Психология педагогика және жәНЕ


  Білім  беруді  мемлекеттік-қоғамдық



Pdf көрінісі
бет7/25
Дата27.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#10468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

11.  Білім  беруді  мемлекеттік-қоғамдық 
негізде басқару. Əлемнің көптеген демокра-
тиялық  елдерінде  мықты  мемлекеттік  билік 
білім  беру  саласындағы  реформаларды 
қоғам мен  бірлесе  отырып  жүргізгенде  ғана 
табысты  нəтижелерге  қол  жеткізілген.  Ата-
аналар  қауымы,  жергілікті  басқару  органда-
ры,  кəсіптік-педагогикалық  қауымдастық, 
ғылыми,  мəдени,  қоғамдық  бірлестіктер, 
сондай-ақ  бизнес-құрылымдар  білім  саяса-
тындағы белсенді субъектілерге айналуда [30, 
31].
12.  Педагог  мəртебесінің  жоғарылауы. 
ЮНЕСКО-ның  мұғалім  мəртебесі  жəне  ең-
бекті  халықаралық  деңгейде  ұйымдастыру 
мəселелері  жөніндегі  арнайы  үкіметаралық 
конференциясында  «Мұғалім  мəртебесіне 
қатысты ұсыныстар» əзірленіп, қабылданды. 
Бұл  педагогикалық  қызметкерлердің  тиісті 
мəртебеге  ие  болуы  мен  педагог  кəсібінің 
қоғамда  лайықты  құрметке  ие  болуының 
əлем  қауымдастығында  ресми  түрде  мойын-
далғандығын білдіреді.

40
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
Мұғалімдердің  қоғамдық  жəне  экономи-
калық  əл-ауқатының,  өмірі  мен  еңбек  жағ-
дайының  жақсаруы,  қызметте  өсу  мүмкін-
дігінің артуы – құзіретті əрі тəжірибелі мұға-
лімдердің  жетіспеушілігі  мəселесін  шешу  дің 
ең  тиімді  амал-тəсілі,  сондай-ақ  білім  са-
ласын  білікті  тұлғалармен  қажет  мөл шерде 
қамтамасыз ету шарттарының бірі болып та-
былады.
Аталған  əлемдік  үрдістер  Қазақстан  Ре-
спубликасы  жоғары  педагогикалық  білімін 
жүйелі жаңғыртудың негізгі бағдарына айна-
луы тиіс.
Қазіргі  таңда  Қазақстанда  педагогикалық 
білімді  жаңғырту  бойынша  айтарлықтай 
елеу лі  қадамдар  жасалуда.  Педагогикалық 
білім нің  сапасы  мен  бəсекеге  қабілеттілігін 
арттыру  мақсатында  келесі  жұмыстар  атқа-
рылды:
–  педагог  мəртебесі  мен  педагогикалық 
кəсіптің  қоғамдық  беделін  жүйелі  түрде 
арттыру  мəселесі  шешілуде:  БАҚ  арқылы, 
озат  ұстаздардың  жетістіктерін  насихаттау 
арқылы,  педагогикалық  шеберлік  сайыс-
тары,  ҒӨБ-пен,  ата-аналармен,  жұмыс  беру-
шілермен  өзара  əрекеттестік  негізінде. 
Қазақстан  тарихында  алғаш  рет  «Білімді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасына» «Педагог 
мəртебесі» атты арнайы тарау енгізілді; 
Дамыған  елдердің  деңгейіне  жету  үшін 
жəне  əлемдік  жоғары  білім  кеңістігіне  сəтті 
кірігу  үшін  мұғалімнің  кəсіптік  дайын-
дығының  мазмұнына  (МЖМБС,  білім  беру 
бағдарламалары)  өзгертулер  енгізілді.  ЖОО-
лардың  құқықтық  аясы  кеңейтіліп,  бакалав-
риатта 55 %-ға  дейін,  магистратурада 70-
%-ға  дейін,  докторантурада 90-%-ға  дейін 
білім  беру  бағдарламаларының  мазмұнын 
анықтауға мүмкіндік туды. Бұл ЖОО-лардың 
академиялық еркіндігі мен мобильділігін арт-
тырып, нақты бір аймақтардағы тиісті кадрға 
қатысты  еңбек  нарығының  ерекшеліктерін 
ескеруге жол ашады [33].
Білім  берудің  ұлттық  моделін  жаңғыр-
тудағы  басым  бағыттардың  бірі  зияткерлік 
элитаны – мемлекетті, экономиканы, ғылым-
ды, мəдениетті басқаруда маңызды орындар-
ды  иелене  алатын  жастарды  дайындау  бо-
лып  табылады.  Бұл  жұмыстың  айтарлықтай 
қарқынға  ие  болуы  «Дарын»  мемлекеттік 
бағдарламасының жүзеге асырылуына септі-
гін  тигізері  анық. «Дарын»  бағдарламасы-
ның аясында дарынды балалар мен жастарға 
əлеу меттік-педагогикалық  қолдау  көрсете 
отырып, оларды дамытуға басты мақсат етіп 
ұстанған  «Дарын»  Республикалық  ғылыми-
практикалық  орталығы  (РҒПО),  Назарба-
ев  зияткерлік  мектептері  (НЗМ),  Назарбаев 
университеті құрылған. 
–ЖОО-ларда педагогикалық мамандықтар 
бойынша шетелдік серіктестермен бірлестікте 
дайындалған  білім  беру  бағдарламалары 
жүзеге  асырылады. 15 ЖОО-да 13 педаго-
гикалық мамандық бойынша 1200-ден астам 
адам  педагогикалық  мамандыққа  оқытылып 
жатыр [33];
–  сапасыз  дайындық  жүргізетін  ЖОО-
лардың  жұмысы  тоқтатылды,  яғни  педаго-
гикалық ЖОО-лар жүйесі оңтайлан дырылды; 
–  педагогикалық  мамандықтар  бойынша 
магистрлер мен PhD докторлар жүйелі түрде 
дайындықтан  өткізіледі. 12-жылдық  білім 
беру  бойынша  бейіндік  мектептерде (11-12 
сыныптар)  негізінен  магистр-педагогтарды 
жұмысқа тарту алға қойылған;
–  ресми  түрде  қабылданған 2020 жылға 
дейінгі  Қазақстанның  академиялық  ұтқыр-
лығы  стратегиясы  негізінде  студенттер  мен 
оқытушылардың  академиялық  ұтқырлығы 
дамып келеді. Үш жылдың ішінде 1,7 мыңнан 
астам  студент  пен  магистрант  шетелдік 
жоғары оқу орындарында оқытылды;
–  бірлескен  білім  беру  жəне  зерттеу  бағ-
дарламаларын  жүзеге  асыруға  шетелдік 
ғалымдар  қатыстырылады.  Үш  жылдың 
ішінде  Европа,  АҚШ,  Ресей  Федерациясы, 
Оңтүстік-Шығыс  Азия,  Беларусь  Республи-
касы, Украина жəне т.б. елдердің ЖОО-лары-
нан 4,2 мыңнан астам шетелдік ғалымдар мен 
оқытушылар шақырылған [33];
–  педагогтардың  біліктілігін  арттыру 
жүйе сі əлемдік стандарттарды ескере отырып 
қайта құрылды. Оқытушылардың біліктілігін 

41
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
арттыру  республикалық  бюджет  есебінен 
де,  бюджеттен  тыс  қаражат  есебінен  де 
жүргізіледі. 2013 жылы 6379 оқытушы (15,3 
%) ЖОО, кəсіпорын, инженерлік зертханалар, 
салалық  орталықтар  базасында  біліктілікті 
арттыру курстарынан өтті [33]; 
–  білім  беруді  ақпараттандыру  бойын-
ша  білім  беруді 2020 жылға  дейін  ұзақ 
мерзімді  дамыту  бағдарламасының  негізгі 
бағыт-бағдарлары  анықталды.  Бағдарламада 
қазақстандық  білім  беру  жүйесінің 2020 
жылға  қарай  ғаламдық  біртұтас  ақпараттық-
білім  беру  кеңістігінің  бір  бөлігі  ретінде 
жұмыс  істейтіндігі  қарастырылған.  Осыны 
ескере отырып, стратегиялық мақсат ретінде 
білім  беруді  ақпараттандырудың  негізгі 
бағыт тары  бойынша  бірізді  жүйелі  саясат 
айқындалған;
–  Қазақстан  біліктіліктің  ұлттық  аясын 
қабылдаған  елдердің  қатарына  қосылды. 
Қабыл данған біліктілік аясы Еуропалық білік-
тілік  аясына  сəйкес  келеді  жəне  ол  əзірлену 
үстіндегі  ҰБС-ның  негізі  болып  табылады. 
Педагогтың  кəсіптік  стандартын  жобалау 
бойынша алғашқы қадамдар жасалды;
– жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің 
тиімділігін  қамтамасыз  ету  үшін  ЖОО-
ларды  аккредитациялаудың  ұлттық  моделі 
енгізілуде.  Қазақстан  Еуропалық  білім  беру 
сапасын қамтамасыз ету реестрінің үкіметтік 
мүшесі  атанды.  Қазақстандық  ЖОО-лар 
бедел ді халықаралық рейтингілерге қатысады 
[33]. 
Сонымен  қоса,  жоғары  педагогикалық 
білімде  жекелеген  жағымсыз  үрдістер  де 
белең алған: 
–  педагогикалық  кəсіпке  үміткерлерді  ар-
найы  іріктеу  мен  педагогикалық  кадрларға 
сұраныс  мониторингі  жүйесінің  жоқтығы 
мемлекеттік  тапсырысты  дəл  жоспарлауға 
мүмкіндік  бермейді;  педагогикалық  ЖОО-
ларға  талапкерлерді  қабылдау  қалдықтық 
ұстаным бойынша жүзеге асырылады. Педаго-
гикалық жоғары оқу орындарына дайын дығы 
нашар жастар барады. Педагогикалық маман-
дықтарға  грантқа  қабылданатын  талап  кер-
лердің  ҰБТ-дағы  орташа  балы  өзге  маман-
дықтармен  салыстырғанда  əлдеқайда  төмен. 
Ал педагогикалық ЖОО-лардың ақылы орын-
дарына  талапкерлер 50-60 балмен  қабыл-
данады [34,35];
– педагогикалық ЖОО-лардың қызметінің 
стратегиясы  қоғам  сұранысына  сай  нəти-
жеге  қол  жеткізуге – өз  міндеттерін  білікті-
лікпен орындап қана қоймай, кəсіптегі инно-
ва цияларға  барынша  бейімділік  таны туға 
дайын,  өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі  кеме-
ле дендіру  траекториясын  айқындай  ала-
тын  жəне  білім  беру  үдерісінде  табысты 
əрекет  етуге  мейлінше  құзіретті  педагогтар-
ды  даярлауға  кепілдік  бере  алмайды.  Мұны 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым 
министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған 
Стратегиялық жоспарындағы мəліметтер рас-
тайды.  Кадрлық  құрамды  жыл  сайын  жас-
тармен  толықтыру 3,3 %-ды  ғана  құрайды. 
Педагогтардың жалпы санынан 3 жылға дейін 
еңбек өтілі барлар – 12,8%, жоғары санатты-
лар – 16,3%; бірінші санаттылар – 31% [33]; 
– педагогикалық білімде сабақтастық білім 
беру  стандарттары  мен  бағдарламаларын 
жасау  бойынша  ғылыми  негізделген  амал-
тəсілдердің жоқтығы; үздіксіз педагогикалық 
білім берудің барлық деңгейлеріндегі жалғас 
мемлекеттік  білім  беру  стандарттарын  дай-
ындау,  талқылау  жəне  енгізу  механизмінде 
кемшіліктердің  орын  алуы.  Педагогтарды 
дайындау  стандарттары  икемделуге  бейімсіз 
əрі олар консервативтік сипатқа ие, шынайы 
оқу  үдерісіндегі  практикалық  сабақтардың 
көлемі жеткіліксіз;
–  дəстүрлі  педагогикалық  білім  беру 
жүйесі  бұзылды,  ал  ұлттық  сана-сезімі 
жоғары  құзіретті  педагогтарды  дайындауға 
бағытталған жаңа жүйе дер кезінде жасалған 
жоқ.  Соның  салдарынан  кəсіптік  дайындық 
негізін  құрайтын  көптеген  психологиялық-
педагогикалық  пəндер  стандарт  мазмұнынан 
алынып  тасталды  немесе  барынша  азайтыл-
ды,  мамандық  бойынша  пəндермен  ауысты-
рылды. Мұның өзі болашақ мұғалімнің білім-
дік-пəндік дайындығына қайта алып келді;
–  педагогикалық  мамандықтар  үшін  оқу 
үде рісін 
ұйымдастырудың 
механикалық 

42
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
ыңғайы арнаулы əдістемелік пəндердің педаго-
гикалық  цикл  пəндерімен  өзара  əлсіз  байла-
нысымен  ерекшеленеді.  Бұл  педагогикалық 
ЖОО-дағы  тұтастай  оқу-тəрбие  үдерісін 
кəсіп тік-педагогикалық бағытқа бұруға мүм-
кіндік бермейді;
–  педагогикалық  ЖОО-лардың  тəжірибе-
сінде мұғалім қызметі туралы тым қарабайыр 
көзқараспен байланысты технократиялық бағ-
дар осы уақытқа дейін бар. Оның иннова ция-
лық  бағыт-бағдарын  күшейту  қажет.  Себебі 
ол  белгілі  бір  дəрежеде  əрекет  еркіндігінің, 
педагогикалық  үдерісті  қалыптастыру  мен 
басқаруда  жаңашылдық  пен  ізденістің  болу-
ын қажет етеді;
– ЖОО оқытушылар оқу-тəрбие үдерісінде 
тұлғалық-бағдарлы 
ыңғайды 
толымды 
дəрежеде іске асырмайды;
– материалды-техникалық, оқу-зерханалық 
жəне  ғылыми  базаның  нашар  болуы.  ЖОО-
лардың  мемлекеттік  қаржыландыруының 
негізгі көзі студенттік грант болып табылады. 
Болашақ мұғалімнің кəсіптік дайындығының 
материалдық-техникалық, ақпараттық тұрғы-
да  жеткілікті  қамсыздандырылмауы,  мемле-
кеттік  жəне  орыс  тілдеріндегі  жаңа  ұрпаққа 
арналған  заманауи  оқулықтар  мен  ғылыми-
əдістемелік  əдебиеттің,  электронды  оқу 
материалдарының жəне т.б. жетіспеушілігі;
– ЖОО-дағы үздіксіз педагогикалық тəжі-
ри бенің нашар ұйымдастырылуы: түрлі тəжі-
рибелердің  өту  кестесіндегі  қайшы лықтар, 
педагогикалық  тəжірибеден  өту  кезеңіндегі 
мектеп  мұғалімдерінің  студенттермен  жүргі-
зетін  үлгі-өнегелік  жұмыстарының  төмен 
деңгейі; базалық мектептерді іріктеудің алғы-
шарттары жасалмаған;
–  оқу-тəрбие  үдерісі  білім  алушының 
өзін-өзі  кəсіби  айқындауының  маңызды 
алғы  шарты  болып  табылатын  ұлттық  сана-
сезімді, патриотизмді, азаматтылықты қалып-
тастыруға толық дəрежеде бағытталмаған;
–  педагогикалық  білім  мазмұнын  қа-
лып  тастыру  барысында  жалпы  білім  беру 
мектептерінің  сұранысының  толық  ескеріл-
меуі;  орта,  жоғары  жəне  ЖОО-дан  кейінгі 
педагогикалық  білім  беру  мекемелерінде, 
жалпы  білім  беру  мектеп терінде  оқыту  түрі 
мен  əдістерінің  жалғастық  механизмінің 
бұзылуы;
–  шағын  жинақты  ауылдық  мектептердегі 
жұмысқа  бағытталған  педагогикалық  кадр-
ларды  дайындаудың  теориялық,  əдістемелік 
жəне  практикалық  амал-тəсілдері  толым-
ды  дəрежеде  дайындалмаған.  Осы  орайда 
Қазақ стандағы 7576 жалпы  білім  беру  мек-
теп терінің 4288-і  шағын  жинақты  мектептер 
болып  табылады.  Бұл  мектептердің  жалпы 
санының 56,5 %-ын құрайды [32, 33];
–  ерекше  білім  беру  сұранысына  ие  бала-
лармен жұмысқа бағытталған педагогикалық 
кадрлардың  арнайы  дайындығының  нашар 
болуы;
–  ЖОО-ларды  басқарудың  ұлттық  жəне 
институционалдық  моделі  бəсекеге  қабілетті 
кадрлар  дайындығын  қамтамасыз  ете  ал-
майды  жəне  ол  халықаралық  тəжірибемен 
үйлестірілмеген. 
ЖОО-ларды, 
солардың 
ішін де  мемлекеттік  ЖОО-ларды  басқарудың 
ұйымдастырушылық-құқықтық 
формасы 
мен  жүйесі  олардың  əлеуетінің  тиімді  түрде 
жүзеге  асуын  шектейді.  Жоғары  білім  сапа-
сын қамтамасыз етуге қоғамдық механизмдер 
мен  жұмыс  берушілер,  қоғамдық  ұйымдар 
жəне тұтастай қоғам қатыстырылмайды;
–  ЖОО-лардағы  профессорлық-оқытушы-
лық  құрамның  оқу  жүктемесінің  көптігі 
оқы тушылардың  кредиттік  оқу  жүйесі  жағ-
дайында  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми-зерт-
теу  жұмыстарымен  барынша  тиімді  айналы-
суына мүмкіндік бермейді;
– ҚР жоғары кəсіптік білім саласында орын 
алған  ахуал  республикамыздың  əлеуметтік-
экономикалық  жəне  саяси  даму  жағдайына 
сəйкес  мұғалімнің  кəсіптік  дайындығын  ре-
формалау  бойынша  ілгерішіл  халықаралық 
тəжірибе  мен  заманауи  əдіснама  негізінде 
жаңғырту қажеттігін дəлелдейді.
Қазақстан  Республикасы  педагогикалық 
білімін  жаңартуды  келесі  стратегиялық 
бағыттар бойынша жүзеге асыруға болады.
I.  Болашақ  мұғалімнің  ұлттық  сана-
сезімін  өсіру  жəне  байыту.  Мұғалімнің 
кəсіптік  дайындығының  дүниетанымдық 

43
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
негізін «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы құрауы 
тиіс. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында 
педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты 
ұлттық  сана-сезімі,  кəсіби  шеберлігі  мен 
бəкесеге қабілеттілігі жоғары, өзге мəдениет 
өкілдерімен  салихалы  сұхбат  құра  алатын 
мұғалімдердің  жаңа  буынын,  қоғамның 
əлеуметтік белсенді мүшелерін тəрбиелеу бо-
луы керек. Осыған орай барлық деңгейлердегі 
педагогикалық  білім  мазмұнына  метапəндік 
сипаттағы  интеграциялық  пəндер  енгізілуі 
тиіс [36]. 
Жоғарыда  көрсетілген  ыңғайда  болашақ 
мұғалімдерді  тəрбиелеуге  бағытталған  педа-
го гикалық білім беру жүйесінің əдіснама лық 
негізін əлеуметтік-мəдени, жүйелі-нысаналы, 
тұлғалық-бағдарлы, 
тұлғалық-əрекеттік, 
мəде   ниет танушылық,  аксиологиялық,  акме-
оло   гиялық,  этнопедагогикалық,  этномəдени, 
көп мəдениетті,  құзіреттілік  жəне  т.б.  ың-
ғайлар құрауы керек.
II.  Педагогикалық  білімді  жүйелі  жаң-
ғырту  болашақ  мұғалімдердің  кəсіптік 
дайын  дығын 
кемелдендірудің 
маңызды 
стра тегиялық  бағыты  ретінде  үздіксіздік, 
ашықтық,  тұтастық,  инновациялық,  нұс-
қалылық 
(вариативтілік), 
жалғастық, 
прак  тикалық  бағдар  сынды  маңызды  ұста -
нымдарды ескеруді қажет етеді.
Аталған ұстанымдар білім берудің барлық 
деңгейлерін педагогикалық кадр ларды сапалы 
дайындауға бағыттайды.
1-ші  деңгей    ЖОО-ға  дейінгі  мұғалім 
кəсібіне  кəсіптік  бағдар  беру  келесілерді  та-
лап етеді:
–  жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің 
оқушыларын  педагогикалық  мамандыққа 
кəсіби баулуды күшейту;
– жаңа ақпараттық-коммуникациялық тех-
но логиялар мен компьютерлік желілерді кеңі-
нен пайдалана отырып, оқушыларға кəсіптік 
бағдар беру жүйесін жетілдіру;
–  кəсіптік  бағдар  берудің  инновациялық 
формалары мен құрылымдарын енгізу (жалпы 
білім  беретін  мектептердегі  педагогикалық 
сыныптар,  ЖОО-лар  мен  колледждердегі 
бола шақ педагог мектептері, педагогика бой-
ынша  мектептегі  факультативтер,  оқушы-
лардың педагогикалық олимпиадалары, ЖОО 
құрылымындағы  педагогикалық  дайындық 
курстары  мен  бөлімдері,  сондай-ақ  мектеп-
тен  тыс  мекемелердегі  балалардың  бейіндік 
қосымша дамуы). 
12-жылдың оқуға көшкен жағдайда мұндай 
кəсіптік  бағдар  беру  бейіндік  педагогикалық 
сыныптарда  оқуын  жалғастыратын  жоғарғы 
сынып  оқушыларының (11-12 сыныптар) 
контингентін анықтауға мүмкіндік береді.
2-ші  деңгей  –  орта  білімнен  кейінгі  білім 
беру – педагогикалық  колледждер.  Педа-
гогикалық  колледждерге  тапсыратын  талап  -
керлерді  сапалы  түрде  іріктеу  қажет.  Бұл 
деңгейдегі 
білім  беру  бағдарламалары 
ЖОО-дағы  педагогикалық  мамандықтар дың 
бакалавриатының  бағдарламаларымен  үйлес-
тірілуі  керек.  Педагогикалық  колледждерде 
жалпы  орта  білім  алған  соң  жəне  келешекте 
он  екі  жылдық  бейіндік  білім  (əлеуметтік-
гума нитарлық) алған соң оқуға болады. ЖОО-
ларда  педагогикалық  мамандықтарда  жедел-
детілген  оқу  бағдарламалары  бойынша (3 
жыл)  тек  педагогикалық  колледждердің  біті-
рушілері ғана білімін жалғастыруға құқылы.
3-ші  деңгей  –  жоғары  педагогикалық 
білім  беру – педагогикалық  ЖОО-лар.  Тəжі-
рибеге  бағытталушылық  сынды  маңызды 
ұстанымның  ескерілуі  мен  жүзеге  асуы 
болашақ  мұғалімнің  кəсіптік-педагогикалық 
дайындығы құрылымында 4+1 схемасы бой-
ынша түбегейлі өзгеріс енгізуді талап етеді.
Педагогикалық  білім  берудегі  ұсынылған 
құрылым (4+1) 4 жылдық  кəсіптік-педаго-
гикалық  дайындыққа  бағытталған.  Ол 
«Қазақ стан  тарихы»,  мамандық  пəні  бойын-
ша  оқыту  педагогикасы  мен  əдістемесі  бой-
ынша  мемлекеттік  емтихан  тапсырумен,  ди-
плом  жұмысын  қорғаумен  немесе  арнаулы 
пəн бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру-
мен (факультет бейініне сəйкес) аяқталады.
Оқу  аяқталған  соң  студент  бакалавр  ака-
де миялық  дəрежесімен  диплом  алады.  Ол 
бітірушіге  білім  беру  ұйымдарында  мұға-
лім-тағылымгер  (учитель-стажер) (1 жыл) 
ретінде  өзінің  кəсіптік  қызметіне  кірісу 

44
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
құқығын  береді.  Бұл  өз  кезегінде  білім  беру 
ұйымдарында  тиісті  еңбекақы  тарификаци-
ясымен  осындай  лауазымды  енгізуді  талап 
етеді.  Тағылымдамадан  өту  педагогикалық 
ЖОО бітірушілерінің барлығына бірдей мін-
детті шарт болып табылады.
Тағылымдамадан  кейін  мұғалім-тағы лым-
гер  Қазақстан  Республикасы  кəсіптік  стан-
дартына сəйкес тиісті біліктілік деңгейін алу 
үшін аттестациядан өтеді.
Педагогикалық 
ЖОО 
бітірушілерінің 
мұға   лім-тағылымгер  ретіндегі (5-ші  жыл) 
жұ мысы: 1) болашақ  мұғалімдерді  бірінші 
курс тан бастап бітіру курсына дейін үздіксіз 
кəсіп тік дайындау міндетін шешуге мүмкіндік 
береді. Бұл ҚР жаңа білім беру құрылымына 
білім  беру  (бакалавриат - магистратура) 
қайшы келмейді жəне мұнда мұғалім дайын-
дығының ерекшеліктері ескеріледі. Мұғалім-
тағылымгер  ретіндегі  бесінші  жылдағы 
жұмыс  мұғалімнің  магистратураға  түсуіне 
кедергі  келтірмейді; 2) педагогикалық  фа-
культет  бітірушісінің  тікелей  өндірістегі 
шынайы  үдеріске  бейімделуіне  мүмкіндік 
береді; 3) жас педагогикалық кадрларды білім 
беру жүйесінде қалдыруға мүмкіндік береді; 
4)  білім  беру  ұйымдарында  педагогикалық 
қызметті жүзеге асыру немесе магистратура-
да оқуын жалғастыру бойынша стратегиялық 
мəнге  өмірлік  таңдау  жасауға  мүмкіндік 
береді; 5) келешекте  ғылыми-педагогикалық 
қызметті мүлде жаңа сапа деңгейінде жүзеге 
асыруға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық 
тəжірибе жинақтауға жол ашады.
4-ші деңгей – ЖОО-дан кейінгі білім беру – 
магистратура – докторантура. Педа  гогикалық 
мамандықтар бойынша магист  ратураға түсуге 
мектепте бір жылдық тағы лым дамадан өткен 
тұлғалар құқылы [37].
III.  Жоғары  педагогикалық  білім  маз-
мұнының  «Мəңгілік  Ел»  ұлттық  идея-
сы  аясында  жаңартылуы.  Педагогикалық 
білімді «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы аясын-
да  жаңғыртудың  бағдары – инновациялық, 
шығармашылық ойлау типіне ие, оқушы тұл-
ғаның  қалыптасуына  жауапкершілікті  арқау 
ететін болашақ педагогты тəрбиелеу.
Педагогтың  шығармашылығын,  шығар-
машылық  дамуын  сипаттайтын  негізгі  сапа-
лар – өнімді ойлау қабілеті; ізденімпаздық пен 
зерттеу  белсенділігі;  тандартты  емес  шешім 
қабылдай  алуы;  жұмыс  нəтижелерін  болжай 
алуы;  жоғары  эстетикалық,  адамгершілік 
жəне  зияткерлік  бағамға  қол  жеткізуге  мүм-
кіндік  беретін  мінсіз  эталондарды  жасауы; 
ойлау  əрекеттерінің  техникасы  мен  техноло-
гияларын, тиімді танымдық ізденіс тəсілдерін 
игеруі.
Педагогикалық  қызметтің  мұндай  ба-
ғыт-бағдары  болашақ  маманның  бір қатар 
құзіреттерді игеруін талап етеді [37, 38, 39].
Біріншіден,  кəсіпті  игерген  əрбір  адам 
оның  үш  аспектін – тұлғалық,  мазмұндық 
жəне процессуалдық (технологиялық) аспек -
тілерімен  бетпе-бет  келеді.  Осыған  орай 
мұға лімнің  кəсіптік  дайындығы  кез-келген 
педагогтың  (бейініне  қарамастан)  қызметіне 
тəн жалпы, жəне пəн оқытушысы қызметінің 
ерек шелігін  білдіретін  жеке  қасиеттерді,  со-
нымен  қатар  тұлғаның  кəсіптік  əлеуетін 
сипат тайтын белгілі бір сапаларын қамтиды. 
Тұлғаның  бұл  қасиеттері  кəсіптік  тұрғыда 
аса  маңызды  жəне  олар  тиісті  бейіндік 
қыз  мет  барысында  қалыптасады.  Демек, 
кəсіптік  педагогикалық  білімнің  жаң ғыр-
уы  тұлғалық  аспектіні  (бола шақ  маман  тұл-
ғасын  қалыптастыру),  мазмұндық  аспек  тіні 
(игерілетін  білімнің  мазмұны  мен  құры лы-
мына өзгерістер енгізу) жəне техно ло гиялық 
аспектіні  (əрекеттерлі  өз  бетімен  реттеу 
тəсілдерін  үйрену  жəне  ксіптік  тұрғы  дағы 
стандартты  жəне  шығармашылық  міндет -
тер ді  шешу  барысында  игерілген  білімді  іс 
жүзінде пайдаланып, əрекет ету) қамтуы тиіс.
Екіншіден,  мұғалімнің  кəсіптік  қызметі 
нақты бір пəндік салаға – əлеуметтік жүйеге 
байланысты.  Осыған  орай  педагогтар  мен 
білім  алушылар  біртұтас  педагогикалық 
үдерістің  субъектілері  болып  табылады. 
Соған  байланысты  кəсіптік  дайындықтың 
жетекші идеясы болашақ мұғалімнің бойында 
қалыптастырылатын  құзіреттіліктер  кəсіптік 
қызмет  нысанына – тұтас  педагогикалық 
үдеріске (БПҮ) лайық болуы шарт [38, 39].

45
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
Сонымен  мұғалімнің  кəсіптік  дайын-
дығында келесі ережелер ерекше маңызға ие: 
1)  тұлғаның  тұтастығы  мұғалімді  тұтас 
педагогикалық  үдерісті  гуманитарлық  фе-
номен  ретінде  пайымдауға  жəне  оның 
өзіндік  ерекшеліктерін  түсінуге  (барлық 
субъектілердің  ынтымақтаса  əрекет  етуі, 
білім алушылардың оқу жəне оқудан тыс іс-
əрекеттерінің  бірлігі)  дайындау  қажеттігін 
айқындайды;
2)  педагогикалық  үдерістегі  мұғалім  бас-
қаратын нысан – білім алушылардың түрлі іс-
əрекеттері, ал басқарудың пəні –БПҮ субъек-
тілері  арасындағы  қарым-қатынас.  Осы 
арқылы  тəрбие  беру,  білім  алушы  тұлғасын 
дамыту міндеттері шешіледі;
3) теорияны тəжірибеге айналдыруға даяр-
лық ретінде БПҮ-ті жүзеге асыру технология-
ларын игеру, БПҮ жағдайын мониторингілеу 
технологияларын  игеру – мұғалімнің  кəсіби 
шеберлігі  мен  құзіреттілігін  қалыптастыру-
дың алғышарты;
4) білім алушылармен шығармашылық тұр-
ғыда жеке жұмыс жүргізуге деген дайындық 
ЖОО-да  білім  алу  кезінде-ақ  қалыптасуы 
керек.  Себебі  шығармашылық  əрекет  етуші 
тұлғаны  тек  шығармашылық  тұрғыда  табы-
сты  қызмет  ететін  педагог  қана  тəрбиелей 
алады [38, 39].
Үшіншіден, шын мəнінде, мұғалім өз пəнін 
аса  жетік  біліп,  педагогика  мен  психоло-
гия  бойынша  білімді  игеру  керек,  тұлғалық-
бағдарлы  ыңғайды  тиімді  пайдаланып, 
оқушылардың  іс-əрекеттерін  ұйымдастыра 
алуы  керек  жəне  педагогикалық  үдеріске 
қатысушы  əрбір  тұлғаның  орнын  көре  білуі 
тиіс; білім алушылардың негізгі құзіреттерін 
қалыптастыруға  дайын  болуы  керек  (құн-
дылықты-бағдарлы,  жалпы  мəдени,  оқу-та-
нымдық,  коммуникативтік,  ақпараттық-ком -
муникациялық,  əлеуметтік-тұлғалық  жəне 
т.б.);  түрлі  тəрбиелік  іс-шараларды  (оқу -
шыларды  рухани-адамгершілік,  еңбек,  эко-
логиялық, 
патриоттық, 
көпмəдениетті, 
эсте тикалық  жəне  т.б.  тұрғыда  тəрбиелеу) 
ұйым дастыру  барысында  оқушыларға  педа-
гогикалық жетекшілік жасап, қолдау көрсете 
білу; ерекше білім беру сұранысына ие бала-
лармен жұмыс істей алу [37].
Төртіншіден,  болашақ  мұғалім  білімнің 
өзіндік  құндылығын  жақсы  түсініп, «мəде-
ниет  адамы»  бола  білуі  керек,  ары  қарай 
кəсіптік  өсу  мен  өз  тұлғасын  дамытуға  ын-
талы  болу;  өзінің  кəсіптік  маңызға  ие  тұл-
ғалық  қасиеттерін  объективті  түрде  бағалай 
білуі  керек;  зияткерлік  іс-əрекеттің,  педа-
гогикалық  қарым-қатынас  пен  ұлтаралық 
қарым-қатынас  мəдениетін  игеруі  керек; 
мұғалімнің көптілді дайындықтан өтуін талап 
ететін,  көпмəдениетті  сипатқа  ие  толассыз 
интеграциялық  білім  үдерістерінде,  əлемдік 
білім  беру  кеңістігіндегі  даму  үрдістерінде 
бағыт-бағдар таба білуі керек [37].
Бесіншіден, болашақ мұғалім «адам-адам» 
(«педагог-оқушы») жүйесінде əрекет ете білуі 
керек.  Əлеуметтік-гуманитарлық  пəндерді 
оқу  барысында  игерілген  білім  болашақ 
мұға лімнің  гуманитарлық  мəдениеттің  ролі 
мен  түйінді  ұғым-түсініктерін («түсіну», 
«мағына», «сұхбат», «қарым-қатынас»), педа-
гогикалық үдерістегі гуманистік қарым-қаты-
настардың  маңызын  түсініп-білуіне  септігін 
тигізуі керек [37].  
Мұғалімнің  рухани-адамгершілік,  əлеу-
меттік,  педагогикалық  позициялары  оқу-
тəрбие  жұмысының  əдістемесі  мен  техно-
логияларынан,  кəсіптік  маңызға  ие  қасиет-
терінен  көрініс  табуы  керек.  Ол  қасиеттер 
педагогикалық қызмет мақсатына сəйкес келе 
отырып, педагогтың БПҮ-тегі білім алушыға 
тиесілі  жаңа  ролді  пайымдауына  негізделеді 
(шəкірт тəрбиеленушіден өз бетімен оқушыға 
айналады).
Алтыншыдан,  болашақ  мұғалім  кəсіптік 
қызмет  жағдайына  бейімделуі  керек.  Ең  ал-
дымен,  психологиялық  тұрғыда  бейімделу 
–  өз  психикалық  ахуалы  мен  педагогикалық 
ұжымдағы өзге мүшелердің психикалық аху-
алын  түсінуге  жəне  басқаруға  əзір  болу  аса 
маңызды [37]. 
Жетіншіден,  болашақ  педагогтың 12- 
жылдық  мектеп  құрылымына  сəтті  кірігуі 
үшін  оның  бірқатар  ерекшеліктерін  ескеру 
қажет: 

46
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
–  оқушылардың  елеулі  оқу-танымдық, 
əлеу  меттік,  коммуникативтік,  ақпараттық, 
зерт   теушілік құзіреттерін, сондай-ақ мəселе-
лерді  шешуге  байланысты  құзіреттерін  қа-
лып  тастыру;
– оқудың бейінделуі мен оқушыларға кəсіп-
тік  бағдар  беру.  Осы  орайда  кəсіптік  бағдар 
беру  білім  алушыларды  болашақ  кəсіптік 
қызметін  саналы  түрде  таңдауға  дайындауға 
бағытталады;
–  оқушылардың  зерттеушілік,  жобалық, 
өзін дік жəне өз бетімен білім алу əрекеттерін 
жандандыру [40].
Қазір  кəсіптік  білімнің  құзіреттілік  пара-
дигмасы  дербес  əрі  аяқталған  ғылыми-білім 
беру  платформасы  ретінде  қалыптасып 
үлгерді.
Мұғалімдік  кəсіптің  ерекшелігі  жалпыға 
белгілі, метапəндік құзіреттермен қатар, педа-
гогикалық қызметтің негізгі түрлеріне сəйкес 
келетін  құзіреттер  жиынтығын  ай қындауды 
қажет  етеді.  Олардың  қатарында  білім  беру, 
тəрбиелеу, ұйымдастырушылық, болжамдық, 
жоспарлық,  коммуникативтік,  рефлексивтік, 
ғылыми-зерттеушілік,  ұйым дас  тырушылық-
əдістемелік,  басқару шы лық,  жобалаушы-
тех но логиялық,  əлеумет тік-педа гогикалық, 
инно вациялық-шығармашы лық, 
мəдени-
ағартушылық жəне өзге құзіреттер бар.
Педагогикалық  қызметтің  əрбір  түрінің 
құрылымында  гносеологиялық,  жобалаушы-
құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуни-
кативтік,  болжамдық,  рефлексивтік,  басша-
рушы лық компоненттер ажыратылады.
Педагогикалық қызметтің əр түрінің құры-
лымдық  компоненттері  солардың  негізінде 
құзіреттіліктерді айқындап, педагогтың білік-
тілік  деңгейіне  орай  кəсіптік  əрекеттерін 
ажыра туға мүмкіндік береді.
Педагогикалық  қызмет  түрлерінің  (оның 
компоненттері  мен  функцияларының)  ерек-
ше лік терін ескере отырып, жоғарыда аталған 
құзіреттерді  педагогикалық  тұрғыда  зерде-
леу  құзіреттердің  келесі  блоктарын  бөліп 
қарауға мүмкіндік береді:
Жалпы  мəдени  құзіреттер:  əлеуметтік, 
тұлғалық,  индивидуалды,  жеке,  этномəдени, 
көпмəдениетті.
Түйінді (метапəндік) құзіреттер: ақпа рат-
тық,  коммуникативтік  жəне  мəселелерді  ше-
шуге байланысты құзырет.
Жалпы  кəсіптік  немесе  базалық  құзі-
реттер:  біртұтас  педагогикалық  үдерістің 
мұғалімнің 
кəсіптік 
қызметінің 
ныса-
ны  ретіндегі  теориясын  игеру  құзіреттері, 
БПҮ-ті  жүзеге  асыру  технологияларын  иге-
ру  құзіреттері,  БПҮ-ті  басқару  құзіреттері, 
оның  негізін  гносеологиялық,  жобалаушы-
құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуни-
ка тивтік,  болжамдық,  рефлексивтік  жəне 
басқарушылық  құзіреттер  құрайды;  сондай-
ақ кəсіптік өзін-өзі тану құзіреттері.
Кəсіптік  немесе  пəндік  (арнаулы)  құзі-
реттер:  пəндік-əдіснамалық  құзіреттер, 
бейін дік құзіреттер.
Мұғалімнің  кəсіптік  маңызға  ие  тұл-
ғалық  қасиеттері:  тұлғаның  кəсіптік-педа-
гогикалық  бағдарды  ұстануы,  эмоционал-
ды  беріктік,  сабырлылық,  мақсатқа  ұмтылу, 
педагогикалық  шыдамдылық  пен  өзін-өзі 
ұстай білу; педагогикалық мəдениет, əдеп, оп-
тимизм, аңғарымпаздық, эмпатия, əр баланы 
тұлға ретінде мойындау, өзін-өзі тəртіпке салу, 
еңбекқорлық,  сөйлеу  белсенділігі,  ашықтық, 
педагогикалық  эрудиция,  төзімділік,  ұйым-
дасқандық,  ізгілік,  БПҮ-ті  жүйелі  зерде-
лей  білу,  БПҮ-тің  барлық  субъектілерінің 
қызметтік  рөлдерін  ескере  отырып,  олармен 
өзара əрекеттесуге жəне ынтымақтаса жұмыс 
істеуге  дайын  болу,  əлеуметтік  белсенділік 
жəне  өз  кəсіптік  қызметінің  нəтижелері 
үшін жауапкершілік, кəсіптік қарым-қатынас 
мəдениеті,  педагогикалық  тұрғыда  тіл  та-
быса  білу,  өзіндік  ойының  болуы  жəне 
кəсіптік-педагогикалық ойлаудың жүйелілігі, 
ұжымшылдық,  əлеуметтік  жауапкершілік, 
педагогикалық  инновацияларды  қабылдауға 
ашықтық, тұлғалық жəне кəсіптік рефлексия 
жəне өзін-өзі тану [41, 42].
Аталған құзіреттердің жиынтығы мұғалім-
нің  кəсіптік-педагогикалық  құзіреттілігінің 
өзегін  құрауы  тиіс.  Сонымен  бірге  олар  ХХІ 
ғасыр  мұғалімінің  құрылымдық-мазмұндық 
моделінің  де  мəн-маңызын  қалыптастыруы 
керек.  Бұл  құзыреттердің  қалыптасу  дең гейі 

47
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
–  болашақ  мұғалімдердің  кəсіптік-педаго-
гикалық  құзіреттілігінің  сапасын  анықтауда 
жəне  бағалауда  басты  назарға  алынатын 
нəтижелер, əлеуметтік тиімділіктер.
Осылайша,  ұсынылған  тұжырымдамалық 
ережелер  болашақ  мұғалімдердің  педаго ги-
калық  дайындығының  мазмұнын  толықты-
ратын  негізгі  ережелер  болып  табылады. 
«5В011000 – Білім  беру»  мамандық  топта-
рының  типтік  оқу  жоспарына  келесілер 
енгізілуі керек:
1 курста –  «Педагогикалық кəсіпке кіріс-
пе», «Педагогика  тарихы»  міндетті  педа-
гогика лық пəндері мен үздіксіз педагогикалық 
тəжірибе (2 кредит).  Жалпы  білім  беру 
пəн дері – «Ұлттық  тəрбие – Мəңгілік  Ел» 
жəне  «Өзін-өзі  тану».  Электив  курс  ретінде 
«Мұға лімнің  зерттеушілік  мəдениеті»  пəні 
ұсынылады;
2 курста  «Педагогика», «Этнопедагоги-
ка», «Біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге 
асыру технологиясы» міндетті педагогикалық 
пəндері мен үздіксіз педагогикалық тəжірибе 
(2  кредиттен  жоғары).  Электив  курс  ретінде 
«Педагогикалық  шеберлік  негіздері»  пəні 
ұсынылады;
3  курста    «Тəрбие  жұмысының  теория-
сы  мен  əдістемесі», «Педагогикалық  менед-
жмент»  міндетті  педагогикалық  пəндері  мен 
үздіксіз педагогикалық тəжірибе (кем дегенде 
4 кредит). Электив курс ретінде «Инклюзивтік 
білім беру» пəні ұсынылады;
4 курста  кəсіптік-педагогикалық тəжіри-
бе  (кем  дегенде 8 кредит). «Арнаулы  пəнді 
оқыту  педагогикасы  мен  əдістемесі»  пəні 
бойынша  міндетті  қорытынды  мемлекеттік 
емтиханды тапсыру.
5  курста  –  «мұғалім-тағылымгер»  ретін-
дегі міндетті жұмыс – 1 жыл.
Осы  жəне  өзге  де  пəндерді  оқыту  нақты 
теориялық-тəжірибелік,  кəсіптік  бағдарға 
сəйкес  мұғалімнің  жалпы  мəдени,  түйінді 
(мета пəндік), жалпы кəсіптік (базалық), пəн-
дік  құзіреттері  мен  кəсіптік  маңызға  тұл-
ғалық  қасиеттерін  қалыптастыруды  көз-
деуі  керек.  Осы  пəндердің  бағдарламалық 
маз мұнын  біз  алдағы  уақытта  дайындап, 
жаңартып,  толықтыратын  боламыз.  Жоғары 
педагогикалық  білімді  жаңғыртудың  тұжы-
рым дамалық  негіздерін  ашу  барысында 
түсі нігімен  бірге  төменде  ұсынылған  келесі 
ұғым дар пайдаланылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет