Ақпараттың техникалық құралдары кешені үздіксіз жəне апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланушы оның барлық құрауыштарына уақытында қызмет көрсетуі қажет.
Назар аудар! Барлық техникалық құралдарға қызмет көрсету қуат көзінен ажыратылған кезінде өткізілуі тиіс.
Тапсырмалар
Егер ДК пайдаланушы «А» фирмасының жаңа мониторын сатып алғаны, бір аптадан кейін ол жұмыс істеп жатқанда сөніп қалатыны туралы мəлім болса, ақаулықтың нұсқасын анықтандар. Пайдаланушы компьтерлік фирмаға жүгінді, оған мониторды ұқсас сол «А» фирманың мониторына ауыстырып берді. Бір апта жұмыс істеп, монитор сөні қалатын болды:
а) бейнекарта осы монитормен жұмыс істей алмайды;
б) құрылғылар дұрыс қосылмаған; в) «А» фирмасы мониторының топтамалық ақаулығы; г) жедел жады жөндемсіз.
Егер жаңа сканер сатып алғаннан кейін бір ай ғана жұмыс істегенге кейін, сканердің шамы жартылай жанбай қойса, пайдаланушыға не істеу қажет, анықтаңдар:
а) сервис орталығына жүгіну;
б) кепілдігі аяқталмағандықтан, сканер сатып алынған фирмаға жүгіну;
в) сканердің өз бетінше жөндеп алу.
Егер Windows операциялық жүйені орнатқан кезде «өлім» көк экраны шығатын болса, жөндемсіздіктің қандай нұсқасы келмейді, анықтандар:
а) драйверлер дұрыс істемейді немесе қақтығыстарды тудырады; б) операциялық жүйеде вирустар бар; в) үйлеспейтін жабдық орнатылған;
г) BIOS баптауларындағы іркіліс;
д) жедел жады жөндемсіз;
е) аналық тақшада чипсеттер қызып кеткен;
ж) физикалық жəне механикалық зақымдар;
з) қатқыл дискінің ақаулары;
и) жүйеге кірген кезде пайдаланушыны ауыстыру.
Егер роутердің паролі жоғалып қалса немесе ұмытылып қалса, қандай əрекеттер орындау қажет, анықтаңдар:
а) роутердің баптауларын түсіріп тастау, яғни зауыт баптауларына қайтып келу;
б) роутердің бағдарламалық жасақтамасын баптау;
в) қосымша жабдықты қосу.
Егер 60 Гц жиілігінде жұмыс істейтін, ақаусыз монитор қосылып тұрғаны мəлім болса, қандай құрылғы жөндемсіз, анықтандар. Жүйелі блокты қосқан кезде монитор «ұйқы режимінде» жəне əрекет етпейді. Жүйелі блокты қосқанда, компьютерді старты туралы тандартты дыбыс жəне Windows-тың сəлемдесуі естіледі. Бейнекартадан жұмыс кабелін ажыратқанда мониторда ажыратылған кабель туралы хабарлама шығады.
Монитордың кабелі жұмыс істеп тұрған болып табылады:
а) процессор жұмыс істемейді;
б) аналық тақша жөндемсіз;
в) бейнекарта жөндемсіз;
г) пернетақтада пернелердің жабысуы.
Күнтізбенің іркілісі қай себеппен болады, анықтандар (компьютерді қосқанда күн жаңылысады). ДК іске қосқан кезде: CMOSChecksumErrorнемесеCMOSBatteryStateLow хабарлама пайда болады. Windows жүктегенге дейін компьютер F1 немесе F2 басуды сұрайды. Бұл BIOS –та толықтыру жоқтығы салдарына болады жəне оның баптаулары бастапқыларға түсіріледі. Вирусқа қарсы бағдарлама жұмыс істемейді. Егер күн жаңылысатын болса, вирусқа қарсы бағдарламалар жарамсыз лицензиялық кілт салдарынан жұмыс істеуін тоқтауы мүмкін, себебі оның қолданыс мерзімі əлі басталмады:
а) компьютердің қоректену блогы жұмыс істемейді; б) кабельді қосуда түіспе жоқ; в) CR 2032 батарея отырып қалды.
Егер пайдаланушы ноутбукқа Windows Vista-ның орнына Windows 7 операциялық жүйені орнатса, ноутбуктың қатып қалу себебін анықтандар. Бейнені қарағанда мерізімді 2...3 мин қатып қалуын ескермегенде, ноутбуктың жұмысында ешқандай өзгерістер болмады.: а) жабдықтың жаңа операциялық жүйемен қақтығысы;
б) кодактар дұрыс жұмыс істемейді;
в) қатқыл дискінің секторлары жаман.
Егер пайдаланушы компьютерді іске қосып, ол бірнеше уақыттан кейін тежелуін бастаса, компьютердің қатып қалу себебін анықтаңдар: тəнтуір, пернетақта əрекет етпейді, HDD –гі қызыл индикатор əрқашан жанып тұрады. 3...5 минуттан кейін компьютердің жұмысы қалыпқа келеді. Компьютердегі қоректену блогы, бейнекарта жəне жедел жады ақаусыз:
а) қатқыл диск ақаулы, секторлары жаман;
б) драйверлердің қақтығысы;
в) аналық тақтадағы шлейфтер дұрыс қосылмаған.
Егер компьютерді қосқан кезде бір де бір индикатор жанбаса жəне бір де бір дыбыс шықпаса, жүйелі блоктың қандай құрылғысы электр қуатының секірісіне төзбеді, анықтандар. Қоректену блогындағы салқындату жұмыс істемейді. Жанған сымдардың иісі жоқ:
а) аналық тақша ақаулы;
б) қоректену блогы ақаулы;
в) түйіспе жоқ.
Жұмыс істеп тұрғаннан компьютердің 30 минуттан кейін сөніп қалудың себебін анықтаңдар. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі профилактикалық іс-шаралар үш жыл өткізілмеді:
а) қоректену блогында түйіспелер жоқ;
б) процессорда салқындату жоқ немесе жеткіліксіз;
в) бейнекарта ескірген.
Себебін анықтандар: желілік картада индикатор жанбайды, алайда ақаусыз кабель қосылған, BIOS-қа желілік карта қосылған:
а) желілік картадағы ағытпа ақаулы;
б) аналық тақша ақаулы;
в) желілік кабельдің коннекторында сигнал жоқ.
Тазалаудан кейін жəне жаңа картриджбен 5 мм жолақты баспайтын лазерлік принтердің ақаулығын анықтандар: