Психология педагогика және және и



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата03.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#7538
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

(М.П. Сибирский бойынша)
Салыстырмалы 
белгілері
Əдіс
Технология
Ұсынылуы
Нақты бір əдістерді, ұйым дас тыру 
формаларын,  оқыту  құрал дарын 
қол дануды ұсынады
Əдістер  жүйесінің  үрдісін,  ұйымдастыру 
формаларын,  оқу  мақсатын  жəне  оқытуды 
басқару құралдарын ұсынады.
Анықтама
Ғылыми  дəлелденген  əдістердің, 
ере желердің жəне оқыту тəсіл дері-
нің жүйесі
Оқу  мақсаттарына  жету  құралдары,  тəжі-
рибеде  алдын ала жобаланған оқу үрдістерін, 
жүйелерін, тəсілдерін жəне оқу үрдісін бас-
қару  мен  мақсатқа  жету  құралдарын  біріз-
ділікпен, жүйелілікпен іске асыру. 
Парадигма
Оқу үрдісін ұйымдастыру мен жү-
зе ге  асыруда  қолданылатын  ұсы-
ныс тардың жиынтығы
Оқу үрдісінің болашақтағы жобасы
Бағыттылығы
Нақты  бір  пəнге  немесе  белгілі 
бір  мақсаттарды  жүзеге  асыруға 
бағыт талған
Оқу  материалдарын  жан-жақты  тұрғыда 
мең  геруге бағытталған 
Оқытудың дина-
мика лық бейнесі
Нақты, əрі айқын ұсыныстар береді
Оқытудың динамикалық іс жүргізу сипатын 
бейнелейді
Оқыту технологияларын (əдістерін) жоба-
лауды педагогикалық міндеттер қоюмен, оның 
шешімін табатын дидактикалық үрдістің жо-
спары деп қарастырады [3].
Педагогикалық  міндеттерді  шешуді  қам-
тамасыз  ететін,  биологияны  оқыту  техноло-
гиясын  жобалауда  оқытушының  қызметі: 
əдістерді,  тəсілдер  мен  оқу  құралдарын 
дұрыс  таңдай  білу  болып  табылады.  Яғни, 
педагогтың қызметі үш негізгі құраушы қыз-
метпен: басқару түрімен, ақпараттық үрдістің 
түрімен жəне ақпаратты беру құралдары мен 
танымдық  қызметтің  басқару  типтерімен 
сипатталады.  Биологияны  оқыту  үрдісін 
ұйым  дастыруда,  ең  алдымен,  оқу  материа-
лы  мазмұнының  сипаттамасы,  оны  меңгеру 
мақ саттары  (меңгеру  сатылары),  сондай-
ақ  педагогикалық  міндеттердің  басқа  да 
шарт тары  талданады.  Одан  кейін  оқыту 
əдіс  терінің  дұрыстығы  мен  оқушылардың 
та нымдық қызметін басқару сызбалары анық-
талады.  Осы  жолмен  алынған  əдістер  мен 
оқу  құралдарының  жүйесі  оқыту  түрлерін 
ұйымдастыруда, яғни, оның технологиясында 
қолданылады .
Оқыту реформаларының талаптарына сəй-
кес,  кəсіптік  білім  беруде  негізгі  мағынаға 
түрлі  педагогикалық  жаңа  əдістер  енгізуге 
бағытталған  инновациялық  қызмет  ие  бол-
ды. Олар дидактикалық үрдістің барлық жақ-
тарын: оны ұйымдастыру түрлерін, оқыту тех-
нологиялары  мен  мазмұнын,  оқу-танымдық 
қызметін қамтыды [4].
Оқытудың инновациялық технологиялары-
на  мына  технологияларды  жатқызады:  оқы-
тудың интерактивті технологиялары, жобалап 
оқыту технологиясы жəне компьютерлік тех-
нологиялар.
Оқытудың  психологиялық  теориясында 
интерактивті  деп  адамдардың  өзара  қарым-
қатынас психологиясына негізделген оқытуды 
айтады. Оқытудың интерактивті технологиясы 
оқу қызметінің субъектісі ретіндегі оқытушы 
мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасы  мен 
өзара  қызметі  үрдісіндегі  білімді  меңгеру 
тəсілдері,  білік,  дағдыларының  қалыптасуы 
ретінде қарастырылады. Бұлардың мəні сон-
да,  олар  қабылдау,  есте  сақтау,  назар  аудару 
үрдістеріне  ғана  емес,  ең  алдымен,  шығар-
машылық,  продуктивті  ойлау,  мінез-құлық, 

192
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
қарым-қатынасқа сүйенеді. Сондай-ақ, оқыту 
үрдісі былайша ұйымдастырылады: оқушылар 
қарым-қатынас  жасауға,  бір-бірімен  жəне 
басқа  адамдармен  өзара  қызмет  жасауға, 
жағдаяттық  кəсіби  міндеттерді,  сəйкес  ақпа-
раттармен  өндірістік  жағдаяттарды  тал дауға 
негізделген күрделі мəселелерді шешуге, сын 
тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Оқытудың интерактивті технологияларын-
да  оқытушы  мен  оқушы  рөлі,  сондай-ақ,  ақ-
па раттыңда  рөлі  алмастырылған.  Бұл  жерде 
оқытушы  ақпарат  беруші  емес,  менеджер 
қызметін атқарады, оқушы ықпал ету объектісі 
емес,  керісінше,  өзара  қызмет  субъектісіне 
айналады,  ал  ақпарат  мақсат  емес,  қимыл 
əрекеті  мен  қызметті  меңгеру  құралы  болып 
алмастырылған [5].
Барлық интерактивті оқыту технологияла-
ры имитациялық жəне имитациялық емес деп 
бөлінеді  (Кесте 2). Бұл  жіктеудің  негізінде 
кəсіби  қызметтің  контекстін  қайта  жасау 
белгісі  салынып,  оның  оқытудағы  үлгісі 
таныстырылған.
Имитациялық  технологиялардың  негізіне 
имитациялық немесе имитациялық ойын үлгі-
лерін əзірлеу жатады, яғни нақты бір жүйеде 
өтіп жатқан оқыту шарттарының осы немесе 
басқа да бірдей үрдістердің өлшем дерін еске 
түсіреді.  Ал  имитациялық  емес  технология-
лар оқылатын құбылыстар мен қыз меттердің 
үлгісін жасауды қарастырмайды [1].
Кесте 2 − Интерактивті технологиялардың салыстырмалы сипаттамасы
Салыстырмалы 
көрсеткіштері
Интерактивті технологиялар
Имитациялық емес
Имитациялық
Мақсаты
Ақпаратты беру, бірқатар жалпы 
жəне кəсіби біліктер мен дағдылар 
дамуының алғышарттарын жасау. 
Кəсіби контексттің əртүрлі түрлерімен 
танысу, кəсіби қызметтің талаптарына 
сəйкес кəсіби тəжірибенің қалыптасуы
Оқу сабақтарын 
ұйымдастырудың 
ерекшеліктері
Оқытудың мəселелік мазмұны, сабақ-
ты жүргізу жүйесін ұйымдастырудың 
ерекшелігі, техникалық құралдарды 
пайдалану
 Үлгі нысанмен жұмыс істеу бары-
сындағы ойындық іс-əрекет, ойындық-
имитациялық жағдаяттар 
Түрлері мен 
əдістері
Проблемалық лекция, семинар-дис-
пут (пікірсайыс), тақырыптық дис-
куссия (пікірталас), «миға шабуыл», 
кооперативті оқыту жатады.
Ойындық имитациялық əдіске дидак ти-
калық ойындар, имитациялық тренинг, 
ойын арқылы жобалау, ал ойындық 
емес имитациялық əдіске ситуациялық 
шешім дер, жекелеген міндеттерді ше-
шу, жеке тренажер жатады.
Оқытудың тəсілі
Оқытушы мен оқушы арасындағы 
диалогтік өзара əрекет
Имитация процесі кезіндегі оқытушы 
мен оқушының өзара қарым-қатынасы
Интерактивті  оқыту  технологияларының 
жоғарыда  берілген  бірнеше  əдістерін  қарас-
тырайық.
Проблемалық  лекция  əдісі  берілген  проб-
ле маның,  проблемалық  жағдаяттың  дұрыс 
шешім  табуын  көздейді.  Бұл  əдіс  шынайы 
өмірдің қарама-қайшылықтарын, оларды тео-
риялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу 
арқылы  моделдейді.  Осындай  лекцияның 
негізгі  мақсаты – студенттердің  өз  бетінше 
білім алуы.
Семинар-диспут  (пікірсайыс)  əдісі  белгі-
лі  бір  мəселенінің  дұрыс  шешімін  табу  мақ -
сатындағы  ұжымдық  талқылау.  Бұл  əдіс  жо-
ғары ақыл-ой белсенділігін қалып тас тырады, 
пікір  талас  жүргізе  білуге  дағ ды лан дырады, 
мəселені  талқылау,  өзінің  көз қа растары  мен 
пікірлерін  қорғау,  өз  ойын  дұрыс,  əрі  нақты 

193
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
жеткізе  білуге  үйретеді.  Семинар-диспутқа 
қатысушылардың  қызметі  əртүрлі  болуы 
мүм кін.  Осы  əдіспен  өткізілетін  сабақтар 
оның  қатысушыларының  диалогтік  қарым-
қаты насы түрінде өтеді.
Тақырыптық  дискуссия – проблемалық 
оқы  тудың  бір  əдісі.  Бұл  əдістің  мəні  нақ-
ты  мəселені  шешуде  көзқарастар  мен  пікір 
алмасуда  тиімді.  Дискуссиясының  негізгі 
атқаратын  қызметі  танымдық  қызығу шы-
лықты арттырады, ал қосымша қызметі: оқы-
ту,  дамыту,  тəрбиелеу  жəне  коррекциялы-
бақылау.  Студенттердің  алдын  ала  немесе 
нақты  мазмұндағы  дайындығынан  бұрын, 
лек цияның сапалылығы басты роль атқарады. 
Басталатын  дискуссияның  тақырыбына  бай-
ланысты білім жинау мазмұнды дайындықты 
қажет  етеді.  Оқытушы  студенттердің  ойын 
дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дəлел-
дер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз 
етеді. Дискуссия студенттерге танымал мате-
риалдардың мазмұнын толықтырып, оны тия-
нақтап жəне бекітуге көмектеседі. 
Пікір таласқа топтағы барлық студенттерді 
қатыстыру мақсатында кооперативті немесе 
ұжымдық оқыту əдісін пайдалануға болады. 
Бұл  əдіс  шағын  топтардағы  студенттердің 
бірлесіп жұмыс істеу барысындағы өзара не-
месе  бірін-бірі  оқытуға  негізделген.  Оның 
негізгі  идеясы – қарапайым.  Бұнда  студент-
тер берілген ортақ тапсырмаларды орындауға 
немесе  ортақ  мақсатқа  жету  үшін  (мысалы, 
мəселені  шешудің  жолдарын  табу)  өздерінің 
күш-жігерлерін біріктіреді. 
Кооперативті немесе ұжымдық оқыту əді-
сі нің технологиясы төмендегідей ретпен жү-
зе  ге асады:
- мəселені алға қою;
-  шағын  топтарды  құру (5-7 студенттен), 
əр қайсысының  рөлдерін  бөлу,  оқытушының 
оларға  пікірталасқа  қатысу  жолдарын  түсін-
діру;
- шағын топтарда қойылған мəселені тал-
қылау;
- барлық топтардың алдында талқыланған 
мəселелердің нəтижелерін көрсету;
- талқылауды жалғастыру жəне қорытынды 
жасау.
«Миға шабуыл» əдісінің мақсаты:
-  студенттердің  берілген  тақырып  бойын-
ша неғұрлым көп ойларды жинау;
- өзара ақпаратпен алмасу;
-  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  арт-
тыру;
- берілген мəселені шешуде дағдылы ойла-
удан арылу.
Оның  негізгі  принципі:  талдауда  студент-
тердің айтылған ойларын сынамау, керісінше 
қалжың  ойлардың  өзін  мадақтау,  бірақ  қай-
шы лықтарды жазып алу.
Бұл  əдістің  маңызы:  топпен  жұмыс  істеу 
барысында  студенттер  өз  ойларын  көбірек 
ай та алады, нəтижесінде топтағы жаңа ойлар 
қалып тасуының тиімділігі артады [6]. 
Дидактикалық  ойын  кəсіби  оқу  орында-
рындағы  оқу  үрдісін  жандандырудың  ең  не-
гізгі  педагогикалық  əдісі  болып  табылады. 
Ол  арнайы  мақсатты  көздейді  жəне  нақты 
мін деттерді  атқарады.  Ойынның  мақсаты – 
бағдарламада  анықталған  білік  жəне  дағ ды-
лар  жайында  түсінік  беріп,  оларды  қалып-
тастыру,  тиянақтау  жəне  бекіту,  кайталау 
жə не пысықтау немесе тексеру сипатында бо-
лып келеді. 
Ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне 
етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Сонда 
ғана  ойын  жəне  оқу  əрекеттері  табиғи  бір-
лікте  болып – өзіндік  білім,  білік  жəне  дағ-
дыны  игеруге  толық  ықпал  жасайды.  Осы 
шарт  орындалған  жағдайда  дидактикалық 
ойын шын мəнінде оқыту əдісі деңгейіне дей-
ін көтеріледі.
Студенттерді  дидактикалық  ойынға  тар-
ту пəнді толық, əрі жүйелі меңгеруге көмек-
теседі.
Имитациялық  тренинг  əдісі  түрлі  техни-
калық  құралдармен,  құрылғылармен  жұмыс 
істеу  барысында  белгілі  бір  кəсіби  білімдер 
мен  біліктердің  қалыптасуын  қарастырады. 
Кəсіби  қызметтің  жағдайы,  жағдаяттар  ими-
тацияланады,  бұл  жерде  «модель»  ретінде 
тех никалық  құралдардың  (тренажерлар,  құ-
рылғылар, т.б.) өзі алынады.
Ойын арқылы жобалау əдісі практикалық 
сабақ  болып  табылады.  Бұл  сабақтың  бары-
сында шындыққа неғұрлым жанасатын ойын 

194
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
шарттарындағы  технологиялық,  əлеуметтік, 
инженерлік,  конструкторлық  жəне  т.б.  жо-
ба  түрлері  əзірленеді.  Ойын  арқылы  жоба-
лау  əдісі  студенттердің  жеке  жəне  бір лескен 
жұмыстарының  жоғары  дəрежелі  үйле сім-
ділігімен ерекшеленеді. Топ үшін ортақ жоба 
жасау,  бір  жағынан,  əрқайсысынан  жобалау 
үрдісінің технологияларын білуді талап етсе, 
екінші  жағынан,  кəсіби  сұрақтарды  шешу 
мақсатында қарым-қатынасқа түсе білу жəне 
оны қолдау [7].
Қорыта  айтар  болсақ,  кəсіби  білім  беру-
де  инновациялық  технологияларды  қолдану 
болашақ  мамандар  дайындауды  жетілдіру 
мүмкіндіктерін арттырады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Фишер Н.В. Инновационные технологии 
в профессиональном образовании // Вестник. 
2010. − №1. − С.14.
2 Загвязинский В.И. Теория обучения: со-
временная  интерпретация.−  М.:  Академия. 
2001. − С. 95-96. 
3  Сибирская  М.П.  Педагогические  техно-
логии и повышение квалификации инженер-
нопедагогических  работников.  −  СПб. 1997. 
– С. 357.
4 Калинова Г.С., Мягкова А.Н., Резникова 
В.З. Подходы к совершенствованию содержа-
ния  среднего  биологического  образования // 
Биология в школе. 1994. − № 4.− С. 27-31.
5  Левина  М.М.  Технология  профессио-
нально-педагогического  образования.  −  М.: 
«Академия» 2001. – С. 272.
6  Марина  А.В.,  Соломин  В.П.,  Станкевич 
П.В.  Школьное  биологическое  образование: 
проблемы и пути их решения. − СПб.: Изд-во 
СПбГУ. – 2000. − 131 с. 
7  Симоненко  В.Д.  Общая  и  профессио-
нальная  педагогика / под  ред.  М.:  Вентана-
Граф. 2005. – С. 368.
УДК 780.6
Л. ЧЕНЕМИСОВА
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Музыкалық білім берудің теориясы мен əдістемесі кафедрасы
Алматы қ., Қазақстан
ҚОБЫЗ КЛАСЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДАҒЫ
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Берілген  мақалада  қобыз  класындағы  оқушының  орындаушылық  қабілетін  дамытуда, 
Ж. Қараевтың үш деңгейлік технологиясын пайдаланудың тиімділігі туралы баяндалады. Музы-
ка саласында білім берудің деңгейлеп оқытылуы тек практикалық, ал теориялық тұрғыда нақты 
жүйеленбегені айтылған. Орындаушылықты шығармашылықпен байланыстырып, оны артты-
руда жаңа технологияны пайдалана отырып ізденістің жаңа көзін ашу, баланың мүмкіншілігін 
ескере  отырып  арнайы  тапсырмаларды  ұйымдастыру  жолдары  көрсетілген  жəне  қобыз  кла-
сында  оқитын  оқушының  ынтасы  мен  қызығушылығын,  ерекше  қасиеттерін,  қабілеттілігін, 
белсенділігін дамыту мəселелері қарастырылған. 
Түйін сөздер: үш деңгейлі оқыту, қобыз, музыкаға деген қызығушылық.
В  этой  статье  рассматривается  эффективность  использования  технологии  трехуровневого 
обучения Ж. Караева для развития исполнительского мастерства учащихся класса кобыз. Техно-
логия уровневого обучения в области музыки является только практической, а с теоретической 

195
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
точки зрения она конкретно не систематизирована. Показаны способы организации специаль-
ных заданий с учетом возможностей учащегося, пути открытия новых истоков исследования, 
связывания исполнительского мастерства с творчеством при использовании новых технологий 
и его дальнейшего развития, а также изучены проблемы развития активности, заинтересован-
ности и индивидуальных музыкальных способностей кобызистов.
Ключевые слова: трехуровное обучение, кобыз, развитие деятельности, интерес к музыке.
Annotation
In this paper the effi ciency of using of Zh. Karaev’s three-level training technology for the 
development of students mastery of the kobyz class is considered. Level training technology in music 
is the only practical and theoretical point of view, it is not specifi cally exactly. The organization 
special tasks taking into account the student’s capabilities, the way of opening new sources of research 
linking performance skills with creativity using new technology and its further development and the 
problems of development activity, interest in music and individual musical abilities of kobyz players 
are studied.
Keywords: three-leveled training, kobyz, activity development, interest in music.
«
Қ
азіргі  заманғы  білім  берудің – пер-
спективалық  міндеті – сындарлы  ой-
лай беретін жəне ақпараттар ағынында бағдар 
ала  білуге  қабілетті  адамдарды  даярлау» 
дей  келе,  Елбасы  оқу  орындары  ішінде  орта 
білім  беретін  жүйенің  интеллектуалды  ұлт 
тəрбиелеуде ерекше маңызды орын алатынын 
атап  көрсетті.  Сөзінде  «Орта  білім  белсенді, 
білімді  жəне  табыстарға  бағ дарланған  тұл-
ғаларды тəрбиелеуге жауап береді. Оқушылар 
ешқашан  бастауды  тоқтатпа,  ешқашан  тоқ-
тауды бастама» деген ақиқаттан адаспаулары 
тиіс»  деп,  мектепке  дейінге  жəне  бастауыш 
білім  беру  ісінен  жоғары  оқу  орындарында, 
одан  кейінгі  кезеңде  білім,  ғылымды  дамы-
туда серпінді іс-қимыл танытуға жол ашатын 
шешуші белес саналатын білім ордаларынан 
үлкен нəти желер күтетінін қадап айтты [1]. 
Бүгінгі таңда барлық білім беру деңгейле-
рінде  сапаны  бақылау  қолға  алынды.  Себе бі 
оның білім саласы үшін маңызы зор. Егемен-
дігімізді қолға алғаннан кейін тереземіз өзге 
елмен тең болу үшін, өскелең ұрпақтың алар 
білімі сапалы, мəнді əрі тиімді болуы біз үшін 
өте  маңызды.  Оқыту  технологиясы  ертеден 
бері  зерттеліп  келеді.  Ұлы  ғалымдар  жəне 
педагогтарымыздың  пікірлері  мен  кеңестері, 
дидактикалары  біздің  заманымызға  дейін 
жетіп,  оқыту  үрдісінде  қолданылуда.  Білім 
беру процессі екі жақты қамтиды. Тəрбие бе-
руде ұстаздың атқарар рөлі орасан зор. Енде-
ше ұстаз əдіс-тəсілге бай болуы қажет.
Технологиялық  тəсіл – оқу  барысындағы 
педагогикалық  технологияларды  қолдануды 
көрсетеді  жəне  заманауи  иновациялық  тех-
нологиялар  талап  етіліп  отырған  деңгейге 
қол  жеткізуге  үлесін  қосады.  Иновациялық 
тəсілдер  В.П.  Беспалько,  В.И.  Боголюбовь, 
В.В. Гузеев, Н.Д. Никандров, В.М. Монахов, 
сондай-ақ  Л.Андерсон,  Дж.Блок,  Б.Блум, 
Г.Гилберт т.б. Біздің республикамызда техно-
логиялары  кеңінен  қолданылып  келе  жатқан 
Т.Т. Ғалиев, Ж.А. Қараев, М.М. Жанпейісова, 
Н.А. Оразақынова, еңбектерін жатқызуға бо-
лады [ 2].
Дəстүрлі  оқыту  технологиясына  сүйен-
генімізбен қазіргі кезде білім беру жүйесінде 
түрлі  өзгерістер  енгізіліп  жатыр.  Студентке 
өзімізде  барды  ғана  ұсынып  немқұрайлық қа 
салынбай,  керісінше  алдымыздағы  туындай-
тын  өзекті  мəселелерді  шешуге  ұмтылсақ, 
бұл  білім  берудің  жолдарын  кеңейте  түседі. 
Қай салада болмасын білім берудің алғашқы 
қалыптастыру  негізі – мұғалімнен  бастау 
ала ды.  Ал  бүгінгі  таңда  мұғалімнің  басты 
мін деті,  дүниетанымы  мол,  жан-жақты,  бел -
сенді  жəне  өзінің  жеке  тұлғалық  ерекше 
қасиеттерін  қолдана  білетін  музыкант  тұл-
ғаны қалыптастыру. 

196
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
Арман  алысқа  жетелейді.  Сол  арманың, 
қиялың кейде мүлдем іске аспай қалатынына 
көзіміз  жетеді.  Оқушының  алдында  қара-
пайым мəселені шешетін амалды таба алмай 
басымызды қатыратын кезімізде болады. 
Білім – ұшан  теңіз.  Сол  білімді  оқушыға 
қажетті  етіп  үйретуде  аса  шеберлікті  қажет 
етеді.  Айтқан  сөзіңді  амалсыздан  тыңдап 
отырған немесе көрсеткен əдіс-тəсіліңді қол-
дана білмеген, берген тапсырманы уақытымен 
орындамай  келген  оқушыңды  көргенде  ішің 
қан  жылайды.  Ендеше  бос  қиялмен  жəне 
арманның жетегінде жүре бермей, еш аянбай 
еңбек  етуіміз  қажет.  Өнер  еріккеннің  ермегі 
емес, оның жүгінің ауыр екенін тек толассыз 
еңбек еткен адам ғана түседі.
Қобыз класында оқитын оқушы, оның ын-
тасы  мен  қызығушылығын,  белсенділігін 
арт  тыру,  ерекше  қасиеттерін,  қабілеттілігін 
ескере отырып, белсенділігін ояту мұғалімнің 
міндеті.  Ерте  заманда  қалыптасқан  дəстүрлі 
оқыту  мен  ұлы  педагогтардың  кеңестеріне 
сүйене  отырып  қобыз  класында  оқушының 
орындаушылық  мүмкіншілігін  арттыруда 
дең   гейлік  тапсырмалар  арқылы  оқытудың 
тиім    ділігі зор.
Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясын-
дағы  үш  деңгейлік  жəне  қосымша  шығар-
машылық  талаптары,  музыка  саласында  əсі-
ресе  орындаушылық  шеберлікті  арттыруда 
өзінің көп ықпалын тигізетіні анық.
Ж. Қараевтың айтуы бойынша бұл техно-
ло гияның  мақсаты  оқушыларды  «қабі лет-
ті»  жəне  «қабілетсіз»  деген  жіктерге  бөлуді 
болдырмау. Бұл жерде айта кететін бір жайт, 
музыка саласында оқушылардың «қабілетті» 
жəне  «қабілетсіз»  болуы,  −  деген  ұғым 
бірінші  жүреді.  Өйткені,  мүлдем  қабілетсіз 
оқу шыны  қобыз  аспабында  ойнату  қиынға 
соғады. 
Кез-келген оқушы өнер саласының табал-
дырығын  аттағанда  оның  есту  жəне  ритмді 
қабылдау  қабілетін  тексереді.  Бес  саусақ 
бір дей  емес,  сол  сияқты  əр  адамға  талант 
əр-түрлі  беріледі.  Біреуінде  табиғи  талант 
бола ды, оның есту қабілеті тіпті ритмді қай -
талауыда ерекше болады. Екіншісі есту қабі-
леті  жақсы,  бірақ  ритмді  қайталауы  нашар. 
Үшіншісі  керісінше  есту  қабілеті  нашарлау, 
бірақ ритмді қайталау қабілеті жақсы. 
Яғни,  осы  аталғандардың  бəрін  осы 
деңгейлеп оқыту арқылы үш деңгейден өткі-
зіп,  табиғи  талантты  оқушыны  қосымша 
шы ғар машылық  деңгейіне  де  жеткізе  ала-
мыз.  Деңгейлеп  оқыту  оқушының  жеке  ба-
сы на  бағытталатын  болғандықтан  жалпы, 
білімділік  дайындығы  бар  немесе  жоқ  əр-
бір  оқушы,  əруақытта  өзгеріп  отыратын 
жағ  дайларға  икемделіп,  өзінің  қабілетінің 
жоғарғы  дəрежесіне  сай  бағытта  даму-
ын  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Деңгейлеп  оқыту 
оқушының  психологиялық  ерекшеліктеріне 
негіз делгенімен,  оқыту  талаптары  барлық 
оқу шыға бірдей болып сақталады. Дегенмен, 
жеке дара оқыту арқылы əр оқушының өзіндік 
бағдарламасын  игеруге  септігін  тигізетін 
оқыту əдіс-тəсілдері қарастырылады.
Деңгейлеп  оқыту  технологиясында  оқу-
шының  өз  бетімен  еңбек  етуін,  əдістерді 
мең геруді, яғни өзіндік ізденісті жəне жауап-
кершілікті  қажет  етеді.  Оқыту  техноло-
гиясы 1998 жылдан бастап қолданысқа енгі-
зіліп  көптеген  ғылым  салаларына  өзінің 
ықпалын  тигізуде.  Кейіннен  Ж.Кобдикова-
ның  енгізуімен  үш  өлшемді  əдістемелік  тех-
нологиясы  деп  те  аталып  жатыр.  Содан  бері 
бұл  технологияны  қаншама  пəн  кешендері 
қолданып өз нəтижелерін шығаруда. Ендеше 
осы  технологияны  біздің  музыкалық    білім 
беру  жүйемізде  неге  қолданбасқа?,  −  деген 
сұрақ туындайды.
Дəстүрлі  оқыту  технологиясында  бірінші 
орында  мұғалім  тұрса,  бұл  технологияда 
керісінше  негізгі  рөл  оқушыға  тиесілі.  Білім 
инемен  құдық  қазғандай.  Ол  жеке  тұлғаның 
еңбекқорлығына,  белсенділігіне  байланысты 
іске асады. 
Музыкалық  білім  беру  көзге,  құлаққа 
қара пайым  болып  көрінгенімен    ол  өте  күр-
делі.  Себебі  музыкалық  білім  беру  деп  жеке 
айтылғанымен,  екі  жақты  жүйені  қамтиды. 
Үйренуші жəне үйретуші немесе оқушы жəне 
оқытушы.  Білімді  меңгеру  жеке  тұлға ның 
ынтызарлығына,  еңбекқорлығына,  бел сен-
ділігіне,  мақсаттылығына  байланыс ты  іске 
асады.  Дəстүрлі  оқытуда  оқушы  тек  мұға-

197
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
лімнің  айтқанын  қайталаумен  отырса,  бұл 
технологияда оқушы өзіндік жұмыс атқарады. 
Өзіне  деген  сенімділік  пайда  болып, 
жеке  тұлғалық  қабілетіне  сүйенеді  жəне  жұ-
мысы  үшін  жауапкершілігі  артады.  Жеткен 
жетістігін мұғалім ғана емес өзі де көретін бо-
лады. Бес саусақ бірдей емес. Сол сияқты əр 
оқушының қабылдау, есту, түсіну қабілеттері 
əр  түрлі.  Бір  оқушы  өздігінен  математикаға 
бейім,  яғни  оның  нота  сауаттылығы  жақсы 
дамиды  бірақ,  орындауда  жеткізу  мəнері 
аз  болуы  мүмкін.  Екіншісі  мінезі  жағынан 
байсалды,  жай  қимылдайтын  болса  онда 
ол  мұғалімнің  үйреткенін  бəсең  қарқында 
игеруі  мүмкін.  Үшінші  оқушы  өзі  шапшаң, 
алғыр, үйреткеніңді бірден үғып алады. Бірақ 
орындауға  келгенде  өзінің  орындаушылық 
қабілетіне сенімсіздік танытып бойын белгісіз 
бір қорқыныш билейді. 
Оқушы  ұғымы  алғыр,  дегенімен  жүріс-
тұрысы жəй, аспапта орындауда осы мінезіне 
салып  сылбыр  ойнайды.  Техникалық  қабі-
леті  төмен.  Екіншісі  айтқанынды  бірден 
тү сін  генімен  оны  соңына  дейін  мəн  беріп 
тың дамайды,  яғни  істі  аяғына  дейін  жеткізе 
алмайды. Бірақ техникалық қабілеті өте жоға-
ры, ырғаққа шорқақтау. Үшіншісі бұл табиғи 
қабілетті оқушы. Тек дұрыс бағыт беріп оны 
жолға салуды көздейді.
Яғни,  технологияны  қолдану  барысында 
əр  оқушының  жеке  тұлғалық  ерекшеліктері 
ескеріледі.  Бірақ,  деңгейлік  технологияны 
қолдана отырып «қабілетті», «қабілетсіз» деп 
бөлмеуге  тырысамыз.  Бірақ  табиғи  таланты-
на байланысты кей оқушы осы үш деңгейден 
жақсы  өтіп  қосымша  шығармашылық  топқа 
да өтіп жатады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік 
ықпалы  зор.  Оқушыларға  өздік  жұмысын 
ұйым дастырып  өткізуге  көмегін  тигізеді. 
Оқу  шылар өздік жұмыстарын орындап, білім-
дерін  мониторингтік  жүйе  арқылы  өздері 
баға лап, диагностикалауға қол жеткізеді.
Ж.Қараевтың  деңгейлеп,  саралап  оқыту 
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1. Репродуктивтік деңгей − жалпыға бірдей 
стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. 
Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы 
сабақтарда  алған  білімдеріне  жəне  оқушыға 
байланысты
2.  Алгоритмдік  деңгей  −  мұнда  оқушы 
мұға лімнің  түсіндіруімен  қабылдаған  ақпа-
ратты пайдалана отырып орындайды. 
3. Эвристикалық деңгей − оқушы өзі ізде-
ніп,  қосымша  əдебиеттерді  қолдана  отырып 
жауап береді.
Шығармашылық деңгей − оқушының таза 
өзіндік  шығармашылығын  байқатады.  Жаңа 
тақырыпты  оқушылар  шығармашылық  ізде-
ніс үстінде өздігінен меңгереді [3].
Осы бөлінген топтарға қарай отырып қобыз 
класына  арналған  деңгейлік  тапсырмаларға 
тоқталайық. Олардың құрамына екі қолға ар-
нал ған жаттығулар, ноталық мəтіндер, іскер-
лік ойындар (есту қабілетін дамыту, яғни теріс 
қаратып оқушыға күйсандықтың тілін басып, 
қандай нота екенін тапқызу) т.б. жатады.
Бірінші  деңгейдің  тапсырмалары  репро-
дук тивтік  болғандықтан,  ол  жалпыға  бірдей 
тапсырма.  Мемлекеттік  стандартқа  сəйкес, 
баланың жас мөлшеріне байланысты таңдалы-
нып алынады.
Екінші  деңгейдің  тапсырмалары  сəл  күр-
делірек.  Класс  бағдарламасының  талабына 
сəйкес гамма, жаттығулар жəне шығармаларды 
орындайды.  Оқушының  ынтасы  жоғарылап 
оның  орындаушылық  көрсеткіші  жоғарылай 
бастайды. 
Үшінші  деңгей  тапсырмалары  өз  бетімен 
жұмыс істеуіне арналған тапсырмалар болып 
табылады.  Ойлау  дəрежесі  жоғары,  шы ғар-
маны  өз  бетінше  талдау,  салыстыру  жұмыс-
тарын жүргізетін қабілетке ие болады. 
Төртінші  деңгей  дарынды,  талапты  оқу-
шы ларға  арналған.  Бұл  деңгейдегі  оқушы 
саны  аз  болғанымен,  үш  деңгейлік  тапсыр-
маларын  орындағанда  ерекшеленіп  көзге 
түсіп  тұрады.  Бұл  шығармашылық  оқушыға 
мұға лім бағытын беріп отырады, арнайы кон-
курстарға  қатыстырып,  концерттерге  шыға-
рады. Ол өзіне берілген тапсырманы орындап 
қорытынды нəтиже шығарады.
Оқыту  үрдісінде  қарқынды  жұмыс  істеп, 
оқушылардың  жақсы  қасиеттерін  аша  білу 
мұғалімнің  жұмысының  нəтижесін  көрсе-
теді.  Сол  нəтижелі  жұмыстың  бір  себепкері 

198
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
осы  деңгейлеп  оқыту  технологиясы  болып 
табылмақ.  Скрипка  мектебінің  ұлы  өкіл-
дерінің  кеңестеріне  назар  аударатын  болсақ, 
деңгейлеп оқыту технологиясына біраз ұқсас-
тығы бар. Сондықтан, сол кеңестерді негізге 
ала  отырып,  жаңа  технологияны  қолдансақ, 
туындайтын мəселелер саны азаятын еді. 
Қорыта  айтқанда,  кез-келген  жерде  тə-
лім-тəрбиенің  алар  орны  ерекше.  Соның 
ішінде білім берудегі тəрбиенің мəнділігі мен 
тиімділігі. Білім беру стандарттарына сəйкес 
білімнің  жоғарғы  сапасын,  оқушының  да, 
студенттің де біліктілігін арттырып орындау-
шылық шеберлігін қамтамасыз ету. 
Шығармашылық  жұмыс  əрдайым  жаңа 
білім,  ізденіс  жəне  көп  еңбекті  қажет  етеді. 
Егемендігімізді  алғалы  бері  білім  сапа-
сына  көңіл  аударған  Ж.А.  Қараевтың, 
М.М.  Жанпейісова,  Н.А.  Оразақынова, 
Т.Т.  Ғалиев  жəне  Ж.У.  Кобдикованың  енгіз -
ген  технологиялары  да  оқушының  аталған 
əрекеттерді,  талаптарды  орындай  білуге 
қалыптастыру,  өздігінен  жоспарлау,  туында-
ған мəселеде шешім табу, оқуға бел сенді түр-
де араласуын қалыптастыру. 
Оқушының  жас  ерешеліктерін  ескере 
оты рып  берілетін  тапсырмалар  мен  талап-
тарды  тиімді  қолдану,  қызығушылығын  арт-
тыруда  əңгімелер  жүргізу,  іштей  қорқыныш 
сезімінен  алшақтату,  кез-келген  жағдайда 
туындаған  мəселені  шешуге  үйрету,  өзінің 
мүмкіншілігі  мен  қабілеттілігіне  сендіру 
осы технология арқылы жүзеге аспақ. Біздің 
мақсатымыз  деңгейлеп  оқыту  технологиясы 
арқылы  оқушының  бойындағы  осы  аталған 
қасиеттерді  қалыптастырып  орындаушылық 
шеберлігін ұштау.
Музыка  адамның  жан  арқауы,  ол  сезімді 
жүректі  баурап  ішкі  дүниені  қозғап  тəрбие 
алу  негізінде  үлкен  маман  иесі  немесе  кəсі-
би  орындаушы  болуға  септігін  тигізеді.  Ал, 
деңгейлік  тапсырмаларды  музыкада  яғни, 
қобыз  класында  пайдаланатын  болсақ,  кей-
бір  өзекті  мəселелердің  шешілуіне,  оқушы-
лардың  мамандығына,  яғни  аспапқа  деген 
қызығушылығын  арттырып,  оның  белсен-
ділігі,  сауаттылығы,  есте  сақтау  жəне  ең 
негізгі орындаушылық шеберлігін арттыруға 
қол жеткізетін едік.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Жаңа технологиялар «Үш өлшемді əдіс-
темелік  жүйе  негізіндегі  оқытудың  жаңа 
үлгісі. – Алматы, 2009.
 Кобдикова Ж.У. «Үш өлшемді əдістемелік 
жүйе» − оқушылардың функционалдық сауат-
тылығын дамыту жəне даму деңгейін крите-
риалды бағалау жүйесі арқылы өлшеу тетігі. 
– Алматы. 2013. − 3-4 бб.
3  Сыздықова  А.  Деңгейлік  тапсырмалар 
арқылы  оқушылардың  шығармашылығын 
арттыру. http://pedcolleg.kz 

199
Информатика жəне білім беруді ақпараттандыру
Информатика и информатизация образования
Б. КАСКАТАЕВА
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая
kaskataeva@yandex.ru 
Алматы қ., Қазақстан

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет