77
1) Құлақтағы әшекей сырғасы бастағы кәмшат бөркі білек толған неше
білезіктері баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. (М.Ә.)
2) Биыл жұт болады деп күн бұрын есепшілер де айтқан шөптің шығысы жаман
серейген-серейген еркек шөп бұйдай бас көде боз қаптап кетті. (Ж.А.) 3)
Осылайша бар сорақысы бадырайып тұрған
әрі зорлық әрі жуандық әрі
арамдық ұясындай бай аулында сол күнгі қазақ сахарасының басындағы
тарихтай күйзеу күздің күнінде Абайдың анық өлмес өшпес және бір сазы туып
еді. (М.Ә.) 4) Мұсабай өзі өнерпаз болмаса да неше алуан әзілқой күлдіргі
әңгімеші сауықшыл адамдарды аса жақсы көретін. (М.Ә.) 5) Ақ сеңсең тымақ
астынан тұздай көк көзді сары сақалды шикіл сары кісі күліп тұр екен. (Ә.Н.) 6)
Құдайменде Темірке Ақсақ Жагор бас боп күтіп
тұрған кісілер жас Федоров
алдында жел соққан қамыстай жапырылып иіліп-бүгіліп жатыр. (Ә.Н.) 7)
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ Қой мойынды қоян жақ бөкен қабақ. Ауыз
омыртқа шығыңқы майда жалды Ой желке үңірейген болса сағақ. (А.Қ.) 8) Енді
ол тізгінге де қамшыға да айқайға да бағынбай жолды тек соқыр сезіммен
бағдарлап дауылды түнді қақ жарып сабалаған нөсердің астымен зымырап
келеді. (Ш.А.) 9) Әйеліне қызына сақманшыларға
жылы-жылы сөйлеп
ақжарқын жүрмек болуға тырысты бір жағынан олар әлдеқалай сезіктеніп қалар
деп те тосылды. (Ш.А.) 10) Қыбын тапса қарап қалмайды атады шабады
соққыға жығады сөйтеді де айдап әкетеді арбалап әкетеді. (С.Ш.) 11) Ақпан
қаңтар бірдің айы – баршасы да қазір Абайлар жүріп
келе жатқан сары дала
қоңыр адыр сай-сала қорық-қойнауларға өздерінің ақ ирек саргідір омбыларын
оқаптарын мұздақ жалтырларын жапқан көрінеді. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: