«Программалау 1» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет20/36
Дата28.10.2022
өлшемі192,98 Kb.
#45955
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
Программалау 1 каз УМКД

Дәріс мазмұны:
1. Оқу-рольдік ойындар
2. Оқыту технологиясы


Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Оқу-рольдік ойындарды ұйымдастыру
2. Оқыту технологиясын оқыту ерекшеліктері
Ойынның дидакгикалық мақсаты - оқушылардың программалар мен құрылғылар жұмысын ЭЕМ-нің жағдайына енуі арқылы компьютерлік білімін іскерлігін және дағдысын дамыту. Қазіргі уақытта компьютерлік ойындардың түрлері көп. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, АҚШ-тың "Interactive Digital Soltware Assocation" (IDSA)-нің мамандары үйінде компьютерлері бар 1500 американдық жанұяға сауалнама жүргізген. Нәтижесінде, американдықтардың 2/3 бөлігі компьютерлік ойындарды бос уақытты өткізу үшін "өте керемет" деп бағалаған. Оның үстіне олар әр ойындарды теледидарға қарағаңда пайдалы деп есептеген. Сонымен ойынды қолданушыларға жүргізілген зерттеу барысына мұқият қарасақ мынадай қызықты жәйттерді айтуға болады.
Оқу процесінде жоғарыда аталған ойын түрлерін емес, сұхбаттық, оқу-рольді ойындарын қолданған тиімді. Бұл ойындар оқушының "өзінің" жөне "баланың" әрекетін бақылап, берілгендерді талдау қабілетін дамытумен бірге, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ынтымақтастық жағдайында жұмыла жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде оқушы басты рольды "өзі" ойнайды немесе «басқа» оқушының ойынын бақылайды. Ойын барысыңдағы рольдерінің ауысуы ұжымдағы жеке оқушылардың қарым-қатынасына оң әсерін тигізеді. Бұл кезде мұғалімнің қызметі ең қиын рольді өзі орындауы немесе олардың дұрыс орындалуын бақылауы кезінде көрініс табады. Сондай-ақ оқушылар а) ойынның ережелері мен мақсатын ауызша, сөзбен түсіндіру, ә) сыныптағы оқушылардың рольдік әрекеттерін бақылау; б) рольдік ойындарды орындауға әрекет жасау арқылы өзіндік ой қорыта алады және өз пікірін тұжырымдап айтуды үйренеді.
Бастапқыда "оқыту технологиясы" ұғымы оқытуды техникалық құралдарын және программалап оқьггу әдістері пайдалануға байланысты анықталды. Компьютерлер мен информатиканың ғылым ретінде дамуына байланысты "оқыту технологиясы" ұғымының ауқымы кеңейіп, оның мазмұны жүйелік талдау және оқыту процесін жобалауға байланысты толықтырылды. Технологияларға жақынн оқыту әдістемесі және оқыту әдістері деген ұғымдар оқу процесінің бір ғана сипаттамасын білдіреді. Сондықтан "оқыту технологиясы" оқу жоспарында көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру әдісі, алға қойылған мақсаттарға ең тиімді жолмен жетуді қамтамасыз ететін түрі, әдістері және кұралдары жүйесі ретінде беріледі.

Әдебиеттер:



  1. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.

  2. С.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика.,Алматы, 2006ж.

  3. Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ.высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.

13 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет