21
қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. (М.Ә.) Үлкен
үй мен қонақ үйдің арасына тартылған кермеде Құнанбайдың ер-тоқымы
ерттелген ұзын торы ат тұр екен. (М.Ә.) Ауыл үстінен
қашқандарын иттер
қуып, Ботақан бойы азан-қазан болды. (М.Ә.) Азынаулақ қойлар мен төртті-
бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен
келеді. (М.Ә.) Үлкен күміс қаптырмамен бір-ақ жерден түймелеген
қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле солқылдаған
көк шыбықтай сүйкімді. (Д.Ә.) Ол орта жастарды жағалатқан ашаң жүзді,
мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейн еді. (Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу,
мал маңырап, ит жаң-жұқ. (Ж.А.) Жасыбай
көлі сол таудың қойнауында
қызылды-жасылды кәрден кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір.
(Б.М.)
Достарыңызбен бөлісу: