Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет16/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
ТАНЫСУ НҰСҚАЛАРЫ

Бірінші нұсқаға нұсқаулық: «Қазір біз танысатын боламыз, бірақ кәдімгі тәсілмен емес. Біреу, өз қалауымен, бірінші болып, өз атын және екі қасиетін атайды – қарым-қатынаста оған көмектесетін бір қасиетін және кедергі жасайтын бір қасиетін. Сағат тілі бойынша шеңберде оның қасында отырған екінші адам біріншісінің айтқанының бәрін, яғни, оның аты мен екі қасиетін қайталайды, содан соң өзі туралы айтады. Үшінші адам бірінші, екінші адамдардың сөздерін қайталайды, содан соң өзі туралы айтады. Ары қарай барлығы тек алдындағы екі қатысушының сөздерін қайталайды. Кім бірінші болғысы келеді?».


Танысудың бұл нұсқасының көп артықшылықтары бар. Солардың бірі оның жаттықтырушыға барлық қатысушылардың аттарын жаттап алуға мүмкіндік беретіндігінде.
Сондай-ақ мұндай танысуда адамдар ерікті-еріксіз аздап ашылады, яғни, алға қарай кішкене қадам жасайды. Қанша дегенмен, олар өздері туралы өз ауыздарымен айтады, бұл – кәдімгі жағдайларда аса бола бермейтін нәрсе. Жүрек түбіндегі болмаса да, өздерінің қандай да бір қасиеттерін атайды. Осылайша, адамдарда қандай да бір кедергілер алынып тасталады.
Жаттықтырушы да, барлығы сияқты, шеңбер ішінде отырады және, оған кезек жеткенде, алдыңғы екі қатысушының сөздерін қайталайды да, өзі туралы айтады. Жаттықтырушының олардың аттары мен қасиеттерін ұмытпауы тиіс болғандықтан, жаңадан бастаған жаттықтырушыға өзі бастап, ары қарай қалғандарының бәрін есте сақтағаны дұрыс. Бірақ мұндай жағдайда бұл процедураны сәл жеңілдеткен дұрыс, мысалы, кім бірінші болатынын сұрамай, өзіңнен бастау керек. Рас, онда жаттықтырушы танысу таптаурынын жасап берген болып шығады да, топ бұл кезеңде жұмыс істемейді. Ал негізгі қағида жаттықтырушының кез келген жаттығуда топтың көбірек жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі тиіс екендігінде. Топ неғұрлым көбірек өздігінен жұмыс істейтін болса, ол соғұрлым көбірек нәтижеге қол жеткізеді, және бұл жаттықтырушының емес, топтың нәтижесі болады.
Немесе жаттықтырушының жанында отырған адамға бірінші болып өзін таныстыруды ұсынып, ал өзіңізге алдыңыздағы бір адамды ғана қайталап, екінші болып танысуға және ары қарай бүкіл топтың аттарын есте сақтауға болады.
Ең күрделі, бірақ ең тиімді де нұсқа – жаттықтырушы танысу ережелерін айтып шығады да, кім қаласа немесе кім ең батыл болса және т.б., соған бастауды ұсынады. Сол кезде жаттықтырушы бірінші адамның ешкімді де қайталамайтынын кім басқаларынан бұрын түсініп қоятындығын көреді. Бұл адамды соңынан ескеруге болады, ол ойындарда белгілі бір рольдерді жақсы ойнауы мүмкін.
Танысудан кейін бұл жаттығуды тренингтегі кез келген жаттығу сияқты талқылауға болады. Мысалы, өзің туралы айту ма немесе басқаларды қайталау ма – ненің қиынырақ болғандығын сұрау. Біреулер өзі туралы айтудың қиын болғандығын айтады – мұндай адамдар шынымен де өздерінің басты қасиеттерін табуға тырысқан. Енді біреулері адамды өзінің түсінік беруімен өкпелетіп алмау жауапкершілігі үшін басқалар туралы айту қиынырақ болғандығын айтады. Тағы біреулері бір мезгілде өзің туралы ойлау керек болғандықтан, басқаларды есте сақтау қиынырақ болғандығына көңіл аударады. Пікірталастан кейін адамдардың өз ойларына айналып, көбінесе бір-бірін естімейтіндіктері туралы қорытынды шығаруға болады. Ары қарай тренинг мақсаттарының бірі – тыңдай білуге және әңгімелесушіңді жақсырақ түсіне білуге үйрену туралы әңгімеге көшуге болады.
Танысудың екінші бір нұсқасы – әрқайсысы өз атын атайды және тренингтің осы үш күніне, бір жылға, бес жылға, бүкіл өміріне және т.б. өз жоспарлары туралы айтады.
Тағы бір нұсқа: бір минут дайындықтан кейін барлығы кезекпен өз ұранын айтады және екі сөз орамын жалғастырады: «Мен ... үшін өмір сүремін» және «Мен ... үшін жұмыс істеймін». Бұл танысуды, жаттықтырушының қалауына қарай, талқылауға да, талқыламауға да болады.
Барлығының кезекпен өздерін таныстырып, бала кезінде нені армандағандықтарын айтуларына болады. Өте эмоционалды танысу болып шығады, себебі, бәрінің өз бала армандары туралы айту мүмкіндіктері болады, ал көбінде олар ұқсас болуы мүмкін.
Егер сіз танысу барысында бірнеше адамның өздерін жақсырақ, еркінірек, жайлырақ сезіне бастағандықтарын байқасаңыз, және егер, сіздің ойыңызша, олар бұл туралы шеңбер ішінде айта алатын болса, танысу мен талқылаудан кейін қатысушылардан олардың өздерін қалай сезінетіндіктерін сұрауға болады. Олар өздерінің әсерлерімен бөліседі; және әлі ыңғайсыздық сезініп отырған қатысушылар, басқаларының да басында ширығып, ал енді босаңсып, жайланып қалғандықтарын естіп, өздері де босаңси бастайды. Осылайша, жаттықтырушы топқа кез келген оң өзгерістерді көрсете отырып, сонысымен үдерісті одан әрі жылдамдатып, үнемі топтық динамиканы қадағалап отырады.
Танысудан кейін сондай-ақ, егер ширығу бар болса, оны алып тастау үшін, барлығының аздап ашылып, өз сезімдерін, эмоцияларын, үміттері мен қауіптенулерін жете түсінулерінің есебінен топты одан әрі ұйымдастыра түсу үшін қауіптенулері мен үміттері туралы сөйлесуге болады. Қандай да бір нақты қауіптенулерге түсінік бере кетіп, қатысушыларды тыныштандыруға болады. Бұған бірнеше минут, ал кейде, егер тақырып топты толғандыратын болса, тіпті бір сағат жұмсауға болады. Біреудің алдында тренингте болып, сол кезде қолайсыз жағдайға ұшыраған, және енді адамның өзі ол туралы айтпайтын, бірақ жаттықтырушы тарапынан арандатушылық күтетін қауіптенулері болатын жағдайлар жиі болады. Сондықтан, егер тақырып топта қызығушылық тудырса, пікірталасты қолдау қажет, нәтижесінде қандай да бір жасырын қауіптенулер бой көрсеткенде, топқа бұл тренингте мұндай ештеңе болмайтындығына уәде беруге болады.
3.3. ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН ТАНЫСУ

Топта өткізуге болатын келесі процедура тереңдетілген танысу деп аталады. Бәрі жұптарға бөлініп, бір-біріне өздері туралы әңгімелеп береді. Мұндағы мақсат – соңынан шеңберде бір-бірін таныстыру үшін бір-бірі туралы мүмкіндігінше көбірек білу. Ойын, онда 14 адамнан артық емес адам қатысатын болса, өте жақсы өтеді, әйтпесе топ зерігіп кетуі мүмкін.


Егер тренинг қатысушылары өзара жақсы таныс болса, мұндай процедураның қажеті болмайды, ал егер өзара жақсы таныс емес немесе таныс емес адамдар жиналған болса, тереңдетілген танысуды жүргізген дұрыс. Ол топ динамикасына жақсы әсер етеді: алғашында адамдар өздері туралы шеңбер ішінде толық және ашық әңгімелеуге әлі дайын болмайды, бірақ жұп ішінде айтып береді. Сондықтан біз, өзі туралы жұп ішінде әңгімелеп беруге өте қарапайым тапсырма бере отырып, адамдардың ашылуына көмектесеміз. Әрбір адамның жұп ішінде өзі туралы әңгімелеп беруіне берілетін уақыт – орташа алғанда 7 минуттан 15 минутқа дейін. Бұл жерде, менің ойымша, жастық айырмашылықтар бар: адам неғұрлым жасырақ болса, оның өзі туралы әңгімелеп беруіне де соғұрлым азырақ уақыт қажет болады.
Содан соң барлығы шеңбер жағалай отырады да, бір-бірін таныстырады. Бұл процедура топтың ұйымшылдығы үшін пайдалы. Мәселен, адам өз әріптесінің өмірінен қандай да бір фактілерді әңгімелей бастайды, және басқа үш қатысушы да дәл сол институтта оқыған болып шығады. Менде бір күлкілі оқиға болған: бір үйде тұратын екі көрші тренингте кездескен; олар сегіз жыл бойы бір үйде тұрады және бірін-бірі ешқашан көрмеген. Бір ағынның екі студенті кездескен жағдай да болған. Олар он жыл бұрын әр түрлі топтарда оқыған және, шеңберге отырғанда, бір-бірін естеріне түсіре алмаған. «Біртектес жандардың» табылатыны – әдеттегі жағдай: біреулер жануарларды жақсы көреді, енді біреулер гүлдерді өсіреді. Осының бәрі топтың жақындасуына өте жақсы әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет