Психология кафедрасы



бет44/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Актив қиялдың ерекше бiр түрi — арман. Арман дегенiмiз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелiгi мынада: арман өзiмiздiң тiлеген келешекке бағытталған қиял процесi. Арман творчестволық әрекетпен тiкелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бiрiншi дайындық сатысы.
Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендiгi қатты ескерiлуi қажет.
Орыстың белгiлi демократ, публицисi Д. И. Писарев (1840—1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның “арманның iске талпындыратын пайдасы” туралы пiкiрi жастар үшiн ерекше маңызды. Өйткенi адам әрекет етудiң орнына бос қиялға сүңгiсе, бұл келешектiң қиялы болмай, бос лағу, құр-ғақ қиял болар едi. Мәселен, А. И. Куприннiң “Жекпе-жек” повесiндегi подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсiз, құрғақ қиял: “Ромашов өзiнiң бұл дүниеде өмiр сүргенiне қапаланатын. Ол офицерлердiң өктемдiгiнен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпiн, бастықтардың ақырып-жекiрген жүзiн көргенде, жаны түршiгетiн. Тек қайдағы бiр жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оньщ жаны бiраз тыншитын. “Түк те емес! Өмiр әлi алдымда!” дедi iшiнен Ромашов, сүйттi де өз ойына масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесiн кере дем алып, iлгерi қарай жүрiп кеттi. Ерегiстiргенде ертеңнен бастап кiтапқа отырамыи да, дайындалып академияға тусемiн. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетедi, тек өзiңе-өзiң берiк болсаң болғаны. Күнi-түнi жаттаймын демей, жынданған адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтихан-ды үздiк тапсырамын. Сонда жұрттың бәрi-ақ: “таң қалатын несi бар бұған? Мүның өнерi осындай болатынын күнi бұрын-ақ бiлгемiз. Өте қабiлеттi, сүйкiмдi, өнерлi жас жiгiт емес пе?”— дер.
Ромашов қолма-қол өзiн бас штабтың келешегi мол, оқымысты офицерiмiн деп санады, Оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған. Профессорлар оның келешегi зор деп үмiттенедi, академияда қалуды ұсынады жоқ, ол қалғысы келмейдi, ол стройға бармақшы. Ротаға командашы болу мерзiмiн бiтiруi керек, әрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ. Мiне, ол полкқа келдi — тамаша, кiшi пейiл, ақ жарқын, сүйкiмдi, әдептi, өткен жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суреттен көрген офицерлерге ұқсайды...
Бас штабтың жанып тұрған офицерi Ромашов қызмет бабымен бiртiндеп өрлей бередi. Подпоручиктiң қиялында маневрлер көрiнедi, ереуiлдердi басуға қатысады, соғыстағы ерлiк iстерi елестейдi... “үйiне қалай келiп қалғанын өзi де сезбей қалды, қызу қиялдан есiн жинап алып, өзiне таныс қақпаға, сиректеу өскен жемiс бақшасына, оның ар жағында, бақшаның түкпiрiнде тұрган кiшкене ақ үйге таң қала қарады:
— Адамның басына неше түрлi ой келе бередi екен-ау!— дедi ол, өзiне-өзi ұялғандай сыбырлап. Мойнын созып, кеудесiн керiп, иығын, көтерiп, келе жатқан бетте, басын мойнына тыға қойды”.
Осы үзiндiде енжар, селсоқ адамның психологиясы өте шебер суреттелген. Мұндай адам жарқын болашақ үшiн күреспейдi, тек мойнына су кеткен кiсiдей мүлгiп отырады да қояды. Қиыны да, қызығы да мол өмiр ондайларды қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы-қасiрет дегендердi бiлмейдi, қиялдағы-сын тiлегi орындалғанға ұқсатып жүре бередi. Ромашов секiлдi адамдарды “құрғақ қиялдаушылар” деп атайды.
Әрбiр адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай бiлу қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат берiп, iске талпындырады. Сондықтан да халық: “Арманы жоқ жiгiттiң дәрменi жоқ” деп өтс тауып айтқан.
Қиял түрлi елестеулердiң өзгерiп, өңделуiнiң арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдiстерi, агглютинация, схематизация түрлi схемалар мен суреттсрдiц акцентировка (образдың типтiк басты белгiлерiн жасау) тәсiлдерi жиi қолданылады. Қиялдағы елестердi топтастырудың қарапайым түрi агглютинация деп аталады. Осы әдiс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) мен түрлi ме-ханизмдердiң, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңiл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.
Агглютинация әдiсi ежелгi Мысыр елiңде, сондай-ақ, Солтүстiк Америка индеецтерiнiң өнер ескерткiштерiнен үлкен орын алған.
Қиял бейнелерiн жасауға қатысатын әдiстердiң бiрi — гипербола.
Гипербола деп нәрсенiң жеке сипаттары, белгiлерi үлкейтiлiп көрсетiлуiн айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлi болып шығады, гиперболада белгiлi бiр бейнелердiң алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегiлердi, қиял-ғажайып бейне-лердi жасауда гипербола көп қолданылады. Мәселен,, Д. Свифтiң “Гулливердiң саяхатындағы” ергежейлiлердiң, В. Маяковскийдiң “150000000” поэмасындағы капиталистердiң көсемi В. Вильсонның бейнелерi гипербола әдiсiмен жасалған. Мұнда сондай-ақ тұтас заттың жеке бөлiктерiнiң саны өзгертiледi, олардың орны ауыс-тырылады. Мәселен, үндi мифологиясындары көп қолды құдайлар мен жетi басты айдаһардың бейнелерi осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерiн жасаудың ендi бiр әдiсi — нәрсенiң бiр жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзiлдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбiрек көңiл бөлiнетiн болса, схематизация әдiсi қолданылады. Суретшiнiң өсiмдiктер дүниесiнiң элементтерiнен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделi түрi — типтiк образдар жасау. Типтiк образдар жасауда бiрiншi орында нақты адамның ортақ бейнелерi көзге түседi: “Бiр жүмысшының, поптың, дүкеншi саудагердiң портретiн дұрыс суреттеп жазу үшiн жүз, екi жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлердi қадағалап қарауымыз керек”,— дейдi М. Горький. Типтiк образдар жасау дегенiмiз түтас бiр қатар объектiлердiң барлығына бiрдей, ортақ белгiлерi бар бiр образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтiк образы бiр жағынан жеке адамның даралық ерекшелiктерiн бiлдiретiн образ болып та есептелiнедi. Мәселен, “Абай” романындағы Құнанбай образы сол кездегi үстем тап өкiлдерiнiң жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзiндiк психологиялық қасиеттерi бар жеке адамның да образы. Осы әдiстер арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемi туғызу қиын. Мәселен, агглютинацияда жеке фактiлердi зерттеу, жинақтау, мәселелердiң түпкi ниетiн көздеу дегендер жетiспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданыл майды. Творчестволық әрекетте адамдар көбiнесе интуицияға жүгiнiп отырады.
Әр адамның қиялы әр түрлi болады, бiрiнiң қиялы бiрiне ұқсамайды. Бiр адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екiншi бiреулердiң қиялы жөндi жетiлмеген, пәрменсiз, тар көлемдi болады. Шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмұнды келедi. Шындықка сай дұрыс қиялдай бiлетiн адамдарда өмiрдiң түрлi салаларынан алынған бiлiм қоры, тәжiрибесi, белгiлi көзқарасы, соның негiзiнде қалыптасқан айқын сенiмi болады. Американың аса көрнектi ғалымы Эдисон қиялы аса күштi дамыған адам болған. Бiр машинаны үш түрлi жолмен ғана жасап шығаруға болады деген ұйғарымға келiспей, Эдисон машинаны 48 түрлi етiп жасауды ұсынған. Бұған керiсiнше жаңа, соны нәрселердi iздеу, белгiсiз нәрсенi ашу, ұмтылу орнына шындықтағы нәрселердiң өзiнiң өңiн айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесiн Н. В. Гоголь “Ескiлiктi помещиктер” дейтiн повесiнде өте жақсы көрсеткен. “Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердiң iшi жылы болса, Афанасий Иванович көңiлденiп, Пульхерия Ивановнаға әзiлдеп, онымен басқа бiр нәрсе туралы сөйлескендi тәуiр көретiн.
— Ал, Пульхерия Ивановна, егер осы үйiмiз өртенiп кетсе, қайда барар едiк?
- Астапыралла, құдай сақтасын!— дейтiн Пульхерия Ивановна шоқынып жатып.
- Иә, мысалы, үймiз өртенiп кеткен екен дейiк, сонда бiз қайда көшер едiк?
— Не деп отырғаныңызды бiр құдайдың өзi бiлсiн, Афанасий Иванович! Қалайша үй өртенiп кетедi, тәңiрiм ондайдан өзi сақтайды.
- Жоқ, зәуде өртенiп қалса деймiн.
— Онда ас үйге шыға тұрамыз да. Сiз уақытша кiлтшi тұрған бөлмеге кiре тұрар едiңiз.
— Егер ас үй өртенiп кетсе ше?
- Кенеттен әрi үлкен үйiмiз де, әрi ас үйiмiз де бiрдей өртенiп кетедi деген не сұмдық, ондай жамандықтан қүдайдың өзi сақтасын! Е, онда жаңа үй салынып бiткенше, кiлетке шыға тұрамыздағы.
- Кiлет те өртенiп кетсе қайтемiз?
- Не деп отырғаныңызды бiр құдайдың өзi бiлсiн! Мен сiздi тыңдағым да келмейдi. Былай деу күнәкарлық, мұндай сөздер үшiн құдай жазасыз қоймайды.
Ал, Афанасий Иванович Пульхерия Ивановнаны әзiлдеп қорқытқанына мәз болып, өзiнiң орындығында жымиып күлiп-отыратын”.
Адамдар бiр-бiрiнен қиялының пәрмендiлiгiмен де ажыратылады. Мәселен, бiреулер мәселенi шешуге кiрiскенде соның төңiрегiне бар ақыл-ойын жұмылдырады, әр сөзiн ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенiң түп қазығын, тарихын iздестiредi, сол мәселе жөнiнде басқалармен кеңеседi, тәжiрибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бiр шығарма жазатын болса, өз кейiпкерлерiмен iштей араласып кете алады, олар қуанса куанады, қайғырса бiрге қайғырады. П. И. Чайковский “қарғаның мәткесiн” жазып болып, күнделiгiне: “Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жiбердiм деп жазған екен”. Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсiз адамдар да болады. Қиялы әлсiз адамның көркем әдебиет кiтаптарын оқуы да бiр түрлi. Ол мұндағы әдеби теңеулерге, суреттемелерге мән бермейдi, әдеби суреттемелердi тастап кетiп, кiтаптың тек әр жерiнен “қызық” iздеп, тұтас оқып шығуға шыдамы жетпейдi. Өйткенi қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейдi, оны тез жалықтырьш жiбередi.
Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыс-тылығында. Шын мәнiсiндегi қиял ғана мазмұнды, пәрмендi де болып, адамды iс-әрекетке жетектейдi, оның рухани өсуi үшiн ерекше маңызды болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет