Жоғары жиілікте жəне кернеуде жұмыс істейтін жады модульдері үшін қосымша салқындату қажет. Салқындату əдетте арнайы металл пластиналары мен радиаторларды орнатумен іске асырылады. Үдету мүмкіндігі бар жедел жады үшін арнайы күшейтілген салқындату жүйесі
қажет. Жады модулінен жылжуы үшін өндірушілер оны көптеген жылу түтікшелер жəне кулерлермен толыққанды жеке салқындату жүйесімен жабдықтайды. Жаңа жедел жадыны орнатқаннан кейін қателерді айқындау үшін арнайы утилиттармен тестілеу қажет.
Тапсырмалар
Қандай жады модулінің жинағы өнімділігі жəне дұрыс жұммыс істеуі бойынша 4-арналы жұмыс режимін қолдайтын Intel Soсket 2011 процессорына келеді:
а) жедел жады 1Gb DDR-III 1333MHz Hynix Original;
б) жедел жады 4Gb DDR-III 1600MHz Corsair Vengeance
(CML4GX3M2A1600C9B) (2 x 2Gb KIT);
в) жедел жады 16Gb DDR-III 2400MHz Corsair Vengeance
(CMZ16GX3M4A2400C9) (4 x 4Gb KIT);
г) жедел жады 64Gb DDR-III 1333MHz Corsair XMS3 (CMX64GX3M8A1333C9) (8 x 8Gb KIT).
2.15 кестені толтырып, жедел жадының сипаттізімінің мағынасын ашыңдар: