Программа дисциплины (Syllabus)


Тақырып 13. Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)



бет13/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Тақырып 13. Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)
Мақсаты: Қазыбек бидің өмірі және шешендік сөздерімен таныстыру, даналық сөздеріне поэтикалық талдау жасау.

Тарихи жазба деректерге қарағанда, кемеңгер Қазыбек би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген, 97 жасында, яғни 1764 жылы көз жұмған. Қаз дауысты Қазыбектің тегіне, затына сүйегіне зер салсақ, Орта жүздің Арғын тайпасының Қара кесек руынан шыққан. Әйгілі ділмар Шаншар абыздың немересі Бұлбұлдың шөбересі. Ал өз әкесі – Келдібек би. Анасының есімі – Тоқмейіл. Қазыбек биден Бекболат би, бұдан Тіленші би. Тіленші бидің баласы Алшынбай би (Құнанбай Қажының құдасы, Абайдың қайын атасы). Алшынбайдан Бәпи тарайды. Атақты әнші –композитор Мәди Бәпидің ұрпағы.


Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәлімгерлер ретінде мәлім.
Қазыбек Келдібекұлы кезінде қазақ халқын жапсарлас қалмақ, өзбек және орыс елдермен тату көпшілікке шақырған және Қазақстанның Ресейге қосылуына ат салысқан өз заманының озық ойшылы, Қоғам қайраткері болған.
Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәлімгерлер ретінде мәлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек (он төрт жасында делінеді) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтәжіге барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады. Осы жолда Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген құрметті атаққа ие болады.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5,6, қосымша әдебиет 6, 8, 16.].


Тақырып 14. Әйтеке Бәйбекұлы (1683 – 1722)
Мақсаты: Әйтеке бидің өмірі және шешендік сөздерімен таныстыру, даналық сөздеріне поэтикалық талдау жасау.

Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы (1683 – 1722). Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресінде Жаңарыстың бір аталарынан Алшын одан Сарыбас, Пұсырман, Шеңгір, Төртқара шығады. Төртқарадан Қарашы, одан Сейтқұл. Сейтқұлдан сегіз бала болған. Соның бір кезінде Самарханды билеген Жалаңтөс батыр еді.


Әйтеке сол Жалаңтөстің немересі. Ақшаның үшінші баласы Бәйтектен туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі бөлек туысы екен. Әйтекенің шыққан тегі жөнінде тағы бір шежіре бар. Оны Қызылорда облыстық тарихи және мәдениет қоғамның төрағасы Шайхислам Серікбаев («Егеменді Қазақстан», 8 ақпан 1992 жылы) жазыпты:
«Әлімнің алты баласының біреуі Қарамашақ. Одан Оразгелді Ораз, Жаншұқыр Қараш деген төрт бала туады. Қараштан екі бала – Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан үш бала – Тоғамыс, Шобан, Сейтқұл. Сейтқұлдың бәйбішесінен (Сырым кемпірден) Сейтмәмбет, Төлеш, Ақша. Тағы бір әйелінен (қара кемпірден) Жалаңтөс Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туады. Бұларды «сегіз Сейтқұл» дейді. Ақшадан алты бала - Шал, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекпенбет, Бөкенші туады. Бәйбектен үш бала - Кешубай, Қашқын, Әйтеке тарайды». Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әртүрлі жазып жүр. Әйтеке би артына сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі. Шоқан Уәлиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды.
Әйтеке би жөнінде белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев өзінің «Егеменді Қазақстан» газетінің арнайы тапсыруы бойынша жазған «Әйтеке би» атты (1991 жылы 23 қараша) жан-жақты зерттеп толғана отырып, Әйтеке би қақында көптеген жайларды анықтай түскен.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5., қосымша әдебиет 6, 8, 16.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет