Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет14/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

«Еркін отыру» деген нені білдіреді? Тренингтің басында топ жайылып отырулары мүмкін, өйткені олар тығыздалып отыруға әлі дайын емес. Сосын, жұмыс барысында, олар жақынырақ отырады, және бұл барлығына байқалады. Бұл – топ ұйымшылдығының тағы бір көрсеткіші, және бұл жаттықтырушыға үдерісті жақсырақ қадағалауға мүмкіндік береді.
Егер үй-жай шағын болып, барлығы бір-біріне тым жақын отырса, бұл қосымша ширығуды туғызады, бар болғаны сол ғана, және жаттықтырушының мұнымен де жұмыс істеуіне тура келеді.
Екінші жағынан, тым үлкен үй-жай болғаны да жақсы емес, өйткені топ өзін онда жайлы сезінбейді, бұның да топтың жұмысқа қабілеттілігіне әсерін тигізуі мүмкін. Менің ойымша, топ жұмысы үшін мүмкін болатын ең үлкен үй-жай – бір-біріне тым тақалып тұрмайтын 14-18 орындыққа арналған шеңбер және шеңбердің сыртында бейнеаппаратураны, тақтаны, флипчартты, мүмкін, шай мен кофеге арналған үстелді қоюға болатын тағы да 50 % қосымша жер. Әдетте кофе мен шайды бөлек бөлмеде ішкен жақсы деп айтады, бірақ көбінесе мұндай үй-жай болмайды да, ондай жағдайда бір бөлмеде сыйысуға әбден болады.
Көлемдерден басқа, бөлмеде бір жарым-екі сағат қарқынды жұмыс жасау үшін жетуі тиіс таза ауаның жеткілікті болуы өте маңызды. Үзілістерде желдетіп отыруға болады және желдетіп отыру қажет те (бұл үшін де мүмкіндіктер болуы тиіс). Егер үй-жайда ауа жетіспесе және қапырық болса, бүкіл тренингтің бүлінуі мүмкін. Жаттықтырушының осыған көңіл бөлуі тиіс.
Температура да өте маңызды. Шеңберде жұмыс істеу жайлы болуы үшін, бөлмеде қалыпты температура болуы тиіс. Егер үй-жайда тым ыстық немесе тым суық болатын болса, тренингтің тиімділігі азаюы мүмкін.
Үй-жайда жуық арада жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, сырдың, пластиктің немесе тағы қандай да бір материалдардың иісі өте күшті болуы мүмкін екендігіне көңіл аудару маңызды. Дәл соны еденнің жабындысына қатысты да айтуға болады. Қазір кілем тәрізді жабындыны жиі қолданады, және егер ол жаңа болса, ол да қатты иіс шығаруы мүмкін, ал ескісі өзіне өткен банкеттердің иістерін сіңіріп алуы мүмкін. Ең құптарлық нұсқа – паркет немесе линолеум. Үй-жайды дұрыс бағалау үшін, оның ішінде 30-40 минут отырып көру қажет. Мысалы, үй-жайға тапсырыс беруге барғаныңызда, барлық келіссөздерді: жұмыс уақытын, шай мен түскі тамаққа үзілістерді, дәретханалардың орналасқан жерлері мен жай-күйлерін және т.б. келісуді дәл сол жерде өткізген дұрыс. Келіссөздер кезінде сіз үй-жайды оңай бағалай аласыз.
Тренингке арналған орындықтар тым қатты да емес, тым жұмсақ та емес – ең қарапайым болулары тиіс: қатты орындықтарда күні бойы отыра алмайсың, ал тым жұмсақтары жұмыстан гөрі, демалысқа көбірек тартады. Орындықтардың дөңгелектері болған жаман, - шеңбердің тұрақтылығы жоғалады, бұдан басқа, бұл орындықтар көптеген, мысалы, орын ауыстырулар болатын сергіту жаттығулары сияқты жаттығулар үшін қолайсыз. Отырғыштан аяқтары шығып тұратын орындықтар жаман, сол үшін оларды бір-біріне тақап қоя алмайсың, ал кейбір жаттығуларда бір-біріне жақын отыру қажет болады. Тренинг үшін креслолар мен жартылай креслолар мүлде жарамайды – топ бірден жалқаулана бастайды да, жұмыстың тиімділігі азаяды.
Бейнеаппаратураның, тақтаның, қағаздың және басқа да жабдықтың болуы туралы мәселе жұмыс тәртібінде шешіледі: не осының бәрі берілген үй-жайда болады, не оны өзіңмен бірге алып келу қажет. Уақыт өте келе жаттықтырушының өз клиенттеріне ұсына алатын бірнеше тексерілген үй-жайы болады.
2.6. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Барлық дерлік тренингтерде әдістемелік (үлестірмелі) материалдар болады. Үлестірмелі материалдарға деген көзқарас екіұшты. Біріншіден, тренингтің басында жұмыс дәптерін алған қатысушылар барлық материалдарды бірден қарап шығады. Жаттықтырушы айтқанша, оларды қарамай тұра тұруларын өтіну – бекершілік, бәрі бір қарайды. Нәтижесінде жұмыс барысында жаңалық әсері жоғалады.


Екіншіден, дәптерге жиналған материалдар бағдарламаны қатаңырақ, әрі бірыңғай етеді. Жаттықтырушының бұл топта нені беру қажет, ал неге уақыт кетірмей, бас тартқан дұрыс екендігін тренинг барысында шешкені дұрыс.
Үшіншіден, қашан да дәптерде материалдар өте көп болуы мүмкін, және тренингте сіз әлденені айтып үлгермей қаласыз. Ал қатысушыларда оларға әлдене айтылмай қалғандай, оларды әлденеден, мүмкін, нақ сол ең маңыздысынан айырғандай әсер пайда болады. Нәтижесінде тренинг аяқталған соң олар осының бәрін жаттықтырушыға қандай да бір талап-тілек ретінде айтулары, және содан соң бұл туралы өз басшылықтарына айтып берулері мүмкін. Сондықтан кейіннен ақталуға тура келетін жағдайды тудырмаған дұрыс. Жұмыс дәптерінің жалғыз бір артықшылығы – оның қымбат тауар сияқты көрінетіндігі және осылайша тренингті сату оңайырақ болатындығы, сонымен қатар, әрине, жұмыс дәптерінің барлық беттерінде өз телефондарыңызды, мекен-жайларыңызды және т.б. көрсетуге болады.
Тренинг барысында қатысушыларға берілетін, жекелеген парақтар түріндегі үлестірмелі материалдарды берген жөн. Олардың артықшылықтары көбірек. Кемшілік тек қана біреу – көбінесе тренингтен кейін парақтардың бір бөлігі қажет емес сияқты дәрісханада шашылып қалады. Бірақ бұл проблема былайша шешіледі. Сіз тренинг үшін дайындаған әдістемелік материалдары бар барлық парақтар қағаз тескішпен алдын ала тесіледі. Және бірінші парақпен бірге топтың барлық қатысушыларына құжат тігілетін папкалар беріледі. Оларда, мысалы, тренингтің атауы жазылған беттік парақ, тренингтің бағдарламасы, таза немесе жазбаларға арнап сызықтар сызылған парақтар және т.б. болуы мүмкін. Және ары қарай тренинг барысында сіз тренинг қатысушыларына беретін барлық парақтарды олар осы папкаға түйреп отырады. Осылайша, тренингтің аяғында толыққанды жұмыс дәптері шығады.
Бірақ папкаларды жасамауға да болады. Ең бастысы, әдістемелік материалдардың негізгі мақсаты қатысушылардың сіздің тренингте беретін материалыңызды қабылдауларын оңайлату болып табылатындығын түсіну керек. Және, соған сәйкес, бұл парақ өз міндетін атқарды. Және біреулері оны өзіне алады, ал енді біреулері алмайды. Осы материалдарды алғандар міндетті түрде оларды соңынан қарайтын болады деп үміттенбеңіздер. Көпшілігі оларды енді қайтып ешқашан қолдарына алмайды. Дәл осы себептен де осы материалды қатысушылар дәл осы тренинг барысында барынша жақсы меңгеруіне бұдан да көбірек күш-жігер жұмсау қажет екендігі маңызды.
Жекелеген парақтар түрінде берілетін әдістемелік материалдардың тағы бір жақсы жағы – материалды қажет болғаннан гөрі әлдеқайда көбірек дайындауға және осы топтың жұмысы барысында неғұрлым өзекті болып шығатынын пайдалануға болады. Ал екінші бір топ үшін мүлде басқа материалдарды пайдалануға болады. Осылайша, тренинг нақты топқа көбірек бағдарланады. Бұдан басқа, қандай да бір аяқталмаған өнімнен гөрі, жекелеген парақтарды өзгерту, қайта өңдеу, жақсарту оңайырақ.
Тренингте ешқандай үлестірмелі материалдар мүлде пайдаланылмайтыны да болады. Бірақ жаңадан бастаған жаттықтырушыларға мен оларды пайдалануға табанды түрде кеңес беремін. Олар жаттықтырушыға өзін жайлырақ сезінуге мүмкіндік береді, себебі, оның қандай да бір заңды «шпаргалкалары» бар, және мұндай жағдайда әлденені ұмытып кетемін деп аса қорықпауға болады.
Көбінесе пайдаланатын үлестірмелі материалдар қосымшада жинақталды. Олардың бәрі керемет емес, кейбіреулері талас та тудырады. Сіздерге солардың негізінде немесе солардың нұсқасымен және соларға ұқсатып өз материалдарыңызды дайындай алатын үлгілер ретінде қарау ұсынылады.


3-тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет