Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет24/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99

Аудиториядан тыс өзіндік жұмысы



  1. Жедел жадыны тестілеуге арналған арнайы бағдарламалардың тізімін жасаңдар.

  2. pcnews.ru сайты туралы хабарлама жасаңдар.

  3. Портативті компьютердің жедел жады сипаттізімі үстел компьютерінің жедел жады сипаттізіміне қандай айырмашылығы бар, түсіндіріңдер.

  4. Серверлерде қандай жедел жады қолданылатының анықтаңдар.

  5. Жедел жадыны таңдағанда қандай сипаттамаларға назар аудару қажет, түсіндіріңдер.

  6. Процессорлардың регисторларына бастап дискілік қоймаларға дейін көлемі жəне жылдамдығы бойынша жадының барлық түрлерінің иерархиялық құрылымдарын құрыңдар.

  7. Компьютердің арнайы жадысын қандай құрылғылар құрайтынын анықтаңдар.

  8. Flash Memory қандай негізгі қызметтерді орындайтынын анықтаңдар.

  9. Жедел жадыны қалай дұрыс пайдалану қажет, түсіндіріңдер.

  10. Жедел жадының үш арналы, төрт арналы, сегіз арналы жəне басқа жұмыс режимдерінің пайда болуын түсіндіріңдер. 11. «Жедел жады» кроссвордын құрыңдар.

7 - тəжірибелік жұмыс
Т а қ ы р ы п : ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ

ЖАДЫСЫН ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ. ЖЕДЕЛ ЖАДЫНЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ. ЖЕДЕЛ ЖАДЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ


Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Стенд компьютері, AIDA,CPU-Z бағдарламаның тестері (мультиметр).
Тапсырмалар

  1. Аналық тақша жедел жадының қандай жұмыс режимін қолданатынын анықтаңдар.

Бұл үшін аналық тақшаға нұсқаулықты оқып шығыңдар. Құжаттың қағаз нұсқасы болмаған жағдайда, өндірушілердің сайтында орналасқан ақпаратты пайдалануға болады.

  1. Жедел жадыны орнатыңыз.

Жедел жадының əр типінде ойықтардың орналасуы мен саны əртүрлі екенін ескеріңіздер, тиісінше, аналық тақшадағы ағытпаларында кілттердің орналасуы мен саны əртүрлі болады (2.8 сур.).


    1. .сур. Ойықтар орналасқан жедел жадының типтері



    1. .сур. Слоттағы кілт жəне жедел жадыдағы ойық

Жадыдағы ойықты аналық тақша слотындағы кілтпен біріктіріңдер


(2.9 сур.).
Жады планкасындағы кілтті біріктіре алмасаңдар, демек, жады типі дұрыс таңдалмады.

  1. Компьютерде қолданылатын жедел жады модульдерінің сипаттамаларын зерделеңдер.

Бұл үшін AIDA бағдарламасын немесе CPU-Z тегін бағдарламаны орнатуға болады. Жүйелі тақша қосымша бетті ашыңыз да SPD тармағын таңдаңыз. Қосылған жады модульдерінің параметрлерін зерттеңіз. Тақшаның х-арналы режимінде сəтті жұмыс істеу үшін мына сипаттамалар бір-біріне келу керек: тип, таймингтер, деректерді тарату жылдамдығы, көлем, бір өндіруші жəне бір модель. Компьютерді сөндіріп, блоктың қақпағын шешіңдер. Жады тақшалары жұп слоттарға орнатылғанына көзжеткізіндер. Əдетте мұндай ағытпалар бір түске боялған. Жүйелі блоктың қаңқасын жауып, компьютерді іске қосыңыз.
Қажетті режимнің белсенділігін BIOS-те (UEFI) тексеріңіз.

  1. Жадының қоректену кернеуін тестермен (мультиметрмен) тесеріңдер.

VDD – жадының қоректену кернеуі (түйіспелердің біреуі ғана көрсетілген) (2.10 сур.).
VDD SPD – SPD деректерін сақтайтын, микросхеманы қоректендіретін кернеу.
VREF – тірек кернеуі, əдетте, VDD/2 тең. Əдетте жадыны қоректендіру кернеуінен резистивті бөлгішпен қалыптасады. SDRAM үшін жоқ.

2.10 .сур. DD R3 типті жады модуліне арналған кеңейту слоты


  1. Жедел жадының тиімділігін орындаңдар жəне компьтерді қайта жүктендер.

Жүктеу файлдың параметрлерін баптау үшін (2.11 сур.) Менің компьютерім белгішесі бойынша тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіндер жəне пайда болған мəнмəтіндік мəзірде Қасиеттері тармағын таңдаңыз. Ашылған Жүйенің қасиеттері терезесінде Қосымша қосымша бетіне өтініз жəне Шапшандық бөлімінде Параметрлер батырмасы бойынша тінтіуірмен шертіңіз. Экранда Жылдам іс-əрекет ету параметрлері сұхбат терезесі ашылады. Қосымша қосымша бетін ашыңыз. Бұл қосымша бетте үш негізгі баптау бөлімі шығарылады.
П р о ц е с с о р д ы ң у а қ ы т ы н б ө л у . Бағдарлама опциясын таңдаған кезде белсенді үдерістер мен пайдаланушылық қосымшалардың ресурстары көп бөлінеді. Фон режимінде жұмыс істейтін Қызмет опциясы, фон режимінде көп санды қосымшаларды

2.11 .сур. Жүктеу файлы параметрлерінің сұхбат терезелерін баптау
іске қосқанда немесе Интернеттен ауқымды массивтерді жүктегенде пайдалы. Бұл баптауларды уақытша өздерінің қажеттіліктеріне өзгертуге болады.
В и р т у а л д ы ж а д ы . Бұл бөлім жүктеу файлы үшін дискідегі жады көлемдерін бөлуді өзгертеді.
Жүктеу файлдың параметрлерін өзгерту үшін, тінтуірмен Өзгерту батырмасын шертіңіз. Виртуалды жады сұхбат терезесі ашылады. Терезенің жоғарғы бөлігінде компьютерде бар барлық қатқыл дискілер (немесе логикалық диск бөлімдері) көрсетіледі. Солардың біреуін тінтуірмен шертіп таңдаңыз.
Төменде орнатылған айырып-қосқышты ұсынылатын үш қосымшалардың біріне орнатып, үнсіз келісім бойынша қабылданған жүктеу файлының баптауларын өзгертуге болады:
а) ерекше өлшем (өлшемін көрсету). Егер осы айыстырып- қосқыш орнатылған болса, мегабайттардағы (Мбайт) виртуалды жадының жүктеу файлының бастапқы жəне максималды өлшемдері қолмен бапталады. Тиімді шапшаңдылықты қамтамасыз ету үшін барлық дискілердегі жүктеу файлының жалпы бастапқы көлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет