«Прогрессиялар» ғылыми жобасында, «Тізбек ұғымы қашан пайда болды, неліктен?», «Біздің күнделікті өмірімізде алатын орны қандай?» деген сұрақтарға толық жауап берілген



бет2/8
Дата10.12.2022
өлшемі149,5 Kb.
#56385
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Ïðîãðåññèÿëàð» ?ûëûìè æîáàñûíäà, «Ò³çáåê ??ûìû ?àøàí ïàéäà áîëä

Мазмұны:
Кіріспе……………………………………………………………….…………..3-4
1тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу
1.1. Архимед еңбектеріндегі прогрессиялар.………………………………...…5
1.2. Геометриялық фигуралар мен байланысты тізбектер.................…………..6
1.3. Фиббоначчи қатары…………………............……………………………..6-8
1.4.Ертедегі Индия аңызы……………………………………...........…………8-9
2 тарау. Заманауи оқулықтардағы прогрессиялар
2.1. Арифметикалық прогрессия………………………………….....………10-11
2.2. Геометриялық прогрессия…………………………………………........11-12
3 тарау. Прогрессиялардың қолданыс аясы.
3.1. Геометриялық есептерді шешуде қолданылады……....………………13-16
3.2. Өнеркәсіптегі прогрессия……………………………..........………………17
3.3. Биологиядағы прогрессиялар………………………….........…………..17-19
3.4. Прогрессияның банктердегі есептеулерде қолданылуы…............………19
3.5. Қиял ғажайып есебіндегі прогрессия……………………..........………….19
3.6.Орыс әдебиетіндегі прогрессия……………………….......…………….19-20
Қорытынды…………………………………………………………............……21
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………..……………………….22


Кіріспе

Біз, математика сабақтарында, математика бұл – өте көне ғылым және оның адамдардың күнделікті қажеттігінен туындағаны жайлы көп естідік. Осы орайда,прогрессияныңда маңызы зор екенін көреміз.


Жобаның мақсаты:
Прогрессияларға анықтама беріп, оның қасиеттерін тұжырымдау. Мүмкіндігінше арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың қолданыс аясын көрсету.
Бұл жұмыста, прогрессияның күнделікті өмірдегі алатын орны жайлы айтылады. Ол үшін әр түрлі авторлардың жазған алгебра оқулықтарындағы прогрессияға берілген есептер талданды. Тізбектерге байланысты байланысты тарихи мәліметтер жинақталды. Әр түрлі шаруашылықтардағы прогрессияның қолданылуына мысылдар келтірілді. Геометриялық прогрессияның, жер бетіндегі тірі ағзалардың көбеюіне, әсеріне талдау жасалды.


Зертеудің көкейтестілігі:
Тізбек ұғымы қашан пайда болды, неліктен?
Бідің күнделікті өмірімізде алатын орны қандай? – деген сұрақтарға жауап береді.
Осы сұрақтарға жауап тауып, математика өте көне ғылым және ол адамдардың күнделікті қажеттілігінен туындағанын тағыда бір дәлелдегім келді.
9 сынып оқулықтарынан прогрессияны оқып үйрендім; анықтамасын тұжырымдадым. Формула бойынша мүшелерін тауып үйрендім; алғашқы мүшелерінің қосындысын таптым. Оқып үйрене келе, көптеген сұрақтар туындады.
Сол сұрақтарға әсіресе, прогрессия шын мәнінде күнделікті өмірімізде маңызды орын алама? – деген сұраққа жауап табуға тырыстым.
1.Төмендегі мәселелерді анықтадым.
– Қашан және қандай қажеттіліктен, адамдарда тізбек ұғымы пайда болды?
– Біздің жағдайымыздағы прогрессия
– Зерттеліп отырған мәселені шешуде, қай ғалымдар, үлкен үлес қосты.
2. Әр түрлі оқулықтардағы прогрессияға байланысты есептерді оқып үйрендім.
3. Бактериялардың белсенді көбеюіндегі, медицинадағы, фармакологиядағы, ауыл шаруашылығындағы, геометриялық прогрессияның, қолданыс аясының кеңдігін көрсеттім.

Зерттеу барысында:


1. Мектеп оқулықтарын, математикалық анықтамалық әдебиеттерін, математика тарихына байланысты әдебиеттерді, интернет материалдарын талдадым.
2.Мектеп оқулықтарындағы есептерді сараладым.
3.Биология, экология оқулықтарынан және медициналық анықтамалықтардан алынған мәліметтерді жалпыладым. Заманауи оқулықтардағы практикалық мазмұнды есептерді қарастырдым.
Сонымен, прогрессия термині латын тілінен алынған, (progression, алға жүру дегенді білдіреді) және рим авторы Боэци (VI ғ) енгізген. Бұл терминмен алғашында әр түрлі заңдылықтар бойынша бір бағытта жалғаса беретін, әр түрлі тізбектерді атайтын болған. Қазір прогрессия термині алғашқы мағынасында қолданылмайды. Ең маңызды екі прогрессия арифметикалық және геометриялық прогрессия өз атын сақтап қалды. Арифметикалық және геометриялық атаулары ежелгі гректер оқып үйренген үзіліссіз пропорциялар теориясынан ауысты. Прогрессияларға байланысты алғашқы мәліметтер, бізге Ежелгі Грецияның құжаттарынан жетті.
Ежелгі Египетте б.э.д Vғасырда гректер прогрессиялар және олардың қосындылары жайлы білді:
1+2+3+…+n = =2+4+6+…+2n = n·(n+1).
Прогрессияға қатысты кейбір формулалар, қытайлық және үнділік ғалымдарға да белгілі болды (V ғ.)
Кез келген шектеулі геометриялық прогрессияны қосудың жалпы ережесі, 1484 жылы жарыққа шыққан Н. Шюктің «Сандар туралы ғылым» кітабында кездеседі. Германияда жас ғалым Карл Гаусс (1777-1855) әп – сәтте 1 ден 100ге дейінгі сандардың қосындысын, бала күнінде есептеп шығарды
1+2+3+4+…+98+99+100 = (1+100)+(2+99)+(3+98)+…+(50+51)=101×50 =5050.
Кез кеген шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын табу формуласын 17-ғасырдың бірінші жартысында бірнеше математиктер ұсынды, олардың ішінде франсуз математигі Пьер Фермада бар еді.
Жекелеген арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың мысалдарын тіпті ежелгівавилиондық және гректік төрт мыңжылдық және одан да көп жыл бұрынғы жазбалардан кездестіруге болады. Ежелгі грецияда б.э.д бес жүзжыл бұрын мынадай қосындылар белгілі болды: 1+2+3+…+n=  n(n+1);
1+3+5+…+(2n-1)=n2;
2+4+6+…+2n=n(n+1).
Б.э.д екінші мыңжылдыққа қатысты, Вавилиондық кестелерде,сол сияқты египеттік папирустарда , арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың мысалдары кездеседі. Бізге ежелден жеткен прогрессияның есептері адамдардың күнделікті тіршілігімен тығыз байланысты: тағамдарды бөлісу, енші бөлу т.с.с.
Ертеде есепшілер көбіне тастардың көмегімен санады, оларды дұрыс фигуралар түрінде жинай білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет