78
165-жаттығу. Мәтінді оқып, бірыңғай мүшелерге
жалпылауыш сөз қосып
көшіріңіздер, олардың тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар.
Сарғайып қураған шөптер де бұталар да бұталардың жапырақтары да
жаңбыр суын жұтып жасарыңқыраған сияқты. (С.С.) Сайлы ер-тоқым сары
жезден жасалған үзеңгі сылдыр қағатын сағалдырық пен өмілдірік күмістей
жылтырайды. (Ш.А.) Жамыраған қой азынаған сиыр
өкірген бұқа айғайлаған
бала ауқаулаған қатындардың даусы қосылып көлдің басы ың-жың у-шу ауыл-
ауылдың түтіні ұрандасып ұласып көл арнасын көк тұман басып тұр. (Ж.А.)
Батырлар жырларындағы Құртқа Назым Ақжүністерді былай қоя тұрып Баян
сұлу Қыз Жібектерді алып қарасақ та елді аяулы қыздарына қолың жету үшін
толып жатқан қауіп-қатерлер ерлік көрінер сырлардан өтуің керек. (Ғ.Мүс.)
Астындағы бөдес қоңыр құнанының омырауы құлағы көзіне шейін тер басқан.
(М.Ә.) Сөйтіп Дәрмен өлеңінің орта тұсында үлкен үйдегі Оразбай Жиренше
Бейсенбі Абыралылар да осы үйге кіріп сөз тыңдады. (М.Ә.) Бұл елдің ірі бай
салмақты жуандары Оразбай Жиренше Бейсенбілер осы мінезге де наразы боп
шықты. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: