Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


Бір-бірлеріңе аттарыңды атап және



бет65/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Бір-бірлеріңе аттарыңды атап және «сен» деп сөйлесетін болып келіскеннен кейін қандай да бір уақыт өткен соң немесе бірден біреуді бәрі бір аты мен әкесінің атын қосып атайтын болса, не істеу қажет?
Негізі, өзгерту аса қиын болатын жағдайлар болады. Адамның ұйымдағы мәртебесінің биік екендігі соншалық, келісілсе де, ешкім оған «сен» деп айтуға көше алмайтыны болады. Әрине, қандай да бір уақыт түзетуге болады. Бірақ біз тренингте қолданатын кез келген әрекет нәтижемен өлшемдес болуы тиіс. Осы жағдайдағы нәтиже біз жұмсайтын күш-жігер мен уақыттың орнын толтырмайды. Мұның қажеті қанша? Кез келген ережеде ерекшеліктер болады. Екінші реттен кейін түзетудің қажеті жоқ, не болса, сол болады. Негізі, аты мен әкесінің атын қосып айту дегеніміз не? Бұл арақашықтық көрсеткіші. Және бәрі бір-бірімен аттарын атап, «сен» деп сөйлессе, бұл арақашықтықты қысқартады. Бас кезінде керісінше келісілгеніне қарамастан, топтағы бір немесе екі адамды аты мен әкесінің атын қосып атаса, бұнда тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, қатысушы өзінің атын атауға келісетіндігін айтты, осы арқылы арақашықтық қысқара түсті. Және егер тренинг барысында қайтадан оны аты мен әкесінің атын қосып атаса, әрине, арақашықтық сәл артады, бірақ ол бәрі бір тренинг басталғанға дейінгіден азырақ болады. Сондықтан арақашықтықты қысқартудың қандай да бір әсеріне біз қол жеткіздік – бұл да жақсы. Тренинг осының ғана негізінде құрылмайды. Топ жұмысының тиімділігін арттырудың басқа механизмдерін қолдану қажет. Бұдан басқа, қатысушылардың өздері үшін осы адаммен қандай да бір арақашықтықтың сақталуы жақсы болуы мүмкін. Бұл ұйымның өзі үшін де жақсы болуы мүмкін, өйткені нәтижесінде, бәлкім, тренинг нақты бір бастықтың беделін нығайтуды қамтамасыз ететін болар. Неге олай болмасқа, өйткені тренинг тренинг үшін ғана емес, ал жалпы ұйымдастыру үшін өткізіледі ғой.


«Аквариум» нұсқасында топ толығымен ауысады ма немесе оларды жартылай ауыстыруға болады ма?
Әдетте бүкіл топ толық құрамында орын алмастырады. «Аквариум» нұсқасындағы жұмыс жай да өте күрделі. Ал егер қатысушыларды жартылай ауыстыратын болсақ, жаттықтырушыға жұмыс істеу одан да күрделірек болады. Әрине, барлық нұсқалар қолданылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шиеленіскен болған сайын, соғұрлым күрделірек болады. Топтың өзі үшін де бұл күрделірек, өйткені, топтың өзінде үнемі адамдардың ауысып отыратыны топтық динамиканы тежейтін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет