Психология кафедрасы



бет21/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
В) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)
Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың кейбiр қасиеттерiнiң бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, бiздiң алдымыздағы телеграф бағаналарының бiр-бiрiнен қашықтығы көздiң тор қабығында бiрдей сәулеленбейдi. Сонда да бiз олардың шамасын бiр-бiрiне тең деп қабылдаймыз. Өйткенi, олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсiндiретiн мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрiбiр ақ болып қабылдана бередi. Жарықтың түрлi әсерiнен көмiр де, бiрде қара, бiрде сұрғылт болып қабылданады. Мұның бәрi көру анализаторында түрлiше бейнеленедi. Осы заңдылық тұрмыста, еңбек процесiнде түрлi заттарды тез, оңай тануға мүмкiндiк бередi. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжiрибесiне де байланысты. Бейненi тұрақты түрге келтiруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкiндiк туғызатын ең жоғары психикалық функция — сөз. Әрбiр заттың түсiнiгi сөзбен байланысты, сөз ғана затты бiр тұрақты түрге енгiзедi.
Г) Қабылдаудағы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейдi. Түрлi себептерге байланысты шындықты бұрмалап, терiс қабылдайтын кездер де болады.
Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың “сынған” құсап тұруы физикалық қасиеттерiмен түсiндiрiлсе, кейбiр нәрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер адамның әртүрлi ерекшелiктерiне байланысты.
Иллюзияның табиғаты ғылымда әлi де толық зерттелмеген.
Иллюзияның түрлерi өте көп. Соның iшiнде көру қабылдауында иллюзиялар жиi кездеседi. Бұл көбiнесе заттардың кеңiстiкке орналасу жағдайын адамның жөндi бiлмеуiнен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива, қашықтық, заттың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесiндiнiң ығысу иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биiктiгi бiрдей дейiк. Ал көрiп тұрған кезiнде олардың ең әрiдегiсi бәрiнен үлкен сияқты болып көрiнедi. Мұның себебi — нәрсе алыстаған сайын оның бейнесi кiшiрейе беретiндiктен, нәрсе өзiнен кiшкентай нәрсенiң қасында тұрса үлкейiп, үлкен нәрсемен қатар тұрса, кiшiрейiп көрiнедi. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында, өзара тең, бiрақ көзге әр түрлi болып көрiнсдi, өйткенi, бiрi — үлкен дөңгелектердiң, екiншiсi — кiшкентай дөңгелектердiң қоршауында тұр. Тәжiрибе арқылы тексерiп көру — (қабылдаудың дұрыстығының бiрден-бiр өлшемi. Мәселен, стақандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын байқау — осындай тәжiрибенiң қарапайым түрi. Иллюзияның зандылыктарын дұрыс түсiнудiң тәжiрибелiк мәнi зор. Белгiлi ғұлама Ә. Бөкейханов шығармаларында иллюзия жөнiнде қызықты фактлер келтiрген. Ол былай дейдi: сұқ қолымен ортан қолды бiр-бiрiнен артылтып салып, екеуi бiрдей тиетiн қылып, астына бытырадый домалақ қамызды салып, екеуiнiң арасымен домалатып, көзiңдi жұмшы. Жалғыз домалақ қамыр екен көрiнедi: Қол алданды, көз түзеттi. Жаныный келiп, жақсы айнаға қарашы: терезе не есiк болып, аз тағында бiр нәрсе тұрғандай айна көрiнедi. ғолыңмен сол анықтала кетедi. Көз адасты, саусақ сезiмдi түзеттi. (жеттiс жетi мысал, жинақ, М., 1925, 15 бет). Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерiнде, әскери маскировкада, баспахана әрiптерiн жасауда, сахнаны безендiруде жиi қолданылады. Иллюзияның заңдылықтарын бiлу адам ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседi. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, терiс бейнелерi — галлюцинациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабiлетi кемидi де, есi кiресiлi шығасылы болады. Мәселен, оған ешкiм дауыстамаса да ол бiр дауыс естiгендей, денесiнде қайдағы бiр жоқ жорғалап жүргендей көрiнедi. Бұл көбiнесе шизофрения, инфекция ауруларының негiзiнде пайда болып отырады. Бұл аурулардан психиатр-дәрiгерлердiң көмегiмен айығуға боладьг. Ми қабығында қозу процесi тежелумен алмаспай бiр орында тұрып қалған кезде осындай (бұл жүйкенiң патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда болады.
Д) Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екiге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен, “түбiр” деген сөздi әр адам түрлiше қабылдауы мүмкiн. Тiл ма-маны осы сөздi ести салысымен сөздiң түбiрi жайлы айтқысы келедi. Ал ботаник болса, шөптiң түбiрiн, математик санның түбүрiн айтып беретiндiгi белгiлi. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше қөзқарасын бiлдiре алуы. Апперцепцияның мол болуы бiлiмдiлiкке байланысты. Бiлiм адамның ойын тереңдетiп, оның мазмұнын кеңiтiп қана қоймайды, дүниенi жан-жағынан терең түсiне бiлуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның бiлiмi, тәжiрибесi молая түседi, дүниетанымы қалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруiне әсер етедi. Балалардың оқу материалын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына (яғни түсiнiк қорына) байланысты болып отырады. Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бұл, бiр жағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру деген сөз.
Әр түрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады, мұны уақытша апперцепция дейдi. Апперцепцияның уақытша түрiне А. С. Пушкиннiң “Вурдалак” деген өлеңi жақсы мысал бола алады. Осы өлеңiнде Ваня деген корқақ бала түнде зират арқылы жүрiп бара жатады. Ол қорыкқанынан қара терге түседi, сүйек кемiрiп жатқан иттi қабырдан шыққан өлiкке балайды. Өйткенi, оның өзi осындай кереметтердiң “болатындығына” сенетiн.
М. Әуезов “Қыр әнгiмелерiнде” Жортар қарттың басынан кешкен бiр оқиғаны былайша суреттейдi: “Бейiттiң iшi әлгiден де жарық болып кетiп, артынан бәсеңдегендей болды... құдай көрсетпесiн — көзiме өзiнiң бұрын түсiн көрмеген, атын естiмеген бiр пәле көрiндi.
Алғашқы көрген кезде “жалмауыз” дедiм. Нобайы адамға ұқсамайды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биiктiгi кiсi бойы — қол сұғымдай шашы бұрқырап тұр. Көзiме түскен, әсiресе, қорқынышты жерi — аузы. Ырсиып, от болып, тiстерi ақсиып сойдиып тұр екен. Аузынан кәдiмгiдей от бүркiп тұр... өзге еш жерi көрiнбейдi. Қараңғы бұрышта қып-қызыл от болып жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған тiс қана көрiнгендей болды... тұрайын десем, буынымды баса алатың емеспiн,.. қозғаларға шамам жоқ... қүр сүлдем отыр... Бiр мезгiлде... ақырып келiп, иығымнан бас салды...”
Жын-шайтан, перi, албасты дейтiн ұғымдарға қатты сенетiн адамға бейiт iшiнде осындай “керемет” көрiнiстердi туғызған жауыннан паналап жүрген екiншi бiр адамның әлсiн-әлi жағып жүрген сiрiңкесi екен. “Қорық-қанға қос көрiнедi” деген мәтел осындай адамдардың психологиясын өте жақсы көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет