«Төрт апат»ойыны Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы зейінді дамыту жаттығуы.
Егер «Жер» деген сөзді айтса, қолын төмен түсіреді. Егер «Су» деген сөз айтылса, қолдарын алдарына көтересің, ал «Ауа» десе, қолын жоғары көтересің.
Күні
Сабақтың тақырыбы: Кинестетикалық және кинетикалық даму:
Қимыл іс-әрекет қозғалысы Мақсаты: қимыл мен дененің түрлі мүшелерінің қалпының сай келуі және қимыл мен іс-әрекетті сөйлеу арқылы орындау
«Қалпақ ойыны»авт. С.Б.
Мақсаты: психикалық қобалжу сезімдерінен арылту. Таным процестерін дамыту.
Ойын ережесі: Алғашқыда тақпақты оқып беру, сосын мен «қалпағым» дегенде; оқушы басын өз қолымен екі рет соғады, ал «менің» деп айтқанда өзінің көкірегін көрсетеді. Келесі «үшбұрыш» деп сөзін қайталағанда, үш саусағын көрсетіп екі саусағын қосып көрсету керек. Осылай тақпақты алдымен жәй оқып, кейіннен тез айтып өзіңе де қимылдарын көрсету керек. Ал оқушы соны қайталап, үлгеруі керек. Бірнеше рет қайталап, оқушы тез қимылдарын көрсете бастаған да ойын аяқталады.
Қалпағым менің, қалпағым. Қалпағым менің үшбұрыш. Ал егер үшбұрыш болмаса, Ол менікі емес қалпағым.
"Клякса жайындағы ертегі"
Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін арттыру, мәдениетілікке, әсемділікке ұмтылу.
Ерте-ерте замаңда кішкене қап-қара қуыста Клякса өмір сүріпті. Ол адамдарға көрінгенді ұнатпайды екен. Неге? Себебі ол қандай ортаға келмесін барлығы: "Қандай қорқынышты!", "Қандай майлы, ұсқынсыз қара Клякса!" дейді екен. Әрине, мұндай кімге ұнасын. Міне, сондықтан да ол қуыстың ішінде отырғанды жөн көріпті. Күндердің күнінде біздің Клякса жалғыз отырғаннан зерігіп, ол мейрамда қыдырып, қонаққа баруды ұйғарыпты. Ол әдемі киінейін деп, үстін сары түсті бояумен бояпты. Ол өзін күндей жадырап тұрғандай сезініп, өзіне-өзі қатты ұнапты. Көшеде кездескеннің барлығы "Қандай сары Клякся" деп үрейленіп айқалапты. Ол дүкенге кіріп қызыл бояу сатып алып, онымен өзінің шляпасын бояйды. Тағы да оны көргендер қолын сермеп, үрейленіп, "Қандай ұсқынсыз шляпа киген Клякса!" депті. Сонда Клякса көк бояу сатып алып, онымен юбкасын бояпты. Мұны да еш жан бағаламапты. Ол тағы да "Қандай үлкен жасыл юбкадағы Клякся!" (сары мен көк түстен жасыл түс пайда болады) дегенді естиді. Клякса бәріне өкпелеп, қалған көк бояуды алып өзінің қуысына оралыпты. Ол қуыстың ішін көк бояуымен бояп қараса, өзіне ұнамды, әдемі, жайлы болғанын сезінеді.
Талдау. Пікір алмасу.