Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет66/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

167-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыздар, 
жазылу ережесін түсіндіріңіздер. 
І. Ірімшік сүттен жасалады. Сүтті қайнатып, оған қымыз, айран, шұбат 
сияқты ащы іріткі қосып ірітеді. Іріген сүттен ірімшік түзіліп, ол әбден 
қызарғанда бабымен қайнатады да сүзіп алып, табаққа, дорбаға салып, кептіріп 
алады. Әрине, қой сүтінен жасалған ірімшік өте дәмді болады. Ірімшік қыста 
да, жазда да жақсы сақталады. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
ІІ. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, 
тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма 
деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына 
үлестіріп береді. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
168-жаттығу. Қыстырма сөз, қаратпа сөз, бірыңғай және оңашаланған 
мүшелері бар сөйлемдерді қатыстырып, шағын әңгіме жазыңыздар, тыныс 
белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
 
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері 
Екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін, екі 
предикаттық қатынастан тұратын сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. 
Құрамындағы сөйлемдердің байланысуына қарай құрмалас сөйлем салалас 
құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді. 
Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір, нүктелі 
үтір, қос нүкте, сызықша қойылады.


80 
Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілер 
үтір 
қос нүкте 
нүктелі үтір 
сызықша 
үтір мен 
сызықша 
Қасынан тазы иттер 
жүгіріп өтсе, балалар 
шапқылап кетсе, семіз 
сары ат кермені сүзе 
жөнеліп, 
ары-бері 
бұлаңдап 
елегізіп 
қояды. (М.Ә.) 
Дос 
санын 
соқты: желөкпе 
жігіттер 
тәуір 
аттарды таңдап 
әкеткен. (Ә.Н.) 
Уақыт 
тізгінді 
қолға 
берер 
емес; сағымдай 
бұлдырап ынтық 
қып, шаршатып, 
бір жеткізбей-ақ 
қойды. 
Тұманның 
қалыңдығы 
сонша – түк 
те 
көрінбейді. 
Сөз бергенге 
ерме, – бөз 
бергенге ер. 
(мақал) 
169-жаттығу. 
Құрмалас 
сөйлемдердегі 
үтірдің 
қойылу 
мәнін 
түсіндіріңіздер. 
Үй иесіне қойды ұстата салды да, құрғап қалған қырдың басына келіп, 
әңгіме-дүкен құрды. (Т.К.) Ысқақ биік төсекке сүйеніп отыр да, оның кесір-
кердең нақсүйері қараторы Мәніке бәйбіше қос жастыққа шынтақтап шіренеді. 
(М.Ә.) Қысқа ғана жауап бере қоюды шолақтау көреді де, ұзатып, мәнерлеп 
айтуға тілі жетер емес... (Ғ.Мүс.) Қартқожа орнынан бір-екі рет ұмтылып еді, 
қолына еш нәрсе түсіре алмады. (Ж.А.) Ел ішінде әлді-малды үйлердің 
сандығында болмаса, көпшілік қолында ақша жүрмейді, кедей атаулыда ол 
мүлде жоқ. (М.Ә.) Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар 
жетті. (М.Ә.) Айнала соққан дауылды боран қалай қарай бораса, қойлар солай 
қарай бұрыла салады. (Ғ.Мүс.) Үрейленген елдің үрке күткеніндей-ақ, өңкей үш 
ат жеккен пәуескелер дөңнен құлап келеді. (Ғ.Мүс.) Бұл арада Жақаң азырақ 
кідіріп, айнала жұртқа көзін салып еді, шоғырланған көп жағы қозғалысын, 
наразылықтарын білдіріп отыр екен. (Ғ.Мүс.) Ел жайлауда, әкесі үйде жоқ. 
(Ж.А.) Бес жігітті өзіне «агент» етіп алып, мойындарына салық салғанын айтып 
еді, жиналғандардың шек сілесі қатып күлді де, мұндай «қанаушылықтың» өз 
ойларына келмегеніне өкінді. (Т.К.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет