Проектно-исследовательская работа студентов



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата31.03.2017
өлшемі11,14 Mb.
#10793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

7.Ожидаемые результаты  
В  качестве  критериев  эффективной  деятельности  психологической  службы 
педагогического вуза можно рассматривать следующие: внутренние критерии (субьектность, 
• Пути привлечения денег ( помощь 
администрации ВУЗа ,помощь 
спонсоров, а также данный проект 
планируется подать как грантовую заявку
Отсутствие  денежных 
ресурсов
• Возможность использования кабинета 
психологиеской разгрузки (624 ауд.)
• Возможность использования методик 
ИМАТОН лаборатории 
психодиагностики (617 ауд.)
Отсутствие материальных 
ресурсов 
(помещение, диагностиче
ский инструментарий)
• Првлечение студентов кафедры 
психологии, обучающихся по 
специальности "Пеагогика и 
психология", "Психология" 
Риск связанный с 
человеческим ресурсом

19 
 
удовлетворѐнность  собственным  выбором  профессионального  развития,  активность)  и 
внешние  критерии  (достижения  студентов  в  образовательном  процессе,  востребованность 
услуг психологической службы, методическое и технологическое обеспечение деятельности 
психологической службы; инновационность). 
Результаты работы психологической службы педагогического вуза: 
1.
 
Приобщение 
студентов 
к 
психологическим 
знаниям 
и 
формирование 
психологической культуры.  
2.
 
Профилактика  нарушений психологического  здоровья  субъектов  образовательного 
процесса; 
3.
 
Психологическая  помощь  в  разрешении  личностных  проблем,  в  формировании 
адекватных форм поведения в разных жизненных, учебных и профессиональных ситуациях;  
4.
 
Содействие позитивному разрешению конфликтов в педагогических коллективах и 
студенческих группах. 
 
8.Список использованной литературы 
 
1.
 
Долгова  В.И.  Готовность  к  инновационной  деятельности  в  образовании 
(монография). - М.: Книжный дом «Университет» 2009. – 227 с. 
2.
 
Долгова  В.И.,  Ткаченко  В.А.   Мотивация  профессиональной  деятельности 
студентов (монография). - Челябинск: АТОКСО, 2011.-99 с. 
3.
 
Жидкова  В.В.  Психологическая  служба  вуза  /  С.В.  Недбаева,  В.В.Жидкова// 
Психология в вузе. № 3. - М., 2003. - С.49- 63. (1 пл.) 
4.
 
Колосов  Е.В.  психологическа  служба  вуза:  теория  и  практика/Е.В.  Колосов, 
В.Н. Бобылев, В.А. Кручинин //Высшее образование в России.-2007.-№3.-С.10-13.- See more 
at: http://mosi.ru/ru/mosi/psihologicheskaya-sluzhba-v-vuze#sthash.Oq2kg1Ya.dpuf 
5.
 
 Намазбаева 
Ж.И., 
Садыкова 
А.Б. Научно-практические 
основы 
психологического  обеспечения  современного  образовательного  процесса.  Монография  – 
Алматы: издательство «Ҧлағат» КазНПУ им.Абая, 2014 – 172 с. 
6.
 
Рубцов  В.В.,  Дубровина  И.В.,  Забродин  Ю.М.,  Метелькова  Е.И.  и 
др. Концепция развития системы психологического обеспечения (психологической службы) 
образования в Российской Федерации на период до 2010 года. //  «Психологическая наука и 
образование» -№ 1 , 2007. С. 69–82 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

20 
 
 
 
 
Авторлар: Әбілдаева А.Ш., Оразбекова Ә.М., 2 курс, « Дефектология » 
Ғылыми жетекші: Амантаева А.Б., филология ғылымның кандидаты, доценттің 
міндет атқарушы. 
 
 
ҚОҒАМДЫҚ ӚМІР ҚҦРЫЛЫМЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІКТІҢ ФЕНОМЕНІ. 
 
Кіріспе  бӛлім:  Қазақстан  әлемдегі  гендерлік  теңдікті  мҧрат  тҧтқан  мемлекеттердің 
бірі.Республикасы  Президентінің  жанындағы «Әйелдер  ісі  және  отбасылық-демографиялық 
саясат»  жӛніндегі  ҧлттық  комиссияның  басты  міндеттерінің  бірі-    нормативтік-қҧқықтық 
актіні іске асыру тетіктерін әзірлеу. Қандай заң шықсада оны іске асыратын механизм керек. 
Механизмді қалай қҧрсақ, заң солай іске асады. Әйел отбасының ҧйытқысы ғана емес, ол – 
кәсіпкер,  ол  –  саясаткер.Теңдік–  бір  жыныстың  мҥддесіне  заң  мен  нормаларды  бейімдеу 
емес,  еркектер  мен  әйелдердің  ӛзіне  тән  табиғи  айырмашылығын  ескеру.  Алайда,  елімізде 
нақты  гендерлік  теңдікті  орнықтыруға  әлі  де  біршама  жҧмыстар  атқарылуы  керек.Ғылыми 
жобаның  ӛзектілігі  Қазақстан  әйелдерінің  сана  сезімін  арттырып,қоғамға  ӛз  ҥлесін  қосуға 
шақыру,  әйелдің  «қырық  жаны  бар»,-  демекші  әйел  білікті  басшы  да,саясаткер  де  бола 
алады. 
Жобаның  мақсаты:  әйелдердің  қоғамдық  және  саяси  ӛмірге  белсенді  араласуын 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Бҧл мақсатқа жету ҥшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс: 
- Қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелері
- Қазақ әйелінің қазақ халқында ойып алатын орны (негізгі кӛзқарас , ӛткен тәжірибе); 
- Әйелдердің саяси қолбасшылығы және саяси белсенділігін арттыру; 
- Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелермен алмасу; 
-  Қазақстанда  тек  теңдікті  орнатып  қана  қоймай,  әйел  затына  деген  оң  кӛзқарастарды 
қалыптастыра білу.  
Жобаның ғылыми жаңалығы және ӛзектілігі: 
-  Гендер  дегенміз  –  ерлер  мен  әйелдердiң  мiнез-қҧлқын,  сондай-ақ,  олардың  арасындағы 
әлеуметтiк  ӛзара  қарым-қатынасты  айқындайтын,  олардың  әлеуметтiк  және  мәдени 
нормалары  мен  рӛлдерiнiң  жиынтығы.  «Gender»  сӛзi  ағылшын  тiлiнен  аударғанда  «жыныс 
(еркек, әйел)» дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат қоғамдық ӛмiрдiң барлық салаларында 
ерлер  мен  әйелдердiң  теңдiгiне  қол  жеткiзуге  бағытталған  мемлекеттiк  және  қоғамдық 
қызмет. 
- Мемлекеттегі гендерлік теңдік саясаты әйел мен ер беделінің тең болуы осы мемлекеттегі 
заңдар  мен  механизмдердің  дҧрыс  жҧмыс  істеуінен  бастау  алады.  Осындай  механизмдердің 
тиімді болуы мемлекеттегі болып жатқан гендерлік мәселелердің шынайы жағдайлары дҧрыс 
бағалануына, олардың кәсіби шешу тҥрлері дҧрыс талқылануына байланысты болып келеді. 
Осы кӛзқарас бойынша кемсітушіліктер айқын, жасырын тҥрде сақталатын ӛмір салаларына 
басым назар аударылады. Бҧл, ең біріншіден, әйелдер мен ерлердің мҥмкіндіктерін теңестіру 
ҥшін  арнайы  шараларды  қолдануды  талап  ететін  саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық 
салаларға  қатысты.  Әйелдердің  ҥлкен  мҥмкіндіктері,  олардың  тәжірибесі,  мемлекет  игілігі 
ҥшін,  қоғамның  барлық  мҥшелерінің  игілігі    ҥшін  қолданылмаған  жайттар  мемлекеттің 
мҥдделік  кӛзқарасы  бойынша  әділетсіз  және  тиімсіз.  Елдің  белсенді  бӛлігін  бӛліп  тастау 
арқылы  дамыған  демократиялы  қоғам  мен  мемлекет  жасау  мҥмкін  емес.    XX  ғасырдағы 
болған  жайттар  әлемдік  қоғамды  бір  жыныстың  жағдайын  жақсарту  екінші  жыныстың 
кемшілікке  ҧшырауына  себеп  екеніне  кӛз  жеткізді  .Нағыз  демократия  гендерлік 
демократиясыз  іске  аспайды.  Сол  себепті  де  XX  ғасырдың  соңғы  жылдарындағы  ҥлкен 
жетістік ретінде саналатын,  егіз сӛзге айналған гендерлік демократия мен гендерлік теңдік 

21 
 
XXІ  ғасырдағы  адамдардың  дамуын  анықтайды.    Әйтсе  де,  бҧл  теңдіктің  ӛмір  сҥруі,  оның 
сақталуы  мен  қолдануы  әрдайым  прогресс  жағдайында,  қоғамдағы  әйел  мен  ерлердің 
шынайы беделін қайта бағалану шарттарында іске асырылады.   
-Қазақ ағартушыларының еңбектерімен таныса келе,   қоғамдағы әйелдердің рӛліне деген 
кӛрегенділік    кӛрініп  тҧр.  Гендерлік  мәселе  әлі  кҥнге  дейін  қазақстандық  қоғамның  ең 
маңызды арқаулы мәселесі болып тҧр.  
ХХІ  ғасырдың  басында  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  Республикасының  гендерлік 
саяси тҧжырымдамасын бекітті. Ол нағыз демократиялық мемлекет қҧру ҥшін тиесілі әсерін 
тигізеді. Осы кезде  мемлекетте азаматтардың қҧқықтары шынайы мҥмкіндіктері бекітіледі. 
-  Бҥгінгі  Қазақстандағы  ҧлт  және  ҧлтшылдыққа  қатысты  рефлексияға  гендерлік  ӛлшемді 
енгізу,  мемлекеттік  ҧлтқа  деген  қарым-қатынасының    гендерлік  негізіне  екпін  қоюға 
мҥмкіндік  береді.  Жаңашылдық  ойларын  қабылдауға  қарамастан,идеология  дәстҥрлі 
гендерлік тәртіпті ҧстанады.Ҧлттық жобаларды қайта қҧруда  
1)этникалық  және  ҧлттық  топтар  арасындағы  шекаралар  мен  айырмашылықтарды 
тудыратын,  2)ҧлттық  әл-ауқаттың  басты  шарты  ретіндегі  ҥй  шаруашылығындағы  әйелдің 
гендерлік  бейнелерін  пайдаланды.  Ҧлттық  бірегейлік  дағдарысқа  тап  болып,  оның 
«жетіспеушілігі  ∕  жоғалуы»,  оның  символикалық  «қайғыруы»  орын  алған  жағдайда 
орындалуы әлдеқайда тиімді болмақ. Ол тек тіл мен діннің қалпына келтірілуі арқылы ғана 
емес,әйел-ананың  бейнесі-ҧлттың  рухын  айшықтайтын  гендерлік  рӛлдер  мен  бейнелердің 
қайта қалпына келтірілуі арқылы жҥргізілді. 
-  Басты  жаңалықтардың  бірі  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 
да Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы 
ана  мен  баланы  қорғауды  жаңа  кезеңдегі  әлеуметтік  саясаттың  маңызды  қҧрамдас  бӛлігі 
ретінде жариялады.  
Зерттеу  тақырыбының  әдіснамалық  негізі:  тарихи  гносеологиялық  әдістер, 
салыстырмалы әдіс, әлеуметтанулық әдіс.
 
Тарихи гносеологиялық әдіс — саяси қатынас субъектілерінің барлық іс-әрекеттері ӛткен 
және  саяси  идеялары  жҥзеге  асқан  кеңістік  пен  уақыттағы  ӛркениеттің  саяси  тарихын 
зерттеудің негізгі әдісі.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында ерлер мен әйелдер 
қҧқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында біршама дамуға ие болды. Қазіргі уақытта 
бҥкіл жер шары бойынша тарихи қалыптасқан ер азаматтарының әйел азаматтарынан ҥстем 
болуы ӛзгерістерге ҧшырап отыр. Әйел адамның кҥнделікті ӛмірдегі амандығы бҥкіл қоғамға 
жағымды  әсер  етіп,  адамзаттың  дамуының  кӛрсеткіші  болып  табылады.  Бірнеше  ғасырлар 
бойы  адамзаттың  санасында  қалыптасқан  азаматтық  қоғамдағы  әйел  затының  екінші 
дәрежедегі  рӛлі  мәселенің  тҥйіні  болып  табылады.  Ӛкінішке  орай,  бҧл  мәселе  бойынша 
біршама  даму  орын  алып  отырса  да  біздің  қоғамда  ер  азаматы  мен  әйел  азаматы  арасында 
теңсіздік  сақталып  отыр.  Қазақ  халқы  қыз  баланы  әрқашан  әлпештеп  ӛсірген.  Ал  қазіргі 
таңда  демократиялы,  зайырлы  мемлекет  болғаннан  соң  теңдік  мәселесі  алдыға  қойылған 
мақсаттардың бірі және бірегейі . Осы әдісті пайдалана отыра қазақ халқының қанында бар 
саясатта,  басшылықта  ӛз  орнын  кӛрсете  білген  дара  тҧлғаларды  негіз    жан  –  жақты  аша 
білдік. Бҧл ерекше саясаттық  біздің халық ҥшін жат емес екеніне толықтай кӛзді жеткізуге 
тырысамыз. Әдісті сан қырлы ашу ол осы тақырыптың негізі болып табылады. 
Салыстырмалы  әдіс -  бір-біріне  ҧқсас  немесе  жақын  орналасқан, пайда болған  кезінен 
қатарласып  келген  және қҧрылымы мен  атқарымы  бойынша  әр  тҥрлі,  бірақ  салыстыруға 
болатын,  кеңістік  пен уақыт ішінде  шалғай  бірнеше  қасиеттерінің  және  жағдайларының 
ҧқсастығы  мен  айырмашылықтарын  табу.  Қазіргі  қоғамға  сәйкес  дамыған  мемлекеттердің 
озық  технологияларын  немесе  тәжірибелерін  салыстыра  келе,  тек  оның  жақсы  тҧстарын 
халыққа жақын жеткізу, санаға қалыптастыра білу. Гендерлік саясаттың оң қырын барынша 
ашу осы әдістің негізі.   
Әлеуметтанулық  әдіс  –  саяси  ӛзгерістердің  терең  негіздерін  іздеуімен  және  осы 
ӛзгерістердің  бастауы  болып  табылатын  адамдардың  әлеуметтік  жіктелуінен  туындайтын 

22 
 
мҥдделердің әр тҥрлілігін қарастыруымен қҧнды. Бҧл әдіс дербес білімдер жҥйесі мен ӛзінің 
жеке  пәні  бар  ғылымға  айналу  процесінде  тҧрған  саясаттанудың  бір  саласы  —  саяси 
әлеуметтануда негізгі әдістер қатарында қолданылады. Қазақстандықардың гендерлік теңдік 
жайлы қандай пікірде екендігін анықтау мақсатында сауалнама жҥргіздік. 
           Сауалнамаға 16 жастан асқан 50 адам қатысты. Олардың  75%-ы әйелдер және 25%-
ы  ер  азаматтар.Сҧрақ  қою  әдісі  –сҧрақ-жауап  жҥзінде  жҥргізілген  сҧхбат  және  онлайн-
сауалнама. 
Сауалнама 2016 жылы 9-12  наурыз аралығында жҥргізілді. 
Қазақстандағы  гендерлік  саясаттың  дамуы  дәрежесі  қандай  деген  сҧраққа  сауалнамаға 
қатысушылардың 75%-ы қанағаттанарлық деп жауап берсе, 15%-ы ӛте жақсы,ал қалған 10%-
ы  тӛмен  дәрежеде  деп  ӛз  ойларымен  бӛлісті.  Сауалнама  қатысушыларының  басым  бӛлігі 
(69%) жҧмысқа орналасқанда әйелдердердің қҧқықтары мен бостандықтары ер азаматтармен 
тең  дәрежеде  сақталады  деп  есептейді.  Респонденттердің  21%-ы  бҧл  пікірмен  келіспейді. 
Олардың ойынша, жҧмысқа орналасуда ер азаматтардың әйелдерге қарағанда мҥмкіндіктері 
кӛп.  Қалған  10%-ы  бҧл  сҧраққа  нақты  жауап  бере  алмады.Сҧрақтарға  жауап  берген 
қазақстандықтардың  40%-ы  елімізде  әйелдер  еңбегі  ерлерге  қарағанда  тӛмен  бағаланады 
дейді. Тек 13% респонденттердің ойынша, әйелдер ерлерге қарағанда кӛп табыс табады. Ал, 
35%-ы  әйелдер  мен  ер  азаматтардың  еңбегі  теңдей  бағаланады,  яғни  бірдей  табыс  табады 
деген  жауапты  таңдады.Респонденттердің  жартысынан  кӛбі  (62%)  Қазақстанның  саяси 
ӛмірінде ерлер мен әйелдердің ҥлесі теңдей деп жауап берді. Яғни, олар саясатта ерлер мен 
әйелдердің  қҧқықтары,  мҥмкіндіктері  теңдей  деп  ойлайды.Қазақстан  Республикасы 
Парламенті  мәжілісіндегі  әр  бесінші  депутат  әйел  адам.  Ал  Парламент  Сенатындағы 
депутаттардың  6,4%-ы  ғана  әйелдер.).  Респонденттердің  ҥштен  бір  бӛлігі  саяси  мансап 
жасауда  ер  азаматтар  басымдыққа  ие  деп  айтты.  Ал,   17%-ы  бҧл  тақырыптан  хабарсыз 
екен.Сауалнамаға  қатысушылардың  жартысына  жуығы  (49%)  ерлер  мен  әйелдердің 
қҧқықтары  мен  бостандықтары  тең  дәрежеде  сақталуы  ҥшін  гендерлік  теңдік,  әйелдердің 
қҧқықтары  мен  бостандықтары  бойынша  халықтың  білім  деңгейін  кӛтеру  қажет  деп 
есептейді.  Қҧқықтары  бҧзылған  жағдайда  сот  арқылы  ӛз  қҧқықтарын  корғауы  керек  деген 
жауапты  19%-ы.  Ал,  17%-ы  гендерлік  теңдікті  сақатамағаны  ҥшін,  яғни  заң  талабын 
орындамағаны ҥшін тартар жазаны кҥшейту керек деп есептейді. Ал, қалған 15% әйелдердің 
қҧқықтары  бҧзылған  жағдайда  БАҚ  немесе  қоғамдық  ҧйымдар  арқылы  жария  ету  керек 
деген  пікірді  ҧстанады.  Global  Gender  Gap  мәліметінше,  2013  жылдың  қорытындысы 
бойынша Қазақстан гендерлік теңдік бойынша 135 ел арасында 32-орынды алады екен. 
Қоғамдық ӛмір қҧрылымындағы 
гендерліктің феномені
               
 
Жобаның мақсаты: әйелдердің қоғамдық және саяси ӛмірге белсенді 
араласуын қамтамасыз ету болып табылады
Бҧл мақсатқа жету ҥшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
- Қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелері;
- Қазақ әйелінің қазақ халқында ойып алатын орны (негізгі кӛзқарас , 
ӛткен тәжірибе);
- Әйелдердің саяси қолбасшылығы және саяси белсенділігін арттыру;
- Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелермен 
алмасу;
- Қазақстанда тек теңдікті орнатып қана қоймай, әйел затына деген оң 
кӛзқарастарды қалыптастыра білу. 
 
Жоба сипаттамасы:  
-  Гендер  –  адамның  психологиялық  және  әлеуметтік  дамуын  негіздейтін  жеке  тҧлғаның 
базалық  сипаттамаларының  бірі.  Гендердің  қҧрылымы  тӛрт  жақты:  биологиялық 
жынысымен,  гендерлік  стереотипімен,  гендерлік  нормамен  және  гендерлік  ҧқсастығымен 
толықтырылады. Ер мен әйелдің физиологиялық ерекшеліктері, тән-тҧрпатының әр тҥрлілігі, 
т.б.  биологиялық  сипаттамасы  болып  табылады.  Гендер  әлеуметтік  жағынан  қиюласқан, 
яғни,  тҧлғаның  әлеуметтік  қасиетін  анықтайды.  Гендерлік  қатынастардың  жаңа 
парадигмасының  пайда  болуы,  ерлер  мен  әйелдердің  тең  мҥмкіншіліктерін  туғызу  −  жаңа 
демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын кӛрінісі. Осыған орай гендерлік сана 
мен  гендерлік  қатынастардың  жаңа  ҥлгісін  жасау  бҥгінгі  кҥннің  ӛзекті  мәселелерінің  бірі 

23 
 
болып  отыр  [1,41б].  «Әйел  этикасының»  пайдасына  феминистік  сын  еркек  және  әйел 
санасының  ӛзінің  адамгершілік  ерекшеліктерінің  айырмашылықтарын  қарау  патриархатты, 
маскулиндік ҧстаным тҧрғысынан жҥзеге асты, яғни еркектік мәдениет пен оның иерархиялы 
қатары  кез  келген  этикалық  және  эстетикалық  қҧндылықтардың  әмбебап  ӛлшемі  болып 
табылатын деректерді есептейді. 
Әйелдің  осы  шығармашылық  қызметін  қайта  бағалауға  ҥлкен  ҥлес  қосқан  ―әйел 
жҧмысын‖ (қолданбалы ӛнер) субмәдениет ретінде анықтаған ағымдағы феминизм ӛкілдері 
болды.  Феминизм,  феминология,  мәдениеттегі  гендерлік  аспект  туралы  айта  отырып,  бҧл 
тақырыпты ғылыми жағынан ой елегінен ӛткізу әлі ӛз дамуының бастамасында ғана екенін 
мойындау  керек.  Сондықтан  бҧрынғы  айтылған  идеялар,  кӛзқарастар  мен  бағалар  еш 
уақытта  абсолюттендіруге  не  жоққа  шығаруға  болмайды.  Тіпті  «еркек»  және  «әйел» 
ҧғымдары  -  ӛте  қозғалмалы  ҧғымдар,  олар  сол  не  басқа  мәдениеттің  маңызды 
айырмашылықтары  болып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  тарихтың  барысына  сәйкес 
эвалюцияландырылды.Әдебиетте  «әйел  мәселесімен»  байланысты  тақырыптар  Ресейде 
бҧрын,  ХҤІІІ  ғ.  аяғы  –  ХХ  ғ.  басында  кӛтерілген.  Жазушы  әйелдер  Е.  Ган,  М.  Жукова,  М. 
Вовчок,  О.  Шапир,  В.  Микуличті,  Кҥміс  ғасырдың  жазушыларын,  20-ж.  жҧмыс  істеген  А. 
Коллонтай, Е. Бакунинаны, т.б. айтпай кетуге болмайды. 
Алғашқы   «әйелдік  тақырыптық»  мәселе  арнайыланған  қҧбылыс  ретінде  бірінші 
феминистік  талқуға  байланысты  он  тоғызыншы  ғасырдың  аяғында  келең  бере  бастады. 
Жиырмасыншы  ғасырдың  бірінші  жартысында  кӛбінесе  әйгілі  әйелдердің  ӛмірін 
сипаттайтын 
әйелдерге 
арналған 
жҧмыстар 
пайда 
бола 
бастады. 
Әйел 
тақырыбын  талқылауда  бҥгінгі кҥннің ӛзінде ҥлкен орын алатын жҧмыс ол атақты француз 
философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жҧмысы «Второй пол» [2,20б]. 
Онда  әйел  мәселесі  философиялық  тҧрғыдан  қарастырылады.  Жалпы  әйелдер  тарихында 
әрқайсысы  оның  даму  стадияларын  және  оның  кӛпқырлы  бейнесінің  бір  жағын  кӛрсететін 
ҥш  бағыттың  бӛлінуі  айқындалды.  Осы  бағыттар  арасындағы  айырмашылықтар  ӛзідерінің 
басты  зерттеу  мінддеттерін  орындауда  кӛрінеді.  Барлығынан  бҧрын  қалыптасқан  бірінші 
бағыттың міндеті  , танымдық  әрекеті  ресми  «  ерлер» тарихнамасынан ҧмыт қалған  немесе 
мҥлдем алынып тасталған «әйелдердің тарихи тіршілік ету  жағдайларын қалпына келтіру». 
Дәл осы  ерекше  «әйелдік»тарихын жазу тҧжырымдамасы жетпісінші жылдардың ортасына 
дейін  әйелдердің  зерттеу  жҧмыстарында  басшылық  орында  болды.  Ол  ереже  бойынша 
суреттеу  жағына  кӛбірек  сҥйенді  және  тарихи  зерттеулерді  жанр  тҥрінде  жасады.  Шартты 
тҥрде her- story, ал оған қарама-қарсы ерлер тарихнамасы феминистер ҥшін his- story болды. 
Феминистерді   жақтаушылары  ағылшынша  «history»  сӛзінің  мағынасында  ӛзгертпекке 
қҧштар болды. Ӛйткені бҧрынғы тарихи суреттеуде  ол ылғи ерлер тарихын білдірді. Бҧл екі 
нҧсқа  бір-бірімен  ҥйлесім  таппады,  сондықтан   «әйелдер  тарихының»  оқшаулануы  жалғаса 
берді.  1970  жылдардың  екінші  жартысында  бірінші  орынға  шыққан  екінші  бағыт  ӛкілдері 
ӛздерінің  алдындағы  басты  мақсат  ретінде  класстық  қоғамдағы  патриархалдық  қҧрылымда 
ерлердің  басшылық  орынға  шығуы  және  әйелдердің  бағыныштылық  қатынастарының 
қалыптасуын зерттеу еді. Олар «әйелдер тарихын» қоғам тарихымен байланыстырмақ болды, 
жанжалдасушы 
жақтардың 
мҥдделерін 
және 
әйелдердің 
әртҥрлі 
әлеуметтік 
категориялардағы  альтернативті  ӛмірлік  тәжірибесін  кӛрсетпек  болды.  Бҧл  жерде  оларда 
специфистік  феминистік  неомарксизм  қалыптасты.  Әйелдер  тарихының   1970  жылдардағы 
алғашқы тҥлектері ескі дәстҥрлі тарихнамадан тарихи кезеңдестіру мәселесін қабылдап, оны 
шешудің  ӛзіндік  жолдарын  ҧсынды.  1974  жылдары  француз  зерттеушісі  Моник  Пьеттер 
«Положение  женщин  сквозь  века»  атты  жҧмысында  тарихты  әйелдің  басшылық  бейнесі 
жақтарына  қарап  ӛте  ҧзақ  ҥш  фазаға  бӛлді.  Олар:  бірінші  бейнесінде  «дҥниеге  әкелуші  – 
Ана»,  екіншісінде  ежелгі  мемлекеттерде  және  одан  соң  әсіресе  христсандық  орнаған 
мезеттер  мен  Жолдас-Әйел  бейнесі  моногамиясында,  ҥшінші  қайта  ӛрлеу  дәуірінен  бастап 
Тҧлға-Әйел бейнесі пайда болды. 
Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кездегі Қазақстандық зерттеушілерді атап кетейік: Б.Х. 
Хасанов, Г.Г. Соловьева, С. Шакирова, М.А. Ӛскембаева, Н. Шеденова, К.А. Тохтыбаева, Б. 

24 
 
Қылышбаева. Оларды алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды 
бағытына  қосу  қиын.  Республикада  жаңа  қазақстандық  философияның  қалыптасуына 
байланысты  ерекше  гендерлік  тәсілдер  қалыптасуда.  Бҧл  философия  марксистік 
философиядан  бас  тарта  отырып,  руханилықтың  артықшылығына  және  қазақтың  дәстҥрлі 
мәдениетіне тән ақыл мен жҥректің, ой мен ожданның бӛлінбес бірлігіне сҥйенеді. 
ХІХ  ғ.  аяғында  жазушы  әйелдер  эмансипацияның  қажеттігі,  әйелдердің  әлеуметтік-
экономикалық қҧқыққа қол жеткізуі туралы жаза бастады. В. Микулич оқырманның алдында 
орасан  зор  қызығушылығын  80-90-жж.  контексінде  кең  тҥрде  білім  алу  ретінде  де,  кәсіби 
білім ретінде әйел мәселесін шешуге болатынын айтады. Мәдениеттегі әйел ҥні ХХ ғ. бастап 
қана  айқын  шыға  бастады.  Осы  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  тілінде  ҥзбей  шығып  тҧрған 
«Айқап» журналы қазақ халқының әлеуметтік, саяси ӛмірінен хабардар етіп, қазақ бҧқарасын 
мәдениетке,  білім  мен  ӛнерге  шақырған  басылым  еді.  Осы  журнал  беттерінде  жарияланған 
Сақыпжамал  Тілеубайқызының  «Қазақ  қыздарының  аталарына»,  «Ҧзақ  кҥткен  ҥмітім  һәм 
бас  адамдарға  бір-екі  сӛз»  атты  арнайы  мақаласы  мен  «Қыз  батасы»  атты  ӛлеңі,  Кҥләйім 
Ӛтегенқызының  «Қазақ қыздарына», Мәриям Сейдалинованың  «Зарлау»  және  «Тҧр қазақ!» 
атты  ӛлеңдері  арқылы  қазақ  даласына  келген  кеңестік  жаңа  заманның  жаңа  ӛмір  мен  жаңа 
мәдениетке  деген  қазақ  қыздарының  ішкі  сҧранысын,  ӛзіндік  ойын  байқауға  болады. 
Кеңестік жаңа заманның алғашқы қарлығаштарына айналған, қаламгерлікті қайраткерлікпен 
ҧштастыра білген қазақ қыздары Нәзипа Қҧлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан 
Иманбаева,  Алма  Оразбаевалардың  суырылып  алға  шығуы  қазақ  әйелдері  арасынан 
мемлекет  билейтін,  бҧқараға  бағыт  сілтейтін  белсенділердің  тез  арада  тәрбиеленіп 
шыққандығын кӛрсетеді [8,21-22б]. 
Кеңес    одағының    ыдырауы    мен  тәуелсіздік  алу  бірыңғай    ҧлттық  бірегейлік  мәселесін 
кӛтерді.Саяси  биліктің  легитимділігі    және  ҧлттың  бір  бӛлігі  ретіндегі  ӛз  егеменділігін 
нығайтуы ҧлттық бірегейліктің қалыптасуына алып келді. 
Ҧлттық  ой  мемлекеттің  даму  жолдарын  анықтайды.  Оның  міндеті-  қоғамның  қазіргі  
жағдайын ескере отырып, оны дамудың жаңа деңгейіне шығару. Ҧлттық ойдың қалыптасуы 
әлеуметтік  қҧрылым  баспалдағының  ең  бірінші  деңгейінде  орналасқан    топтардың 
мҥдделерімен тығыз байланысты. 
Ал оның бірінші деңгейінде гендерлік әлеуметтік қҧрылым тҧрғандықтан ,ҧлттық  ой мен 
оған 
сәйкес 
ҧлттық 
жоба 
гендерлік 
ӛлшем 
тарапынан 
қарастырылмай 
қоймайды.Қазақстандағы 
гендерлік 
бірегейлікті 
қҧрастырудың 
этноәлеуметтік 
ерекшеліктерін  анықтау  ҥлкен  қызығушылық  тудырып  отыр.Гендерлік  бірегейлілік  қҧру 
психологиялық  және  әлеуметтік  факторлар  кешенінен  қҧрылатын  кҥрделі  ҥдеріс  болып 
табылады.Маңызды  факторлардың  бірін  этникалық  фактор  қҧрайды.Тҥрлі  этникалық 
топтардағы  гендерлік  бірегейлікті    қҧрастырудың  ӛзіндік  ерекшеліктері    бар,  оған  тҥрлі 
деңгейдегі әлеуметтік-мәдени факторлар да ықпал етеді [21, 135б]. 
 
Ер  адамдардың  рӛлін  ҧлттық  агенттер  ретінде  айқындау  әйел  адамдарды  ӛзгелер 
ретінде    қалыптастыру  немесе  ескеру  бағындыру    тәжірибесімен  қатар  жҥреді.Ҧлтшылдық 
феноменінің  феменистік  зерттеушісі  Н.Юваль-Дэвис    әйел  адамдарды  этникалық  және 
ҧлттық  ҥдерістерге  тартудың  бірнеше  жолдарын  қарастыруды  ҧсынды.Мҧндай  жолдардың 
бірі«  этникалық  ҧжым  мҥшелерін  биологиялық  қалыптастыру»болып  табылады.Тек  оң 
бағаланылатын  аналық  функция  арқылы  (немесе  жобадағы  аналық  –қҧрбы  ,қалыңдық)ғана 
«әйел  адам  әлеуметтік  қҧбылыстарда  қарастырыла  алады.  Н.Юваль-Дэвистің  ойынша,  әйел 
адамның негізгі міндеттеріне тек ҧлт ҥшін балаларды туу ғана емес ,сонымен қатар, олардың 
тірбиесімен  айналысу,  қоғам  мәдениетінің  жаңа  ҧрпағын  қалыптастыру  болып 
табылады,әйел адам –мәдениетті тудрушы. 
 
Ҧлттық бірегейлікті қайта қҧру ҥшін посткеңестік кезеңдегі Қазақстанда қазақстандық 
әйелдер  бастан  кешірген  «ҧлы  ӛзгерістер»туралы  риторика  қолданылды.Идеология 
әрқашанда ӛз қағидаларын тарату ісін әйел бейнесін пайдаланып келеді. 
 Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір қҧрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ҧғым 
кӛп  айтылып  жҥр.  Бҧл  мәселеге  БҦҦ  Бас  ассамблеясының  «Әйелдер  2000  жылы:  әйелдер 

25 
 
мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем» атты 23-ші арнайы сессиясы 
арналды.  Осы  сессияға  қатысушы  ҥкiметтерге  әйелдердiң  ӛмiрдiң  барлық  салалары  мен 
барлық  деңгейлерiне  тең  қол  жеткiзуiн  және  толық  ауқымда  қатысуын  қамтамасыз  ету 
жӛнiнде шаралар қабылдауды ҧсынды.  
Гендерлiк  саясаттың  негiзгi  қағидалары  Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен 
кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең қҧқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. 
1917 жылы Орынборда ӛткен Алаш Орданың конференциясы әйелдердің қоғамдағы ӛмірі 
туралы шешім қабылдап, мынадай тҧжырымдарға келді: 
– әйелдер мен ерлердің саяси қҧқықтары тең болуы керек;  
– әйелдер ӛздеріне серігін таңдауға ерікті;  
– некеге тҧру жасы 16-ға дейін ҧзартылуы; 
– молданың 16-ға толмаған қыздың, 18- ге толмаған жігіттің некесін қиюға қҧқығы жоқ; 
– неке екі жақтың келісуімен қиылады;  
– жесір әйелдерді кҥйеуінің туысқандарына зорлап қосуға болмайды; 
– бірінші әйелі келісім бермесе, екінші әйел алуға болмайды.  
Әлем тарихында ӛшпес із қалдырған, ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалған, бҧдан 
екі жарым мың жыл бҧрын ӛмір сҥрген ҧлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис 
және  Зарина  тарихта  қалды.  Мәселен,  жоңғар  шапқыншылығы  тҧсында  Абылайхан 
Дарабозым  деп  еркелетіп,  сыйлаған  қазақтың  бас  сардары,  ҧлы  қолбасшысы  Қабанбай 
батырдың  жары  Гауһардың  ерлігін,  тапқырлығын  еске  алсақта  жетеді.  Қабанбай  мен 
Гауһардан  туған  Назым  қыздың  небәрі  16  жасында  Тҥркістан  тҥбінде  от  шашқан  жоңғар 
зеңбірегіне батпай, ҧйлығысып қалған қазақ қолын бастап, кәмшат бӛрік киіп, найза орнына 
қолындағы қамшысын бҧлғап «Абылайлап» жауға шауып, жоңғарларды тҥре қуған ерлігі ел 
есінде.  Кешегі  Кенесарының  қарындасы  Бопайдың  ерлермен  бірге  ӛз  елінің  азаттығы  ҥшін 
толарсақтан  саз  кешіп,  жасанған  жаумен  арыстанша  айқасуы  не  болмаса  қазақ  тарихында 
аққан  жҧлдыздай  із  қалдырған  Шоқанның  әжесі  Айғаным  ханымның  елді  ақылмен 
басқарғанын  қалай  ҧмытамыз?  Мҧның  сыр-  тында,  кешегі  кеңес  заманындағы  Екінші 
дҥниежҥзілік  соғыста  шығыстың  қос  шынары  атанған  Мәншҥк  пен  Әлияның  да  ерлігі  әлі 
есте [18, 144-146б].     
1998  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президентi  жанындағы  Отбасы  және  әйелдер 
iстерi жӛнiндегi ҧлттық комиссия қҧрылды. 
Ҥкіметтің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы 
Гендерлік  саясат  тҧжырымдамасы  мақҧлданды.  Ол  еліміздегі  гендерлік  саясаттың  негізгі 
бағыттарын  -  ерлер  мен  әйелдердің  билік  қҧрылымдарына  теңгерімді  қатысуына  қол 
жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, ӛз бизнесін дамытуы мен мансап жолында 
ілгерілеуі  ҥшін  тең  мҥмкіндіктерді  қамтамасыз  етуді,  отбасындағы  қҧқықтар  мен 
міндеттердің  тең  жҥзеге  асырылуы  ҥшін  жағдайлар  жасауды,  жыныс  нышаны  бойынша 
зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады.  
Гендерлік  теңдік  мәселелерін  ілгерілетуде  ҥкіметтік  емес  ҧйымдар  ҥлкен  рӛл  атқарады. 
Қазіргі  таңда  Қазақстанда  25  мыңдай  ҥкіметтік  емес  ҧйым  жҧмыс  істейді,  оның  ішінде 
шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Олардың қызметін 
ынталандыру  ҥшін  2006-2011  жылдарға  арналған  Азаматтық  қоғамды  дамыту 
тҧжырымдамасы  мен 2005 жылғы 12  сәуірдегі  «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 
2009  жылы  4  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  «Тҧрмыстық  зорлық-
зомбылықтың  алдын  алу  туралы»  Заңы  қабылданды.  Бҧл  заң  отбасылық-тҧрмыстық 
қатынастар саласындағы адам және азаматтың конституциялық қҧқықтарын, бостандықтары 
мен заңды мҥдделерін қорғауға, тҧрмыстық зорлық-зомбылық туралы ескертуге және алдын 
алуға, сонымен қатар оларды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды анықтап, жоюға 
бағытталған  тҧрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу  субъектілерімен  жҥзеге 
асырылатын  қҧқықтық,  экономикалық,  әлеуметтік  және  ҧйымдастырушылық  шаралардың 
кешенін анықтайды. 

26 
 
Ерлер  мен  әйелдердің  тең  қҧқықтары  мен  мҥмкіндіктеріне  байланысты  мемлекеттік 
кепілдеме»  заңдары  қабылданд  Басқару  саласында  әйелдер  айтарлықтай  кӛп.  Мысалы, 
мемлекеттік қызметтегі орталық және жергілікті атқарушы орындарда жҧмыс істейтіндердің 
63 пайызы әйелдерден тҧрады. Ал жетекші қызметтегі әйелдердің жӛні бӛлек. Олардың саны 
әлемдік  талаптармен  (30  пайыз)  салыстырғанда  біршама  тӛмен  екені  рас.  Парламент 
депутаттарының 21-і, яғни 14 пайызы - әйел. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда орта есеппен 
17 пайыз депутат әйел бар. Ҥкіметте 3 министр, 1 агенттік тӛрайымы, министрліктерде  - 4 
жауапты хатшы және 5 вице-министр әйел қызмет етеді. Тек 3 әйел ғана - облыс әкімдерінің 
орынбасарлары,  3  -  аудан  әкімі.  Аудан  әкімдері  орынбасарларының  17  пайызы,  ауыл  және 
елді мекендер әкімдерінің 11 пайызы - әйелдер.  Әрине, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы 
жылдарда билікте әйелдер 3-4 пайыз ғана еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет