Оқу тілі
|
Қазақ тілі
|
Қазіргі таңдағы пәннің өзектілігі
|
Қазіргі бастауыш білім беру жүйесін модернизациялауда критериалды бағалау технологиясы пәнінің өзектілігілі ерекше. Пәнді оқыту барысында студент бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшліктеріне ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін, қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлауды жүзеге асырады; бөлім/ортақ тақырыптар бойынша бағалау критерийлері, дескрипторларын және әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысымен ата-аналар үшін рубрика құрастырады және жобалайды.
|
Өзіндік білім алу мен зерттеулер элементтері
|
- Студенттер пән мазмұнын меңгеруде сыни рефлексияға түсуі үшін:
1) топтық талдау және бағалау,
2) презентацияларға жеке шолу;
3) бақылау парақшаларымен жұмыс жүргізу, алқалық талдау;
4) топтық жоба «Постерлер галереясы» қорғау.
|
Инк люзив
ті қамтамасыз ету
|
Инклюзивті оқыту мен ерекше білімді қажет ететін (ЕБҚ) студенттерді бейімдеуге бағытталған күрделендірілген тапсырмалар жүйесін: кеңейтілген, құзырлылық және Блум таксономиясының жоғары ойлау деңгейіндегі тапсырмалар құрастырту және талқылау негізінде меңгерту.
|
Пәннің оқыту нәтижесі 2(ПОН 2)
|
ПОН2 - бөлім/ортақ тақырыптар бойынша бағалау критерийлері, дескрипторларын және әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысымен ата-аналар үшін рубрика құрастыру
|
Пәннің оқыту нәтижесі 6
(ПОН 6)
|
ПОН 2 - оқу үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құрастыру; кері байланыс берудің тиімді формаларын өз іс-әрекетін талдау.
|
|