49
– Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді Ал адамды
құрметтеу үшін атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен туыстық қатысына
қарай ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға, ағатайым, нағашы, жиен, бөле
деу керек
– Көке, кешіріңіз, шынында да, сый-құрмет көрсету осындай ұсақ-түйектен
басталады деп ойлаған жоқ едім
– Бұл рәсім ұсақ-түйек емес, ат тергеу – адамгершіліктің белгісі
– Ат тергеу келіндердің ғана міндеті емес пе
– Адамды өз атымен атамай, тіпті болмаса атының соңына сыпайылап «еке»
деген жұрнақты қосып айту – үлкен дәстүр «Көкем», «Апам», «Ағатайым»,
«Атам» деген сөзді қосып айту – сыпайылық Ол – халықтық дәстүр, мән қояр
мәдениет белгісі («Халық тағылымы» кітабынан)
Нүкте, оның қойылатын жерлері
Нүкте екі түрлі қызмет атқарады: 1) белгілі бір ойдың аяқталуына
байланысты қойылады; 2) драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін,
қысқартылып
алынған адам есімдері, кіші әріппен жазылған қысқартулардан
кейін т.б.
Нүктенің қойылатын орындары
Мысалы
Хабарлы сөйлемнен
кейін
Ол торға салған бір асымдай тоң балықты
босағаға тастай салды. (Ә.Н.)
Жай,
лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді
сөйлемдерден кейін
Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы
жігіттің арын сақта. (Мақал)
Цифр не әріптер
арқылы санамаланып
айтылған сөйлемдерден кейін
Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке
бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3)
Қопармалы тіл. (А.Б.)
Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз
қолданылған цифр не әріптен кейін
Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1. Сыйыса
құрмаласу. 2. Қиыса құрмаласу. (А.Б.)
Драмалық шығармалардағы әр кейіпкердің
атынан кейін
Ұмсынай. Мейлілерің, қарақтарым, мен не
қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.)
Кейіпкердің сөзіне қатысы жоқ, автордың
түсінігі ретінде айтылған
ремаркадан кейін
Ораз. Омыраулама! (Мылтығын оқтанып.)
Қалай аласың? (Ж.А.)
Бас әріптерінен не басқы буынынан
қысқартылып алынған адам, кітап, газет,
журнал, шығарма аттарынан кейін
Қазақ әдеби тілінің тарихы,
басталу кезеңі,
қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың да
пікірлері бар. (С.И.)
Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы
басқа деген сөздер қысқартылып алынғанда
Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік
материалдар
Махамбет,
Шөже,
Дулат,
Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың
шығармалары болып табылады. (С.И.)
Жақшаның
алдындағы сөйлем аяқталып,
тыныс белгілерінің бірі қойылса, қыстырма
сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте
қойылады
– Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын
пейілімен жыртық қалтасын айналдырып
көрсетті. (Екінші қалтасын тігіп тастаған екен.)
(Ш.А.)