89
ҚОС НҮКТЕ
Қойылатын орындары
Бірыңғай мүшелердің алдынан келген
жалпылауыш не жалпылауыш мәнді
сөзден кейін
Осындай сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі
жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты
келді. Бұлар: Абай, Ербол, Дәрмен. (М.Ә.)
Жалғаулықсыз
салаласқан
жай
сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы
соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалса
Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен
сөздер молайып, жақындай
бастады. (Ж.А.)
Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен
кейін
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:
– Ей, мынада Каутский де бар ғой, – деді. (Ж.А.)
Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай
сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін
жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін
Тәуелді қалыпта екі рет бар: 1) Анайылық рет. 2)
Сыпайылық рет. (А.Б.)
Бірыңғай мүшелерден бұрын келген
мысалы, атап айтқанда деген қыстырма
сөздерден кейін
Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт
көрсететін сөздің түрін. Мәселен: Берсең –
аларсың, ексең – орарсың. (А.Б.)
183-жаттығу. Сөйлемдердегі қос нүктенің қойылу мәнін түсіндіріңіздер.
Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол – жаңа жоспар жасау. (С.М.) Күллі адам
баласын қор қылатын үш нәрсе бар: бірі – надандық, екіншісі – еріншектік,
үшіншісі – зұлымдық. (А.Қ.) Бір ғана өзгеріс: осыдан он шақты күн бұрын
Елтай Кәрімовичтің қызметі жоғарылап, осындағы трестердің біріне бастық боп
кеткен. (Қ.Жұм.) Одан кейін менің білгенім: оянып кетсем, үйдің іші ала
көлеңке. (С.М.) Кино көргелі жиналғандар ала-құла: бірі астына шелек қойып,
енді бірі машинаның ескі баллонының үстінде отыр. (М.Сүнд.) Жалғыз ғана
емексіген келісім сөздері: Күнту қалаға барады да, өзі тіленіп болыстықтан
түседі. (М.Ә.) Пәуеске айқын көрінгесін-ақ ауылдан көріп тұрғандар таласа
бастады: біреуі Қажының үйінің күйеуі деді, бірі Түбектегі құдасы деді.
(Ғ.Мүс.) Енді байқады: қала сыртынан ат қарғып өте алмайтын қыл аяғы
құрдым ор қазылыпты, ордың сырты жалпақ даланың етегін кеміріп жеп, ішкі
ернеуі білезіктей безер қорғанға сұғынып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: