Проблемы языкознания


САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет19/43
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#6669
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43

 
САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 
 
Қазақ  халқының  әдебиет  тарихында  сал-серілік  өнердің  алары  орны  ерекше.  Сал-
серілік дәстүрдің тамыры тереңде жатыр. Есіл-Көкше өңірінің бай әдебиеті, оның белгілі 
өкілдері  жайында  соңғы  үш  ғасыр  жүзінде  зерттеулер  жасалды.  Сал-серілік  –  әлемнің 
көптеген  халықтарында  өзіндік  сипаттарымен  көрініс  тапқандығын  байқаймыз.  Халық 
ұғымындағы  сал-серілік  кезеңнің  қалыптасуы  мен  оның  өзіндік  дәстүрі  жайлы  біраз 
ғалымдар  зерттеулер  жүргізді.  Сал  және  сері  атауларына  жекелей  анықтама  беріп, 
олардың ара жігін ажыратып көрсеткен еңбектер мақала негізіне арқау болды. 
   
 
Тірек сөздер: шешендік өнер, ән мен жыр, ақындық, суырып салма, серілік, сал, заман, 
өлеңші, дәстүр. 
.  
Қазақ даласының қиыр солтүстік шетін алып жатқан Есіл-Көкше аймағы – қазақтың ән 
және  сөз  өнерінде  өзіндік  ерекшелігі,  айтулы  орны  бар  Арқа  әншілік  мектебінің,  оның 
ішінде,  әсіресе,  әнші  ақындар  шығармашылығының  айқын  қалыптасып,  айрықша  дамыған 
өңірі  болып  табылады.  Аталған  өлке  әдебиеті  туралы  айтқанда,  ең  алдымен  әнші  ақындар 
немесе сал-серілер поэзиясы, олардың әуелете шырқап салатын асқақ әндері ойға оралатыны 
тегін болмаса керек-ті. 
Сал-серілік  дәстүрдің  тамыры  тым  тереңде  жатыр.  Қазақ  халқының  тайпалық,  рулық 
құрылысты  бастан  өткерген  ежелгі  дәуірді  айтпағанда,  Қазақ  хандығы  құрылғаннан  бергі 
кезеңде  арғысы  Қожаберген  Толыбайсыншыұлы,  Сегіз  сері,  Дәстем  сал,  Нияз  серілерден 
бастау  алатын  осы  бір  бекзат  өнер  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Үкілі  Ыбырай,  Балуан  Шолақтар 
тұсында  шырқау  шыңына  шықты  десек  артық  айтпағандық  болар  еді.  Үкілі  Ыбырайдың 
шәкірті 
Әміре 
Сұлтанмұратұлы, 
Мұса 
Асайынов, 
Молдахмет 
Тырбиев, 
Қалия 
Жұбандықовтар – Арқа сал-серілік өнерінің соңғы жалғастырушылары болғаны анық. Өнері, 

152 
 
дарыны  ұстаздарынан  кем  соқпағанымен,  өмір  сүрген  заманы, ортасы олардың  кең  көсіліп, 
сал-серілік  құруға мүмкіндік  бермегені рас. Дегенмен, аты аталған дарын иелері –  алдыңғы 
буын  ағалары  салған  ізгі  дәстүрді  қазіргі  заманға  табыстап  кеткен  жалғастырушылық 
сипаттары  арқылы  ұлт  мәдениетіне  өлшеусіз  үлес  қосып  кетті.  Сал-серілердің  басты 
сипаттары,  әдет-қылықтары,  олардан  қалған  салт-жоралғылар,  ән  шырқау  мақамдары  мен 
ауызша,  жазбаша  жеке  шығармалары  және  т.б.  туралы  деректерді  жадында  сақтап,  дыбыс 
құралдарына,  басылымдарға  жаздыртуы,  осы  арқылы  ертеде  өмір  сүрген  ақын 
композиторлардың  туындылары  қазіргі  күні  кең  қолданыста  болуы  –  бұл  санаттағы 
ақындардың ұлттық құндылықтарды жеткізу, сақтаудағы ерен еңбегі. Біз бұл ақындарды сал-
серілік  дәстүрдің  қазақ  мәдениетіндегі  соңғы  көрініс  тапқан  өкілдері  ретінде  қарастыра 
отырып, салдық және серілік мектебі, олардың лексикалық мән мағынасы, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарына тоқталғанды жөн санаймыз. 
Салдық  пен  серіліктің  дәл  қашан  пайда  болғандығы  туралы  деректер  тым  аз  екендігі 
зерттеу  барысында  айқын  аңғарылды.  Осы  тұрғыда  біршама  зерттеу  жүргізген  ғалым  – 
академик Әлкей  Марғұлан. Ғалым былай дейді:  «...Бірақ, бір өкінішті жері,  сал мен серінің 
қашан  шығып,  қалай  өркендегенін  айтып  берген  бір  ауыз  сөз  әдебиетте  кездеспейді.  Ол 
туралы  қысқа-қысқа  жазып  алған  хабарлар  бір  ғана  Ә.Ә.  Диваев  пен  А.Н.Добромысловте 
жолығады»[1, 156-бет]. 
Сал-серілік  –  әлемнің  көптеген  халықтарында  өзіндік  сипаттарымен  көрініс 
тапқандығын байқаймыз. Еуропалық ғалымдардың, атап айтқанда Рене Генон, Герман Вирт, 
Мирча Элиаделердің зерттеуінше, сал-серілік (еуропалық ұғымда «рыцарь») ерте феодалдық 
кезеңдердегі  сан  түрлі  шайқастарда  ерлік  көрсеткен  ержүрек  жауынгерлер  заманынан 
жеткен.  Майданда  асқан  ерлік  көрсеткен  серілерді  халық  құрметтеген.  Олардың  маңында 
топтасқан  ержүрек  нөкерлеріне  қоса,  түрлі  ойындар  көрсетіп,  халықты  таңғалдыратын 
ойынпаздар  жүрген.  Бұл  –  Ақан  сері  тобындағы  әншілер  мен  балуандарды,  цирк  өнерін 
көрсететін жігіттерді еске түсіреді. 
Ресей,  Түрік  империялары  тұсында,  ХҮІ  ғасырдан  бастап,  билікке  бағынбай,  Дон, 
Кубань  бойындағы  далаларға  еркіндікке  шығып  кетіп,  ән-күй,  ат  спортына  ден  қойған, 
серілік  салттарын  ұстанатын  топтар  болды.  Оларды  «казактар»  (еркін  адамдар)  деп  атаған. 
Казактар Иван Грозный заманынан бастап, Ресей империясына қызмет ете бастады да, әуелгі 
сипаты өзгерді. Дегенмен, казактардың ат өнері, қылыштасу мәнері, тамаша әндері – ежелгі 
серілік дәуірдің жұрнағы ретінде қарастырылатындығы тегін болмаса керек. Бұған қарап біз, 
Еуропадағы сал-серілік дәстүр негізінен әскери әулеттерге қатысты болғандығын байқаймыз. 
Еуропада серілік ордендер қалыптасып, қоғамда белгілі бір орынға ие болды. 
Көшпенді  жұрттар,  оның  ішінде  қазақ  жұртындағы  серілердің  тұлғасы,  алатын  орны 
еуропалықтарға  қарағанда  сәл  басқашалау  болғандығы  аңғарылады.  Көшпелі  тайпалардың 
барлығы  дерлік  жауынгер  әулеттен  тарайтын  болғандықтан,  қазақ  әлеуметі,  қазақ  халқы 
тұтастай  әскери  халық  болып  саналады.  Шыңғыс  ханнан  бұрынғы  және  одан  кейінгі 
жаугершіліктің тарихын зерттеген ғалымдар көшпенділерге қатысты «әскер-халық» («народ-
войско»),  «мәңгі  ел»  («вечный  народ»  немесе  «вечный  народ  –  войско»)  деген  терминдерді 
пайдаланады. Яғни, күнделікті өмірдегі малшы қазақ қажеті туақалған жағдайда жауынгерге 
айналып шыға келетін болған. 
Белгілі  фольклортанушы  ғалым  Серікбол  Қондыбай  қазақтың  Алтын  Ордадан  кейінгі 
тарихында  таза  кәсіби  әскери  адамдар  құрған  «Үш  қиян»  деген  серілер  орденінің  (әулеттік 
топ)  болғандығын  айтады  [2,  187-бет].  Бұл  серілер  тобы  жаумен  шайқаста  өздерінің 
жанқиярлық ерлігімен көзге түсіп отырған. Бұл да  қазақтың сал-серілік өнерін түсіндірудің 
нақты мысалдарының бірі. 
Қазақ  арасындағы  сал-серілерінің  кім  екендігін  қысқаша  ғана  түсіндіру  үшін,  орта 
ғасырлардағы сопылық кезеңге тоқталу қажет болады. Орта Азия сопыларының басты пірі – 
Қожа Ахмет Ясауи. Осы Қожа Ахметтің көп шәкірттерінің бірі және ең қабілеттісі – Бекташ 
есімді сопы болған екен. Қазақтың сал-серілерінің пірі – осы Бекташ. Осман империясының 
тарихында Қожа Ахмет пен Азиядан шыққан сопылардың есімі ерекше құрметпен аталады. 

153 
 
Қазіргі  Ыстамбұл,  бұрынғы  Византияның  астанасы  Константинопольді  жаулаған  әскердің 
алдыңғы  легі  тұтастай  Қожа  Ахмет  Ясауидің  жаужүрек  шәкірттері  болған  делінеді  және 
ежелгі сал-серілер осы Бекташты ұран еткен. Қазіргі күні қазақ арасында Бектас есімі кезесіп 
жатады.  
Жоғарыдағы ойлардан шығатын қорытынды – қазақ сал-серілерінің әу бастағы қызметі 
–  ән  салып,  акробатикалық  өнер  көрсетіп,  жиналған  жұрттың  көңілін  көтеру  емес 
болғандығы. Яғни, олар негізгі қол жаумен шайқаста қиналып, кідіргенде тұтқиылдан жауға 
қарсы  шығып,  тосыннан  соққы  беретін  әскери  жасақ  болып  табылады.  Осындай  үрдісті  біз 
кейінгі жылдары экранға шыққан, тарихи аңызға құрылған «Жаужүрек мың бала» фильмінен 
байқайламыз. 
Қазақтың  сал-серілері  соғысқа  көбінесе  жеке  дара  немесе  топтасып,  сауытсыз, 
жанболатсыз шығатын болған. Себебі, сал-серілер тобы – өз еркімен тұтастай өлімге кесілген 
әскер.  Бүкіл  тарихы  ат  үстінде,  қанкешу  соғыс  үстінде  өткен  елдің  қатыгез  әскери  заңы 
болып табылады. Болашақ Үш жүздің ханы Әбілмансұр да осы дәстүрмен, жиырмаға жетер-
жетпес  шағында  қазақ  қолының  қысылтаяңға  ұрынған  шағында  «Абылайлап!»  жауға 
ұрандап  жалғыз  шауып,  көзге  түскен  болатын.  Ол  кезде  жалғыз  атты  әскердің  жауға 
сауытсыз  шабуы  –  қалған  әскер  үшін,  ат  жалын  тартып  мініп,  алғаш  рет  қан  майданға 
шыққан жас ұрпақ үшін ерліктің теңдесі жоқ үлгісі, үлкен рухани және психологиялық көмек 
болып табылған. 
Жауға  көзсіз  ерлікпен  қарсы  шапқан  ержүрек  сал-серілер  тобы  көп  жағдайда  майдан 
даласында  тұтастай  қырылатын  болған.  Ал  осы  елі  үшін  ерлікке  барған  аяулы  әскердің 
кездейсоқ  тірі  қалғандары  болса,  бейбіт  кезде  олар  елдің  еркесі  саналған  және  «қылыштың 
майын»  сұрайтын  болған  екен.  «Қылыштың  майы»  –  көне  замандардағы  сал-серілерден 
жеткен  қасиетті  ұғым.  Ұрыстан  әлдеқалай  аман  шыққан  сері  ел  шетіне,  алғашқы  кездескен 
ауылдың сыртына келіп жығылады. Ауылдың адамдары аңырап жылап кеп үстіне түскенде, 
«өліп  жатқан»  сері:  «Қылышымның  майын  бер»,  -  дейді.  Бұл,  серінің:  «Қылышымды 
қапысыз шауып, жаудың да қанын, өзімнің де қанымды аямай төктім, енді сол қылышымның 
өтеуін бер» деген назы екен.  
Бүкіл  ауыл-аймақ  жиналып  серіні  кілемге  салып  немесе  жатқан  жерінде  үстіне  отау 
тігіп,  сырмақ,  кілемге  салып,  аузына  қымыз-шұбат  тамызып,  «тірілтіп  алып»  ардақтайтын 
болған. Қан жұтып, жауды жеңіп келген серінің тілегін беріп, оған ләззат сыйлау – ауылдың 
қыз-келіншектері үшін үлкен абырой болған көрінеді. 
Мұндай  дәстүр-салттың  сарқыны  ХІХ  ғасырдағы  салдарда  да  болған  екен.  Соғыс, 
жаугершілік заман өтіп кеткендіктен, енді олар халықты түрлі өнерімен таңғалдырып, егерде 
дұрыстап  қарсы  алмаған  ауыл  болса,  масқаралап  та  кететін  болған.  Сондықтан  да,  ауыл 
шетіне  келіп,  аттан  ауып  түсіп,  «өліп  жатқан»  сал-серілер  тобына  қарсы  қыз-келіншектер 
шығып, «тірілтіп алып», кілемге салып әкеліп, ауылда ән  айтқызып, думандатып, кетерінде 
сый-сыяпат жасап аттандыратын болған. 
Сан  ғасырлық  тарихы  бар,  әрбір  өңірінде  өзіндік  ерекшелікке  ие,  дәстүрлі  қазақ 
қоғамында ақын, жырау, жыршы, өлеңші, сал, сері, қайқы сияқты ұғымдардың ауқымы кең 
болғандығын  білеміз.  Олар  өлең,  жыр,  дастандарды  шығарушы,  айтып  таратушы  болумен 
қатар,  синкретті  өнер  иесі  еді.  Нағыз  ақындар  өлеңді  табан  астында  суырып  салып  айтқан. 
Ондай  жағдайда  өлең,  жыр,  домбыра  немесе  қобыз  сияқты  аспаптар  сазына  қосылып 
айтылған.  
ХХ ғасырдың басындағы халық ақындары дәуірінің алдында тұрған сал-серліліктің өзі 
арғы  бастауын  сонау  Түркі  қағанаты  дәуірінен  алған  деген  пайымдауды  көптеген 
әдебиеттанушы, этнограф ғалымдар атап көрсетеді. Сонымен қатар, Орта ғасырларда да сал-
серілік  қазіргі  қазақ  даласында  өмір  сүрген  тайпалар  арасында,  әсіресе,  оғыздар  мен 
қыпшақтар,  қимақтарда  кеңінен  танымал  болған  екен.  Оғыз  жыры  Қорқытта  мынадай 
жолдар кездеседі: 
Елден елге 
Бектен бекке 

154 
 
Қобызын артып қасына. 
Ұзандар жүр ел кезіп [3, 75-бет]. 
Түркі  халықтарының  қайта  өрлеу  дәуірінің  өкілдері  Махмұт  Қашқари  мен  Жүсіп 
Баласағұн,  Сәйф  Сараи  шығармашылықтарында  да  сал-серілік  дәстүр  көріністері  молынан 
ұшырасады.  Ұлы  Дала  тарихында  қазіргі  күні  Ресей  және  Батыс  тарихшыларының 
тегеурінімен  құлдырау  дәуірі  ретінде  сипатталып  жүрген  Шыңғыс  хан  және  оның 
мирасақорлары  құрған  мемлекеттерде  сал-серілік  дәстүрі  мейілінше  дамығандығына 
дереккөздер  куә  болады.  «Қыпшақ  даласында  серілік  пен  сал  өнерін  таратқан 
майталмандарының  бірі  Жошы  хан.  Оның  өзі  бір  ғажайып  сері.  Ол  қасына  атақты 
жырауларды,  ақындарды,  сал-серілерді,  әнші-күйшілерді  топтап  біріңғай  сауық  үстінде 
болған» [1, 2-бет]. 
  Әлкей  Марғұлан,  Ақселеу  Сейдімбек  қатарлы  көптеген  зерттеушілер  Қазақ  хандығы 
дәуірінде  салдық  пен  серілік  өнерінің  биік  сатыға  жеткен  деп  есептейді.  «Серілікті  биік 
сатыға  жеткізген,  әсіресе,  Есімхан.  Оның  қамқа  тондары,  басындағы  телпегі,  аяғына  киген 
қызыл  етігі  тегісімен  алтынмен  кестеленіп,  отырған.  Құстың  да  ең  қырандарын  ұстаған: 
сұңқар, лашын, тұйғын, «алтайдың ақ иық бүркіті» [26,5-бет]. 
Біздің  бұл  арада  айырып  көрсететініміз  –  сал  мен  сері  бір  типті  емес,  екеуі  екі  алуан, 
өзгеше  өнер  адамдары  екендігі.  Олардың  бірінен-бірінің  өзгешелігі  –  олардың  тұрмыс 
көрінісінде, типінде болып табылады. «Сал», «сері» деген сөздер қалай туғандығы жайында 
да біршама пікірлер бары белгілі. 
Қазақ  этнографиясының  білгірі  Әлкей  Марғұлан  бұл  турасында  былай  дейді:  «Сал»  – 
Еуропа  тілімен  айтқанда  эксцентрик,  болмаса өз  бағытымен  жүретін  бір  аяулы  адам.  Оның 
бір арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен 
де  қияпатымен  де,  киімімен  де  артық  болу,  асып  түсу.  Ер-тоқымның  өзі  де  басқанікіндей 
болмайды, алтынмен, күміспен өрнектеген, ерекше салтанатпен жасатады. 
«Сал»  сөзі  киімді  салпаңдатып  кең  тігуден  шыққан,  сал,  салпаң.  Әрбір  салдың 
шалбарының балағы сондай кең, оған бір кісі толығымен сиып кетеді. Ақселеудің «сал» сөзі 
«Сал ауруынан алынды» деуі келіңкіремейді. Халықтың әдеті бойынша, өнер иесіне ондай ат 
қоймайды. Қайта сол «салдық аурудың өзі осы «сал» сөзінен шыққан болуы керек «Атым сал 
бөксе  болып  жүр»  десе,  салды  басқан  кең  киім  сияқты  атты  да  ауырлатып  жүр,  дегенді 
білдіреді. Демек бұл сөздің өзі салдың киімінен шыққан. Құлағы үлкен кісімен құлағы үлкен 
малды да «салпаң құлақ» дейді, ол да үлкендікті, кеңдікті көрсетеді. 
Ілгеріде  мысалмен  келтірілмек,  «серілік»,  «салдықтан»  бүтіндей  басқа,  екеуінің 
қосылатын  жері,  екеуі  де  ақын,  күйші,  әнші,  екеуіне  де  ортақ  болатын  музыка  аспаптарын 
бірдей қолданатыны. «Сері» сөзі серпілдеуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, 
шалқыту,  асқақтау.  Сері  көбінесе  оқымысты  кісілер  арасында  көп  болған.  Жақсы  көрген 
қызға салдар сияқты іздеп бармайды хат пен жұмбақ жазысады. 
Ерте кезде жасаған серілер көбінесе хан ордасында болып ойын-сауықтар құратын. Біз 
оны Жошы ханның қазақ хандарының серілік құрған тұрмысын айтқан түрде көрсеттік. А.В. 
Затаевич жазған: «Сери были детьми белой кости, богатыми, но их эксцентризм непринимал 
крайних форм» [1, 6-бет].  
Біздіңше, салдардан серілердің айырмашылығы – біріншіден, атақты мерген, екіншіден 
саятшы, сұңқармен, лашынмен, тұйғынмен қызық көруші, тұлпар аттың ең жүйрігін қадірлеп 
баптаушы  болумен  қатар,  халықтың  күнделікті  күйбеңнен  тыс,  рухани  тіршілігінде,  ойын-
сауығына  да  ерекше  қуат  беріп,  оны  биікке  көтеруші  адам  ретіндегі  рөлі  салға  қарағанда 
биігірек  болуында  деген  болар  едік.  Мысалы,  Сегіз  сері,  Ақан  серілердің  ақын  ретінде 
әдебиетке  үлкен  үлес  қосуы,  шығыстың  көптеген  хисса-дастандарын  жатқа  айтумен  қатар, 
өздері  де  артына  дастандар  мен  насихат  жырларын  қалдыруы  сөзімізге  дәлел  бола  алады. 
Осындай  интеллектуалы  жоғары  өнерпаздардың  бірі  Нияз  сері  ұлы  Қыруар  сері.  Ол  парсы 
тілінен  «Тоты  намені»  қазақ  тіліне  аударған.  Ақын  аударған  «Тотынаманың»  бір  тарауы 
«Мәлике» жырын бүгінде Қазан университетінің кітапханасында сақтаулы тұрса керек. 
Серілер  шығармашылығында  батырлар  жыры,  олардың  ерлік  істерін  кейінгі  ұрпаққа 

155 
 
насихаттау  да  үлкен  орын  алғандығын  байқаймыз:  «Серілердің  кейбірі  қазақтың  ерлік 
жырына  да  сондай  төніп,  оны  асқақтатып,  сондай  сәулетті  етіп  шығарып  отырған.  Сондай 
серінің бірі Қарауылдан шыққан Көкшетаулық Сейіткерей. 
Дәулетше Махмуди хан сенің атың, 
Артылған әр бендеден салтанатың. 
Жаһанда Сейткерей атым шығып, 
Бүгінде бұл бір сөзім тәмәм болдым» [1, 8-бет]. 
Серілер  сұлу  сүйіп,  жүйрік  ат,  алғыр  қыран,  епті  тазы  ұстаған.  Серілер  –  аты  айтып 
тұрғандай,  тазалық  пен  пәктіктің  көрінісі  болған.  Мысалы,  Ақан  сері  соңына  ерткен 
жігіттерін,  өнерпаздар  тобын  бірде  тегіс  қызыл  киіндіріп,  торы  ат  мініп  жүрсе,  енді  бірде 
аппақ  киім  кигізіп,  ақбозат,  келесіде  қара  мақпал  жамылып,  мақпалдай  қара  аттарға  мініп, 
аттарының  шашасына  алтын,  күміс,  жез  қоңыраулар  іліп,  ерекше  салтанатпен  жүретін 
болған. Ақан серінің өте кірпияз болғандығы, тазалық деңгейі төмен деп санаған үйге дәулеті 
асқан бай болса да кірмейтіні аңыз болып айтылады. 
  Есіл-Көкше  өңіріндегі  сал-серілікті  біршама  зерттеген  ғалым  Ж.  Қадыров  былай 
дейді: «Арқа жеріндегі дәстүрі қалыптасқан ақындық мектеп, ал оның тамыры сал-серілікпен 
өрбитіні  белгілі.  Сал-серілікке  тән  емін-еркін  өмір  сүру,  халық  көңілін  көтеріп,  қызықты 
тұрмыс құру талпынысы ақындық дәстүрде де өз мәнін жойған жоқ. Сонымен қатар, бұқара 
халықтың рухани қажеттілігін өтеу пейілі  бар. Сал-серілер поэзиясына тән ерекшеліктердің 
бірі  –  өз  заманына  сай  өзгеріс-  құбылыстарды  музыкалық-поэзиялық  бірлікте  танытып, 
насихаттау болса, ақындық мектепте қалыптасқан ортада да осынау құбылыстың жалғастығы 
байқалады.  Демек,  біз  оларды  заман  жыршылары  деп  қараймыз»  [4,  18-бет].  Демек,  Ақан 
сері өзінен кейінгі замана жыршылары жалғастырған дәстүрді жоғары деңгейге жеткізуші.  
«Серіліктің бас шарты сұлу киіну болса Ақан оғанда ерекше көңіл бөлген. Ақан серіні 
көп  заман  қызықтап,  онымен  бала  күнінен  бірге  жасасқан  Қоқыштың  (1927),  Жауардың, 
Құлыштың (1959), тағы өзге қарттардың айтуынша, Көкшетау қазағында Ақан серідей ешкім 
әдемі  киінбеген.  Оның  қысқы-жазғы  киімдері  бірнешеден  болған.  Басына  киетін  пұшпақ 
бөріктің  өзін  әсем  тігетін  қыз-келіншектерге  әртүрлі  үлгімен  жасатқан.  Аяғында  кебіс-мәсі 
кимей, жылтыр қара етік киетін болған. Қасым қарттың айтуынша: «басқа қазақ қисық табан 
жылтыр  етік  киген  емес.  Оны  киген  жалғыз-ақ  Ақан  аға»  дейді.  Үстіне  киетіні  мауыты 
шекпен,  шапанның  бірнеше  қымбат  түрлері,  жақсы  көргендері  сұр  шапан,  қызыл-күрең 
шапан,  кестеленген  тақыр  күрең  жарғақ,  суық  айларда  кигені  құлын  жарғақ,  бөкен  жарғақ 
(жауар). Аяқ киімі болмаса өзгесінің барлығы бұрынғы атақты серілердің дәстүрін көрсетеді. 
1918-1924-жылдары  Мұхтар  да  ескі  серілердің  дәстүріне  түсіп,  Семей  көшесіне  салдардың 
сылқым киімімен шығатын» [1, 41-бет],-деп атап көрсетеді академик Әлкей Марғұлан. 
Ал,  серілерге  қарағанда  салдардың  сипаты  біршама  өзгешелеу  болғандығын  көреміз. 
Салдар  әр  уақыт  жарқын  жүзді,  майталман,  әзіл  мен  қулықты  қатар  ұстап,  бір  жағына 
сынағыш,  сын  көзімен  қарайтын,  отырған  маубас  басшыларды  сықақпен  өлтіріп,  игі 
адамдарға  мөлдіреп  жарқын  пейіл  білдіргендігі  белгілі.  Бұған  мысалды  біз  Біржан  салдың 
«Жанбота» әнінің мамзұнына арқау болған жайдан байқаймыз[5, 46-бет]. Ал сал – дүниенің 
бетіне  қарамай  шашып-төгіп  жүретін,  мәрт  те  жомарт,  мінез-құлқы  да  ерекше  адамдар 
болған. Біржан салдың бас киімінің өзі құндыз, жанат, сусар, бұлғын т.б. аңдардың терісінен 
құрастырылған  еді  деген  аңыздар  жеткен.  Беторамалы,  тіпті  шұлғауының  өзі  таза  жібектен 
болғаны,  ер-тұрман,  қамшысының  өзі  де  ешкімге  ұқсамайтын  етіп  жасалған.  Ал  осы 
заттарды қалау ретінде сұраған жандарға салдар қолын қайтармай беріп жіберген екен.  
Көкшетау  өңірінде  өмір  сүрген  қарауыл  Ожан  сал  «менің  малымнан  күн  батқанша 
ұстап  аласыңдар,  күн  батқан  соң  тоқтатасыңдар»  деп  мәрттік  жасаған  екен.  Сонда 
құлақтанған  ел-жұрт  кешке  дейін  қалаған  малын  бір-бірлеп  әкекенде,  соңғылары  кеш  блып 
кеткендіктен  мал  алып  үлгермесе  керек.  «Ожанның  малы  таусылғанша,  құдайдың  күні 
батты» деген мәтел осыдан қалған екен. Салдардың киіміне қоса, мінезі де, қимыл-әрекеті де 
елден оғаш, ерекше болғанымен, халық оны осы үшін жақсы көрген. 
Салдың  ісі  мен  мінез-құлқы,  әдет-салты,  жүріс-тұрыстарының  өзі  ешкімге 

156 
 
ұқсамайтыны,  өзгеше  тұрмыс  құрып,  өмір  сүргенінің  өзі  адам  күлерлік,  ақылға  сыймайтын 
әрі  таңғаларлық  көрініс  десе  де  болады.  Сал  жорға  немесе  жүйрік  ат  мініп,  қоржынын, 
қойны-қонышын  асыл  тас,  қымбат  бұйымға  толтырып,  елде  жоқ  ерекше  үлгімен  тігілген 
қымбат киім киіп келіп, өзі ұнатқан қызды ауылдың сыртына келіп аттан құлап жатады екен. 
Аттан түсіп емес, әдейі құлап жатады екен. Жай жатпай, әндетіп, өлеңдетіп жататын болған. 
«Арқаның он бір салының» бірі Төлебай: 
Он бір салдың біреуі Төлебай сал, 
Салдықпенен қалмады сары атта жал. 
Салдығымның белгісі сол емес пе, 
Айжан, Күнжан екі қыз көтеріп ал! –  
деген екен. Сөйтіп салды ауыл қыз-келіншектері киізгесалып ауылға көтеріп әкелетін болған. 
Одан  әрі  ойын-сауық,  ән,  жыр,  қыз-жігіт  айтыстары  сияқты  өнер  бәсекесіне  жалғасады. 
Осындай  қызық  үстінде  епті  қыз-келіншектер  салдың  артып  әкелген  барлық  асыл 
бұйымдарын  қыл  үстінен  бөліп  әкетеді.  Мінген  ат,  ер-тоқымы  да  біреудің  қолында  кетеді. 
Тіпті,  салдың  үстіндегі  киімдерін  де  сыпырып  алып,  ауылына  әрі  жаяу  әрі  жалаңаш 
қайтаратын да кез  болған. Бірақ сал бұған ренжімейді. Өйткені салдықтың шарты осындай. 
Сұрағанын бермесе немесе реніш білдірсе – ол сал емес деп есептелген. Ондай жігітті ел сал 
деп мойындамайды, қарсы алмайды. 
Салдық  ерте  кезде  халықтың  дағдыланған  бір  дәстүрлі  ісі  болған.  Ең  соңғы  салдың 
бейнесін  Біржан  мен  Мұхит  салдан  көруге  болады.  Олардың  соңы  ала  шыққан  Жаяу  Мұса 
мен Үкілі Ыбырай салдықтан көрі әншілікке жақынырақ. Салдықты еске түсіретін Жаяудың 
өзгеше  киінуі  (ылғи  қызыл  киініп  жүреді),  Ыбырайдың  басына  үкі  тағып  жүруін  ежелгі 
салдық салттың жұқанасы деп білеміз. 
Ерте  кезде  өткен  салдардың  асқан  ерекшелігі  –  олардың  сыртқы  қияпатының  өзгеше 
болып  көрінуі.  Олардың  сыртқы  сипаты  киім  киісі  жүріс-тұрысы,  қарапайым  кісіге 
ұқсамайтыны. Олар жүргенде ылғи қойқаңдай басып, кербез жүреді. Сөзі асқақ, еркін, өзінен 
басқа жан бар деп ойламайды. Болса да олардан ылғи асып отыруына кәміл сенеді. 
«Салдарды  қазақ  халқы  өте  еркелетіп  өсірген.  Ол  өте  нәуетек,  кербез,  бой  күйез, паң, 
онымен қатар мінезі өте жайдары, ашық ер көңілді келеді.  Шоң, Торайғыр би, Дәулеткерей 
кезінде  олар  бұрынғы  ата  дәстүрі  бойынша  салдардың  кейбір  асқан  мінезіне  бөгет  болмай, 
оларды  еркелетіп,  қызық  көрген.  Сарысудың  бойындағы  екінші  Шоң  Толыбай  салды  аса 
қадірлеп,  оны  өзіне  ақылшы  етіп  алады.  Толыбай  сал  ақыл  иесі  халықты  өзінің  әдемі 
көрінісімен,  шешен  сөзімен,  шырқап  салған  әнімен  қуантатын  болған.  Бұл  қасиет  барлық 
салда  болған,  оның  ішінде  Біржан  салдың  өзі  де  халықтың  кемеңгер  қайраткері,  ақылды 
ойшысы, жүйрік ақын болып есептеледі. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Мағұлан  Ә.  Шоқан  туралы  оның  ұрпақтарының  жарқын  естелігі.  –Алматы:  Көркем 
әдебиет, 1958. 
2 Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. 4-кітап. С.Қондыбай. – Алматы: Дайк-Пресс, 
2004. 
3  28  Қорқыт  ата  кітабы.  (Құраст.  Ә.Қоңыратбаев,  М.Байділдаев).  –Алматы:  Жазушы. 
1986. 
4 Қадыров Ж. Игібай Әлібайұлының ақындығы. – Петропавл, 2003.-89 бет. 
          5 Жақанов І. Аққулар қонған айдын көл. – Алматы: Жазушы, 1988. – 208 бет 
 
    
В истории литературы казахского народа искусство мастерства  сал-сери занимает 
особое  место.  Корни    традиции  мастерства  сал-сери  уходят  в  далекое  прошлое.  В 
последние  три  столетия    проводились  исследования    богатой  литературы  окрестности 
Есиль-Кокше.  и    о  его  известных  представителях  .Мы  замечаем,что  мастерство  сал-сери 
своими  характерными  чертами  нашло  свое  отражение  у  многих  народов  мира.Многие 
ученые проводили свои исследования о формировании  периода мастерства сал-сери  и о его 

157 
 
своеобразном  традиции  в  понимании  народа.  Труды,в  которых  были  даны  толкование  и 
различие названий  сал и сери стали основой создания этой статьи. 
 
In the literary history of the Kazakh people the art of mastery  sal-seri holds a special place. 
The roots of the tradition of  sal-seri mastery goes  back to ancient times.In the  past three centuries 
rich literature vicinity had  been studied  of Yesil-Kokshe and its famous representatives .We notice 
that mastery  of sal-seri has  its own unique features which is reflected in many nations all over the 
world.Many scientists conducted their research on the formation period of skills of  sal-seri and its 
peculiar  traditions  of  people.Works    which  were  given  to  the  interpretation  and  the  difference  of 
names and sal- seri became the basis of the creation of this article. 
 
УДК 398.2(161.18)398.2(512.122.8) 
Р.А. Авакова, Е. Баят 
Әл Фараби атындағы  ҚазҰУ   
Ақан сері атындағы мәдениет колледж 
Алматы қ., Қазақстан 
                 r_avakova@mail.ru; erbolat.bayat@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет