Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

 
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі 
1 Тҿлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модельді жҽне мақсат мҽнді жай сҿйлем 
типтері. – Алматы:Мектеп, 1968. – 178 б. 
2 Қасым Б., Османова З. т.б. Кҽсіби қазақ тілі. – Алматы, 2010. –112 б. 
3 Күзекова З. Қазақ тілі. – Алматы, 2001. 
4  Қадашева  Қ.  Жаңаша  жаңғыртып  оқытудың  ғылыми  ҽдiстемелiк  негiздерi:  ҿзгетiлдi 
дҽрiсханалардағы қазақ тiлi: Пед. ғыл. докторлық дисс... – Алматы, 2001. – 301 б. 
5 Камиева Г.К., Шҿкеманова Б.С., Халелова С.Т. Кҽсіби қазақ тілі.  – Кҿкшетау, 2012.  
105 б. 
 
В  данной  статье  автор  рассматривает  процесс  усвоения  студентами 
профессионального  казахского  языка  посредством  их  участия  в  различных  видах  
повседневного  общения,  свободного  владения  профессиональной  лексикой  и  научными 
терминами,  сложными  синтаксическими  оборотами,  а  также  привития  навыков 
правильного  восприятия  и  прослушивания  нужной  информации  в  профессиональной  сфере  
для принятия  решений в познавательно-значимых ситуациях. 
 

283 
 
In  the  given  article  the  author  handles  the  process  of  mastering  legal  Kazakh  language  by  
students  by  way  of  participation  in  different  day-to-day  communication,  to  be  fluent  in  using 
professional  vocabulary  and  scientific  terms,  syntactic  styles,  to  impart  good  perception  skills,  to 
listen  necessary  information  in  professional  sphere  to  solve  some  issues  in  cognitive  scientific 
situations. 
 
 
ҼОЖ 378.016: 811.512.122 
М.Б. Примбетова 
Қазақ гуманитарлық заң университеті 
Астана, Қазақстан  
 
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ МЕН 
ТИІМДІЛІГІ 
 
Мақалада  пәнаралық  байланыстың  психологиялық  аспектісі  мен  тиімділігі 
қарастырылған.  Сонымен  қатар  мақала  авторы  пәнаралық  байланыстың  сабақ  кезінде 
білім  алушының  қызығушылығын  арттырып,  жан-жақты  білім  алудың  тиімді  әдісі 
екендігін баяндайды . 
 
Тірек сӛздер: инллект, педагогика, интеграция, инновация, деңгей, тиімділік, ізденіс. 
 
Сабақ  –  білім  беру  саласындағы  күрделі  үдерістер  қатарына  жатады.  Ал  пҽнаралық 
байланыс  дегеніміз  -  сабақ  барысында  тақырыпты  түрлі  ақпараттармен  толықтырып  жҽне 
басқа  ғылым  саласымен  тиімді  байланыстырып  отыру.  Қазіргі  заманауи  сабақта  білім 
алушының  түсінігін  жан-жақты  қарастырып,  басқа  ғылым  салаларымен  (пҽндермен)  тығыз 
байланыс жасаудың берері мол.  
Пҽнді  оқыту  үдерісінің  негізгі  мақсаты  –  арнайы  педагогикалық  ҽдістерді  мақсатты, 
жүйелі түрде қолдана отырып, студенттердің интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми 
кҿзқарасы  мен  белсенділігін  арттыру,  ҿз  бетімен  білім  алу  дағдыларын  дамыту  болып 
табылады.  Педагогикалық  сҿздікте:  «пҽнаралық  байланыс  -  оқу  бағдарламаларының  ҿзара 
үйлесімділігі» деп анықталған.  
Қазіргі  кезде  білімнің  интеграциялануын  қамтамасыз  ету,  оның  ғылыми  деңгейін 
арттыру, тұтастай алғанда студенттердің танымдық ҽрекетіне тҽн дағдыларды қалыптастыру 
міндеті негізгі мҽселелердің біріне айналып отыр [1, 24]. 
Сабақ  барысында  білім  алушының  ой-санасына  ҽсер  ететін  түрлі  «ми  шабуылы»  деп 
аталатын    іс-ҽрекеттер  жүзеге  асырылады.  Педагогикалық  қызмет  тҽжірибесінде  психолог 
мамандар  пҽнаралық  байланыс  арқылы    ҽртүрлі  пҽндердегі  білімдерді  қабылдауы  білім 
алушының  білімдерін  бір  жүйеге  түсіріп,  ақыл-ойына  серпіліс  туғызып,  таным  қызметіне 
шығармашылық  сипат  береді  деп  тұжырымдайды.  Яғни  пҽнаралық  байланыс  ақыл-ой 
ҽрекетінің  психологиялық  жҽне  ми  қыртысының  жүйелілік  ұстанымдарын  ескергенде  ғана 
жүзеге  асады.  Бүгінгі  таңда  жоғары  оқу  орындары  болашақ  мамандарды  даярлауда  кҽсіби 
даярлыққа  кҿп  кҿңіл  бҿліп  отыр.  Оның  бір  бҿлігі  ретінде  пҽнаралық  байланыс    пҽндерді 
меңгертуде  қоғамның  ҽртүрлі  салаларында  студенттердің  қарым-қатынастық  құзырлығын 
қалыптастыру  жатады.  Сол  себепті  жоғары  оқу  орындарында    оқытушыларға  қойылатын 
жаңа  ҽлеуметтік-экономикалық  талаптар  ең  алдымен  студенттердің  жаһандану  үрдісі  жҽне 
олардың  мегақарым-қатынастық  ортаға  бейімделген  қарым-қатынастық  білім-біліктерін 
қалыптастырумен байланысты. 
Пҽнді  оқыту  үдерісінің  негізгі  мақсаты  –  арнайы  педагогикалық  ҽдістерді  мақсатты, 
жүйелі түрде қолдана отырып, студенттердің интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми 

284 
 
кҿзқарасы  мен  белсенділігін  ұшқырлау,  ҿз  бетімен  білім  алу  дағдыларын  дамыту  болып 
табылады.  
Оқыту  процесін  тиімді  ұйымдастыру,  жеке  пҽндер  арасындағы  ортақ  ұғымдарды 
заңдылықтарды  бір-бірімен  ҿзара  байланыстыру,  студенттердің  танымдық,  ізденушілік 
қабілеттерін,  іс-ҽрекеттерін  дамыту,  алған  білімдерін  жинақтау,  тҽжірибеде  қолдана  білуге 
үйрету жҽне тағы басқа мҽселелер дидактикалық  тұрғыдан шешуді  қажет етеді. Пҽнаралық 
байланыстардың  бір  пайдалы  жағы  ол  бүкіл  оқыту  ісін,  барлық  оқытушыларға  бірыңғай 
талаптар  қоюға  жҽне  ҽртүрлі  пҽндерде  ортақ  мүддені  шешуге  жұмылдырады.  Пҽнаралық 
байланыстарды  жүзеге  асырудың  жолдарына  мыналарды  жатқызуға  болады:  жеке  пҽнді 
оқытқанда  басқа  пҽндерді  оқыту  ісіне  ҿз  ықпалын  тигізетіндей  болуын  кҿздеу;  пҽндерді 
оқып  үйренуде  ҿтілетін  материалдарды  уақыт  жағынан  үйлестіріп  отыру;  студенттердің 
ғылыми  теориялар  мен  заңдылықтарды  игеруің,  олардың  жинақтылығымен  ҽдістерімен, 
дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру; жалпы теориялық білім алуды жҽне практикалық 
іскерліктер  мен  дағдыларды  бірыңғай  ҽдіспен  жүзеге  асыру;  ҽртүрлі  пҽндердің  зерттеу 
ҽдістерінің  ортақ  ерекшеліктерін  кҿрсете  білу;  сабақтарда  оқылатын  құбылыстардың  ҿзара 
байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру. 
Ғалым  Ю.А.Самариннің  пікірі  бойынша,  оқыту  үдерісінде  пҽндер  арасында  байланыс 
құру  –  білімнің  беріктігін  қамтамасыз  ететіндігі  тұтас  жҽне  жүйелі  кҿзқарастарды 
қалыптастырудағы  қажетті  педагогикалық  жағдай  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
Ю.А.Самарин  «жүйеаралық  байланыстар  ғана  тұлғаның  дүниетанымы  мен  мінез-құлқының 
бірлігін, тұтастығын қамтамасыз етеді», - дейді [1, 37]. 
Жалпы  сабақ  үдерісі  –  психологиялық  кезеңдерден  тұратыны  белгілі.  Тҽжірибелі 
педагог  маман  –  оқытушылар  сабақты  қызықты  жҽне  тиімді  ҿткізуді  кҿздейді.  Сабақ 
мақсатының біріне пҽнаралық байланыс арқылы тыңдаушы жҽне білім алушының ой-санасы 
мен  таным-түсінігінде  қызықты  ақпараттармен  игі  ҽсер  ету  арқылы  оның  қоршаған  ортаға, 
білім  ҽлеміне  деген  ынтасын  арттырады.  Ҽрбір  білім  алушы  –  жеке  тұлға.  Ендеше  сол 
тұлғаның  қабілетін  бұрынғы  меңгерілген  білімді  түрлі  қосымша  білім    арқылы  алдын-ала 
білуіне байланысты. 
Кҿптеген  зерттеушілер  білім  алушыларды  ойлау  міндеттерін  шешуде  ұтымды 
тҽсілдерді  пайдалануға  арнайы  үйретудің  қажеттілігіне  кҿңіл  бҿледі  жҽне  оны    (ҽсіресе, 
математика ғылымында) міндет санайды. Олар мектепте мұғалім, жоғары оқу орындарында 
оқытушылар сабақ беру тҽсілдерін (талдау, қорытындылау, жинақтау, салыстыру, дҽлелдеу, 
т.б.)  оқушы/студенттің  санасына  ойлаудың  ҽдетке  айналған  тҽсілдерді  деңгейіне  дейін 
жеткізіп, қалыптастыруы керек екендігін анықтады. 
Педагогика саласындағы барша зерттеушілерге танымал Я.А.Коменский «ғылыми білім 
біршама бастамалардан тұрады, егер оларды ажырату тҽсілдерін білсе, ағашта қысқартылған 
тамырлардан бұтақтар, жапырақтар, гүлдер мен жемістер ҿсетіндігі сияқты шексіз кҿптеген 
ережелер  пайда  болады.  Адамның  «заттардың  байланысын  дұрыс  түсінуі»  маңызды  деп 
есептеген.  Соған  орай  білім  оқушы  мен  студентте  ҽлемнің  біртұтас  ғылыми  бейнесін,  оны 
логикалық-танымдық  жҽне  ғылыми  тұрғыдан  талдай  білудің  ҽдіс-тҽсілдері  мен  ҽрекет 
түрлерін  қалыптастырады  деп  білуге  негіз  бар.  Сондықтан  пҽнаралық  байланыс  ойлау 
ҽрекетінің  ҽдіс-тҽсілі  ретінде  танымдық  міндеттерді  шешіп,  оқушылар/студенттер 
санасындағы  бұрынғы  меңгерілген  білімді  бірнеше  рет  дҽлелді  жаңғырту  мен  қайталауды 
ұйымдастыру нҽтижесінде есте жақсы бекітеді. 
Оқыту  процесін  тиімді  ұйымдастыру,  жеке  пҽндер  арасындағы  ортақ  ұғымдарды 
заңдылықтарды  бір-бірімен  ҿзара  байланыстыру,  студенттердің  танымдық,  ізденушілік 
қабілеттерін,  іс-ҽрекеттерін  дамыту,  алған  білімдерін  жинақтау,  тҽжірибеде  қолдана  білуге 
үйрету жҽне тағы баска мҽселелер дидактикалық  тұрғыдан шешуді  қажет етеді. Пҽнаралық 
байланыстардың  бір  пайдалы  жағы  ол  бүкіл  оқыту  ісін,  барлық  оқытушыларға  бірыңғай 
талаптар  қоюға  жҽне  ҽр  түрлі  пҽндерде  ортақ  мүддені  шешуге  жұмылдырады.  Пҽнаралық 
байланыстарды  жүзеге  асырудың  жолдарына  мыналарды  жатқызуға  болады:  жеке  пҽнді 
оқытқанда  басқа  пҽндерді  оқыту  ісіне  ҿз  ықпалын  тигізетіндей  болуын  кҿздеу;  пҽндерді 

285 
 
оқып  үйренуде  ҿтілетін  материалдарды  уақыт  жағынан  үйлестіріп  отыру;  студенттердің 
ғылыми  теориялар  мен  заңдылықтарды  игеруің,  олардың  жинақтылығымен  ҽдістерімен, 
дағдыларымен  сабақтастыра  қалыптастыру;  жалпы  теориялыьқ  білім  алуды  жҽне 
практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай ҽдіспен жүзеге асыру; ҽр түрлі пҽндердің 
зерттеу ҽдістерінің ортақ ерекшеліктерін кҿрсете білу; сабақтарда оқылатын құбылыстардың 
ҿзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру. 
А.Я.  Коменский  былай  үйреткен:  «Байланысы  бар  барлық  нҽрсені  сол 
байланыстарымен  қоса  оқыту  керек».  Пҽнаралық  байланыс  оқылатын  теорияны  терең 
меңгеруді  жҽне  ғылыми  түсініктерді  нҽтижелі  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Ол 
ғылымдарды интеграциялауға, білім салалары арасындағы байланысты дамытуға, ғылымдар 
жүйесінде  пҽннің  орнын  анықтауға  ҽсерін  тигізеді.  Пҽнаралық  байланыстың  ҿз  дамуында 
нақтылы негіз бар. 
Бірінші негіз – оқытудың жан-жақты болуына талап қою. Пҽнді жан-жақты білу үшін, 
оның  байланысының  бар  жағын  оқып-білу,  қамту  қажет.  Нақты  дүниедегі  бір  құбылыс  ҽр 
ғылымда  ҽртүрлі  жақтармен  сипатталады.  Сондықтан,  студенттің  санасына  зерттелетін 
нысанның  санқилы  жақтарын  тұтасымен  қарастыруға  бағыттайтын  пҽнаралық  байланысты 
қалыптастыру керек. 
Екінші  негіз  –  ғылымды  интеграциялау  үрдісі.  Маманды  дайындау  сапасы  белгілі 
мҿлшерде  білім  салаларының,  ғылым  мен  тҽжірибе  арасындағы  байланысын  жҽне  де 
ғылымдар жүйесіндегі оқылатын пҽнінің орнын дұрыс түсіндіруге тікелей тҽуелді. 
Үшінші негіз И.П. Павловтың ілімі бойынша ақыл-ой ҽрекетінің табиғаты ассоциативті 
болатындығында,  дҽлірек  айтқанда  тану  үрдісінің  қарапайым  элементі  болып  жергілікті 
ассоциация  табылады.  Ҿзара  байланыста  болу  үшін,  ассоциацияның  бір  элементін  орнату 
сҽтіне дейін, алдыңғы ассоциацияның элементі негізінен санада бекітілген болу керек. 
Психологиялық жҽне физиологиялық тұрғыдан қарағанада, толық емес білімнен толық 
білімге  кҿшу  бұл  ассоциацияның  бір  деңгейінен  екінші,  күрделі  де  кҿпжақты  кеңейтілген 
деңгейіне  кҿшу  болып  табылады.  Санада  ҽртүрлі  кҿзқарастар  арасында  байланыстар  құру 
ойлау  қабілеттері  мен  білімді  қалыптастырады.  Білімді  қалыптастыру  оқыту  кезеңдеріне 
сҽйкес жеңілден күрделіге ауысады. Ҽртүрлі ассоциациялар (жергілікті, жүйе ішіндегі жҽне 
пҽн  ішіндегі,  жүйеаралық  жҽне  пҽнаралық)  оқытудағы  пҽнаралық  байланыс  құрудың 
психологиялық негізі болып табылады. Пҽнаралық байланыстар туралы кҿптеген түсініктер 
бар.  Ғалымдардың  бір  тобы  оны  оқу  үрдісін  жаңартудағы  дидактикалық  шарт  ретінде 
қарастырады,  ал  басқалары  оқыту  мақсаттарының  бірдейлілігі  деп  түсінеді.  Пҽнаралық 
байланыс  дұрыс  ұйымдастырылғанда  оқу  жоспары  мен  ҽртүрлі  оқу  пҽндердің  ҽрқайсысы 
ҿздерінің  ҽдістемелік  бағдарын  ұстай  отырып,  жан-жақты  оқыту  мен  қатар  тҽрбиелік  үрдіс 
арасындағы  байланысты  да  қамтиды.  «Оқылып  жатқан  пҽндер  арасындағы  байланыс  ҽр 
пҽннің  ҽрқайсысының  ішкі  логикасын  бұзбайды.  Пҽнаралық  байланыстардың  негізі  - 
келісілген  мақсатты,  мазмұнды,  ҽр  пҽн  бойынша  оқу  материалын  оқып  үйрену  темпін 
олардың  арасында  қарастырылуға  жататын  нысандарды  дұрыс  бҿлуді  қадағалайтын  оқу 
жоспары мен бағдарламаларды құру болып табылады» [2, 37]. 
Пҽнаралық  байланыстар  ҽлеуметтік-педагогикалық,  ҽдістемелік,  дидактикалық  жҽне 
психологиялық  аспектілерде  қарастырылады.  Педагогтар  пҽнаралық  байланысты 
қарастыруда  байланыстың  үш  негізгі  типіне  бҿледі:  мазмұнды-ақпараттық,  операциялық-
қызметтік  жҽне  ұйымдастыру-ҽдістемелік.  Мазмұнды-ақпараттық  байланыс  білім  мазмұны 
негізінде  орналастырылады  жҽне  деректік,  ұғымдық,  түсініктер  жҽне  теориялық  болып 
бҿлінеді.  Операциялық-қызметтік  байланыс  оқу  үрдісінде  қалыптасқан  іскерлік  негізінде 
құрылады жҽне практикалық іскерлік пен дағды ҿңдейтін деректікке; ойлау қызметінің оқу 
іскерлігін  қалыптастыратын  танымдыққа;  дүниетанымдық  кҿзқарасты  бағалауды, 
коммуникативті  жҽне  басқа  да  қызмет  түрлерін  қалыптастыратын  бағалы-ориентациялыққа 
бҿлінеді.  Ұйымдық-ҽдістемелік  байланыс  студенттердің  жалпы  қалыптасқан  байланыстар 
мен іскерліктерді меңгеруін қамтамасыз етеді, меңгеру тҽсілдеріне, орындалу уақытына жҽне 

286 
 
оқу-тҽрбие  үрдісін  ұйымдастыру  формасы  мен  деңгейіне  байланысты  генетикалық, 
құрылымдық жҽне хронологиялық болып бҿлінеді. 
Пҽнаралық  байланыстың  студенттерді  кҽсіби-педагогикалық  дайындауда  ерекше  мҽні 
бар.  Бұл  түсінікті  де,  себебі  болашақ  оқытушының  ҿз  пҽні  бойынша  ғана  емес,  сонымен 
қатар  басқа  пҽндер  бойынша  да  дүниетанымдық  кҿзқарасын  қалыптастыратын  білімдері 
болуы керек. 
Ақпараттандыру  білімді  жетілдіру  барысына  елеулі  ҽсерін  тигізді.  Ақпараттық  жҽне 
коммуникациялық негізде оқытудың жаңа технологиялары оқу барысын күшейтуге, түсініп 
қабылдауды жылдамдатуға, кең кҿлемді білімді түсініп терең меңгеруге мүмкіндік береді. 
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар - компьютерлік техника мен программалық 
құралдардың  кҿмегімен  студентке  ақпаратты  дайындауды  жҽне  беруді  жүзеге  асыратын 
үдеріс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде мыналарды 
бҿліп  айтуға  болады:  техникалық  құралдар,  оған  компьютерлік  техника,  байланыс  жолы, 
жҽне ҽртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар. Оқытушы компьютердің 
кҿмегімен  берілетін  сабақты  ҿңдеуде  оның  функционалдық  мүмкіндіктерін  жҽне  жоғарыда 
аталған компоненттердің ҽрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың 
да  программалық  құралдардың  да  ҿз  ерекшеліктері  бар  жҽне  оқу  барысына  айтарлықтай 
ҽсерін тигізеді. 
Кеңестік  білім  беру  жүйесінде  жалпы  сипаттағы  дҽстүрлі  ҽдіс-тҽсілдер  жүйесі 
қалыптасты жҽне қолданылды. Ал тҽуелсіздік алған жылдары ұлттық білім жүйесінде жаңа 
тұлғаны,  жан-жақты    жҽне  бҽсекеге  қабілетті  маман  дайындау  кҿзделуде.  Бұл  –  жаңа 
дҽуірдегі  жаңа  талаптардың  инновациялық  жүйесін  енгізіп  жҽне  қарқынды  қолдана  білу. 
Соған  орай  білім  беру  жүйесінде  сан  алуан  ҽдіс-тҽсілдер  қарастырылуда.  Қазіргі  кезде 
жаһандық жағдайда түрлі ақпараттардың қарқынды даму кезеңінде білім алушының таным-
түйсігінде  жан-жақтылық  басым.  Ол  басы  артық  ақпараттар  кейде  негізгі  білім  алуда  ҿз 
кедергісін  тигізіп  жатса,  екінші  жағынан  кҿп  білу  мен  ҽлемдік  кеңістікке  бойлауына  жол 
ашып  жатады.  Соның  бірі  –  интернет  жүйесі.  Ҽлемде  адамзат  ҿмірін  осынау  ғылыми 
техниканың жетістігінсіз елестете алмайды. Баладан ересекке дейін ақпарат кҿзіне айналған 
жҽне қажетін ҿтеуде осы тҽсіл жетік меңгерілуде. 
Тҽжірибелі  оқытушылар  ҿз  пҽнін  жүргізу  барысында  пҽнаралық  байланысты  тиімді 
қолданады  жҽне  оның  психологиялық  сипатын  толық  меңгеруде.  Педагогика  саласындағы 
ҽрбір тҽжірибелі маман – психолог. Ал жалпы психологияда Д.Локк «байланыс» деп түсінік 
берген ассоциация деген ұғым қолданылады. Ол латын тілінің «аssocio» сҿзінен аударғанда 
байланыстырамын  деген  мағынаны  білдіреді.  Ендеше  пҽнаралық  байланыс  дегеннің  ҿзі  
тақырыпты басқа ғылым саласымен байланыстыру деген екен. 
Сонымен  қатар  білімді  тҽрбиемен  ұштастыра  отырып,  пҽнаралық  байланысты  тиімді 
қолданудың  психологиялық  аспектісі  зор.  Айталық  жастарды  тҽрбиелеу  ҽрқашанда  кезек 
күттірмейтін  мҽселелердің  негізгісі  болып  сналатын  құбылыс  –  тҽрбие  мҽселесі.  Қай  кезде 
болмасын  педагогика  саласында  тҽрбие  мҽселесіне  зор  кҿңіл  аударылып  келеді.  Жҽне 
жастарға  патриоттық  тҽрбие  беру,  отаншылдық  рухта  тҽрбиелеу,  елжандылық  қасиеттеріне 
баулу сияқты жеке тұлғаға қатысты ізгі іс-ҽрекеттерді жүзеге асыратын педагогтар қауымы.  
Бүгінгі  таңда  біздің  қоғамымызда  саясат,  адамгершілік,тэкономика,  ҿнер,  құқық 
салаларының  кейбір  бағыттарында  гуманистік  нақтылықтың  жетіспеуі  байқалады.  Осыған 
байлансты гуманистік шынайылылықтың қалыптасуы, ерекше құбылысына мағына берілуде. 
Ал  тҽрбие  дегеніміз  –  қоғамдық  құбылыс,  қоғам  жҽне  жеке  тұлғаның  оның  жеке  тұлғаның 
арақатынасын  қамтамасыз  ететін  басты  жүйе.  Бұның  ең  басты  мақсаты  –  жеке  тұлғаны 
ҽлеуметтендіріп,  оның  жағымды  қасиеттерін  дамыту,  қоршаған  ортадағы  адамдармен  тіл 
табысып,  ҿзіне  жҽне  басқалараға  ыңғайлы  болу  болып  табылады.  Тҽрбие  –  адамның  ішкі 
жҽне  сыртқы  мҽдениетінің  кҿрсеткіші.  Оның  сҿйлеуінен,  іс-ҽрекетінен,  атқарған  ісінінің 
қаншалықты  жауапкершілікпен  орындалғаныны  айқындап  тұратын  кҿрсеткіш.  Бүгінгі 
педагогиканың да жеке тұлғаны бҽсекеге қабілетті, ҿзінен  қоғамға пайдасы молырақ тиетін 
тұлға  етіп  тҽрбиелеу.  Білім  тҽрбие  арқылы  қалыптасатындықтан,  сабақта  пҽнаралық 

287 
 
байланысты  күшейте  отырп,  қолданылу  пҽрменділігін  арттыру  қажет-ақ  жҽне  ол  ҿз 
нҽтижесін бермей қоймайды.  
Егемен  еліміздің  ертеңі  сенімді  де  серпінді  дамуы  үшін  ұлттық  белгілердің,  соның 
ішінде ұлттық құндылықтармен қатар, жаңа замануи дағдыларды қалыптастыру да кҿзделеді. 
Туған  анасын,  елін  халқын,  тілін  Отанын  сүю  мҽселесі  –  сол  халықтың  тұрмыс-тіршілігін, 
келбетін, сондай-ақ дүниетанымын дамытып, келешекке оң бағыт береді.  
Тіл  мен  тарих  –  тамырлас  ұғым.  Сондықтан  сабақ  барысында  студенттердің  немесе 
басқа да білім алушылардың бойында ҽмбебап дҽстүрді қалыптастыру үшін ұлтқа тҽн ҿнегелі 
істер мен тарихи танымның терең  мҽнін жіті түсіндіру мақсатында білім беру қатар жүреді. 
Бұл тарих пен тілдің, таным мен мҽдениеттің, ҿнер мен саясаттың байланыстырыла беруін де 
қажет етеді.  
Қазіргі  кезде  жиі  айтылатын  «бҽсекеге  қабілеттілік»,  «нарықтық  экономика»  сияқты 
мҽселелерді  сабақта  пҽнаралық  байлнсты  тиімді  қолдану    арқылы  жан-жақты  түсіндіру  
қажет. 
Тҽуелсіз  Қазақстан  қазақ  ұлтының  тарихи  Отаны  болғандықтан  ұлттық  рухани 
құндылықтардың  сақталуы,  ҿсіп  ҿрбуі  тек  осы  жерде  ғана  мүмкін.  Оларсыз  қазақ  ұлты  да, 
жеке бет-бейнесі бар Қазақстан мемлекеті болмақ емес. Осыған орай сабақ барысында білім 
алушының тарихи танымын жетілдіру үшін де пҽнаралық байланыстың мҽнінінің зор екенін 
байқаймыз.  Қандай  да  бір  ғылым  саласымен,  қоғаммен,  тарихпен,  психология,  тағы  басқа 
салалармен кез келген тақырыпты ретн келтіре байланыстыру, сабақтастыру ,сҿз жоқ, білім 
алушының  қызығушылығн  арттырады.  Денсаулыққа  қатысты  мақал-мҽтелдерді  медицина 
ғылымымен,  ұлттық  мҽдениетті  қазақы  ҿркениетпен,  заңи  терминдерді  сонау  тарих 
қойнауына еніп кеткен заң ережелеріне балайтын жарғы тарауларын, қалайда оқытушының 
іздені  арқылы  білім  алушының  психологиялық  жай-күйін  ескере  отырып,  оң  ҽсері 
болатындай  мҽліметтермен  кҿмкеру  сабақтың  қызықты  ҿтуінен  бірден  бір  игі  іс  болп 
табылады. 
Осындай  ұғымды  ҿз  сабағын  ізденіспен  ҿткізетін  жҽне  алдында  отырған  бүгінгі  білім 
алушының (оқушы, студент) ертеңгі маман екендігін, олардың еліміздің дамуына жан-жақты 
ҿз  үлесін  қосатындығын  ескере  отырып,  толыққанды  бҽсекеге  қабілетті  болып  шығуын 
кҿздейді.  Жоғарыда  атап  ҿткен  ассоциацияны  «нервтік-психологиялық  құбылыстар 
арасындағы  заңды  байланыс  формасында  пҽндер  мен  ақиқат  шындық  құбылыстарын 
бейнелейтін ҿзара байланыс ретінде» анықтайды. Біздің білеріміз, психологиялық тұрғыдан 
ассоциацияны  объективті  шындықты  бейнелеудің  барлық  формалары  арасындағы 
байланыстардың  негізіне  түйсік,  сезім  жататынын  теңестіру  деп  түсіндіреді.  Сондықтан  да 
ол  ми  қыртысындағы  сигналдық  жүйе,  атап  айтқанда,  сҿз,  сҿйлеу,  ойлау  жетекші  орын 
алатындығын білеміз. Осындай тұжырымдар И.П. Павловтың еңбектерінде де кездеседі. 
Отандық  білім  беруде  жаңашыл  педагогтар  мен  ізденісі  мол  оқытушылар  сабақ 
тақырыбын  ғылымның  барша  салаларымен  байланыстыра  түсіндіреді.  Сабақ  берудің  
жаңаша  замануи  талаптарына  жататын  ізденістердің  ең  кең  тараған  түрлерінің  бірі  - 
техникалық  құралдарды  тиімді  қолдану  арқылы  пҽнаралық  байланыстың  тиімділігін 
арттыру.  Тҽжірибелі,  ізденісі  мол  мұғалім/оқытушы  білім  алушының  қызығушылығын 
арттыра отырып, сабақ тақырыбын басқа да тақырыптармен жымдастыра алады.  
Қазіргі  ұлттық  білім  жүйесінде  ғаламдық  жаңалықтармен  байланыстыра  қарастыру 
білім  алушының  кҿп  ақпарат  алуына  мүмкіндік  жасайды.    Қазіргі  таңда  білім  берушілерге 
қойылатын  тың  талап  –    жан-жақты  ізденіс.  Уақыт  талабы  солай.  Жаттандылықтан,  бір 
сарындылықтан  қашу  –  жаңа  технологиялар  мен  инновациялыққа  жол  ашады.  Алайда 
тарихты  сызып  тастауға  болмасы  анық.  Кеңестік  дҽуірде  де  ҿз  заманының  жаңа  талаптары 
болды.  Жақсы  жақтарын  ала  білген  педагог  ҿз  існің  нҽтижесін  кҿре  білді.  Айталық,  сол 
дҽуірдегі  зерттеуші  ғалым  педагогтар  И.М.Сеченов  пен  И.П.Павлов  еңбектерінің  мҽні  зор 
болды.  Олардың  еңбектерінің  ақыл-ой  ҽрекетінің  даму  процесін  тереңірек  талдаудың 
маңызы зор болды. И.М.Сеченов танымдық іс-ҽрекеттің даму жҽне пайда болу проблемасын 

288 
 
ҿзекті  мҽселе  ретінде  зерттесе,  И.П.Павлов  жоғарыда  атап  ҿткен  «ассоциация»  ұғымын 
қолдады [3, 43]. 
Бұларды  біз  қазір  де  жоққа  шығарып  тастаған  жоқпыз.  Ақыл-ой  терапиясы  бірінші 
кезекте орын алады. Адамзат барша ғылымның, табиғи құбылыстардың сырын ақыл арқылы, 
жүректен ҿткізе отырып, тұжырым жасайды жҽне қажетін алады. Тіпті Ю.А. Самарин ақыл-
ой  ҽрекетінің  дамуы  деп  ассоциацияны  қарастырады.  Сҿйтіп,  зерттеуші  пҽнаралық 
байланыстың психологиялық негізін ашып кҿрсетеді. Ол жасаған тұжырым ҿзінің «Ақыл-ой 
психологиясының очерктері» атты еңбегінің мазмұнында берілген. 
Ал  біздер  ата-бабадан  жеткен  ұлағаттарға  зер  салсақ,  «ақымақ  болма,  ақылды  бол», 
«адам  бол»  теориясы  ұлттық  отбасылық  тағылым  ретінде  қалыптасқанын  кҿреміз.  Ҽке 
ұлына, анасы қызына ақылмен жасалған істің кемшін тұстары болмайтынын айтып  отырған. 
Ҿз  ұрпағының  алғашқы  ұстазы  мен  тҽлімгері    ата-ана  қашанда  отбасылық  педагогиканың 
негізгі  ұстанымдары  (принцип)  ақыл-ойдың  дұрыс  болуын  кҿздегені  мҽлім.  Қай  кезде 
болмасын ақымақ ұрпақ, ақылсыз ұл-қыз ҿсіруді  ешкім ешқашан мақсат тұтпайтыны анық. 
Ата қанымен, ана сүтімен берілген асыл қасиеттерді біліммен ұштастырып, есейіп, ержетіп, 
елін басқарған ұл-қыздер аз еместігін кҿріп жүрміз. Бірі атқа қонса, бірі жоғары лауазымды 
иемденіп тҽуелсіз еліміздің дамуына ҿз үлестерін қосып жүр. Осының бҽрі-дағы мектеп пен 
жоғары оқу орнында сабақты жан-жақты байланыстыра ҿткізіп, толық жҽне ҿз дҽрежесінде 
сапалы білім бергендіктің нҽтижесі  деуге болады.  
Ендеше  пҽнаралық  байланыстың    қажеттілігін  кҿздеп,  тиімді  жолмен  жүзеге    асыра 
алған  педагог  жаңа  заманға  лайықты  маман,  бҽсекеге  қабілетті-толыққанды  азамат 
дайындауда жоспарлы түрде ҿз мақсатына жете алады.  
Жоғары нҽтижеге жетудің бір жолы – тынбай еңбектеніп, жаңашыл ізденіс иесі болу. 
Ҽрбір ұстаздың мектепте, сондай-ақ, орта жҽне жоғары оқу орындарында  ҽрбір білім 
алушының  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  барынша  игі  ҽсері  мол 
мҽліметтермен  толықтырып,  заманауи  ақпараттарды  қолайлы  қолдану  сабақтың  тиімділігін 
арттырса, білім алушының ынтасын артары да сҿзсіз. Бұл  ҿзара үндестік болашақ маманның  
қабілеті  жоғары,  сенімін  серік  еткен    азамат  болып  шығу  мүмкіндігін  арттырады.  Осыдан 
келіп, «ұстазы жақсының ұстамы берік» деген ой-пікір қалыптасса керек. 
Қорыта келгенде, пҽнаралық байланыстың оқу пҽндері арасындағы байланыстың мҽнін 
психикалық  процестің  заңдылықтарымен  дҽлелдеуге  болатындығы  психологтардың 
зерттеуіндегі  бір  сипат  болса,  ол  заңдылықтардың  бірі  пҽнаралық  жҽне  ғылымдар 
жүйесінедегі  арасындағы  ассоциациялық  байланыс  болып  табылады.  Тағы  бір  ескеретін 
тиімді ҽдістердің бірі  - инновациялық ізденіс. Бүгінгі күні бұл жайында жиі айтылып жүр. 
Мҽселен,  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында    «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  –  оқудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  [5,  44]  деп,  атап 
кӛрсеткендей-ақ,    қазіргі  кезеңде  әрбір  оқытушының  алдына  қойылып  отырған  басты 
міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа 
педагогикалық  технологияны  меңгеру.  Соның  бірі  –  кейс  әдісі.
   Кейс  стади  әдісі  - 
оқытушының  креативті  ойлауын  дамытып,  сабақтың  мазмұнын   ерекше  құруға 
шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. Білім алушының ойлау қабілетінің 
жоғары  болуы  үшін  де  мол  мәлімет,  айтарлықтай  ақпараттар  керек.  Міне,  осының  бәрі-
дағы  пәнаралық  байланысты  дұрыс  және  жүйелі  түрде  қолдана  алудың  нәтижесінде 
анықталады.  Бұл  арада  жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушылар    мен  мектеп 
мұғалімдерінің зор іденісін қажет ететіні анық
.
 
Ізденіс  қашанда нәтижелі істерге қол жеткізудің сара  жолы болмақ.
 
Бүгінде    білім  алудың    тиімді  ҽдістерінің  біріне  айналған  case-study    ҽдісі  теориялық 
білім  алған  студенттерді  болашақ  мамандықтың  практикасына  негізделген  ҽрекеттерге 
баулиды. 
Сase-study - таңдау жасау жҽне шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді 
ҽдістердің бірі  екендігі анық. Ал бұл  оқу үдерісінде жиі қолдануға болатын жҽне  тиімді 

289 
 
ҽдіс ретінде қабылдау қажет. Студенттің қоғамдағы барша жағдаяттың ортасында ҿз бетімен 
шешім қабылдай алу қабілетін арттыра түсіп, оның  жеке тұлға ретінде қалыптасуына жола 
ашады  деуге  болады.  Сонымен  қатар  кейс  ҽдісін  шығармашылық  жұмыстар  қатарына  да 
жатқызуға  болады.  Шығармашылық  -  ҿте  күрделі  процесс.  Шығармашылық  –  білім 
алушының ҿмір шындығында ҿзін-ҿзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ҿмірде дұрыс жол табу үшін 
адам  дұрыс  ой  түйіп,  ҿздігінен  сапалы,  дҽлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  қажет. 
Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың  ҿшуіне  жол  бермей,  оның  рухани  күшін 
нығайтып, ҿмірден ҿз орынын табуға кҿмектеседі. 
Сабақ  барысында  ҽрбір  ұстаз  білім  алушылардың  қабілетіне  қарай,  білім  деңгейін 
ескере  отырып,  ҿз  бетімен  еңбектенуге,  ізденуге  баулиды.  Оларды  шығармашылыққа 
баулып, ҿзіндік шешім қабылдап, қорытынды жасауға машықтандырып, олардың ақыл-ойын 
дамытады.  Дүниетанымын  қалыптастырады  жҽне  ҿз  пікірін  айта  алу  сенімін  арттырады. 
Осының бҽрі пҽнаралық байланыстың жүйелі жүзеге асуын қажет ететін іс-ҽрекеттер.  
Еліміздің рухани адамгершілік байлығын, мҽдени мұрасын зерттеп, оны студент жастар 
бойына сіңіру ұлттық-жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту бағытында іске асыру ҿзекті 
мҽселе  болып  отыр.  Студент  тұлғасын  дамыту  мҽселесі  тек  педагогикалық  категория: 
ҽлеуметтану,  мҽдениеттану,  этнография,  этика,  логика,  демография,  т.б.  ҽр  қырынан 
қарастыруды  қажет  етеді.  Бұл  адамның  тұлға  болып  қалыптасуы  қоғам,  табиғат,  мҽдениет, 
ҽлеммен біртұтастықта жүзеге асатын үрдіс екендігін кҿрсетеді. 
Отандық  жастардың  болашағына  мҽн  беріп  қарайтын  ұлт  кҿшбасшысы  Н.Ҽ. 
Назарбаевтың  «Жаңа  ҽлемдегі  –  жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауында    қазақстандық 
патриотизм,  саяси  ерік,  жігер  –  жаңа  Қазақстанды  құрудың  аса  маңызды  факторлары 
бҿлімінде    «Ҿткен  жолымыз  лайықты  жол  болады,  ал  біздің  бірлескен  шешімдеріміз  бен 
тындырған  ісетеріміздің  нҽтижесі    таңғаларлықтай  болды.  Мұның  бҽрі  де  жалпы 
қазақстандық патриотизмнің іргеитасын  қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша кҿпұлтты 
жҽне  кҿпконфессиялы  қоғамымыздың,  біздің  балаларымыздың  тамаша  келешегі  бар  екені 
негізгі  мақтаныш  пен  сенімді  туындатады»  -  деп  атап  кҿрсеткен  болатын.  Ендеше,  шын 
мҽнінде, отанға адал, қоғамның дамуына  ҿз үлесін қоса алатын, патриоттық сезімі жоғары 
жастарды  сабақ  барысында    тақырыпты  сан  алуан  ғылыммен  ұштастыра  отырып, 
байланыстыра ҽңгімелеп, пҽнаралық ҽдісті ҿте тиімді ҿткізудің маңызы зор.  
Қандай  пҽн,  қандай  тақырып  болмасын  сабақ  барысында  білім  алушының 
қызығушылығын  арттыра  түсудің  тиімді  жолы  болып  табылады.  Сонымен  қатар  білімді 
тҽрбиемен  ұштастыра  отырып,  пҽнаралық  байланысты  тиімді  қолданудың  психологиялық 
аспектісі  зор.  Айталық  жастарды  тҽрбиелеу  ҽрқашанда  кезек  күттірмейтін  мҽселелердің 
негізгісі болып саналатын  құбылыс – тҽрбие мҽселесі. Қай кезде де бұл орайда педагогика 
саласында тҽрбие мҽселесіне зор кҿңіл аударылып келеді. Жҽне жастарға патриоттық тҽрбие 
беру,  отаншылдық  рухта  тҽрбиелеу,  елжандылық  қасиеттеріне  баулу  сияқты  жеке  тұлғаға 
қатысты ізгі  іс-ҽрекеттерді жүзеге асыратын педагогтар қауымы екені жҽне  анық.  
Қорыта келе айтарымыз, қандай тиімді ҽдіс қолдансақ та басты міндет – жоғары сапалы 
білім  беруді  қамтамасыз  ету.  Қажеттісі  оның  фундаменталдық,  сабақтастық  негізде  білім 
беру ортасын құру, актуалды, болашаққа сҽйкес баланың, қоғамның, мемлекеттің қажеттігін 
ҿтеу. 
Пайдаланылған  ҽдебиеттер 
1
 
 Білім жҽне ғылым. Энциклопедиялық сҿздік. – Алматы, 2009. 
2
 
 Сеченов И.М. Избранные произведения. – М.: Изд.АН СССР, 1952. – Т.1. – 399 с. 
3
 
 Павлов И.П. Полное собрание сочетаний. . – М.: Изд.АН СССР, 1951. – Т.3. Кн.2. – 
408 с. 
4
 
 Примбетова М. Зерде баспалдақтары /ғылыми мақалалар жинағы/. – Астана, 2014. 
5
 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабы. – Астана, 2010. 
 
В  данной  статье  рассматриваются  психологические  аспекты  и  эффективность  
межпредметных  связей.  Наряду  с  этим  автор  статьи  рассматривает  межпредметную 

290 
 
связь на занятиях, как способ получения знаний и навыков путем использования всесторонних 
методов и увеличения  мотивации обучающихся. 
 
This  article  discusses  the  psychological  aspects  and  effectiveness  of  interdisciplinary 
connections.  Along  with  this,  the  author  examines  intersubject  connections  in  the  classroom  as  a 
way  to  gain  knowledge  and  skills  through  the  use  of  comprehensive  methods  and  increasing  the 
motivation of students. 
 
 
 
УДК 332.1:37 
А.О. Рахимова 
Казахский гуманитарно-юридический университет 
Астана, Казахстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет