Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет76/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

185-жаттығу. 
Себеп-салдар және түсіндірмелі салалас құрмалас 
сөйлемдерді екі бағанға бөліп жазып, тиісті жеріне қос нүкте қойып 
көшіріңіздер.
1) Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады 
мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды. 2) Кейін қайта 
алмаймыз өткел тосатын уақыт жоқ. 3) Байжанның оны бірінші рет көруі еді 
бойы төртбақтау толықша сарғылт өңділеу қырықты алқымдап қалған жігіт 
екен. 4) Үй иесін Бүркітбай білетін еді орта жаста тоқ дәулетті қонақ түскіш бір 
момын адам. 5) Оған әлі күнге шейін балаша еркелейді мойнына асылады 
арқала деп сүйрелейді бетінен сүйеді. 6) Үй толған адам кемпір шал қыз-
қырқын қалмастан жиналған иін тіресіп отыр. 7) Өзгеңнен гөрі менің жаным 
қаттырақ ауырар еді бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. 8) Үйірме 
мүшелері үшін мынадай бір тәртіп белгіленген еді әр оқушы өзі қалаған салада 
жұмыс жүргізуі керек өсімдік дүниесінен тәжірибе жасайды қандай нәтижеге 
жеткенін үйірме мүшелері алдына баяндайды қорытады. 9) Шынын айтқанда 


91 
оны екі нәрсе қинайды бірі әкесі екіншісі отряд жиыны. 10) Жаны шығып кете 
жаздады оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. 
186-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне қос нүкте қойып, көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
Сол болашақ жайнаң қағып көз алдында тұрды қайғысыз өмір бала-шаға 
қамы шаруашылықтың көп күйбеңі үй тұрғызып баспана салу не керек тіршілік 
ету керек. (Ш.А.) Колхоз кассасында ақша атаулы болмайды өткізілген астық та 
сүт те ет те шығынның есебіне кетеді. (Ш.А.) Бірақ алда әлі екі қара қатарласып 
жанұшырып барады бірі қара көк бірі жирен. (Ш.А.) Шылбыр ауланың 
төбесіндегі бел ағашқа байланғандықтан жата алмайды басы төмен салбырай 
берсе-ақ ауыздық езуін жыртып кете жаздайды. (Ш.А.) Қазір қорыққан жоқ 
оттың жылуы мен түтініне сүйсініп жатыр. (Ш.А.) Ара-арасында әркімнің 
басынан қилы-қилы жағдайлар өтіп жатар біреу ғашық болады біреулер 
ажырасады біреу өмірге келеді біреу дүниеден өтеді. (Ш.А.) Жалғыз ғана 
қолайсыздық бар Нұрыштың үйі де біз де қалың жабылған қоста тұрамыз. 
(С.Ш.) Кейитінім бұрынғыдай адуын сөйлеп бетін қайтарып тастамайды. 
(С.Ш.) Бірақ ақшасын төлейін деп сатушыны іздесе бір қиындықтың үстінен 
шықты мұның бәрі үлгі екен. (С.Ш.) Іштен қоштамаған уақытта Байсал 
Бөйжейдің бір тәсілі міндет мысалды Құнанбайдың өзіне бастатып артын өзіне 
тастап кететін әдеті бар-ды. (М.Ә.) Әлгі ирония бұл арада сатиралық образ 
жасаудың тағы бір тәсіліне сарказмге ұласты сыналған объект тәлкек етіліп 
қана қойған жоқ енді оның дәрменсіз бейшаралығы кіріптар күйкілігі кісі 
күлгендей құр кеуделігі әшкереленді. (З.Қ.) Бұлар малына індет келген 
ауылдың иттері сияқты жоны шығып құйрығын сыртқа салып көзі қызарып 
құтырғандай қанталап қауып түсетін сияқты түр көрсетеді. (М.Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет