Психология педагогика және және и


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗДЫРУ



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата03.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#7538
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗДЫРУ 
БАРЫСЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
Аннотация
Мақалада  қазақ  тілі  сабағында  оқушыларға  ғылыми  бағыттағы  жұмыстар  жаздыру  бары-
сында жиі кездесетін қателіктер сараланып, оларды болдырмаудың əдістемесі ұсынылады.
Түйін сөздер: қазақ тілі сабағы, ғылыми жоба, қателіктер, тақырып.
В статье рассматриваются ошибки, часто встречающиеся при написании научных проектов 
на уроках казахского языка, предлагается методика их устранения.
Ключевые слова: урок казахского языка, научный проект, ошибки, тема.
Annotation
The article deals with the mistakes which are often meeting at writing of scientifi c projects at 
lessons of the Kazakh language, the technique of their elimination is offered.
Keywords: lesson of the Kazakh language, scientifi c project, mistakes, theme.
Е
лдегі  түбірлі  жаңарулар,  реформалар, 
білім  беру  ісіне  де  ерекше  ықпалын 
тигізіп  отыр.  Білім  беру  парадигмасының 
өзгеруімен  бірге  жеке  тұлғаны  жан-жақты 
дамыту,  қабілет,  дарын  көздерін  ашу,  өзін-
өзі тану проблемалары алдыға шықты. Жаңа 
əлемдегі Жаңа Қазақстан ең алдымен білімі, 
ғылымы,  рухани  байлығымен  даралана-
ды. «Ғылым – ғаламды  танудың  кілті  бол-
са,  сол  ғылымның  негізі  білімде  жатыр.  Ал 
білімнің  негізі  орта  мектепте  қаланады» [1, 
7б.].  Соңғы  кездерде  оқушыларды  ғылыми 
жұмысқа  баулу  мəселесіне  ерекше  көңіл 
бөлінуде. Оқушыларды ғылым əлеміне қалай 
əкелу керек, қалай жетелеу керек, оның тиімді 
жолдары қандай деген өзекжарды мəселелер 
ғалымдарды да, ұстаздарды да ойлы, жүйелі 
жұмыстарға  жетелейді.  Мектеп  мұғалімінің 
бұл  үдерістегі  басты  мақсаты  оқушыларды 
дербес  ойлауға,  өз  беттерімен  еңбектенуге, 
өз беттерімен ізденуге, бір нəрсені өздерінше 
шеше  білуге  баулу  болып  табылады.  Оқу-
шылардың  таным,  ойлау  белсенділіктерін 
дамытып, зерттеу, іздену жұмыстарына ынта-
сын арттырады. 
Қазақ  тілі  пəнін  оқыту  үдерісінде  оқу-
шылардың  ғылыми-зерттеушілік  қабілетін 
да мыту  −  маңызды  да  күрделі  мəселе.  Бала-
лардың  ғылыми  ізденіске  деген  ынтасын, 
белсенділігін, қажеттіліктерін оятудың тиімді 
жолдары  қандай  деген  сұрақтар  бүгінде  аса 
өзекті болып, күн тəртібінде тұр. Ұлы Абай өз 
қара сөзінде: «Қашан бала ғылым-білімді ма-
хаббатпен  көксерлік  болса,  сонда  ғана  оның 
аты Адам болады», − дейді [2]. Оқушылардың 
«танысам», «білсем»  деген  осы  бір  балалық 
талпыныстарының өзі ғылымға деген алғаш-
қы ұмтылыстары. 
Оқушылардың  таным,  ойлау  белсен ділік -
терін  арттыру  педагогика  тарихындағы  ең 
бір  өміршең  сұрақтар  болып  келеді.  Оқу-
шыларды  ғылыми  жұмыстарға  баулу,  ізден-
діру,  зерттеу  жұмыстарына  төселдіру – осы 
өзекті  проблемаларды  шешудің  бір  жолы. 

185
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына ба-
улу – тек  дарын  көзін  ашып,  жеке  тұлғаның 
қасиеттерін  дамытып  қана  қоймайды,  ең  ба-
стысы  егемен  Қазақстанның  өркениетті  ел-
дер  қатарына  көтерілуінің  де  кепілі  болады. 
Адамның белгілі бір ұлттың, халықтың өкілі 
дəрежесіне  жетуінде  білім,  ғылым  шешуші 
күш атқарады. 
Cоңғы  кездері  оқушылардың  ғылыммен 
айналысуына,  соның  бір  түрі  ғылыми  жоба 
қорғауына  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Ғылыми 
жоба  Республикалық  ғылыми-практикалық 
«Дарын»  орталығы  бекіткен  арнайы  ереже, 
нұсқауды басшылыққа ала отырып жазылады, 
жарыстарға  ұсынылатын  ғылыми  жоба  мен 
оларды  рəсімдеуге  қойылатын  талаптарды 
басшылыққа ала отырып дайындалады [3, 4]. 
Қалай  жазу  керек,  неден  бастау  керек  деген 
басты  сұрақтарға  жауап  беретін  əдістемелік 
нұсқаулар, зерттеу еңбектер де бар [5, 6]. 
Ғылыми  жоба  жазғызу,  оқушылардың 
зерт теген,  ізденген  тақырыптарын  ғылыми 
жобаға дейін жетелеу − күрделі үдеріс. Барлық 
ізденістер, зерттеулер ғылыми жоба деңгейіне 
жете  алмайды,  ол  міндет  те  емес.  Əдетте 
тəжірибеде  ғылыми  жоба  жазуда  көптеген 
қателіктер кетіп жатады. Қазақ тілі сабағында 
оқушыларға ғылыми жоба жаздыру барысын-
да жиі кездесетін қателіктерді екшелеп алып, 
оларды болдырмаудың əдістемесін ұсынамыз.
1. Ғылыми жобаның тақырыбын таңдауда 
жіберілетін қателіктер:
- бүгінгі күнде өзекті, проблемалық деген 
тақырыпты таңдап ала алмау;
-  ауқымы  жағынан  өте  кең,  жалпылама 
тақырып алу;
-  тақырыпты  оқушының  психо-физиоло-
гиялық жас ерекшелігіне сай таңдамау;
-  нақты  тіл  неме  əдебиеттен  ауытқып,  та-
рих,  мəдениет,  əлеуметтану  салаларына  бай-
ланысты тақырыппен баланы шатастыру;
- теориялық жағынан аз зерттелген, ғылым-
да əлі шешіле қоймаған, даулы мəселелері көп, 
кітапханадан  табу  мүмкін діктері  шектеулі 
тақырыптарды беру;
- жарты немесе бір жыл ғана жұмыс істеп, 
аяқталмаған жобаны қорғауға ұсыну.
Аталған  қателіктер  жоба  жазушының  да, 
ғылыми жетекші мұғалімнің де өз уақыттарын 
босқа  өткізуіне,  ешқандай  нəтижеге  қол 
жеткізе алмауға əкеліп соқтырады. 
Аталған  қателікті  шешу  жолдарына 
тоқталайық:
Өзекті,  проблемалық  тақырыптарды  таң-
дау  мəселесін  ғылыми  кеңесшімен  (ЖОО 
про фессорлық-оқытушылық 
құрамынан 
сай  лан ған)  бірге  шешкен  жөн.  Немесе  өз 
ма ман дығыңызға  байланысты  соңғы  жыл-
дар дағы  ғылыми  басылымдар  мен  конфе-
ренция  жинақтарын  қадағалап  оқып,  тың 
жаңалықтардан  ізденіп  жүрген  болсаңыз, 
өзіңіз де тақырыпты таңдап бере аласыз. 
Ауқымы жағынан өте кең, жалпы берілген 
тақырып оқушыны шаршатады, артық жұмыс 
атқарып, нəтижесінде еш нəрсеге қол жеткізе 
алмауға алып келеді. Тақырып нақты болған 
сайын, оны жүйелі талдауға мүмкіндік көбейе 
түседі.  Тақырып  неғұрлым  нақты  болса, 
соғұрлым жеңіл жазылады.
-  Тəжірибеде  оқушының  жас  ерекшелік 
деңгейіне  сəйкес  емес  тақырыптар  да  жиі 
кездесіп  жатады.  Мектеп  бағдарламасы  бой-
ынша 11 сыныптарда ғана оқылу керек мате-
риалдарды 5-6 сынып  оқушысының  меңгере 
алмайтыны  өз-өзінен  түсінікті  емес  пе? 
Сондықтан, балаға таныс, оның қабылдауына 
жеңіл материалдар берілуін ескеру керек.
- Көп жағдайда балаға берілген жалпылама 
тақырыптар  нақты  тіл,  əдебиеттен  ауытқып, 
тарих, мəдениет, əлеуметтану салаларына бай-
ланысты материалдар орын алған жұмыстың 
жазылуына  алып  келеді.  Басқаша  айтқанда, 
тақырыпты өздері де нақты түсінбеген оқушы 
мен  мұғалім  баспасөз  беттерінен  кездескен 
кез  келген  материалды  көшіріп  əкеле  сала-
ды  да,  ол  жұмыстың  ауылы  тіл,  əдебиеттен 
мүлдем аулақта болып жатады.
-  Теориялық  жағынан  аз  зерттелген,  ғы-
лымда əлі шешіле қоймаған, даулы мəселелері 
көп тақырыптар бойынша кітап  ханадан мате-
риал  да  табылмайды,  оқушы  да  жұмыстың 
теориялық  шешімін  таба  алмай  қиналады. 
Ал,  теориясы  дұрыс  жазылмағаннан  кейін, 
практикалық бөлік те өз құндылығын жоғал-
тады.

186
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
- Шала жазылған жобаның басты кемшілігі 
–  тақырып  дұрыс  ашылмай  тұрады,  ондай 
жұмыстың  тақырыбы  мен  ішкі  мазмұнының 
сəйкессіздігі бірден байқалады.
2. Жұмыстың құрылымын білмеу. 
Əдетте ғылыми жоба жазар алдында оның 
кіріспе,  негізгі  бөлім,  қорытынды  деген  үш 
бөліктен  тұратыны  жайлы  жалпылама  пікір-
ден басқа, болашақ жұмыстың қандай болуы 
керектігі жөнінде нақты болжамдар аз болады. 
Бұл көпшілік жағдайда жұмыстың тео риялық, 
практикалық тарауларының арасын  дағы тепе-
теңдіктің бұзылуына алып келеді. 
Дұрысында негізгі бөлімді 2 тарауға бөліп, 
бірінші  тарауда  тақырыптың  теориялық  жа-
ғын, екінші тарауда оқушының өзіндік ізденіс-
терін  көрсететін  практикалық  мəселелерді 
қарастырған  дұрыс  болады.  Əрбір  тарау  өз 
ішінде бірнеше тармақтарға бөлінеді. Мыса-
лы: «Алғашқы  қазақ  газеттері  тіліндегі  қо-
ғамдық-саяси  лексика»  тақырыбындағы  жұ-
мысқа төмендегідей жоспар құруға болады:
КІРІСПЕ
I ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ТАРИХЫ
Қазақ газеттерінің тарихы
Алғашқы  қазақ  газеттерінің  қоғамдық-
əлеуметтік қызметі 
ГАЗЕТ  ТІЛІНДЕГІ  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 
ЛЕКСИКА
Қоғамдық-саяси лексиканың семантикалық 
сипаты
Қоғамдық-саяси лексиканың термин ретін-
де тұрақталуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
3.  Ғылыми  жұмыстың  логикасын  дұрыс 
түсінбеу.
Ғылыми жұмыс жазуды жаңадан бастаған 
адамдар  жиі  жіберетін  қателік.  Ал  шын 
мəнінде  ғылыми  жұмыстың  басты  логикасы 
−  жұмыстың  болжамын  (гипотеза)  нақтылап 
алудан жəне оны ғылыми-теориялық тұрғыдан 
негіздеуден тұрады. Болжам дегеніміз – таң-
дап алынған тақырыпты толық зерттеп шық-
қан кезде қол жеткізетін соңғы нəтижені ал-
дын-ала сезу, түйсіну деген сөз.
Айталық,  жоғарыдағы  жұмыстың  болжа-
мын былай деп алуға болады:
«Егер  қазақ  газеттерінің  қоғамдық-əлеу-
меттік қызметін саралай отырып, газет лекси-
касындағы  қоғам  мен  саясатты  танытатын 
сөздерге  жан-жақты  лексикалық  талдау  жа-
салса, онда əдеби тілде болып жататын түрлі 
тілдік құбылыстар мен заңдылықтардың бола-
шақтағы  даму  бағыт-бағдарын  айқындауға 
мүмкіндік туады». 
4. «Кіріспе» бөліміне дұрыс көңіл бөлмеу.
Көп жағдайда «Алдымен жұмысты жазып 
алайын, кіріспені соңынан жаза салуға бола-
ды», «Жұмыс дайын болсын, кіріспені кейін 
жазамыз» деген пікірлерді естиміз. Бұлай ой-
лау – ең басты қателік. 
Адам  алдына  нақты  қандай  мақсат  қой-
ылғанын,  қандай  міндеттерді  шешуі  керек 
екенін  білмей  тұрып,  жұмысты  дұрыс  жаза 
алмайтыны  белгілі.  Сондықтан  кіріспені  ал-
дымен  дайындап  алмау  жұмыстың  созылып 
кетуіне, орынсыз шатасуларға алып келеді. 
Сонымен,  кіріспе  алдымен  жазылуы  ке-
рек.  Бұл,  əрине,  оны  кейін  мүлде  өзгертуге 
болмайды деген сөз емес. Жоба жазушы өзін 
соңғы мақсатты болжамы, мақсат, міндеттерін 
ең əуел бастан дұрыстап нақтылап алса, оның 
жұмыс істеуі əлдеқайда жеңілдейді.
Əсіресе  жұмыстың  мақсаты  айқын  болуы 
тиіс. Ол ең алдымен қолжетімді болуы керек. 
Егер  жұмыстың  мақсаты  «Зерттеу…»,  деп 
берілсе, оған қол жеткізу үшін шексіз уақыт 
қажет болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін дұрыс 
жаза алмау да жиі кездесетін қателердің бірі. 
Ал  дұрысында,  жұмыстың  мақсаты  оның 
тақырыбымен, міндеттері тиісті тараулар мен 
тармақтарының  атауларымен  сəйкес  келуі 
қажет. 
Мысал  ретінде,  жоғарыда  ұсынған  жос-
парға  сəйкес  жұмыстың  мақсат,  міндеттерін 
атап көрсетсек:
Жұмыстың  мақсаты:  Ұлттық  баспа-
сөзіміздің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» 
газеті тілі арқылы газет лексикасындағы қоғам 
мен саясатты танытатын сөздердің қолданыс 
аясы мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету. 
Осы мақсатты іске асырып, ғылыми тұжы-
рымдармен негіздеу үшін мынадай міндеттер 
қойылды:

187
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
- Қазақ газеттерінің тарихына тоқталу;
-  Алғашқы  қазақ  газеттерінің  қоғамдық-
əлеуметтік қызметін көрсету;
- Газеттегі қоғам мен саясатты танытатын 
сөздердің  қолданыс  аясы  мен  өзіндік  ерек-
шеліктерін анықтау;
- Алғашқы қазақ газеттеріндегі қоғамдық-
саяси  лексиканы  семантикалық  топтарға 
бөлу;
- Қоғам мен саясатты танытатын сөздердің 
газет  лексикасын  қалыптастырудағы  рөлін 
айқындау.
5.  Алдымен  практикалық  бөлігін  жазып 
алып,  жұмыстың  теориясын  соңынан  жаза-
мын деп ойлау.
Əдетте ғылыми теориялық əдебиеттермен 
жұмыс істеуден гөрі жұмыстың практикалық 
бөлігіне  бірден  кірісіп  кету  жеңіл  көрінеді. 
Əзірге  кітапханаға  баратын  мүмкіндік  жоқ, 
теориялық бөлігін соңынан жаза саламын де-
ген ойлар болатыны рас. Алайда ол жұмыстың 
сапасын төмендете түсетін басты қателік бо-
лып табылады. Кез келген ғылыми жұмыс ең 
алдымен ғылыми теорияға негізделуі қажет. 
Ғылыми логикасы айқын болмаған жұмыс 
ешқашан дұрыс жазылмайды. Яғни теориялық 
мəнін түсінбегеннен кейін, адам практикалық 
бөлігінде  қателесуі  мүмкін.  Мысалы,  зерт-
теу жұмысының тақырыбы фразеологизмдер 
туралы  болса,  жоба  жазушы  алдымен  сол 
фразеологизмдер  жайында  терең  теориялық 
біліммен қаруланып алмайынша, өз талдаула-
рын дұрыс жүргізе алмайды. В. Виноградов, 
І.  Кеңесбаев,  С.  Аманжолов,  М.  Балақаев,  Г. 
Смағұлова, т.б.
Айталық,  алғашқы  қазақ  газеттері  жайлы 
ғылыми жобаны жазу үшін қазақ баспасөзінің 
көне  бастаушы  басылымы  болып  санала-
тын  «Түркістан  уалаятының  газеті», «Дала 
уалаятының  газеті»  басылымдарының  хал-
қы мыздың  саяси-əлеуметтік,  əдеби,  мəдени 
ой-пікірін  оятып,  қалыптастыруға  септігін 
тигіз уі  жайындағы  тарихи  мəліметтермен 
қару лану қажет. 
Газет  бетінде  қазақ  елінің  экономикасын-
дағы  прогрестік  өзгерістер,  егіншілік  пен 
отырықшылықтың  бұрынғыдан  гөрі  дами 
бас тауы  жайындағы  мағлұматтар,  қазақ  елі-
нің  басқа  елдермен  қарым-қатынасы,  эко-
номикасын  өркендетудегі  темір  жолдың 
рөлі,  алғашқы  телеграф  сымын  жүргізу,  по-
чта  қатынастарын  қалыптастыру  жөніндегі 
мəліметтер,  Қытайда  болған  ұйғыр  мен 
дұнғандар  көтерілісі,  олардың  феодалдық 
жəне ұлттық езгіге шыдамай отанына қоныс 
аударып, Жетісу бойына көшіп келгені хабар-
лануы жайындағы т.б. жайлы көптеген саяси-
əлеуметтік, қоғамдық мəліметтер газет тілінде 
қоғамдық-саяси  лексиканың  қалыптаса  ба-
стауына  əсер  еткен.  Осы  мəліметтерді  оқып, 
меңгерген кезде, жоба жазушы ары қарай өз 
практикалық  талдауларын  жүйелі  жүргізе 
алады. 
6. Жұмыстың тек қана теориялық матери-
алдардан тұруы немесе практикалық бөлігінің 
болмауы.
Бұл  қателік  жоба  жазушылар  арасында 
жиі  кездеседі.  Əсіресе  жеңіл  жол  іздеушілер 
уақыт  аз  қалғанда  кірісіп,  жобаны  тез  ара-
да  аяқтау  керек  деп,  асыққан  кезде,  осын-
дай  қателікке  ұрынады.  Бұл  −  ең  алдымен 
тақырыпты  толық  меңгермеген  адамның  ісі. 
Əдетте,  ондай  жобалардың  негізгі  бөлімі 
түгелдей  тек  қана  теориялық  материалдан 
тұрады,  жұмыстың  өзіндік  талдауы,  яғни, 
практикалық бөлігі болмайды. Ал тұтасымен 
теориядан  тұратын  жұмыстың  қайдан  алы-
нып,  жазылатыны  өз-өзінен  белгілі.  Əрине, 
кітаптан тұтасымен көшірілген дүние болып 
шығады.  Оқушының  өзіндік  еңбегі  сіңбеген 
ондай жұмысты тексеруші комиссия мүшелері 
бірден байқайды. 
7.  Ғылыми  əдебиеттермен  жұмыс  жасау-
дағы қателіктер.
- Таптаурын болған пікірлер, ескі көзқарас-
тағы еңбектерге сілтеме жасау;
-  Тақырып    бойынша  ең  басты  деген  əде-
биетті қалдырып кету;
- Əдебиеттерге талдау жасау кезінде өзіндік 
тұжырымдардың болмауы; 
- Цитаталарды дұрыс бере алмау;
- Жұмысты жаза бастаған алғашқы күннен 
бастап əдебиеттер тізіміне мұқият қарамау.
Пайдаланған  əдебиеттер  тізімі  жобаның 
құн дылығын  танытатын  басты  көрсеткіш 
бо лып  табылады.  Комиссия  мүшелері  əде-

188
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
биеттер  тізіміне  бір  қарап  шыққанда-ақ, 
жұмыс тың сапасы туралы алғашқы пікірлері 
қалыптасып  қояды.  Тақырыптың  теориялық 
жағынан зерттелуін мұқият қарастырған оқу-
шы  таптаурын  болған  пікірлерді  қайталау, 
ескі  көзқарастағы  еңбектерге  сілтеме  жасау, 
тақырып  бойынша  ең  басты  əдебиетті  қал-
дырып кету тəрізді қателіктерді жібер мейді.
Жобада оқушы ғалымдардың пікірлерінен 
(талапқа  сай  рəсімдей  отырып)  цитаталар 
келтіріп,  оларға  байланысты  өзіндік  пікір, 
тұжырымдарын  айқын  көрсетіп  отырса, 
жұмыстың құндылығы арта түседі.
Жұмысты  жаза  бастаған  алғашқы  күн-
нен бастап əдебиеттер тізіміне мұқият қарау 
қажет.  Оқушы  библиографиялық  көрсет кіш-
термен  жұмыс  жасағанда,  конспект  жаса-
ған,  оқып  шыққан  əрбір  еңбектің  толық 
басы  лымдық  көрсеткіштерін  (автор(-лар)ы, 
кітаптың,  мақаланың  аты,  журналдың  аты, 
жылы, нөмірі, цитата алынған беттері, кітап-
тың толық бет саны, томы, баспаның аты т.б.) 
жеке  блокнотқа  жазып  алып  жүруі  керек. 
Кейде  кітапханадан  ксерокөшірмесін  алған 
материалдың басылым көрсеткіштерін жазып 
алуды ұмытып кетіп жатады. 
Мысалы, «Ф.Оразбаева  Тілдік  қатынас» 
деп жаза салу аздық етеді, «Оразбаева Ф.Ш. 
Тілдік қатынас: Теориясы жəне əдістемесі. – 
Алматы:  Ы.Алтынсарин  ат.  ҚБАРБК, 2000. 
– 208 б.»  деп  жазу  керек.  Жобаны  қорғауға 
ұсынар  алдында,  соңғы  рəсімдеулер  кезінде 
ол  кемшіліктер  алдыдан  шығады,  материал-
дарды екінші рет ақтарып іздеуге, артық күш 
жұмсауға əкеледі.
8. Зерттеу əдіс-тəсілдерін дұрыс меңгермеу.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында жоба-
ның  тақырыбына  сəкес  түрлі  зерттеу  əдіс-
тəсілдері қолданылуы керек. Бақылау, сипат-
тау,  баяндау  əдістері  зерттеу  жұмысының 
негізі  болғанымен,  тек  оларды  ғана  қолдану 
жұмыста  біржақты,  қарабайыр  пікірлермен 
шектеліп қалуға ұрындырады. 
Егер  жоба  жазушы  оқушы  өз  жұмысында 
статистикалық  талдау  жасау  əдісін  оңтайлы 
қолдана  алса,  ол  оқушының  өзіндік  тұжы-
рымдарын айқын көрсете алуына көп жағдай 
туғызады.
9.  Жұмысты  жазу  барысында  тараулар, 
тармақтар  арасындағы  логикалық  байла ныс-
тың болмауы.
Бұл  типтес  қателіктер  əдетте  жұмыстың 
мақсат-міндеттері айқын болмаған кезде жиі 
ұшырасады. Содан келіп, жұмыстың өн бой-
ында өріліп тұруы тиіс идеяның айқын көрін-
беуі,  жалпы  тақырыптың  ашылмауы  тəрізді 
кемшіліктер орын алады. 
10.  Жазылған  жобаны  қорғап  тұрған  оқу-
шының  жұмыстың  ішінде  кездесетін  кейбір 
терминдерді білмеуі.
Бұл  қателік  ең  алдымен  оқушының  тақы-
рыпты  толық  меңгермегендігін  көрсетеді. 
Сол  терминдер  кездесетін  сөйлемдерді  бір 
жерлерден  көшіріп  жазған  екенсіз,  оның 
мағы насын да түсінуге тырысыңыз. 
11. Жобаның жазылу тілінде кететін қате-
лер:
- ғылыми стильмен жазылмауы;
- ұғымға ауыр тиетін құрмалас сөйлемдерді, 
күрделі  фразалық  тұтастықтарды  жиі  қол-
дануы;
- орфографиялық, пунктуациялық қателер-
дің болуы.
Ғылыми  стильді  жақсы  меңгеру  үшін 
оның  анықтамасын  оқып  шығу  жеткіліксіз. 
Ғылыми  əдебиеттерді  көп  оқып,  біртіндеп 
ғылыми мақала, тезис, хабарлама тəрізді ша-
ғын ғылыми жұмыстарды жаза берген сайын, 
оқушының ғылыми стилі қалыптаса береді. 
Жұмысты  жазу  барысында  бірнеше  рет 
қайталап оқымаса, өзі де, жетекшісі де түсін-
бейтін,  қабылдауға  ауыр  тиетін  күрделі  аб-
зацтарды  қайта  қарап,  түсінікті,  нақты  етіп, 
жеңілдету жағын ойластыру қажет.
Əсіресе  тіл  мен  əдебиеттен  жазылатын 
жұмыстарда орфографиялық, пунктуациялық 
қателердің  болуы  ешқашан  кешірілмейді. 
Ондай  қателерді  көп  жағдайда  компьютерге 
жауып жатамыз, адамның өзі болмаса, ол ма-
шина қайдан қате жіберсін? Сондықтан, жо-
баны  жазып,  теріп  болғаннан  кейін  бірнеше 
рет  тексеріп,  қателерін  мұқият  қарап  шығу 
қажет.
Ғылыми  жобаларды  сауатты  орындатып, 
толық  аяқтап  жазып  шығару  үшін  ең  алды-
мен  қазақ  тілі  мұғалімінің  өзінен  ғылыми-

189
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
зерттеушілік  құзыреттілігі  талап  етіледі. 
Өзі  де  ғылыммен  шұғылданатын,  ғылыми-
теориялық  базасын  үнемі  толықтырып  оты-
ратын  ұстаз  ғана  ғылыми  жобаны  талапқа 
сай етіп орындата алады. Қазақ тілін ғылыми 
тұрғыдан терең меңгертіп, рухани құндылыққа 
айналдыру  оқу  үдерісінің  бас ты  мəні  мен 
мақсатына  айналған  кезде,  оқу шылардың 
зерттеушілік  құзыреттілігіне  қол  жеткізіледі. 
Оқушының  қазақ  тілі  сабағында  ғылыми-
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  ар қылы  таным 
көгжиегінің кеңеюі, мол ақпа раттар ағымының 
ішінен өзіне керекті, ма ңызды, қажетті деген 
ақпаратты  таңдап  алу,  оны  өңдеу,  керегіне 
жаратып,  пайдалану  мүм кіндігінің  артуы, 
жинақтаған білімі мен қалып тастырған білік, 
дағдысын ғылыми-зерттеу əрекетінде қолдана 
білуі оның жаңа əлемдегі жаңа Қазақстанның 
лайықты  азаматы  ретінде  қалыптасып  келе 
жатқандығының көрінісі бола алады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1  Құсайынов  А.  Білім  жүйесін  рефор-
малаудағы  жаңа  буын  оқулықтары // Қазақ 
тілі мен əдебиеті. − №2. 2003. − 7-13 б.
2 Абай шығармаларының екі томдық толық 
жинағы. І том. Өлеңдер мен аудармалар. − Ал-
маты, Жазушы. 1986. − 304 б.
3  Мектеп  оқушыларының  ғылыми  жоба-
ларының республикалық жарыстарына қаты-
су шыларға арналған ақпарат // ssn.kz/images/
news/treb_kaz. doc
4  Жарыстарға  ұсынылатын  ғылыми  жоба 
мен  оларды  рəсімдеуге  қойылатын  талаптар 
// bylym-shyely.narod.ru/bake_portfolio/OGK/
Gilimi_ereje. ppt
5  Битуова  Т.Р.,  Құлахметова  А.Т.,  Искако-
ва А.Е. Ғылыми жобаны əзірлеу жəне қорғау 
бойынша əдістемелік құрал. – Астана: Дарын, 
2011. – 68 б.
6  Бітібаева  Қ.О.  Оқушыларды  ғылыми-
зерттеу  жұмысына  баулу  жолдары. – Мұға-
лімдерге  арналған  əдістемелік  нұсқау. – Ал-
маты: Дəуір-Кітап, 2012. – 124 б.
М.Т. САТИЕВА, Ш.Н. ДҮРМЕКБАЕВА, А.Г. КАЗМАГАМБЕТОВ
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Биология жəне оқыту əдістемесі кафедрасы
satievam@mail.ru;
biologia_imp@mail.ru
Көкшетау қ., Қазақстан
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ 
ƏДІСТЕРІ МЕН ТƏСІЛДЕРІ
Аннотация
Бұл мақала дəстүрлі оқыту əдістерінің орнын алмастырған инновациялық оқыту техноло-
гиялары  қарастырылған.  Инновациялық  қызмет  дидактикалық  үрдістің  барлық  жақтарын: 
ұйымдастыру түрлерін, мазмұны мен оқыту технологиясын, оқу-танымдық қызметін қамтиды. 
Интерактивті оқыту технологияларының жобалап оқыту жəне компьютерлік технологиялары 
сипатталып көрсетілген. Сондай-ақ, мына түрлері мен əдістері қарастырылады: проблемалық 
лекция, семинар-диспут (пікірсайыс),тақырыптық дискуссия, кооперативті (ұжымдық) оқыту 
əдісі, «миға шабуыл», дидактикалық ойын, имитациялық тренинг, ойын арқылы жобалау əдісі.
Түйін  сөздер:  инновациялық  технология,  инновациялық  қызмет,  интерактивті  оқы ту 
тех  нологияларының  түрлері  мен  əдістері:  проблемалық  лекция,  семинар-диспут  (пікір-
сайыс),тақырыптық  дискуссия, «миға  шабуыл»,  дидактикалық  ойын,  имитациялық  тренинг, 
ой ын арқылы жобалау əдісі. 

190
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
В данной статье рассматриваются вопросы инновационных технологий обучения, пришед-
ших  на  смену  традиционным  методам  обучения.  Инновационная  деятельность  (технология) 
охватывает все стороны дидактического процесса: формы организации, содержание и техно-
логию обучения, учебно-познавательную деятельность. Выделены и охарактеризованы следу-
ющие интерактивные технологии обучения: технология проектного обучения, компьютерные 
технологии. Рассматриваются формы и методы технологий интерактивного обучения, в част-
ности: проблемная лекция, семинар-диспут, учебная дискуссия, «мозговой штурм», дидакти-
ческая игра и другие. 
Ключевые слова: инновационная технология, инновационная деятельность, формы и методы 
технологий  интерактивного  обучения:  проблемная  лекция,  семинар-диспут,  учебная  дискус-
сия, «мозговой штурм», дидактическая игра, имитационный тренинг, игровое проектирование. 
Annotation
The paper discusses the innovative training technologies which have come instead of traditional 
methods of training. Innovative activity (technology) covers all sides of the didactic process: 
organization forms, the content and training technology, educational-cognitive activity. The following 
interactive training technologies, design training technology and computer technologies are allocated 
and characterized. Forms and methods of interactive training technologies, in particular: a problem 
lecture, a seminar-debate, the educational discussion, “brain storm”, didactic games etc. are considered. 
Keywords: innovative technology, innovative activity, forms and methods of technologies of 
interactive training: a problem lecture, a seminar-debate, educational discussion, “brain storm”, 
didactic game, imitating training, game designing. 
О
қыту  мақсаттары,  мазмұны,  түрлері, 
əдістері,  құралдары  педагогикада  бі-
лім  беру  үрдісіне  сараптама  жасауда  қолда-
нылатын дəстүрлі категориялар болып та бы -
лады. Ал осы педагогикалық категориялар ды 
бағыттай  отырып  қолдануды  іске  асы ра тын 
жүйені  қалыптастыратын  фактор – педа-
гогикалық жəне оқу қызметтерінің қағидалары 
мен заңдылықтары болып табылады. 
Педагогикалық категориялардың осы түр-
лері ұзақ уақыт бойы қоғамда ұсынылған бі-
лім беру мақсаттарын жүзеге асыруда кеңі нен 
қолданылады.  Бірақ  педагогикалық  қоғам, 
педа гогикадағы жаңашыл жағдаяттарды үне-
мі  қанағаттанарлықсыз  деп  қабылдайтын. 
Бұл  жердегі  оқыту  мақсаттарын,  мазмұнын, 
түрлерін,  əдістері  мен  құралдарын  ұйым-
дастыру үрдістерінің байланысын түсіндіретін 
кейбір категориялардың болмауы үнемі сөзге 
тиек  болатын  тақырып.  Осыған  байланыс ты 
қолданылатын  «əдіс»  түсінігі  жоғары  дəре-
желі субъективтілік түрінде сипатталады [1].
Дəстүрлі  əдістердің  орнын  алмастыратын 
жаңа  технологиялардың  пайда  болуы  оқу 
үрдісінің  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік 
жасауы  тиіс.  Алайда  оқыту  əдістері  мен 
оқы ту  технологияларының  айырмашылығы 
пікірталастың  өзекті  тақырыбы  болып  қала 
береді.  Ғалымдардың  бірі  технология ны 
əдістерді жүзеге асыру тəсілі десе, енді бірі, 
«технология»  ұғымы  «əдіс»  ұғымынан  ана-
ғұрлым кең деп түсіндіреді.
В.И.  Загвязинский  бұл  мəселені  былайша 
түсіндіреді: «əдіс те, технология да жүйелілікке 
ие  (олардың  негізінде  ғылыми  заңға  сəйкес 
қағидалар  жүйесі  болуы  керек),  бірақ  тех-
нология  мақсатқа  кепілді  түрде  бағытталған 
белгілі  бір  жүйенің  нақты  анықталуын 
қарастырады (мысалы, бағдарламалық оқыту 
жүйесі)» [2]. Ал  əдіс  болса,  алуантүрлілікті, 
теориялық  қағидаларды  жүзеге  асыру  түр-
лерінің көрсеткіштерін ескереді, яғни мақсат-
қа кепілді түрде жетуді көздемейді (Кесте 1).

191
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
Кесте 1 − Технология мен əдіс мағыналарының салыстырмалы сипаттамасы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет