Программа Форма ф со пгу



бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі197,5 Kb.
#14979
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6
Пәнді оқыту мақсаты:

Курс түгелдей алғанда бүгінгі күні жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің (ауызекі, жазба варианттарының) фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық негізде танытуды мақсат етеді.


Пәннің міндеттері:

Пәнді оқытудың міндеті мынандай. Бағдарлама құрмалас сөйлемдердің ұйымдасу ережелерімен қатар олардың грамматкиалық түрлерінің функционалдық бағытын да көрсетуді міндет деп санады. Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер мәселелеріне арналған жаңа зерттеулердің нәтижелері, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамалар қамтылды. Осы арқылы қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық өзгерістер негізінде, қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы негізінде туған тілдің функционалдық өрісі, жаңа процестер оқу материалына енгізіліді.

Бағдарлама құрмалас сөйлем жүйесін қазіргіқазақ тілі курсының бұрынғы өтілген бөлімдерінің материалдарымен тығыз байланыстырып оқытуды міндет етеді. Өйткені тілдің фонетикалық, лексикалық тұлғалары сөйлемнің грамматикалық, функционалдық тұрпатының қалыптасуына тікелей қатысады. Мұнымен бірге құрмалас сөйлемді таныту психология, информаткиа пәндерімен байланыста жүзеге асады.

Құрмалас сөйлемдер жүйесі жөніндегі мағлұматтар студенттердің болашақ кәсібін, жұмыс тәжірибесін де ескеріп құралды. Ескерілген талаптың бірі – мағлұматтар қоғамның коммуникативтік міндетіне – оның ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу қабілетін қалыптасьтыру міндетіне сай болды.

Курс теориялық біліммен қатар студенттерге практикалық дағдылар беруді де міндет етеді. Сондықтан лекциялармен қатар семинарлар, лабораториялық жұмыстар түрінде өтетін сабақтар да жүргізіледі. Семинар, лабораториялық жұмыстар студенттерге тіл фактілерін нақты танытып, олардың сөйлеу мәдениетін, жазу сауатын жетілдіруді міндет етеді.

Курс студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеуді де ескереді. Бағдарлама қамтыған теориялық, практикалық білім кредиттік технологияны қатыстыру арқылы жүзеге асуға тиіс. Бағдарлама оқыту жүйесіндегі бұл бағытты да ескерген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет