізденімдік жаттығуларда берілген тапсырмалар оқыту және танымдық жаттығулардан күрделірек болып келді. Танымдық жаттығулар сауат ашу кезеңінің соңғы кезеңдерінде, балалардың сөйлемдер құрастыру дағдыларын дамытудаарнайы қолданылды. Бұл сатыда оқушылар жаттығуларда берілген тапсырмаларды орындау барысында зерттеушілік, ізденімдік әрекеттер жасайды. Меңгеру сатысында оқушылар дыбыстарды тіркестіру жолдарын, әрбір дыбыстың ерекшелігін жеке дара игермей, тіл білімінің фонетикалық заңдылықтарын тұтастай қолдануға дағдыланады. Оқушылар ізденімдік жаттығуларды орындау кезінде дыбыстарды дауысты және дауыссыз түрлерінің негізгі ерекшеліктеріне қарай топтастыруды, логикалық ойлаудың амал – тәсілдерін меңгерді. Ізденімдік жаттығулардың тапсырмаларын оқушылар өздігінен оқып, орындады.
Сонымен сауат ашу сабақтарында ізденімдік жаттығулар мынадай мақсаттарда қолданылды:
а) Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда;
ә) Проблеманы дұрыс шешу, амал-тәсілдерді дұрыс табуға қалыптастыруда;
б) Өздігінен сөйлемдерді құрастыру біліктерін жетілдіруде;
в) Оқушылардың зерттеушілік, ізденімдік қабілеттерін дамытуда.
7 Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. Сауат ашуға арналған оқу - әдістемелік топтама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет