Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


ПРОЦЕССОРЫН ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ПРОЦЕССОРЫН ОРНАТУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ



бет20/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99

ПРОЦЕССОРЫН ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ПРОЦЕССОРЫН ОРНАТУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ


Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Стенд компьютері, термосықпа, тестер (мультиметр), Speedfan, CPU-Z, HWiNFO32/64 жəне OCCT бағдарламалары.
Тапсырмалар

  1. Осы процессорды өндірушінің сайтында негізгі ақпаратты анықтаңдар. Аналық тақшадағы процессорды орнатыңдар немесе ауыстырыңдар. Процессорды орнату жөнінде толық нұсқаулықты жасаңдар жəне тиісті мəтіндік файлда сақтаңдар. Сокетті анықтаңдар.

  2. Термосықпаны жағып, салқындату жүйесін орнатыңдар. Тестердің (мультиметрдің) көмегімен процессордың қоректену кернеуін тексеріңіз (орауыштарда ыңғайлы), түйіспелер арасындағы айырмашылық вольттің жүздік үлестерін құруы тиіс. Процессорды пайдалануға əсер тигізетін екі негізгі себепті анықтаңдар.

  3. Процессор туралы деректерді UEFI/BIOS тексеріндер. Утилита (бағдарлама) Speedfan көмегімен температуралық режимді тексеріңіз.

Процессорды CPU-Z, HWiNFO32\64 жəне OCCT бағдарлама көмегімен тестілеңдер. Алған деректерді есеп-файлда сақтаңдар жəне осы тестіленетін бағдарламалардың скриншоттарын сақтаңдар.

2.5. КОМПЬЮТЕРДІҢ ІШКІ ЖАДЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ


ДК жады енгізу-шығару құрылғылары арқылы келіп тұратын өнделетін деректер мен орындалатын бағдарламалардан тұрады. Жады күрделі құрылым, əртүрлі типті сақтау құрылғыларынан тұратын, иерархиялық қағидатта құрылған. Қызметіне қарай екі бөлікке бөлінеді: ішк жəне сыртқы.
Ішкі жады тікелей процессормен байланысты жəне есептеулерге тура қатысатын, орындалатын бағдарламалар мен деректерді сақтауға арналады. Ішкі жады өз қатарына, жедел жəне тұрақты жады болып бөлінеді.
Жедел жады, ішкі жадының үлкен бөлігін құрайды, ақпаратты қабылдау, сақтау жəне беру үшін қызмет етеді. Бұл жады жедел деп аталады, себебі процессор жадыдан оқыған немесе оған жазған кезде күтуді қажет етпейді.
Тұрақты жады ақпаратты сақтау мен беруді қамтамасыз етеді. Тұрақты жадының құрамы ДК дайындағанда толтырылады жəне пайдалану кезінде өзгертуге жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет