87
сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек (единица) дыбыстар екен. (С.И.)
Қалай
болғанда да аудармашы қазақ сөзін қатты талғамға сап, саралап, екшеп
жатпастан қолына бұрын ілінгенін ала салған салақтығынан (иә, тек
салақтығынан, әйтпесе олақтығы деуге аузымыз бармайды) келесі үзінділерден
әсіресе анық көреміз. (Ә.Н.) Ораз (мылтығын Қорабайға беріп). Мынаның көзін
жытыр! Мен бандыға кеттім. (Жөнеледі.) (Ж.А.)
181-жаттығу. Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар. Драмалық шығармаларда
қойылатын тыныс белгілеріне назар аударып, есте сақтаңыздар.
Молда (орнына отырып).
Балаларың оқу бақпайды, ойын бағады деп бай
ұрысып жатыр. Ұятсыз, доңыздар, неге ойнайсыңдар? Жұмалықтарың қайда?
Нөкеш. Мінекей, молдеке! (Он тиын береді.)
Тілеу. Мінекей, молдеке! (Бес тиын береді.)
Жеке. Бір аяқ бауырсақ әкелдім.
Еске. Бір аяқ құрт әкелдім.
Нұрым. Апамнан жұмалыққа ақша сұрап едім, өзімді ұрды.
Әліш. Мінекей, молдеке! (Бір тиын береді.)
Бекен (қалтасын сипалап отырып, молда қараған кезде жылап жібереді).
Жұмалығымды жоғалтып алыппын.
Молда.
Ақшаны жоғалтып, атаңның басын бағып отырсың ба? Е, Нұрым!
Сабағыңды тыңдат. (Нұрым өңі қашып, молданың алдына келіп шарт жүгініп
отырады.) Оқы!
Нұрым. Әліпсана ламга сәкін ал, қысынқа мөмге сәкін алқам тұрлу алқамду.
Лам асылы латады.
Молда. Атаң басы латады. (Шыбықпен тартып жібереді.) Лам тады ла деп
оқы!
Нұрым (жыламсырап). Лам тады ла. (Үш рет айтады.)
Молда. Лам тады лада әкеңнің көз құны қалды ма? (Тағы да
тартып
жібереді.) ...Сенің арқаңда тарсылдаған не? Тез шешін! (Нұрым жыламсырап
шешінеді, арқасынан қабық түседі.) Сен мені алдайын деген екенсің... Еске!
Арқала доңызды. (Еске арқалап тұрады, молда ұрады.) ...Үш жыл оқып, әлі еже
білмейсің, миғұла! Бекен, сабағыңды тыңдат. (Бекен қорқып, орнынан әрең
тұрады.) Сүйретілмей, доңыз, тез кел!
Бекен. Молдеке, аяғым ауырып жүр.
Молда. Ауырмақ түгіл, түсіп қалсын, шапшаң! (Бекен шарт жүгініп
отырады.) Оқы.
Бекен. Әбзет, ауаз.
Молда. Тіліңді шығар (Қалтасынан
орамалын алады, Бекен жылай
бастайды.)
Бекен. Тілім ауырып жүр.
Молда (бақырып). Неғылған ауру? Шығар деген соң, шығар! (Еріксіз аузын
ашып, орамалмен Бекеннің тілін созғылайды. Бекен шыңғырып жылайды.) Неге
оқымайсыңдар? (Жекені тартып жібереді.) Бекен мен Әліш байдың үйінің
88
бұзауларын айдап келіңдер. (Екеуі кетеді.) Сендер түні бойы ақсүйек
ойнайсыңдар, кешке шейін босамайсыңдар!
Нөкеш (орнынан тұрып, есік алдына барады). Молдеке!
Молда. Рұқсат (Дұғалық оқып, тасбық тартуға айналады. Аттың дүбірі
естіледі.)
Дауыс. Көпірбайдікі дастарқанға аят оқып берсін дейді. (Молда жалма-жан
киініп жөнеледі.) (Қ.Кемеңгерұлы «Ескі оқу»)
Достарыңызбен бөлісу: