Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет21/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99

Жедел жадыны пайдалану шарттары


«Көк өлім экрандарының» пайда болу себептерінің бірі жедел жадының зығуы болуы мүмкін. Sandy Bridge ядрода процессорға орнатылған жады контроллері, аналық тақшаға орнатылған жедел жадының қызуын бақылауға қабілетті. Қалыпты температуралық режим 25-тен 35 °С-қа дейін шегінде. Егер жадының зызуы жадының заманауи чипінің жұмыс температурасын арттырса (45-тен 60 °С-қа дейін), онда контроллер оның жұмыс жылдамдығын елеулі төмендетіп, оны салқындатуға тырысады. Бұл үдеріс троттлинг (throttling) деп аталады. Кейде қызуды есептеу дұрыс болмайды жəне оныңн температурасы сыни температураға дейін алыс болса да, жадының жұмысы баяулайды. Осы құбылыспен күресу үшін Memory Throttle болады. Стандартты кернеу 1,5-тен 1,65 В дейін өзгереді.

Ішкі жадымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар


Hot Copy Paste бағдарлама көмегімен деректерді алмасу буферімен жұмысты жетілдіруге болады: алмасу буферінің құрамын қарауға жəне өзгертуге, жадыны ауқымды фрагменттерден тазартуға, компьютердің жедел жадысын жүктеусіз деректердің бірнеше фрагменттерін біруақытта сақтауға немесе жылжытуға мүмкіндік береді. Тестілеуге жəне жадының де фрагменттеуге арналған бағдарламалар: Mem Test, Free memory, Memory Throttle, Prime95 v.26.6 x64; S&M 1.9.1; MemTest86+ 4.2; TestMem5; Windows Memory Diagnostic. Таймингтер CPU-Z бағдарламаныңскөмегімен тексеріледі.

Жедел жадыны орнату


Жедел жадыны орнатар алдында өндіруші ұсыннған жадының түрін анықтау қажет, яғни аналық тақшамен процессор қандай жедел жадының қолданатынына назар аудару қажет. Жады модульдері бірдей таймингтермен, көлемімен, жұмыс жиілігімен жəне бір өндірушіден болуы тиістігін ескеру қажет. Үздік жинақ бірдей сипаттамаларымен, бір өндірушіден жəне бірлескен жұмыста тестіден өткен болуы тиіс. Жедел жады шинасының өткізгіштік қабілеттілігі процессор шинасының өткізгіштік қабілеттілігіне сəйкес келуі тиіс.
Жедел жады ұзын жəне параллель кеңейтілген слоттарға орнатылады, əдетте олардың саны екіден кем болмауы тиіс (2.7 сур.). жедел жадыны орнатуға таңдалған бос слота арнайы ілмектерді жиектеріне ағыту керек. Əр ағытпаның ішінде кішігірім кілт- мойнақтар болады, ал жадымодулінің түйіспелі бөлігінде – оларға сəйкес ойықтар болады. Оларды өзара біріктіру жадының дұрыс орнатылмауын немесе басқа типті модульдерді орнатуды болдырмайды. Əр типте орналасумен ойықтарды саны əртүрлі, тиісінше, аналық тақшадағы ағытпалардың да кілттері əртүрлі. Бұдан əрі жадыдағы ойықты аналық тақша слотындағы кілтпен біріктіру қажет.
Егер жады планкасындағы жəне аналық тақшадағы ағытпадағы кілттер бірікпесе, жедел жады келмейді. Бұдан əрі DIMM модулін модуль толығымен ағытпаған орнатылмағанша жəне ағытпа жиегіндегі ілмектер орнына тұрмайынша, оның жоғары шетіне басып тұрып ағытпаға орнатыңдар. Осыдан кейін ұстап тұрушы бекіткіштер орнына тұрып жəне толық жабылғанына көз жеткізу қажет.

2.7. Аналықтақшадағыжеделжадыныкеңейтуслоттары
Егер аналық тақшада төрт арналы режим қолданылса, онда жедел жадының кеңейту слоттарына сəйкес түстермен жады модульдерін қатарлас орнату қажет (2.14 сур.), мысалы: көк негізгі планкалар үшін – DIMM_D1, DIMM_B1, DIMM_C1 жəне DIMM_A1; қаралары қосымша үшін – DIMM_D2, DIMM_B2, DIMM_C2 жəне DIMM_A2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет